Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


бап. Конституциялық Кеңес шешiмiнiң заңдық күшi




 

1. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Өзге шешiмдердiң күшiне ену тәртiбiн Конституциялық Кеңес белгiлейдi.

 

2. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде Республика Президентiнiң қарсылықтары енгiзiлуi мүмкiн, олар:

 

1) Президент шешiмiнiң мәтiнiн алған күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi;

 

2) Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi.

 

3. Республика Президентiнiң қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi және конституциялық iс жүргiзу тоқтатылады.
Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

 

39-бап. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмдерiн
қабылдау салдарлары

 

1. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Республика заңдары мен халықаралық шарттарына қол қоюға не тиiсiнше бекiтуге және күшiне енгiзуге болмайды. Заңдарды Конституцияға сәйкес деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң өтуiн жаңартады. Республиканың халықаралық шарттарын Конституцияға сәйкес деп тану оларды бекiту процесiн жаңартады.

 

2. Конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер заңдық күшiнен айрылады, қолданылуға жатпайды және олардың күші жойылады. Мұндай заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiге негiзделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешiмдерi орындалуға жатпайды.

 

3. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Республика Президентiнiң сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi сайлау учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) жарамсыз деп танылады. Президент сайлауын Конституцияға сәйкес деп тану сайланған Республика Президентiн тiркеуге жол бередi.

 

4. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және сайлау округтерiнде жарамсыз деп танылады. Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес деп тану сайланған депутаттарды тiркеуге жол бередi.

 

5. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған республикалық референдум нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi дауыс беру учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) жарамсыз деп танылады. Өткiзiлген референдумды Конституцияға сәйкес деп тану референдум қорытындыларын шығаруды қайта бастауға жол бередi.

 

6. Конституцияның 47-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес Парламенттiң тиiсiнше Республика Президентiн лауазымнан мерзiмнен бұрын босату туралы шешiм, қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды тиiсiнше Президенттi лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, қызметiнен кетiру туралы мәселенiң қаралуын тоқтатылуына әкелiп соғады. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды тиiсiнше Республика Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселенi қарауды жалғастыруға жол бередi.
Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

 

40-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiн орындау

 

1. Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу тәртібін және мерзімдерін белгілей алады.
Егер Конституциялық Кеңестің шешімі мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды талап еткен жағдайда, Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша белгілейді.

 

2. Конституциялық Кеңестің шешімін орындау үшін қолданылған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде хабарлайды.

 

3. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылданған шешім туралы Конституциялық Кеңеске міндетті түрде хабарлай отырып, Конституциялық Кеңестің шешімдерінде қамтылған заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды міндетті түрде қарауға тиіс.
Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

 

41-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiн жолдау мен
жариялау

 

1. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмдерi:

 

1) шешiм қабылданғаннан кейiн екi күн iшiнде Конституцияда белгiленген өтiнiш жасау субъектiлерiне немесе олардың өкiлдерiне, сондай-ақ барлық реттерде Республика Президентiне, Парламентi Палаталарына, Жоғарғы Сотына, Бас Прокурорына, Әдiлет министрiне жiберiледi;

 

2) республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.

 

2. Өзге шешiмдер, қажет болған жағдайда, Конституциялық Кеңес регламентiмен белгiлеген реттер мен тәртiпте жарияланады және тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға жiберiледi.

 

VI ТАРАУ
Қорытынды және өтпелi ережелер

 

42-бап. Конституциялық Кеңестiң қызметiн қаржыландыру

 

Конституциялық Кеңестiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

 

43-бап. Конституциялық Кеңестiң аппараты

 

Ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультациялық және өзге көмекшi жұмыстарды Конституциялық Кеңестiң аппараты атқарады, оның қызметi қолданылып жүрген заңдармен, Конституциялық Кеңес регламентiмен және Конституциялық Кеңестiң аппараты туралы ережемен реттеледi.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 421 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2205 - | 2159 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.