азіргі бағдарламалық қамтамасыздандырылуға шолу.
жіктелуі.
Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) - компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.
Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.
Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Жүйелік БҚ-ға:
• операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;
• бағдарламалау жүйелері;
• техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.
Операциялық жүйе (ОЖ) - бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы, олардың мақсаты — компьютер жұмысын басқару. ОЖ-нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өңдеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Бағдарламалау жүйесі — БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты - бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай-ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаларға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе интерпретаторлар) жатады.
Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.
Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші үғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.
Қолданбалы бағдарламалардың дестесі (ҚБД) - белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. ҚБД мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
• жалпы мақсаттағы;
• әдістемелік-бағдарлау;
• проблемалық-бағдарлау.
Жалпы мақсаттағы ҚБД міндеттердің кең тобын автоматтандыруға бағдарланған. ҚБД-нің тобына:
• мәтіндік процессорлар (мысалы, Microsoft (МS) Word);
• кестелік процессорлар (МS Ехсеl);
• деректер базаларын басқару жүйелері (МS Ассеss);
• серпінді тұсаукесерлер жүйелері (МS РоwеrРоіnt);
• графикалық процессорлар (Соrеl Draw);
• баспа жүйелері (РаgеМаkеt, Quark XPress);
• ықпалдасқан жүйелер (МS Works);
• жобалауды автоматтандыру жүйелері (СASЕ-технология);
• сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің және басқаларының қоршауы.
ҚБД-нің әдістемелік-бағдарлау негізіне:
•математикалық бағдарламалаудың (линиялық, серпінді, статистикалық және басқа да);
•желілік жоспарлау мен басқарудың;
•жаппай қызмет көрсету теориясының;
•математикалық статистика есептерін шешудің әр түрлі экономикалық-математикалық әдістерін жүзеге асыру жатады.
Проблемалық-бағдарланған ҚБД нақты мәселе саласындағы белгілі бір міндеттерді (проблемаларды) шешуге бағытталған. Бұл қолданбалы бағдарламалар дестелерінің ең кең тобы. Олардан мыналарды: банктік дестелерді, бухгалтерлік есеп дестелерін, қаржы менеджментін, құқықтық анықтамалық жүйелерді және басқаларын бөліп атаған жөн.
Қолданбалы БҚ-ға сервистік қызметтің бағдарламалық құралдары жатады, олар пайдаланушының қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, қосымша қызметтерді орындау үшін (мысалы, ақпараттық менеджерлер, аудармашылар және басқалары) қызмет атқарады.
Пайдаланушының интерфейсі (User interface) аппараттық және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Интерфейстің аппараттық бөлігі экран, пернетақта (клавиатура) және тышқан (мышь - маус) болып табылады. Бағдарламалық бөлігі қазір ең алдымен графикалық бейнелеу түрінде (Graphical User interface - GUI) анықталады.
GUI мына төмендегі төрт принципке негізделген:
• пайдаланушының жалпы интерфейсінің болуы;
• бит картасының болуы, жоғары шешім қабілеті, түрлі түсті дисплей;
• What You See Is What You Get (Көріп отырғанымның бәрі де бар);
• тікелей жасалатын амал-айла (манипуляция).
Программалық қамтама сипаттамасы - программалық қамтама (ПҚ) кез – келген ЭЕМ-нің өте өажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Осындай сәйкес программалардың көмегінсіз машинаға пайдалы қандай-да бір әрекет жасату мүмкін емес. Дербес компьютердің ПҚ-ның құрамына бөлек проблемалық аймақтарға бағытталған қолданбалы программалар мен қатар универсалды құрылғылар да кіреді.
Қазіргі уақытта ДЭЕМ-нің әр түрлеріне арнап оң мыңдаған программалар құрылған, олар келесі негізгі класстарға бөлінеді:
1. операциялық жүйелер;
2. программалау жүйелері;
3. қолданбалы программалар.
5.2 Операциялық жүйелер
Керектігі. Операциялық жүйелер (ОЖ) - бұлар кез-келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады. ОЖ- қолданушы мен программаның қорғалуын қамьамассыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.
ОЖ құрамы, ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады:
- базалық модуль (ОЖ ядросы) —файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды;
- командалық процессор — бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды;
- сыртқы құрылғы драйверлері — бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамамасыз етіп отырады.(әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әртүрлі және ерекше темпте өңдейді);
- қосымша сервистік программалар (утилиттер) — пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан – жақты және ыңғайлы етеді.
ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық (ДОС) деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖСҚ)-да орналасуы керек. Сондықтан операциялық жүйеден ЖСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖСҚ-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ны жүктемелеудің келесі этаптарын тізбектей орындау керек.
ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы. Копьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ- тұрақты жады, RОМ —Read only Memory— оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы және компьютер блоктарын тестілеу программалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала тоқтың бірінші импульсімен орындала бастайды (өйткені (RОМ) ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады). Бұл этапта процессор дискіге қатынасады да анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖСҚ-ға оқылады да оған басқару беріледі.
ОЖ-ны жүктемелеудің екінші этапы. Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-ның базалық модулін іздейді де оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.
ОЖ-ны жүктемелеудің үшінші этапы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-ның қалған модулдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.
Ескерту, командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар драйвері мен утилиттер ЖСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді. Бұның арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының міндетті көлемін қысқартуға болады.
ОЖ-ның бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік саны), процессор типі (негізінде белгілі компьютерлер фирмасы), сондай-ақ ЖСҚ көлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында (сыртқы және жедел жады көлемінің өсуіне, процессор ресурстарының өсуіне және сыртқы құрылғылардың типтерінің көптігіне байланысты және т.с.с.) пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қәзіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Бұндай сапалы Mіcrosoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS_DOS- Бұл ОЖ-ның қәзіргі персоналды компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар. Олар:
- каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;
- компьютер құрылымының модулдік принциптік қолдану әртүрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плоттерлер, модемдер және т.б.);
- пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.
ОЖ эволюциясы,
ІВМ РС типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады:
1. MS DOS,
2. MS DOS – ортасындағы WINDOWS 3.1
3. WINDOWS 95, WINDOWS 98/NT, UNIX, OS/2.
Осы аталған ОЖ-ден 1992 жылы шығарылған WINDOWS 3.1 мен 1995 жылы шығарылған WINDOWS 95 өте таңдаулы және кеңінен қолданылады.
WINDOWS 3.1 операциялық қоршауы – Microsoft фирмасы DOS операциялық жүйесін өңдеген, программистер мен қолданушыларға өте кең көлемдегі мүмкіншіліктер мен қолайлықтар бар операциялық жүйе. WINDOWS-тың кеңінен қолданылуы IBM PC – сәйкес компьютерлерінің стандарты болып табылады. WINDOWS файлдармен, дисклермен жұмыс істеу операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар WINDOWS ортасында іске қосылатын программаларға жаңа мүмкіншіліктер береді.
1985 жылы Microsoft фирмасы WINDOWS графикалық операциялар жүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясын шығарған 3.0 версиясынан бастап WINDOWS-тың кеңінен қолдануы арқасында, ол ІВМ тектес компьютердің стандарты болып табылады.
1995 жылы Microsoft фирмасы ОЖ-нің бөлінуі керек етпей жаңа WINDOWS 95 (графикалық интерфейсі) бар ОЖ ойлап тапты. Бұл ДК құрылығыларының модельдері 286 мен 386 лардың – 486, Pentium жаңа модельдеріне тез ауысуына мүмкіндік туғызды.
Көрнекті көлемді қасиеттері және жақсы графикалық интерфейсі бар WINDOWS 95 – жаңа ОЖ, әлемге әйгілі Microsoft фирмасының мақтанышы.
WINDOWS-тың сыртқы қарапайымдылығының астында ДК-дің мыңдаған санына арналған оңай және күшті операциялық жүйе тығылып жатыр.
WINDOWS 95 негізі болып – іске қосылған қосымшалар мен байланыс, жүйенің іске қосылуы мен оның графикалық интерфейсінің құрылуын қамтамассыз етіп программалық құрылғылардан тұратын ядросы жатады. WINDOWS 95-тің ядросы 3 деңгейден тұратын WINDOWS-тың алдыңғы версияларының жалпы құрылымын сақтап қалды.
Кез-келген басқа программалық өнім сияқты WINDOWS 95-тің де өз плюстары мен минустары бар. Бұл оболочканың артықшылығы келесіде: файл концепциясының қалмауы, біріңғай программалық интерфейс, WINDOWS 95-тің көпесептілігі, әртүрлі басқа да құрылғыларды қолдауы, әртүрлі қосымшалар арасында деректер алмасу жеңілділігі, True Type шрифтерін қолдауы, мультимедианың құрамын қолдауы.
Бірақта жақсы жағдайда әрқашанда төлеу керек қой, мұнда WINDOWS 95 компьютердің аппараттың бөлігіне көп ауыртпашылық түсуіне байланысты ұтылады; себебі WINDOWS 95 машинаның барлық бөліктерінің тез жұмыс істеуіне талап қояды.
WINDOWS-тің тағы бір кемшілігі көпесептіліктің толық болмауы; Сонымен қатар WINDOWS 95-тің енгізу шығару жүйелері анағұрлым жаңсарға.
WINDOWS-те дискмен жұмыс істеу жүйесіне ерекше көңіл бөлінген, осында IDE, ESDI, SCSI интерфейс контроллерлары бар.
Енгізу шығару операцияларының жылдамдығын ақпараттарды тасу дискілері мен қарым-қатынасының жылдамдығы көп әсер етеді. WINDOWS 95 (жазы, санау, көшіру, файлды мен директорияларды жою) файлдың операцияларын орындау жылдамдығын кәдімгідей көтерген.
WINDOWS жұмыс істеу негізі. Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейткіші бар файлдарда сақталынады. Аты кеңейткішпен қосқанда 255 символды құрай алды.
Барлдық файлдар дисклерде (дискеталар немесе қатты диск) сақталынады, әр дискінің өз аты бар. WINDOWS 95 операцияның жүйесінде әрбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документі мінездейтін сурет).
Жұмыс столы. WINDOWS 95-тің негізгі жұмысы Desktop жұмыс столінде өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пикторграммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез-келген жұмыс столінде келесі элементтер орналасқан:
Менің компьютерім (My computer) – компьютерлердегі барлық папкаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;
Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді;
Қапшық (Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді;
Енгізілетін (Inbox) – электронды пошта арқылы келетін ақпараттарды сақтайтын пошталық жәшік;
Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды;
The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды;
The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.
Сонымен қатар экранда Есептер тақтасы (Taskbar) орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск (Start) кнопкасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді.
Басты меню көмегімен кез-келген программаны немесе документті ашуға болады, себебі мұнда ішкі менюлердің сан алуан түрлері кездеседі. “Пуск” жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка” пунктінің көмегімен кез-келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап “жұмыс століне” ярлыгын қоюға юолады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады.
Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді.
Жұмыс столінің түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп (My computer) папкасына салып, жұмыс столінде таза, негізгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады.
WINDOWS терезесі. WINDOWS-тың кез-келген терезесі экраның төрт бұрышты аймағы болып табылады. Трезенің жоғарғы бөлігінде тақырыптың аты бар жол (Title Bar) орналасқан. Тақырыптың аты бар жолдың ортасында терезенің аты жазылады, ал оң және сол бөліктерінде жүйелі менюдің жинақтау және ашу батырмалары бар.
WINDOWS пен жұмыс жасағанда экранда 3 түрлі терезе ашылуы мүмкін: - программа терезесі (терезе аталуы);
Программа терезесі екінші рет қайталап ашылатын терезелер мен сұраныстардан мынадай айырмашылығы бар:
- программа терезесінің жоғарғы жолының ортасында программа аты шығады, ал екінші рет қайталап ашылатын терезелерде – шығарылатын ақпараттың сипатталуы, сұраныс терезесінде - сұраныс аты шығады;
- программа терезесінің аты бар жолының төменгі жағында меню жолы орналасады;
- программа терезелерінде жинақтау батырмасы болады;
- программалар құрған қайтадан екінші рет ашылатын терезе;
- сұраныс терезесі (қосымша терезелер).
Бұлар әдетте аз мерзімге қандай да бір ақпаратты немесе сұранысты шығару үшін ғана шығады. Сұраныс терезесі әрқашан басқа программалар терезесінің үстіне шығады. Олардың өлшемі және жинақтау немесе ашу батырмалары болмайды.
Көмек. WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек (Help) пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.
Мүндай қосылған анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен кіреді, сондықтан бұл анықтаманы қолдану үшін осы программаның файл дерегін қалдырса болғаны.
WINDOWS-ң қосылған анықтамалы-ң қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер.
Жұмысты аяқтау. WINDOWS-та жұмысты аяқтау үшін барлық белсенді қосымшаларды тоқтатып терезелердің барлығын жауып SHUT DOWN утилитасын пайдалану керек. Ол жұмысты аяқтаудың қарапайым диалогті терезесін ашады:
ЗАВЕРШИТЬ РАБОТУ (Shut down the computer);
ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР (Restart the computer);
ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР В РЕЖИМЕ ЭМУЛЯЦИИ MS DOS (Restart the computer in MS – DOS mode).
Егер қандайда бір қосымшалар жабылмаған болса, онда WINDOWS өзі жабуға арналған диалогті терезені шығарып жабуды талап етеді. Егер қосымша жұмыс істеп тұрса, онда ол файлды диске көшіріп жабу керек.
5 –тақырып бойынша тест сұрақтары
1. Файл деген не?
А. программа;
B. дискідегі атауы бар орын;
C. мәліметтер жинағы;
D. шифрленген информация;
E. жарлық.
2. Файл аты неден тұрады?
А. құжатттың алғашқы сөз тіркестерінен;
B. екі бөліктен: файл аты мен типі (кеңейтілуі);
C. 256 символдан аспайтын кез келген сөз тіркестерінен;
D. алфавиттегі бас әріптерден;
E. кез келген символдардан.
3. Бума деген не?
А. бума – бұл файл;
B. бума – бұл программа;
C.бума – бұл дискідегі өзіндік аты бар орын, мұнда файлдар, бумалар, жарлықтар сақталады;
D. бума – бұл файла аты;
E. бума – бұл жарлық аты.
4. Утилиттер – бұл…
A. редакторлар;
B. дұрыс жауабы жоқ;
C. компиляторлар;
D. модульдер;
E. көмекші программалар.
5. Компьютерде орындалатын программалар келесі топтарға жіктеледі:
А. жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері;
B. басқарушы, ойын программалары;
C. қарапайым және көпдеңгейлі программалар;
D. операциялық жүйелер және BIOS программалары;
E. оқытуға арналған және интерактивті программалар.
6. Жүйелік программалар…
А. орындалатын командаларды бір жүйеге келтіреді;
B. жиі кездесетін есептерді шығарады;
C. компьютердің барлық компоненттерінің жұмыстарын сәйкестендіреді;
D. тек ішкі құрылғылардың жұмысын басқарады;
E. жүйелік блокта орналасқан құрылғылардың жұмысын басқарады.
7. Жанама (контекстік) меню дегеніміз…
A. меню қатарындағы команданың кез келгенінде тышқанды шерту кезінде ашылатын меню;
B. кез келген объектіні немесе белгішені ерекшелеп, тышқанның оң батырмасын шерткенде ашылатын меню;
C. Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шерткенде ашылатын меню;
D. кез келген белгішеде тышқан көрсеткішін 1-2 секунд ұстап тұрған кезде шығатын анықтамалық мәтін;
E. кез келген объектіде тышқанның сол жақ және оң жақ батырмасын бір мезгілде басқанда ашылатын меню.
8. Саймандар тақтасы қандай қызмет атқарады?
A. меню қатарындағы барлық командалардың тез орындалуын жүзеге асырады;
B. меню қатарындағы кейбір командаларды жылдам орындау үшін пайдаланылады;
C. менюде жоқ командалар әрекеттерін орындайды, яғни меню командаларын толықтырады;
D. жанама менюдегі командалардың атқаратын әрекетін қайталайды;
E. жанама меню командаларын толықтырады.
9. Терезенің көлемін өзгертуге бола ма?
A. болмайды;
B. болады, тек оңға не солға қарай;
C. болады, тек жоғары не төмен қарай;
D. барлық бағытта өзгертуге болады;
E. кейбір программалардың ғана терезесін өзгертуге болады.
10. Буферге алынған файлдар (бумалар) көшірмесі керекті орынға қай нұсқада қойылмайды
A. курсорды керекті орынға орналастырып, Правка-Вставить командасын орындау;
B курсорды керекті орынға орналастырып, батырмасын шерту;
C. курсорды керекті орынға орналастырып, Ctrl+Х пернелерін басу;
D. курсорды керекті орынға орналастырып, Ctrl+V пернелерін басу;
E. жанама менюден Вставить командасын орындау.
11. Терезені басқа орынға ауыстыру үшін...
A. терезе жақтауларына курсорды орналастырып, оны тышқан арқылы керекті орынға жылжыту керек;
B. Файл – Переместить (Жылжыту) командасын орындап, терезені тышқан арқылы керекті орынға жылжыту керек;
C. терезе тақырыбы аумағына курсорды орналастырып, оны тышқан арқылы керекті орынға жылжыту керек;
D. Түзету – Жылжыту (Правка-Переместить) командасын орындап, терезені тышқан арқылы керекті орынға жылжыту керек;
E. терезені басқа орынға ауыстыру мүмкін емес.
12. Терезенің көлемін өзгерту үшін...
A. терезе жақтауларына курсорды орналастырып, оны тышқан арқылы керекті бағытта жылжыту керек;
B. Файл-Размер (Мөлшері) командасын орындап, терезе мөлшерін тышқан арқылы өзгерту керек;
C. терезе тақырыбы аумағына курсорды орналастырып, терезе мөлшерін тышқан арқылы өзгерту керек;
D. Түзету – Жылжыту (Правка- Переместить) командасын орындап, терезе көлемін тышқан арқылы өзгерту керек;
E. терезе көлемін өзгерту мүмкін емес.
13. Менің компьютерім терезесінің ашылмай қалатын жолын көрсетіңіз...
A. Менің компьютерім белгішесінде тышқанды екі рет шерту қажет;
B. Менің компьютерім белгішесінде тышқанды бір рет шерту қажет;
C. Менің компьютерім белгішесінің жанама менюінен, Ашу (Открыть) командасын орындау керек;
D. Менің компьютерім жарлығында тышқанды екі рет шерту қажет;
E. Сілтеуіш терезесінің сол жақ терезесінде Менің компьютерім белгішесінің жанама менюінен Ашу (Открыть) командасын орындау керек;
14. Қай нұсқа файл деген ұғымға сәйкес келмейді…
A. белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойылған программа немесе құжат;
B. дискіге жазылып сақталатын біртектес мәліметтер жиыны;
C. белгілі бір атау беріліп, мәліметтер жазылатын диск бетіндегі орын;
D. компьютер жедел жадында тізбектеле қатар орналасқан ұяшықтар тобы;
E. компьютердегі мәліметтерді көшіретін, өшіретін, орнын ауыстыратын, қағазға шығаратын және оларды жаңадан жасайтын программа.
15. Мына жол Бума (папка) деген ұғымды бермейді...
A. белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты жинақталған бумалар мен файлдарға қойылған ортақ атау;
B. дискіге хазылған бір топ файлдар сақталатын өзіндік аты бар қапшық;
C. ішінде тек мәтін түріндегі файлдары бар мәлімет жинақтауыш;
D. ұқсас қасиеттері бар файлдар сақталатын белгілі бір аты бар диск бетіндегі орын;
Е. операциялық жүйедегі каталог немесе директорий ұғымдары баламасы.
омпьютерлік желілер.