Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер: Талап етімейді

Постреквизиттер: Картография

4. Курс туралы мағлұмат:

Жобалар мен карталарды графикалық безендіру пәні – таңдау бойынша компонент.

Пәннің мазмұны: Кіріспе. Бакалавр - жерге орналастырушыны, Бакалавр - кадастрді дайындауда жобалар мен карталарды графикалық безендіру мағынасы. Пәннің жерге орналастырудағы ерекшеліктері. Пәннің басқа пәндермен байланысы. Жерге орналастырудағы жоба мен карталардың графика элементтері және олардың сызу әдістері.

Жобалар мен карталарды графикалық безендіру элементтері. Сызу құралдары, материалдары мен жабдықтары. Шрифттер және салу мен сызу әдістемесі. Шартты белгілер. Жерге орналастыру карталарын, жобалары мен пландарын бояу мен безендіру.

Жерге орналастырудың графикалық құжаттарын сызу және безендіру. Теодолиттік түсіріс планын сызу және безендіру. Ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру жобалық планының түп нұсқасын сызу және безендіру. Ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру жобаларын бояумен безендіру. Жоспарлау мен салу жобаларын сызу және бояумен безендіру.

Курстың мақсаты: жерді орналастыру шешімдерін шешуде жобалар мен карталарды графикалық безендірудің теориясы мен практикасында пайдалану мәселелерін қарастыру.

Курстың міндеті: Жобалар мен карталарды графикалық безендіру пән ретінде ірі масштабты жоспарлар мен карта - түп нұсқаларының мазмұнын штрихты, штрифтті, бояулы безендірудің әдістері мен тәсілдерін білуге, меңгеруге үйрету.

Пәнді оқу нәтижесінде студент

Пәнді оқу нәтижесінде студент:

Білуі керек: сызу құралдары мен жабдықтарын, материалдарын және оларды сызықты-штрихты сызуды қолдануды; рейсфедермен сызу, қаламұшы арқылы шартты белгілерді, шрифтерді қолмен сызуды;

Істей білуі керек: акварельді бояулар мен түрлі-түсті тушьтардың қасиеттерін білу, оларды қолдану, жоспардағы жоба мен картадағы үлкен және кіші аудандарды бояу, бояудағы қателерді түзету әдістерін;

Дағдысы болуы керек: алған теориялық білімдерін практикалық сабақтарда пайдалануда;

Құзыретті болуы керек: қолданылатын шрифттерді, әріп элементтерінің жуандығын, бояудың түсті өңдерінің күші мен үйлесімділігінің және компановкадағы графикалық құжаттардың (сызу, тақырып т.б. жазулар) барлық элементтердің композициялық байланыстарын келісілген пропорционалдық көзбен мөлшерлеуді” дамытуда.

5. Баға туралы ақпараттар:

Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториядан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.

Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы (бұдан әрі – СӨЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.

Дисконт:

1. Сабақ қалдыруы – (-10 балл)

2. Тапсырманы орындамауы - (-10 балл)

3. Жұмысты уақытылы тапсырмауы - (-10 балл)

4. Сабақтағы кері ұйымдастыру мінезі - (-10 балл)

Бонус:

1. Жақсы жұмыстануы - 10 балл

2. Жауаптың нақтылығы - 10 балл

3. Жұмыстың ерте орындалуы - 10 балл

6. Курстың академиялық тәртібі мен этика саясаты.

Курстың академиялық тәртібі:

1. Сабақ жібермеу, ауырған кезде медициналық анықтама әкелу.

2. Жіберген сабақтарды оқытушы белгіленген уақытта тапсыру.

3. Оқу процесіне белсенді қатынасу.

4. Жеке тапсырмаларды тиянақты және ұқыпты орындау.

Этика саясаты.

Сабақ кезінде студенттерге мынадай талаптар қойылады:

1. Сабаққа кешікпей келу.

2. Сабаққа университеттің ішкі талаптарына сай киініп келу.

3. Сабақ кезінде сағыз шайнамау.

4. Ұялы телефонды сөндіру.

5. Сабақ өткізуге кеселдік жасамау.

 

7. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

5В090700 - «Кадастр» мамандығының 1 курс студенттеріне

2016-2017 оқу жылының 1 семестріне арналған

Апта Тақырыптар Дәріс Практ. СӨЖО СӨЖ Барлы ғы
  Жобалар мен карталарды графикалық безендіру пәніне жалпы түсінік. Жерге орналастырудың графикалық элементтері. Карандашпен рамканы салу. Карандашпен тұтас түзу және үзік сызықтарды сызу.          
  Сызу құралдары, материалдары мен жабдықтары. Тор шаршыны карандашпен сызу. Масштаб сызғышын карандашпен сызу. Сызу құралдары.          
  Сызу құралдары, материалдары мен жабдықтары. Рейсфедер мен тұтас және үзік сызықтарды сызу. Сызу материалдары          
  Топографиялық карталардың шартты белгілері.Стандартты шрифт. Стандартты шрифтпен жазу.Сызу жабдықтары.          
  Штрифтар және олардың сызу, құру әдістемесі. Кесінді шрифт. Қарандашпен, рейсфедермен және сызу қалам ұшымен сызу.          
  Стандартты шрифт. Көркем шрифт. Шрифттерді сызу.          
  Шабылған шрифт. Елді мекендердің шартты белгілерін сызу. Топографиялық карталарда қолданылатын шартты белгілер          
  Картографиялық курсив. Ауылшаруашылық алқаптарының шартты белгілерін сызу. Бояу техникасы мен әдістері және құралдары.          
  Қарапайым және көркемді шрифттар. Акварель бояуларымен жұмыс. Жерге орналастыру жобаларын, карталарын бояулы безендіру.          
  Каллиграфиялық жазу. Тушьпен жұмыс. Теодолиттік түсіріс жоспарын сызу және безендіру.          
  Шартты белгілер. Жерге орналастыру шартты белгілері. Әр түрлі бояуларды араластыру әдісі. Әр түрлі туштарды араластыру әдісі. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жоспарын сызу және безендіру.          
  Шартты белгілер. Жерге орналастыру шартты белгілері. Жоспар сызбасының элементтері. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жобасын бояулы безендіру.          
  Бояулармен жұмыс. Жоспар сызбасының элементтері. Құрылыстарды жоспарлау жобаларын сызу және бояулы безендіру.          
  Бояулармен жұмыс. Жобаның экспликациясын жасау үлгісі. Жел өрнегін сызу.          
  Пландарды, жобалардың және жерге орналастыру карталардың қиыстыру жұмыстары. Жобаның штампасын жасау үлгісі. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жобасын безендіру.          
  Барлығы          

7.1 Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

5В090700 - «Кадастр» мамандығының 2 курс студенттеріне

2016-2017 оқу жылының 3 семестріне арналған

Апта Тақырыптар Дәріс Практ. СӨЖО СӨЖ Барлығы
  Жобалар мен карталарды графикалық безендіру пәніне жалпы түсінік. Жерге орналастырудың графикалық элементтері. Карандашпен рамканы салу. Карандашпен тұтас түзу және үзік сызықтарды сызу.          
  Сызу құралдары, материалдары мен жабдықтары. Тор шаршыны карандашпен сызу. Масштаб сызғышын карандашпен сызу. Сызу құралдары.          
  Сызу құралдары, материалдары мен жабдықтары. Рейсфедермен тұтас және үзік сызықтарды сызу. Сызу материалдары          
  Топографиялық карталардың шартты белгілері.Стандартты шрифт. Стандартты шрифтпен жазу.Сызу жабдықтары.          
  Штрифтар және олардың сызу, құру әдістемесі. Кесінді шрифт. Қарандашпен, рейсфедермен және сызу қалам ұшымен сызу.          
  Стандартты шрифт. Көркем шрифт. Шрифттерді сызу.          
  Шабылған шрифт. Елді мекендердің шартты белгілерін сызу. Топографиялық карталарда қолданылатын шартты белгілер          
  Картографиялық курсив. Ауылшаруашылық алқаптарының шартты белгілерін сызу. Бояу техникасы мен әдістері және құралдары.          
  Қарапайым және көркемді шрифттар. Акварель бояуларымен жұмыс. Жерге орналастыру жобаларын, карталарын бояулы безендіру.          
  Каллиграфиялық жазу. Тушьпен жұмыс. Теодолиттік түсіріс жоспарын сызу және безендіру.          
  Шартты белгілер. Жерге орналастыру шартты белгілері. Әр түрлі бояуларды араластыру әдісі. Әр түрлі туштарды араластыру әдісі. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жоспарын сызу және безендіру.          
  Шартты белгілер. Жерге орналастыру шартты белгілері. Жоспар сызбасының элементтері. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жобасын бояулы безендіру.          
  Бояулармен жұмыс. Жоспар сызбасының элементтері. Құрылыстарды жоспарлау жобаларын сызу және бояулы безендіру.          
  Бояулармен жұмыс. Жобаның экспликациясын жасау үлгісі. Жел өрнегін сызу.          
  Пландарды, жобалардың және жерге орналастыру карталардың қиыстыру жұмыстары. Жобаның штампасын жасау үлгісі. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жобасын безендіру.          
  Барлығы          

8.1. Практикалық сабақтар жоспары.

1 сабақ

Тақырып: Карандашпен рамканы салу. Карандашпен тұтас түзу және үзік сызықтарды сызу.

Мақсаты: сызбаларды, жоспарлар мен карталарды құрастырудағы алғашқы элементтерді сызу әдісін меңгеру. Рамка тұрғызу әдістерін үйрену.

Сабақтың мазмұны: Сызу қағазына рамка тұрғызу әдістерін қолданып, рамка тұрғызу қажет. Рамкадан тыс жазуларды жазу керек. Тапсырманы орындау үшін сызу қағазы, 2Т дұрыс аршылған карандаш, металды немесе ағаштан жасалған сызғыш, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш қажет. Рамка тұрғызу үшін диагональдар немесе перпендикулярлар әдісін қолданады.

 

А)

 

 

Б)

 

 

1 - сурет. Рамка тұрғызу әдістері. А - диагональдар әдісі Б - перпендикулярлар әдісі.

 

Практика жүзінде жобаларды безендіру кезінде қолданылатын әр түрлі сызықтарды сызып үйрену.

Қалыпты көлемдегі (170х120 мм) сызу қағазына арақашықтығы 8 мм болатын сызықтарды сызу керек. түзу жіңішке сызықтарды сол бөлігіне, үзік сызықтарды оң бөлігіне сызу қажет. Рамкасы дұрыс тұрғызылған сызу қағазын екі тең бөлікке бөледі. 15 мм төмен түсіп, сызықтарды сызады.

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М. Недра, 1975. 26-27 б.

 

2 сабақ

Тақырып: Рейсфедермен тұтас және үзік сызықтарды сызу.

Мақсаты: жұмыс процесі барысында сызу құралдары мен материалдары (рейсфедер, сызу қағазы, тушь, сызғыштар) туралы мәліметтер алу, олармен жұмыс істеп үйрену, рейсфедерді тушьпен толтыруды үйрену, қажетті жуандықтағы сызықтарды алу үшін винтпен реттеуді үйрену.

Мазмұны: сызу қағазына рамка тұрғызып, сызықтарды карандашпен белгілеп алып, үстінен рейсфедермен сызу қажет. А бөлігіне 10-11 қатар тұтас сызықтарды біртіндеп жуандату әдісімен 0,1 ден 1,1 мм дейін сызу қажет. Б бөлігіне штрихты үзік сызықтарды әр түрлі қалыңдықта (0,1-0,5 мм) сызу қажет.

 

 

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М. Недра, 1975. 30-31 б.

 

3 сабақ

Тақырып: Кесінді шрифт

Мақсаты: Кесінді шрифтты сызудың ерекшелігімен танысу, оларды дұрыс сызуды үйрену.

Мазмұны: сызу қағазына кесінді шрифтты сызу қажет.

 

4 сабақ

Тақырып: Елді-мекендердің шартты белгілерін сызу.

Мақсаты: Елді мекендердің, өндірістік орталықтардың шартты белгілерін сызу әдістемесін меңгеру.

Мазмұны: сызу қағазына берілген материалдар бойынша елді мекендердің шаррты белгілерін сызу қажет. Сызу қағазының оң жақ бөлігіне жобадағы және жоспардағы елді мекенннің шартты белгілерін сызу қажет. Жобадағы елді мекен қызыл түспен, жоспардағы қара түспен белгіленеді. Елді мекеннің шартты белгісіндегі штрихты сызық 450-та болуы керек. Сызу қағазының сол жақ бөлігіне елді мекеннің орталығының, ауданның, облыстың орталығының шартты белгілерін сызу қажет.

Әдебиеттер: Федорченко М.В., Раклов В.П. Землеустроительное черчение.- М.: Недра, 1991 78-79 б.

 

5 сабақ

Тақырып: Акварель бояуларымен жұмыс.

Мақсаты: негізгі түстерден (қызыл, сары, көк) жаңа түстерді лессировка әдісі арқылы алу.

Мазмұны: сызу қағазына төмендегі сурет бойынша үш төртбұрышты сызамыз. Олар бір бірінің 1/3 бөлігін жабатындай болуы қажет. Содан соң оларды бояу қажет. Жұмыс үшін қажетті құралдар. Сызу қағазы, сызу құралдары, қылқалам, акварель бояуы, су мен стакан, шүберек т.б.

Контурларды бояу үшін езілген бояулардың қанықтылығы бірдей, орташадан төмен болуы керек. Алдымен сары түспен бірінші контурды бояйды. Кепкеннен соң үстінен тағы да бояйды. Содан соң сол тәртіппен екінші контурды қызыл түспен бояйды. Бір бірінің үстіне жағылған бөлікте қызғылт түс пайда болады. Кепкеннен соң оның үшінші контурды көк түспен бояйды. Сары түстің үстінен боялған бөлікте жасыл, ал қызылдың үстінен боялған бөлікте күлгін түс пайда болады. Үшеуінің біріккен бөлігінде сұр түс пайда болады.

Акварель бояуларымен жұмыс.

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М. Недра, 1975. 100-105 б.

 

6 сабақ

Тақырып: Әр түрлі бояуларды араластыру әдісі.

Мақсаты: бояулармен жұмыс істеу әдісін меңгеру, қажетті түстерді араластыру әдісі арқылы ала білу, жобалардағы объектілердің түстерін айыра білу. Мазмұны: сызу қағазына төртбұрыштарды сызамыз. Оларды ауылшаруашылық алқаптарына тән түстермен бояймыз. Егістік - ақшыл қоңыр, шабындық - сары жасыл, бақ - сары, орман көк жасыл, бұта жасыл, жайылым - сұр, ауыспалы егістік жүйесі далалық ашық қоңыр, бақшалық ашық қоңыр, азықтық жасылдау қоңыр, топырақ қорғайтын ауыспалы егістік жүйесі - көкшіл қоңыр мен боялады.

Жерге орналастыру жоспарларын бояулы безендіру кезінде қолданылатын түстер:

Объектінің түсі Бояу түсі Тушь % Қанықтылығы
егістік ақшыл қоңыр сары (70) қызыл (20) Қоңыр (10) Орташа
шабындық сары жасыл сары (70) жасыл (30) Орташа
бақ сары сары (100) орташа
орман көк жасыл сары (40) жасыл (40) көк (20) Күшті
бұта жасыл сары (62) көк (19) жасыл (19) Әлсіз
елді мекен қою жасыл көк (44) жасыл (37) жасыл (19) Орташа
жайылым сұр қара (3), көк (16), жасыл (27), сары (54) Әлсіз
су кеңістігі көк көк (40), жасыл (40), сары (20) Әлсіз
Ауыспалы егістік жүйелерін бояуда қолданылатын түстер
даладық ауыспалы егістік ақшыл қоңыр сары (70) қызыл (20) Қоңыр (10)   Орташа
бақшалық ауыспалы егістік ақшыл қоңыр сары (70) қызыл (20) Қоңыр (10)   Күшті
азықтық ауыспалы егістік жасылдау қоңыр сары (64), жасыл (16), қоңыр (12), қызыл (8) Орташа
топырақ қорғайтын ауыспалы егістік көк қоңыр сары (63), көк (20), қоңыр (10), қызыл (7) Орташа

 

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М.Недра,:

Федорченко М.В., Раклов В.П. Землеустроительное черчение. - М.: Недра, 1991 110-112 б.

 

7 сабақ

Тақырып: Жоспар сызбасының элементтері

Мақсаты: жоспар-түпнұсқамен жұмыс жасауды үйрену, графикалық құжатты компоновкалауды меңгеру.

Мазмұны: жоспарды жарық үстелі арқылы сызу қағазына түсіріп, оны безендіру қажет. Алдымен сәйкес түстермен бояулы безендірген соң жолдар мен шекараларын, гидрографиялық элементтерді сызамыз. Графикалық элементтер өзінің түстеріне сәйкес безендірілуі тиіс. Рамка сыртындағы және жоспардағы жазулар стандартты шрифтпен толтыруылуы керек.

 

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М.Недра, 1975. 124-125 б.

8 сабақ

Тақырып: Жобаның штапасын жасау үлгісі.

Мақсаты: Жобаның штампасын жасап үйрену.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Жердің графикалық есебін жүргізуге арналған жоспар
Экология және биотехнология кафедрасы   БҚО, Ақжайық ауданы, Жамбыл ауылы
Тексерген: Шектыбаева Г.Х. Қолы Күні Жоба сызбасы 1- нұсқа Масштаб Сызба№ Барлық сызбалар саны
Орындаған: Мажитов А.Ж. Қолы Күні     1:25000    

 

 

9 сабақ

Тақырып: Тор шаршыны карандашпен сызу. Масштаб сызғышын карандашпен сызу.

Мақсаты: Карандашпен жіңішке сызықтар мен тор шаршыны сызып үйрену. Штрихтау әдістерін меңгеру.

Мазмұны: Сызу қағазының сол бөлігіне 4 контур сызып, әр түрлі көлемдегі торларды сызу қажет. Оң бөлігіне 4 шаршылар сызып олардың ішін 0,15-0,2 мм қалыңдықтағы сызықтармен штрихтау қажет. Жұмысқа карандаш, синустық сызғыш, штрихтау құралдарын пайдалану керек. Рамка сыртындағы жазуларды стандартты шрифтпен сызу қажет.

Мақсаты: Сызықтық және көлденең масштаб сызғыштарын карандашпен сызып үйрену.

Мазмұны: Сызу қағазының сол бөлігіне 4 контур сызып, әр түрлі көлемдегі торларды сызу қажет. Оң бөлігіне 4 шаршылар сызып олардың ішін 0,15-0,2 мм қалыңдықтағы сызықтармен штрихтау қажет. Жұмысқа карандаш, синустық сызғыш, штрихтау құралдарын пайдалану керек. Рамка сыртындағы жазуларды стандартты шрифтпен сызу қажет.

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М. Недра, 1975. 30-31 б.

 

10 сабақ

Тақырып: Стандартты шрифт. Стандартты шрифтпен жазу.

Мақсаты: стандартты шрифтты сызып үйрену

Мазмұны: сызу қағазына стандартты шрифтты сызу әдістемесіне қарай отырып, сызу қажет.

 

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М. Недра, 1975. 42-43 б.

 

11 сабақ

Тақырып: Көркем шрифт.

Мақсаты: Графикалық құжаттардың тақырыптарын және т.б. қосымша жазуларды безендіруде қолданылатын көркем шрифтерді сызып үйрену.

Мазмұны: Сызу қағазына төменде көрсетілген нұсқалардың ішінен үш түрлі көркем шрифтты сызу қажет. Шрифт мөлшері студенттің өз еркі бойынша. Сонымен бірге студент өз фантазиясы бойынша көркем шрифтты сызуға болады. применения ХУДОЖЕСТВЕННЫХ шрифтов

 

ПЛАН

Әдебиеттер: Федорченко М.В., Раклов В.П. Землеустроительное черчение.- М.: Недра, 1991 78-79 б.

12 сабақ

Тақырып: Ауылшаруашылық алқаптарының шартты белгілерін сызу.

Мақсаты: Ауылшаруашылық алқаптарының шартты белгілерін сызып үйрену. Шартты белгілерді оқып үйрену.

Мазмұны: сызу қағазына егістік, жайылым, тыңайған жер, шабындық, бұта, орман, сирек орман, кесілген орман, батпақ және т.б. ауылшаруашылық алқаптарының шартты белгілерін сызу қажет. Егістіктің арнайы шартты белгісі жоқ, ал контуралар ауданы үзікті сызықтарымен белгіленеді. Егістіктік сапалық жағдайы ылғалдануы, эрозияға ұшырауы, сортаңдануы, тұздануы арнайы белгілермен көрсетіледі. Тыңайған жер деп - бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауылшаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жерлерді айтады. Тыңайған жердің шартты белгісі төбесі төмен қараған үшбұрышты білдіреді. Диагональдар тәртібімен орналастырылады. Шабындық параллельді орналасқан екі сызықпен белгіленеді. Ұзындығы 2 мм, ара қашықтығы 1 мм. Шахматты тәртіппен орналастырылады. Жайылым төбесі жоғары қараған үшбұрыш сияқты бейнеленеді. Жайылымның сапалық жағдайын анықтау үшін арнайы шартты белгілер пайдаланылады. Көп жылдық екпелерге жеміс жидек, техникалық және дәрі дәрмектік өнімдердің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп, безендіруге арналған қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер уческелері жатады. Бұаталардың, орман жолақтарының, орманның шарты белгілері кронциркульмен сызылады. Бұталардың шартты белгілеріндегі ортадағы шеңбердің диаметрі 0,6 мм, айналасындағылардың диаметрі 0,4 мм болуы қажет. Олардың ара қашықтығы 1200 болуы қажет.

Әдебиеттер: Федорченко М.В., Раклов В.П. Землеустроительное черчение.- М.: Недра,1991 90-105 б.

13 сабақ

Тақырып: Тушьпен жұмыс.

Мақсаты: Жерге орналастыру жоспарлары мен карталарын бояулы безендіру кезінде қолданатын тушьпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру

Мазмұны: сызу қағазына төртбұрыштарды сызып оларды тушьпен бояймыз. Қағаздың сол жақ бөлігіндегі төртбұрышты қанықтылығы әлсіз қызыл түспен бояймыз. Кепкеннен кейін екінші, үшінші және төртінші шаршылардың үстінен тағы да бояймыз. Ол кепкен соң үшінші және төртінші шаршыларды бояймыз. Ең соңғысында барлығы кепкеннен соң төртінші шаршыны да сол түспен тағы да үстінен бояймыз. Яғни бір түстің әр түрлі қанықтылықтағы түстерін аламыз. Оң жақ бөлігіндегі шаршыларды лессировка әдісімен бояймыз.

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М. Недра, 1975. 100-105 б.

14 сабақ

Тақырып: Жоспар сызбасының элементтері.

Мақсаты: жоспар-түпнұсқамен жұмыс жасауды үйрену, графикалық құжатты компоновкалауды меңгеру.

Мазмұны: жоспарды жарық үстелі арқылы сызу қағазына түсіріп, оны безендіру қажет. Алдымен сәйкес түстермен бояулы безендірген соң жолдар мен шекараларын, гидрографиялық элементтерді сызамыз. Графикалық элементтер өзінің түстеріне сәйкес безендірілуі тиіс. Рамка сыртындағы және жоспардағы жазулар стандартты шрифтпен толтырылуы керек.

Әдебиеттер: Шулейкин А.С. Топографические и землеустроительное черчение. М.Недра, 1975. 124-125 б.

15 сабақ

Тақырып: Жобаның экспликациясын жасау үлгісі.

Мақсаты: Жобаның штампасын жасап үйрену.

Өлшем бірліктері Жерлердің барлығы Алқаптар бойынша
Ауыл шаруашылық алқаптарының барлығы соның ішінде Жолдар Шаруашылық орталығы
Далалық ауыспалы егістік Азықтық ауыспалы егістік Жайылым
Барлығы Жақсар тылғаны
га                
%                
  1. Жерге орналастыру жобаларын, карталарын бояулы безендіру;
  2. Теодолиттік түсіріс жоспарын сызу және безендіру. Теодолиттік түсірістің жоспарын компоновкалауды үйрену, жоспарды шартты белгілер мен және шрифтармен безендіру;
  3. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жоспарын сызу және безендіру. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жобасының мазмұнымен танысу;
  4. Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жобасын бояулы безендіру

Құрылыстарды жоспарлау жобаларын сызу және бояулы безендіру. Елді мекендердің жоспарларын сыза біліп, бояумен, тушь пен жұмыс жасау;

9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.

  Орташа арифметикалық 1 тапсырма үшін, балл Апталар
                             
Практикалық сабаққа қатысуы                                  
БӨЖ                                  
Аралық бақылау                                  
Емтиханға кіру рейтингісі                                  
Емтихан                                  
Қорытынды баға                                  

тапсырмалары

№1 – тапсырма.

Жерге орналастырудың графикалық элементтері тақырыбы бойынша.

Карандашпен рамканы салу. Карандашпен тұтас түзу және үзік сызықтарды сызу.

Сұрақтар:

1. Пландар мен карталарды штрихтау, шрифттеу және безендіру тәсілдерімен әдістемесін игеріп оқытатын ғылым.

2. Техникалық шрифттерді жазу үшін қолданылатын арнайы қаламұш.

3. Қарындаштар қалай бөлінеді; Қатты қарындаштар қалай белгіленеді; Қарындаш қандай ұзындыққа ұшталу керек.

 

№ 2 – тапсырма.

Сызу құралдары, материалдары мен жабдықтары тақырыбы бойынша.

Тор шаршыны карандашпен сызу. Масштаб сызғышын карандашпен сызу.

Сұрақтар:

1. Сызу құрал-жабдықтарына не жатады.

2. Масштабты сызғыштың көмегімен сызықтардың ұзындығын өлшейтін, түзу сызықтарды бірдей бөлікке бөлу үшін қолданылатын құрал.

3. Радиусы 5-10 см шеңберлерін сызу үшін пайдаланылатын құрал.

Көп шағын кесінділерді (0,3-40 мм) сызу үшін қолданылатын құрал.

Радиусы 0,3-5 мм шеңберлерін сызу үшін пайдаланылатын құрал.

№ 3 – тапсырма.

Сызу құралдары, материалдары мен жабдықтары тақырыбы бойынша.

Рейсфедермен тұтас және үзік сызықтарды сызу.

Сұрақтар:

1. Жіңішке, түзу және үзік-үзік сызықтарды сызу үшін қолданылатын құрал.

2. Рейсфедерде қандай кемшіліктер болуы мүмкін.

3. Параллель келетін сызықтарды сызуға арналған рейсфедер түрі.

4. Жоспардағы қисық сызықтарды сызуға арналған рейсфедер түрі.

 

№ 4 – тапсырма.

Топографиялық карталардың шартты белгілері тақырыбы бойынша.

Стандартты шрифт. Стандартты шрифтпен жазу.

Сұрақтар:

1. Шрифт дегеніміз не.

2. Шрифт түрлері.

№ 5 – тапсырма.

Шрифттар және олардың сызу, құру әдістемесі тақырыбы бойынша.

Кесінді шрифтті сызу.

Сұрақтар:

1. Сызу сипаттамасы бойынша кесінді шрифт қалай бөлінеді.

2. Элементтің қалындығы бойынша тік шрифт қалай бөлінеді.

 

№ 6 – тапсырма.

Стандартты шрифт тақырыбы бойынша.

Көркем шрифтті сызу.

Сұрақтар:

1. Көркемдік шрифт қайда қолданылады.

2. Стандартты шрифттағы әріптердің енінің биіктігіне қатынасы

3. Стандартты шрифтағы жалпақ әріптердің енінің биіктігіне қатынасы

№7 – тапсырма.

Шабылған шрифт тақырыбы бойынша.

Елді - мекендердің шартты белгілерін сызу.

Сұрақтар:

1. Жерге орналастыру карталарында елді-мекен атауы қандай шрифтпен жазылады.

2. Жерге орналастыру карталарында гидрография қандай шрифтпен жазылады.

 

№ 8 – тапсырма.

Картографиялық курсив тақырыбы бойынша.

Ауылшаруашылық алқаптарының шартты белгілерін сызу.

Сұрақтар:

1. Жерге орналастыру картасында шабындық қандай түспен боялады.

2. Жерге орналастыру жоспарларында егістік алқабы қандай түспен боялады.

3. Жерге орналастыру жоспарларында шабындық қандай түспен бейнеленеді.

4. Жерге орналастыру жоспарларында бақ қандай түспен бейнеленеді.

5. Жерге орналстыру жоспарларында орман қандай түспен бейнеленеді.

6. Жерге орналастыру жоспарларында бұталар қандай түспен бейнеленеді.

7. Жерге орналастыру жоспарларында елді мекен қандай түспен бейнеленеді.

8. Жерге орналстыру жоспарларында жайылым қандай түспен бейнеленеді.

9. Жерге орналастыру жоспарларында су кеңістігі қандай түспен бейнеленеді.

10.Жерге орналастыру жоспарларында жолдар қандай түспен бейнеленді.

11.Жерге орналастыру карталарында егістік қандай түспен боялады.

12.Жайылымдық алқабы қандай түспен боялады.

 

№ 9 – тапсырма.

Қарапайым және көркемді шрифттар тақырыбы бойынша.

Акварель бояуларымен жұмыс жасау.

Сұрақтар:

1. Бояу жаққыштар неден жасалынады.

2. Бояумен қағаздың қай жағында жұмыс жасаған жөн.

3. Жерге орналастыру сызуында кең қолданылатын бояу түрі.

 

№ 10 – тапсырма.

Каллиграфиялық жазу тақырыбы бойынша.

Тушьпен жұмыс жасау.

Сұрақтар:

1. Тушьпен қағаздың қай жағында жұмыс жасайды.

2. Қатып қалған тушьке не қосады.

 

№ 11 – тапсырма.

Шартты белгілер тақырыбы бойынша.

Әр түрлі бояуларды араластыру әдісін үйрену.

Сұрақтар:

1. Бояу жаққыштар неден жасалынады.

2. Бояумен қағаздың қай жағында жұмыс жасаған жөн.

 

№ 12 – тапсырма.

Жерге орналастыру шартты белгілері тақырыбы бойынша.

Жоспар сызбасының элементтерін салу.

Сұрақтар:

1. Шабындық шартты белгілері жоспарда қалай сызылады.

2. Жайылымдық шартты белгілері жоспарда қалай сызылады.

3. Тыңайған жердің шартты белгілері қалай сызылады.

4. Бақтың шартты белгілері қалай сызылады.

 

№ 13 – тапсырма.

Бояулармен жұмыс тақырыбы бойынша.

Жоспар сызбасының элементтерін салу.

Сұрақтар:

1. Картамен қосымша элементтерінің сызба беттеріне орналасуы.

2. Жерге орналастыру жоспарларында егістік алқабы қандай түспен боялады.

3. Жерге орналастыру картасында шабындық қандай түспен боялады.

 

№ 14 – тапсырма.

Бояулармен жұмыс тақырыбы бойынша.

Жобаның экспликациясын жасау үлгісі.

Сұрақтар:

1. Көшіру тәсілдері.

2. Масштабты кішірейтіп, көшіруге арналған құрал.

 

№15 – тапсырма.

Пландарды, жобалардың және жерге орналастыру карталардың қиыстыру жұмыстары тақырыбы бойынша.

 

Жобаның штампасын жасау үлгісі.

Сұрақтар:

1. План мен картаның айырмашылығы.

2. Планда алаптардың контурлары қалай бейнеленеді.

3. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы.

 

11. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1. Шулейкин, А.С. Топографическое и землеустроительное черчение./ А.С. Шулейкин.-М.: Недра, 1975.

нвузов./ А.С. Шулейкин, В.М. Богданов-М.: Недра, 1966.

3. Чусов В.Л. Топографическое черчение. / В.Л. Чусов - М.: Геодезиздат,1958.

4. Егорова Т.М. Топографическое черчение. / Т.М. Егорова - М.: Геодезиздат,1961.

5. Лебедев П.Е. Топографическое черчение. / П.Е. Лебедев - М.: Недра,1975.

6. Симонин С.И. Инженерно-топографическое черчение и наглядные изображения. / С.И. Симонин - М: Недра, 1979.

 

Қосымша:

1. Инструкция по топографо-геодезическим работам для городского, поселкового и промстроительства. М.:Недра, 1962.

2. Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5000 и 1:2000 М.: Геодезиздат, 1955.

3. Условные знаки для топографических планов масштабов 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500 М.: Недра, 1989

4. Условные знаки для топографических карт масштаба 1:10000. - М.: Недра, 1968.

5. Шулейкин А.С, Богданов В.М. и др. Черчение для землеустроительных и геодезических вузов./ А.С. Шулейкин, В.М. Богданов и др. - М.: Недра, 1966.

6. 5В090700 – «Кадастр», 5В090300-«Жерге орналастыру» мамандықтарына арналған типтік оқу бағдарламасы 2006 ж.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | ақырыбы: Анальгетиктер.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1815 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

4045 - | 3789 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.