Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


опырақтану ғылымының ХХ ғасырда Ресейдегі дамуы.




ХХ ғасырда Ресейде топырақ зерттеу жұмыстары негізінен топырақтың географиялық жұмыстарымен байланысты болды. 1908 жылы Ресейдің бас көші – қон басқармасы сібір мен Орта Азияға да (Қазақстанды қоса) топырақ- ботаникалық экспедициялар ұйымдастырды. Бұл жұмыстарды К.Д.Глинка басқарды. Экспедиция мақсаты – Ресейдің Еуропалық бөлігінен халқы аз Азиялық бөлігіне көшіру, топырақ жер жағдайын зерттеу еді. Бұл материалдардың бастапқы есептері арнайы еңбектерде, ал ең соңғы нәтижелері 1920 жылдары К.Д.Глинканың авторлығымен бірнеше монографияларда жарияланды. Бұл аймақтарда бұрын топырақтанушылар кездестірмеген топырақтар типтері (құба, қара қоңыр, сұр, сортаң және сор топырақтар) кездесіп картаға түсірілді.

1913 жылы Еріктік экономикалық қоғамның комитетіне айналды, оны К.Д.Глинка,Л.И.Просолов пен С.С.Неуструев басқарды.ХХғасыр басында Мәскеу университетінде топырақтану кафедрасын талантты ғалым А.Н.Сабанин басқарды, кейін профессорлар В.В.Геммерлинг, М.М.Филатовтар жалғастырды.

Мәскеудегі топырақтанудың тағы бір орталығы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы болды. Мұндағы аса көрнекті тұлға-академик В.В:Вильямс (1863-1939) еді. Ол топырақтанудың биологиялық бағытын қолдады. Топырақтың құнарын арттырудың егіншіліктегі шөптанапты жүйесін ұсынды. Егіншіліктің бұл жүйесі ТМД елдерінің көп аймақтарында осы күнге шейін қолданылып келеді.

Топырақтану ғылымының кеңес кезінде дамуы. 1925 жылы Докучаев атындағы топырақтану институтыболып қайта құрылды. Оның директоры болып академик К.Д.Глинка тағайындалды. Кеңестік заманның әр кезеңдерінде КСРО-ның әр республикаларында да арнайы топырақтану және агрохимия институттары ұйымдастырылып, жемісті зерттеу жұмыстарын бастады. Бұлардың барлығына В.В.Докучаев атындағы Топырақтану интитуты методикалық жетекшілік етті. Кең байтақ Кеңестік елдердің басым территориясында топырақ –географиялық зерттеулер өріс алса, кейбір республикаларда топырақты мелиорациялау бағыттарында зерттеулер жүргізіле бастады. Еліміздің ылғалы мол батыс аймақтарында топырақты құрғату, ал Орта азия, Оңтүстік Қазақстан, Кавказдың оңтүстігінде топырақты құрғату, ал Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Кавказдың оңтүстігінде топырақты суару мелиорациялары дамыды.

Осы кездегі топрыақтанудағы ірі тұлға К.К. Гедройц (1872-1932) болды. Ол топырақтану химиясы саласында, дәлірек айтсақ топырақтың сіңірукомплексін, сор топырақтар мен сортаң топырақтарды зерттеуде аса ірі территориялық жетістіктерге жетті. Топырақтану, жалпы жер қыртысы геохимиясы саласындағы ірі ғалым Б.Б.Польнов (1877-1952) болды. Бұл екеуінің кейінірек академик болып сайлануы кездейсоқ емес екені анық. Кеңестік заманда топырақтың органикалық бөлігі туралы ірі жетістіктерге академик И.В. Тюрин жетсе, топырақтың географиясы саласында академиктер Л.И.Прасолов, И.П.Герасимов, ал топырақ агрохимиясы саласында академиктер Д.Н.Приянишников пен Я.В.Пейве терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты. В.В.Докучаевтың шәкірті академик В.И.Вернадскийдің айтуынша топырақ-аса күрделі, әрі тірі дене, сондықтан оны зерттеу де оңайға түспейді. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар әдісі қажет болса, екінші жағынан биологиялық ғылымдар әдістерін қолдану қажет. Алайда топырақ таза геологиялық та, таза биологиялық та дене болмағандықтаноны зерттеу әдістері үнемі дұрыс нәтижелер бере бермейді. Топырақ сияқты күрделі денеге екі әдіс жеткіліксіз.

Топырақ осындай күрделі дене болғандықтан осы күндерге шейін оны белгілі бір ағлымдар қатарына жатқызу туралы әлемде оны белгілі бір ғылымдар қатарына жатқызу туралы әлемде біртұтас пікір жоқ. Мысалы, біздің елімізде 1948 жылға шейін топырақтану ғылымы Жер туралы ғылымдарға жатқызылып, ол саладағы мамандар жоғарғы оқу орындарының геология-топырақтану факультеттерінде дайындалды. 1948 жылы Бүкілодақтық ауыл шарушылығы академиясының тамыз сессиясынан кейін Топырақтану ғылымы бірауыздан биологиялық ғылымдарға жатқызылды. Мамандарды да дайындау оқу орындарының биология-топырақтану факультеттерінде басталды.

Сонымен топырақтану ғылымы аса күрделі және өте қажетті ғылым. Халық санының күн сайын өсуі, олардың әл-ауқатының көтеріліуі үшін топырақтанудың маңызы жылдан-жылға арта бермек.

Топырақтану ғылымы жалпы табиғаттану ғылымдарының қатарына қосыла тұрып, оның қолданбалы ғылымдар ішінде және халық шарушылығының басқа салаларында да алатын орны ерекше. Бұл туралы сызба-нұсқалар 2-4 суреттерде берілген.

Топрырақтану ғылымының халықаралық мәселелерін шешу үшін Халықаралық топырақтанушылар қоғамы бар. Бұл қоғам 1924 жылы ұйымдастырылған. Содан бері топырақтанушылардың Халықаралық ХΥ конгрестері болып, оның екеуі бұрынғы Одақ кезедерінде Мәскеуде өтті.

Топырақтанушылардың Одақ кезінде бүкілодақтық қоғамы жұмыс атқарды. Бұл қоғамның Одақ кезінде бүкілодақтық мәселелері талқыланып, съезд өткен аймақтардың топырақтарымен бірнеше күндік экскурсиялар арқылы танысатын. Кезінде Алматыда 1971 ж Бүкілодақтық топырақтанушылардың ІҮ съезі өткен. Одақтың әр бұрышынан және шет елдерден келген мыңнан аса ғалымдар жер шарындағы табиғаттың биіктікбелдеу зоналығының бір үлгісі болып саналатын іле Алатауының топырақ-климтатық зоналығымен көзбе-көз танысқан еді.

Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы. Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлының есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған Ө.Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минерология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан қазақ ұлтынан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болғанын мақтанышпен айтуға болады.

Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында геология секторында аға ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төралқысының төрағасы К.С.Сәтбаевтың орынбасары бола жүрып, болашақ Қазақ Ғылым академиясының негізін қалауда көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ө.Оспанұлы Қазақстанда топырақтану секторын ұйымдастыру мәселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін елемізге аты белгілі профессор А.И. Безсоновты шақырды.

Сонымен республикамызда тоыпрақ зертеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды. Отан соғысы жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры Л.И:Прасолов бастаған, кейінірек академик болған И.П: Герасимов, профессорлар М.А. Глазовская, Е.В.Лобова т.б қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми негізде зерттеле басталды. Дегенмен сектор ұйымдастырлығанға шейін Қазақстан жерінің топырақтары туралы ешқандай мәліметтер болмады десек шындыққа үйлеспейді.

Қазақстан жерінде ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Ресей ғалымдары тарапынан жасалған ғылыми экспедициялар: Лапехин, Гмелин, Паллас,Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уәлиханов, Семенов т.б негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық сапар-саяхаттар еді. Ал тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу осы үстіміздегі ғасырдың басында Ресейдің халық мекендеген Еуропалық бөлігінен шаруларды шығысқа, Қазақсан мен Сібірге көшіру мақсатымен құрылған қоныстандыру басқармасы қолға алынды.

Бұл жұмыстар Докучаевтың дарынды шәкірті, топырақтану саласындағы алғашқы академик К.Д. Глинканың басқаруымен кейінірек еліміздің көрнекті топырақтанушы ғалымдары өте құнды материалдар жинады. Осы еңбектердің нәтижесінде ел қоныстанып, жерлерін егіншілікке пайдалануға жарайтын зерттеулер еліміздің топырақтану саласына үлес қосып, кейбір осы аймақтағы анықталған топырақ аттары бүкіләлемдік топырақтану терминдеріне енді. Мәселен С.С. Неуструевтің Шымкент уезіндегі тау етегіндегі топыраққа қойған алғашқы аты-«сұртопырақ», Перовск уезіндегі қазалы маңындағы топырақтарға қойған аты «сұрқұба» қазірде әлемдік терминдерге айналған.

Топырақтану секторының, Мәскеу мамандары қолдаған алғашқы жемісті еңбектері енді Топырақтану институтын ұйымдастарға негіз болдщы. Мұндай институт Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ө.Оспанов, В.М.Боровский, Ғылым академясының корреспондент-мүшесі Ж.У.Ақанов, биология ғылымының докторы Т.Жаланкөзев. қазір ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор А.Сапаров басқаруда.

Институт осы салада республикадағы ғылыми-методикалық орталығы бола тұрып, топырақтану ғылымының дамуына өте үлкен үлес қосты.

Халық шаруашылығының дамуының әр түрлі кезеңдерінде институт өндірістің талаптарына сәйкес топырақтанудың іргелі және қолданбалы мәселелерімен шұғылданып ауылшаруашылық өндірістің өрге басуына көп септігін тигізді. Осы еңбектері үшін Институт 1974 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ескертетін жай, топырақтану саласы және оған қоса топырақ агрохимиясы ғылымы Қазақтың В.Р.Вильмс атындағы астық шаруашылық институтында, Қазақтың Ұлттық аграрлық университетінде көптен өріс алып,дамып келеді.

1996 жылы Қазақ республикасының Ғылым академиясының құрылуына 50 жыл толуына байланысты, Топырақтану институтын ұйымдастыру мен дамытудағы аса ірі еңбектері үшін және ғалымды мәңгі есте қалдыру мақсатында, институтқа Ө.Оспанов аты берілді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 697 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2515 - | 2363 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.