Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды.
Имела отделения в Поволжье, Крыму, на Урале и Кавказе, в Сибири, Туркестане и Закавказье. Программа предусматривала ряд либеральных преобразовании и объединение всех мусульман России без различия сословии и национальностей. Прекратила существование в 1907 году.
«Иттифак» поставил перед собой следующие цели:
· Объединение мусульман России в едином движении
· Установление конституционной монархии на основе пропорциональной репрезентации национальностей
· Правовое равенство мусульманского и русского населения и упразднение законов и административных практик, дискриминирующих мусульман
· Развитие культуры и образования мусульман
азақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік Дума сайлауы зор роль атқарды. Мемл. Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік теңсіздігіне негізделген жүйе бойынша өткізілді. Қазақстанның бүкіл аумағында Мемлекеттік Дума сайлауы төтенше жағдай талаптарымен өткізілді.
I Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 млн-дық қазақ халқынан 4 депутат: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А.Қалменов, Б. Құлманов сайланды.
Патша халық бұқарасының назарын аудару үшін шақырған І Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланады.
Осылайша, 1906 жылы 8 шілдеде І Мемлекеттік Дума таратылды.
· ІІ Мемлекеттік Дума сайлауы 1905 жылы 6 тамыздағы және 11 желтоқсанда сайлау заңдары негізінде өткізілді.
· ІІ Мемлекеттік Дума кадеттерден, социал демократтар мен октябристерден тұрды.
ІІ Мемлекеттік Думада Қазақстаннан 14 депутат, соның ішінде қазақ халқынан 6 депутат болды, олар:
Ш. Қойшұғылов Ақмола облысы
Х. Нұрекенов Семей облысынан
Б. Қаратаев Орал облысынан
А. Бірімжанов Торғай облысынан
Т. Аллабергенов Сырдария облысынан
М. Тынышбаев Жетісу облысынан
· 1907 ж 3 маусымда ІІ Мемл. Думаны патша қуып таратып, социал демократиялық фракция қамауға алынып, Сібірге айдалды.
· Империяның орталығында, шет аймақтарда, соның ішінде Қазақстанда да реакцияның жүгінсіздігі басталды.
· ІІ Мемлекеттік Дума таратылуына қарсы наразылық белгісі ретінде жергілікті жерлерде митингілер, демонстрациялар және т.б. өтіп жатты.Олар: Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, және т.б. қалаларда болып өтті.
азақ саяси элитасының (А.Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, ағайынды Досмұхамедовтер, Ш.Құдайбердіұлы, және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі.
Элита – ең таңдаулы адамдардың қауымы. Халық басқарушы билікке түгелдей қатыса алмайды, сондықтан, бұл міндетті элита атқарады. Олар бұқара халықтың биліктегі өкілі, ел соларға сенім артады, соңынан ереді, бағыт-бағдар алады, түзеледі, еліктейді. Элита дегенде, жоғарғы билік пен көрнекті тұлғалар еске түседі. Алайда, мемлекеттік басқару құрылымдарындағы билеуші элита – формальды топ қана, олардың көпшілігі бұған кәдімгі қызмет, кәсіп түрі, артықшылықтарға ие болудың бір жолы, мансап ретінде қарайды. ХХ ғасыр басында орыс отаршылдығының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көшбасшысы Әлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тәуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұстағы зиялылардың алдыңғы сатында қазақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Әлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров және т.б. тұрды. Ар, намыс, әділет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының басты ерекшелігі. Қуғын-сүргінде, азап лагерьлерінде, түрме тозағында, тергеу камераларында олар өздерін нағыз ер-азамат сияқты ұстады. Олар ешқашан өздеріне интеллигент, элита атағын таққан жоқ және бұған заман да мұрша бермеді. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері».
Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған..Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған қайраткерлердің бірі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. «Алаштың Әлиханы» атанған ол бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде де және осы күрес жолындағы ұлттық зиялылардың көш бастаушысы да бола білді. Ә. Бөкейханов пен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе – ұлттық теңдік және саяси бостандық еді. Алайда қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен және кейіннен жаппай атылып-асылып кеткен ұлттық зиялыларымыз бен оның көшбасшысы Ә. Бөкейхановтармен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді.
Бүгінгі тәуелсіздік таңы атқан, өз билігі өз қолындағы қазақ елі үшін ең бірінші мәселе төл тарихымыз бен туғана ана тілімізді жаңғырта отырып, ұлттық идеологияны қалыптастыру болмақ. Ол үшін, әлбетте, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ ұлттық саяси элитасының, соның ішінде ХХ ғасыр басындағы зиялылалырымыздың және олардың көсемі болған Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси және ғылыми-ағартушылық қызметін танып білу, олардан үлгі-өнеге алу бүгінгі күннің басты талаптары болмақ. ХХ ғасырдың басында ұлт тілінде шыға бастаған биресми «Қазақ» газетіне [29] Ә.Бөкейхановтың сол кезеңнің басты-басты саяси мәселелерін көтерген мақалалары жарық көрген.
Сонымен қатар Ә.Бөкейхановтың ғасыр басындағы қазақ комитетері мен қазақ съездері Уақытша үкімет тұсындағы мемлекеттік-саяси қызметтері туралы көптеген диссертациялардың қорғалғанын айтуға болады.
Ә.Бөкейханов туралы пікір Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ғана объективті түрде жазылып, ғылыми жүйеге түсе бастады оған дәлел шығармалар жинағының жарық көруі.
XX ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты ескі, қатып қалған қағидалардан арылып, қарастырып отырған мәселені тарихи объективтілік принципін басшылыққа алған зерттеулер көптеп жарияланғанын атап өтеміз.Бүкіләлемдік саяси жүйеге өзгеріс әкелген осынау кезеңде зиялы қауым халқының болашағы үшін қарулы күрес жолында да батыл қадамдарымен көзге түсті. Елі мен жері үшін күрескен қиын саяси жағдайда таңдаған жолынан тайынбай өзіндік тән қасиеті отаншылдық рухы бар – зиялы қауымын Қазақ елінің жауы мен досы мойындағаг. Бір сөзбен айтқанда, тарих беттерінде шыңдалып, елеулі орынға ие болғанына көзіміз жетіп отыр.
12. ХХ ғасырдың басындағы ұлттық баспасөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап» және т.б.)
XX ғасырдың басы – қазақ мерзімдік басылымдарының даму кезеңі. XIX ғасырдың аяғында екі ғана басылым болса – «Түркiстан уалаятының газетi» (1870-1883) және «Дала уалаятының газетi» (1888-1902), 1905ж. кейін бір қатар жаңа-жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907ж. Петербургте бір топ қазақ интеллигенциясы «Серке» газетін шығара бастады, ол газеттің редакторы Абдурашид Ибрагимұлы болды. Сол газеттің екінші нөмірінде М.Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарық көрді. Патша карауылшылары оны қазақ жұртының үкімет органдары мен олардың өкілдеріне қарсы қоятын үндеу ретінде санап, газетті жапты. Сол жылдың көктемінде Троицкте «Казақ» газетi шықты, бұл газетке бірінші нөмірінен кейін тыйым салынды. 1911 ж. Троицк қаласында «Айқап» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен рух берушісі көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералыұлы. Журнал сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ресімделуіне, әдебиеттің дамуы зор үлес қосты, тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша зерттеулерді жария етті; «Айқап» Исмаил бей Гаспралы шығармашылығына көңіл бөлді, қазақ даласында жаңа мектептер мен медреселер салынсын, ескілері жаңартылсын деп пікір айтты. Журнал беттерінде түрік және парсы тілдерінен аударылған жарияланымдар, мысалы Фирдоусидың «Шахнаме» жыры, басылып шықты. Ұлттық баспасөзінің даму жолында 1913-1918жж. Орынбор мен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше. Газеттің негізгі қамы қазақ халқының мәдени өркендеуі, қазақ әдеби тілі мен әдебиетінің дамуы болды. Газет А.Бөкейханұлының фольклорға және А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне арналған еңбектеріне көп көңіл аударды.
13. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты - басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі;Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы;Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді.Қазақ елі І Дүние жүзілік соғыс қарсанында Ресейдің азық-түлік, шикізат, киім-кешек көзі болды. Осыған дәлел 1916 жылы Түркістан өлкесінен осыншама азық-түлік әкетілді. Жергілікті халыққа салынатын салык 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15есе өсті. Жергілікті әкімшілік әрбір үйден әскери салықты, земостволық, жолдық және болыстар алатын, тағы басқа салықтарды қадағалап отырды. Осы Қазақстаннан қанша түйе, ет, балық, киім-кешек, оқ-дәрі, шикізат алып жатса да, көрсе көзі тоймайтын үстем тап өкілдері салықты да жинады.
14. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
15. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: а) қазақ интеллегенциясының радикалды батыл іс- қимылға бейім өкілдері: Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангельдин,С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов тағы басқа халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. б) «Қазақ» газетіне топтасқан либерал- демократиялық зиялылар өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. Халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, қазақтар қатты қан төгіске ұшырауы мүмкін деп, осы алмағайым заманда халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде халықты аман сақтауға тырысты. Қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.
16. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. 1917 ж. Қос өкімет орнатылды. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейдегі ақпан төңкерісінің нәтижесінде 300 жылдан астам билік құрған Романовтар әулеті биліктен тайдырылып, Ресей монархиясы кұлатылды. Патша өкіметінің құлатылғандығы туралы хабар тез арада Казақстанға да жетті. Петроградта билікті өз қолына алған Уақытша үкіметтін барлық жерлерде басқару құрылымдарыкұрыла бастады. Ескі билік түрлері жойылып, облыстық және уездік комиссариаттар құрылды. Торғай облысының комисары Әлихан Бекейханов, Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышбаев. Оралда Халел Досмүхамедұлы,Қостанайда Ахмет Бірімжанов, Түркістанда Мүстафа Шоқай және тағы баскалар сайланды, Астыртын жұмыс істегенбарлык партиялар ашық жұмыс істеуге шықты және сонымен бірге цензура жойылды. Сөз, ар-ождан бостандығы берілді, еркін жүріп-тұруға және жиналыстар мен митингілер өткізуге рұқсат етілді.1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
17. Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері
Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды. 2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды. 3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы»
18. Қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының зерттелуі
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. 1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.Оның себептері: 1) Монархияның ауыр мұрасы 2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады.
Қазақстан мен Орта Азия тарихшылары 60-80-жылдары екі революция мен Азамат соғысы тарихын зерттеуде елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл уақытта көптеген мақалалармен бірге, Қазақстандағы және тұтастай алғанда қазақстандық-түркістандық аймақтағы революция мен азаматтық қарсыласу тарихының манызды мәселелерін зерттеген байыпты монографиялық жұмыстар да жарық көрді. Бұл тұста С.Н. Покровскийдің, Т.Е. Елеуовтің, П.М. Пахмурныйдың, В.К. Григорьевтің, А.С. Елагиннің, К. Нұрпейісовтің, С.З. Зимановтың монографияларын, Қазақстан мен Орта Азия тарихшыларының ұжымдық еңбектерін атауға болады.Т.Е. Елеуовтін кітабы — тұтастай алғанда Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен ірге бекітуінің күрделі де қарама-қайшы үрдісін республика тарихнамасында тұңғыш рет зерттеген қордалы еңбек. С.Н. Покровскийдін, П.М. Пахмурныйдың, В.К. Григорьевтің, А.С. Елагиннің К. Нүрпейісовтің монографияларында Жетісуда және тұтастай алғанда Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңісі жолындағы күрес картинасы берілген, 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы мен партизандық қозғалыс тарихының маңызды аспектілері айқындалған, Кеңес өкіметінің өлкедегі әлеуметтік саясатынын алғашқы қадамдары көрсетілген.