Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ыту мен оқу әдістеріне өзгерістер енгізу қажеттілігі?




XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін калыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

2. Қазақстандағы және әлемдегі білім беру жүйесі

Финляндиядағы білім беру жүйесі. Қағидалар:барлық бала тең құқылы; жекеменшік мектептер жоқ; сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен оқулықтар тегін беріледі; түскі ас тегін; оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын муниципалитет төлейді; мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ; мұғалімдерге толықтай сенім артады; жемқорлық өте аз; табиғатынан кем-тар болып туылған балалар құрдастарымен қатар отырып білім алады; ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру немесе оқудан шығару сынды құқығы жоқ.

Финляндиялықтар балаларды 9 жылдық мектепке топтастырмайды. Бұл елде 1990 жылдан бастап оқушыларды дәстүрлі түрде сыныпқа бөлу ережесінен бас тартқан. Оқу жылы 190 күннен құралады. Тек күндіз ғана білім алады. Ал сенбі, жексенбі күндері мектептерде демалыс. Барлық фин мектебі тек 1 ауысымда жұмыс істейді. Ұстаздардың жұмыс күні сағат 8-ден 15-ке дейін созылады. Мектепті бітірерде қорытынды экзамен тапсыруға міндетті емес. Ал диктант, бақылау жұмысы сындылар ұстаздың қалауымен жүзеге асып отырады. Білім мекемелері жоғары деңгейде жабдықталған. Сыртқы, ішкі көрінісі көздің жауын алады. Жиһаздардың даусы шықпайды. Шкаф, парта, орындық сындыларға сынып ішінде қозғалу үшін дөңгелек аяқ таққан, немесе матамен қаптап қойған.

Италидағы білім беру жүйесі: Алты жастан бастап бастауыш мектепке барады. Алғашқысы - «scuola elementare», кейінгісі - «scuola elementare». Екеуін де балалар тегін білім алады. Бұл деңгейде оқу, хат жазу, сурет салу, арифметика, музыка сынды пәндер өтіледі. Қалауларына сәйкес дінтану пәні жүргізіледі. Бұдан өзге бір шет тілін меңгеру мүмкіндіктері бар. Оқушылар аптасына 5 күн, 6 сағаттан оқиды. Әр баспалдақтан кейін тестілеу жүргізіледі. Оқушыларды «өте жақсы», «жақсы» сынды сөздермен бағалайды. Мүгедек балалар да өзге қатарластарымен бірге оқиды. Италияның әдеттегі мектептерінде сыныптар өте үлкен болады. Ал жекеменшік мектептерде 5%-ға кіші. Жекеменшік мектептер оқушыларға аттестат ұсына алмайтындықтан, аталған мектептің оқушылары сертификат алу үшін мемлекеттік экзамен тапсырады. Алғашқы бес жылдық баспалдақтан өткен соң, жазбаша және ауызша экзамен тапсырады. Экзамендер аяқталған соң бастауыш сыныпты тәмамдағанын растайтын «diploma di licenza elementare» атты аттестат береді. Бұдан кейін оқушылар 14 жасқа дейін білім алатын «scuola media» мектебіне өтеді. «Scuola media» мектебінде италян тілі, өнер, музыка, математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих, география сынды пәндер оқытылады. Әр жыл сайын «өтілді-өтілмеді» жүйесіне сәйкес экзамен өткізіліп отырады. Егер оқушы аталған сынақтан өте алмаса, келесі жылға қалдырылады. Орта мектепті тәмамдаған соң италян тілі, математика, шет тілі пәндерінен ауызша, жазбаша экзамен тапсырады.

Испаниядағы білім беру жүйесі: Қазіргі таңда Испанияның білім жүйесі 4 деңгейден құралады. Мұнымен қатар, кәсіби білім (La Formacion Profesional (FP)) бар. Оны еліміздегі лицейлермен салыстыруға келеді. Кәсіби білімді базалық деңгейден кейін алуға болады. Ол негізінен екі сатыдан құралады. FP аттестастының иегерлері BUP аттестатын алған оқушылар секілді жоғарғы оқу орындарға тапсыра алады.Испанияның білім жүйесінде жоғарыда тізімделген 4 деңгейден бөлек ересектерге арналған оқу бар. Ол - "Escuela de Adultos" деп аталатын кешкі мектептер. Бұдан өзге арнайы тілдік курстар, сурет салу, қолөнер секілді қосымша курстар ұйымдастырылған.

Мектепке дейінгі білім (Educación Infantil)

Испанияның білім жүйесіндегі мектепке дейінгі білімді де екі сатыға бөліп қарастырамыз:

1. Escuela Infantil - 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған балабақша. 2. Aula Infantil en colegio de primaria – 3-6 жас аралығындағы колледждегі дайындық курстар.

Аталған мекемелердің мемлекетке тиесілісінде тегін, ал жекеменшіктерінде ақылы білім алуға болады.

Базалық білім (Educación básica) Испания заңына сәйкес базалық білім міндетті болып табылады. Мектепке дейінгі білім секілді тегін және ақылай түрі бар. Испанияның базалық білім жүйесіне мемлекеттік және жекеменшік колледждерден өзге діни сауат ашуға арналған арнайы мектептер бар. Оны шіркеу қаржыландырып отырады. Испанияның білім жүйесін мемлекеттік Білім министрлігі қадағалап отырады. Методологиялық бағдарламалар, әр сыныптағы оқушылар саны, норматив, қаржы мәселесі дегендердің барлығын мемлекет ұйымдастырады. Оқушылар базалық білімді 6-14 жас аралығында алады.

- «Еducación primaria» - алғашқы саты. Әрқайсысы 2 жылды құрайтын 3 циклге бөлінген 6-12 жас аралығындағы оқушыларға арналған: бастапқы цикл (6-8 жас), орта цикл (8-10 жас), жоғарғы цикл (10-12 жас);

- «Еducación secundaria» - екінші саты. Оқушылар 12-16 жас аралығында базалық білімді тәмамдайды. Бағдарлама аяқталған соң, орта білім алғандығы туралы диплом алады.

Bachillerato - Испанияның білім жүйесінде еліміздегі жоғарғы сыныптарды еске түсіретін бачилерат атты білім алу сатысы бар. Алайда ол үш курстан құралады. Бачилерато екінші курстың өзінде кәсіби білім алуға мүмкіндік береді. Алайда оны қалайтын жандар ғана оқуына болады. Бачелератоның үшінші курсында оқушы гуманитарлық немесе жаратылыстану бағытына баратындығын таңдайды. Бачелератоны аяқтар кезде тапсыратын экзамен нәтижесі ары қарай ЖОО-ға түсуіне тікелей әсер етеді. Конкурс жүйесіне сәйкес орташа балл жинап үлгерген оқушылардың ЖОО-ға түсу мүмкіншілігі жоғары болады. Бачелератода базалық сатыдан өткен, яғни 16 жастағы оқушылар оқиды.

Қазақстандағы білім беру. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады. Қазақстанның азаматтарына тегін орта білім алуға кепілдік беріледі жəне ол міндетті болып табылады. Сондай-ақ олардың конкурстық негізде жоғары білім алуларына да (Қазақстанда да, шетелде де) құқықтары бар. Азаматтардың білім алу құқығы жалпы білім беру жүйесінің дамуы арқылы жүзеге асырылады. Сапалы білім мен оған қол жеткізуге жағдай жасау, оқу орындарының желісін кеңейтіп, олардың ресурстық базаларын жақсарту мақсатында мемлекет білім беру жүйесін қаржыландыруды жыл сайын арттырып, тиімді саясат жүргізуде. Республикадағы жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары оқуда, шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық «Болашақ» стипендиаттары әлемнің 27 елінде оқуда. Қазіргі кезде білім беру қызметін қаржыландырудың қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмі жеткіліксіз. Осыған байланысты несиелік білім беру жүйесі жоғары білім алуға мүмкіндіктің және одан әрі жетілдіруді қажет етеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1037 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1984 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.