Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стационарға, күндізгі стационарға госпитализациялауға көрсеткіш.




Аурудың айқын өршуі және асқынуы кезінде стационарлық емге көлсеткіш болып табылады.

КЛИНИКАСЫ. Созылмалы пиелонефритттің клиникалық және лабораторлы белгілері өршу кезінде өте айқын болады және ремиссия фазасында аз болады. Біріншілік пиелонефритте аурудың симптомдары екіншілікке қарағанда аз болады. Созылмалы пиелонефритің өршуі жедел пиелонефрит сияқты өтеді: дене температурасының жоғарылауы (кейде 38-39 °С дейін),бел аймағында ауыру сезімдері, дизуриялық белгілер, лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы Протеинурия пайда болып, артуы мүмкін (әдетте 1 г/лден артпайды), лейкоцитурия (жиі және белсенді лейкоциттер), бактериурия. Ремиссия фазасында, әдетте латентті ағымды біріншілік пиелонефритте, клиникалық және лабораторлы белгілері өте аз болады. Бел аймағында ауыру сезімдері мен дизуриялық белгілері аз немесе болмайды. Дене температурасы қалыпты, сирек субфебрильді. Протеинурия және лейкоцитурия аз немесе тұрақсыз. Белсенді лейкоциттер және бактериурия көп жағдайларда анықталмайды. Кейде ЭТЖ артады. СП 40-70 % науқастарда ауру үдеуімен симптоматикалық артериальды гипертензия дамиды,әсіресе диастолалық қысым артады (180/115-220/140 мм.с.б.б.).Ісінулер тән емес. Созылмалы пиелонефритке, әсіресе кеш сатыларына полиурия тән (2-3 л және аодан да көп), ол поллакиуриямен және никтуриямен, гипостенуриямен жүреді. Полиурияның нәтижесінде шөлдеу, ауыз ұқуысында құрғау пайда болады.

Ондай болса созылмалы пилонефриттің келесі түрлерін ажыратады:

1. Латентті түрі клиникалық көрінісінің кедейлігімен сипатталады.

2. Рецидивтеуші түрі жиі жастар ауырады. Ремиссия мен өршу кезеңдері кезектесіп жүруімен сипатталады.

3. Гипертензивті түрі клиникалық көрінісінде гипертензия синдромының басым болуымен сипатталады, пиелонефритпен ауыратын науқастардың 50-60% байқалады.

4. Анемиялық түрі сирк кездеседі. Анемия негізінен нормохромды, бүйректің басқа ауруларымен салыстырғанда (гломерунефрит, амилоидоз және т.б.) созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқастарда айқын және жиі кездеседі.

5. Азотемиялық түрі тек созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде көрінеді, созылмалы пиелонефриттің латентті ағымын өз кезегінде анықтамағандықтан кейінгі кезде квалификациялау керек.

6. Септикалық түрі егде адамдарда, әлсіреген науқастарда жиі кездеседі, 39-40 С қызбамен, қалтыраумен, профузды тер бөлінумен, айқын ауру синдромымен, Пастернацкий симптомының оң (резко) болуымен, миалгиямен, артралгиямен, бас аурумен, жүрек айнумен, құсумен жүреді.

7. Нефротикалық түрі өте сирек кездеседі. СП бұл түрін нефрологтардың көбісі мойындайды.

 

ПН аурушаңдықтың жасқа және жынысына байланысты үш шегі бар. Бірінші шегі ерте балалық шақта болды. Жиі қыз балалар ауырады, бұл жыныс сферасы құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Бүйрекке инфекцияның түсуі әрдайым уриногенді жол. Жедел цистит, қуықтың нейрогенді дисфункциясы жиі қуық зәрағар рефлюксімен жалғасады, бұл балалрда ПН дамуының 70-75% себепшісі болып табылады. Ерте жастағы қыз балаларда ПН басталуы жасырын түрде болуы мүмкін, жыныстық жетілу, жүктілік және босанғаннан кейінгі кездерде өршіп отырып, 1 жылға, кейде 10 жылға дейін созылуы мүмкін. ПН аурушаңдықтың екінші шегі белсенді репродуктивті жастағы әйелдерде (18-30 жаста) байқалады. Жүкті әйелдердегі пиелонефриттің дамуында екі фактор маңызды: жүктілік кезінде гормональдық баланстың өзгеруі, эстрогендер құрамы жоғарлайды, бұл бүйрек АТЖ (ЧЛС) гипотониясы мен дискинезии әкеледі, жүкті жатырдың қуыққа механикалық әсер береді. ПН аурушаңдықтың үшінші шегі егде және қарттық кезде келеді. 60-жастан бастап, әйелдер мен ер адамдардың ауруы біртіндеп теңесе бастайды, сосын 80-жастан бастап ер адамдарда аурушаңдық жоғарлай түседі. Бұл қуық асты безі қызметінің төмендей бастауына, простатаның ісіктік және гипертрофикалық ауруларының жоғарлауына, бұлар өзкезегінде уродинамиканың бұзылысына әкеледі.

Жедел ПН серозды және іріңдң болуы мүмкін. Ауруға жалпы және жергілікті симптомдар тән. Триада тән: қалтырау температураның жоғарлауымен, зәр бөлінудің бұзылыстарымен (дизурия, поллакиурия) жалғасады. Іріңді ПН серозды түріне қарағанда ауыр өтеді, температура кенеттен жоғарлайды 39-40 С дейін, қалтыраумен, тершеңдікпен, жалпы улану симптомдарының тез дамуымен- әлсіздік, шаршағыштық, жүрек айну, құсу жүреді. Қарап тексергенде дегидратация белгілері, құрғақ тіл жабындымен. Бүйрек пальпациясында зақымдану жағында ауру сезімі. Жедел обструктивті ПН бар науқастарда бактериемиялық шок - тахикардиямен, АҚ тпөмендеуімен 80-70 мм с.б.б. төмен, олигоуриямен, кейде ануриямен дамуы мүмкін.

Зәр тас ауруының клиникалық көрінісі бүйректік шаншумен жүреді. Бүйрек шаншуының ұстамасы сипатталады:

-ауру сезімінің кенеттен басталуы, оң не сол бел аймағында орналасады, ізашар симптомдар болмайды;

-интенсивті ұстама тәрізді ауру сезімі зәрағар траекториясы бойына, шап не шат аймақтарына, ішкі сан беткейіне және жыныс ағзаларына беріледі;

-ұстама кезіндегі мазасыздық (науқас қалтырайды, аурудан айқайлайды, жылайды);

- ауру сезімімен мүмкін болатын қабатасатын көріністер (құсу, дизурия, макро-және микрогематурия, лейкоцитоз, қызба, ЭТЖ жоғарлауы, гипертензия, пульстің жиілеуі);

- Пастернацкий симптомы оң.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 691 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2242 - | 2052 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.