ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША
СИЛЛАБУС
МОДУЛЬ «ИММУНДЫ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АУЫЗ ҚУЫСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Оқу сағатының көлемі (кредит) – 45 академиялық сағат (1 кредит)
Практикалық сабақтар – 15 академиялық сағат
СОӨЖ - 1 5 сағат.
СӨЖ – 15 сағат.
Курс -4
Семестр – 7-8
Бақылау формасы: дифференциалды сынақ
Алматы, 2015
Силлабусты құрастырған: м.ғ.к., ассистент Баскакова И.В.
Аударған ассистент Байгутдинова Б.А.
Силабус ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды «______»_______________2015 ж., хаттама № _______
Кафедра меңгерушісі
М.ғ.д., профессор_________________Баяхметова А.А.
1. Жалпы мәліметтер:
1.1 ЖОО атауы: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
1.2 Кафедра терапиялық стоматология
1.3 Пән, пән коды – Иммунды патологиялық жағдайлардың ауыз қуысындағы көрінісі
1.4 Мамандық - 051301 «Жалпы медицина».
1.5 Оқу сағатының көлемі – 45 сағат
1.6 Курс және оқу семестрі - 4 курс, 7-8 семестр.
1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:
№ | Аты жөні | Қызметі | Ғылыми дәрежесі | Сабақ жүргізу тілі | Каб. | Электронды адрес |
1. | Баяхметова Алия Алдашевна | Каф.мең, профессор | М.ғ.д. | Орыс | c_aalibaba@mail.ru | |
2. | Зазулевская Лидия Яковлевна | Профессор | М.ғ.д.. | Орыс | zazul777@rambler.ru | |
3. | Жолдыбаев Серик Сабитович | Доцент | М.ғ.д. | Қазақ, орыс | serik.zhol@gmail.com | |
4. | Сапаева Назкен Газизовна | Доцент | М.ғ.к. | Қазақ, орыс | Sapaeva58@rambler.ru | |
5. | Баскакова Ирина Валентиновна | Ассистент | М.ғ.к. | орыс | baskoyirina@mail.ru | |
6. | Сагатбаева Анар Джамбуловна | Доцент | М.ғ.к. | Қазақ, орыс | anar_dzhambul@mail.ru | |
7. | Абдикаримов Сериккали Жолдасбекович | Доцент | М.ғ.к. | Қазақ, орыс | Serikkali@list.ru | |
8. | Смагулова Ельмира Ниязовна | ассистент | М.ғ.к. | Орыс | elmira_s61@mail.ru | |
9. | Сухочева Татьяна Михайловна | Ассистент | М.ғ.к. | Орыс | Tatiana060663@mail.ru | |
10. | Кумарбаева Айгуль Тлектесовна | Доцент | М.ғ.к.. | Орыс | kumarbaeva_aigul@mail.ru | |
11. | Мангытаева Батима Бекдаировна | Ассистент | - | Қазақ | batima_48@mail.ru | |
12. | Уразбаева Бахыт Мырзашевна | Ассистент | - | Қазақ | urazbaeva_1967@mail.ru | |
13. | Долгих Валерия Робертовна | Ассистент | - | Орыс | bagira.net@bk.ru | |
14. | Байгутдинова Бахыт Абдимуталиповна | Ассистент | - | Қазақ, орыс | bahyt_abdikadyrova@mail.ru | |
15. | Бакбаев Бейбитжан Байрахманович | Ассистент | Қазақ, орыс | vizabbb@mail.ru | ||
16. | Нурлыбаев Алибек Айдарбекович | Ассистент | Қазақ | Ali_01_87@mail.ru |
1.8 Мекен жай ақпараты:
Кафедраның мекен жайы Алматы қ., Төле би көшесі 92; ҚазҰМУ №3 оқу ғимараты, 3 этаж.
Телефон: 292-50-25 (вн. 208)
Электронды адрес: ter.stomkaznmu@mail.ru
1.9 Пәннің саясаты оқу процессініңбірізділік және мақсатты іске асыру болып табылады. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы медициналық жоғарғы оқу орнындағы оқудың жалпы қағидаларына сай.
1. Практикалық сабақтар мен дәрістерге міндетті түрде үнемі қатысуы керек
2. СӨЖ-ның барлық тақырыптарын өздері таңдаған форма бойынша міндетті түрде орындау керек.
3. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (тәжірибелік сабақты конспектілеу, теориялық материалды даярлау, ситуациялық есептер мен тест түріндегі тапсырмаларды шешу, тәжірибелік жұмысты фантомды блокта орындау, адьбомда сурет салу, науқасты қабылдаған кезінде қарау, кеңес берудге қатысу, науқастарды қабылдау).
4. Берілген бөлім бойынша СӨЖ –дің 1 тақырыбын дәл уақытында қорғау (берілген бөлім бойынша уақытында кешіктермей тапсыру).
5. Аралық бақылауды №5 сабақта тапсыру.
6. Студенттің істеген барлық жұмысы туралы жеке дара альбомы, жұмыс дәптері болуы керек.
7. Студент сабаққа сабақ кестесіне сай кешікпеуі керек.
8. Таза, үтіктелген ақ халаты,хирургиялық костюмі, қалпағы және екінші аяқ киімі болу керек. Қыздардың шашы қалпақтың астына жиналып тұруы керек.
9. Оқытушылармен, қосымша қызметшілермен, науқастармен студенттердің арасындағы сыйластық қарым-қатынас.
10. Конфликтті жағдайларды каф. меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі немесе оқытушы қатыса отырып топта ашық түрде шешеді.
11. 5 сабақта дифференциалдық сынақ.
Айыптық санкциялар:
1) Сабақтың теориялық бөлігінде болмаса – 0 балл (теориялық білімі үшін).
2) Сабақтың практикалық бөлігінде болмаса (тапсырманы орындамаса) – 0 балл (орындалмаған тапсырма үшін).
3) Уақытында тапсырылмаған СӨЖ үшін – 0 балл (орындалмаған тапсырма үшін).
2. Бағдарлама:
Кіріспе
Иммунды патологиялық жағдайлар пәні «Профилактика ВИЧ-инфекции в медицинских организациях», «Поражения печени при иммунопатологических состояниях» және «Проявление иммунопатологических состояний в полости рта» үш модулдің интеграциясы негізінде жасалды.
Ауыз қуысында кездесетін иммунды патологиялық үрдістерге жоғары сезімталдық реакциялары(аллергия, иммунды жүйенің гиперфункциясы), аутоиммунды аурулар және иммундыдефициттік жағдайлар жатады. Иммунды патологиялық жағдайлардың туа пайда болған, генетикалық детерминацияланған және индивидуумның өмір сүру барысында жүре пайда болған түрлері кездеседі. Табиғатына қарай иммунды патологиялық жағдайлар эндогенді яғни оған аутоантигендер, лимфопролиферациялар туындататын жағдайлар, нейрогорманалдық регуляцияның бұзылыстары және экзогенді, оған инфекциялық агенттердің, дәрілік препараттардың және де басқа да факторлардың әсер етуімен туындайтын жағдайлар.
Иммунды дефициттік жағдайлардың клиникалық көрінісі ретінде шартты патогенді микроорганизмдердің әсерінен туындаған инфекцияларды, аутоиммунды ауруларды, аллергиялық реакцияларды, ісіктерді айтуға болады. Ауыз қуысында жиі жағдайда микробтар туындататын аурулар кездеседі (стоматит, гингивостоматит және т.б.), және олар біріншілік немесе екіншілік иммунды дефициттік жағдайлардың салдары болуы мүмкін.
Ауыз қуысының кандидозының патогенезінде эндогенді себептер басты орын алады, атап айтқанда диабет, лейкоз, созылмалы инфекциялар(туберкулез және т.б.), операциядан кейінгі уақыт кезінде дамитын екіншілік иммунды дефициттік жағдайлар. Кандидозды инфекция әсіресе сәбилер мен қарттар арасында жоғары көрсеткішке ие, яғни мұнда жасқа байланысты иммунды патологиялық жағдайларды көруге болады. Егер кандидозбен ауыратын науқастарда спецификалық антиденелер болмаса және ол спецификалық тері аллергиялық реакцияның төмендеуімен бірлесе кездессе мұндай аурудың болжамы өте нашар деп айтуға болады.
Иммунитеттің жүйелі бұзылыстары жергілікті иммунитетті де зақымдайды, мысалы ауыз қуысының кілегей қабығының иммунитеті. Ауыз қуысында осыған сәйкес көптеген аурулар кезедеседі: аллергиялық стоматит, көптүрлі жалқықты эритема, созылмалы қайталамалы афтозды стоматит, вирустық инфекциялар, кандидоз, қызыл жалпақ теміреткі, жаралы-некрозды гингивостоматит, жылдам дамитын пародонтит және т.б.
АИТВ инфекциясының ауыздағы көрінісін иммунды жүйенің дисфункциясының мысалы ретінде атауға болады. АИТВ) ЖИТС кезіндегі ауыз қуысында жиі кезедесетін зақымдануларға кандидоз, түкті лейкоплакия, АИТВ-гингивит (қызылиектегі сызықтық эритема), АИТВ-пародонтит(жылдам дамитын пародонтит), Капоши саркомасы, Ходжкин лимфомасы, сирек кездесетін зақымдануларға атипиялық ойық жаралар, сілекей бездерінің аурулары, бактериялық инфекциялар.
Игерілген білімге және үйренген дағдыларға сүйене отырып, студенттерде иммунды патологиялық жағдайларды соның ішінде бауыр және ауыздың кілегей қабығының зақымдануларын емдеу үшін, диагностикалау үшін және алдын алу үшін профессионалдық компетенциялар қалыптасады.
2.2. Пәннің мақсаты: студенттерде организмнің иммунды жүйесінің зақымдануының әсерінен дамитын, бірінші кезекте адамның иммунды жетіспеушілік вирусы туындататын, ауыз қуысындағы иммунды патологиялық жағдайлардың және иммунды патологиялық үрдістердің таралуы, этиологиясы, патогенезі, клиникалық және лабораториялық көрінісі жайында жалпы мағлұмат қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:
- студенттерде ауыз қуысындағы иммунды патологиялық жағдайлардың клиникалық көріністерінің ерекшелігі жайында мағлұмат қалыптастыру;
- иммунды патологиялық жағдайлар кезіндегі ауыз қуысындағы зақымданулардың патофизиологиясын түсініп, адекватты этиотроптық, патогенетикалық және симптоматикалық емдеу әдістерін таңдау, БМСК деңгейінде жедел жәрдем көрсету қағидаларын білу, патологияның туындауына қарай және оның асқынуларының алдын алу үшін тиімді профилактикалық шараларды ұйымдастыру;
- әрбір пациентке бағытталған клиникалық ойлауды, пациенттермен, оның туыстарымен халықаралық еркіндік және құпиялық стандарттарына сәйкес, медициналық этика және деонтология ережелерін сақтай отырып сөйлесе білуді, еңбек ету барысында үнемі өз білімін жетілдіріп, кәсіби деңгейін арттыруды қалыптастыру
2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:
Мына бағыттар бойынша білімін қалыптастыру:
- ауыз қуысындағы иммунды патологиялық жағдайлардың негізгі клиникалық көріністері;
Мына бағыттар бойынша операциялық дағдыларды қалыптастыру:
· ауыз қуысындағы вирустық, бактериалдық, саңырауқұлақтық инфекциялардың, аллергиялық және аутоиммундық аурулардың клиникалық симптомдарын анықтай білу;
· ауыз қуысындағы иммунды патологиялық ауруларды диагностикалау үшін аспаптық және лабораториялық зерттеу мәліметтерін интерпретациялай білу;
· иммунды патологиялық жағдайларды этиотроптық, патогенетикалық және симтоматикалық емдеу әдістерін негіздеу үшін алған теориялық білімдерін қолдана білу;
· дәрігер-стоматологтармен бірлесе отырып алдын алу шараларын жүргізе білу.
Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:
- Бастапқы байланыс орнату одан әрі тиімді байланыс процесі үшін ұзақ мерзімді қарым-қатынасты құру;
- Ауызша және қимылмен қарым-қатынас арқылы оңтайлы психо- эмоционалдық байланыста қалыптастыру;
- Бірлескен өзара іс-қимыл үшін қолдау және дайындық көрсету
- анық нақты сөйлеу
-өзінің іс әрекетін сипаттап айту
- өзінің позициясын дәлелдейтін аргумент іздеу
- серіктестің эмоционалдық жағдайын түсіну үшін өзінің эмпатиялық мүмкіндіктерін қолдану;
- қарым-қатынас барысында әркім өзінің сөйлеу интонациясына назар аудару;
- көпшілікпен дискуссия жүргізе білу;
- қарқынды режимде жұмыс жасай білу;
- конфликтерді басқара білу (қарсы пікірмен жұмыс жасау);
- шешім қабылдау және осы шешімнің салдарын анализдеу;
- командада жұмыс жасағанда қарым-қатынастың негізгі үлгілерін игеру;
- іскерлік сөйлесу.
Мына бағыттар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптастыру:
- Жалпы практикадағы дәрігердің қызметін айқындайтын нормативтік құқықтық және реттеуші құжаттар;
- Өзіндік, әріптестік, ұжымдық, бригадалық, әкімшілік және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын таңдай білу.
зін өзі жетілдіру және дамыту дағдыларын қалыптастыру, соның ішінде мына бағыттар бойынша
- Әдебиеттермен, интернет көздерімен, мәліметтердің электрондық базасымен, компьютерлік оқытушы бағдарламалармен жұмыс жасау
2.5 Пәннің пререквизиттері: патологиялық анатомия, патологиялық физиология, микробиология, инфекциялық аурулар, ішкі аурулар пропедевтикасы, иммунология, клиникалық медицинаға кіріспе.
2.6 Пәннің постреквизиттері: хирургиялық аурулар, акушерлік іс, гинекология, ішкі аурулар.