1. Қант диабетiнiң 1-типi қай жаста дамиды:
1.10-35 жас
2. 35-45 жас
3. 45-55 жас
4. 55-65 жас
5. 65 жастан жоғары
2. Глюкозаның жоғары деңгейiнiң симптомдарын анықтаңыз:
1. шөлдеу, полиурия
2. дiрiл, тiтiркенгiштiк
3. асқазандағы спазмдар
4. анурия, белдегi ауырсыну
5. аштық сезiмi
3. Қант диабетiнiң диагностикасындағы негiзгi зертханалық белгiлерiн атаңыз:
1. гипернатриемия, гипокалиемия, глюкозурия
2. гипергликемия, глюкозурия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы
3. азотемия, гипербилирубинемия, глюкозурия
4. гиперхолестеринемия, гипохлоремия, глюкозурия
5. гипонатриемия, гиперхлоремия, глюкозурия
4. Гликозилденген гемоглобиннiң қалыпты деңгейi қандай:
1. 6 пайыздан төмен
2. 6-8 пайыз
3. 8-10 пайыз
4. 10-12 пайыз
5. 12 пайыздан жоғары
5. Гестационды диабет – ол
1. жүктілік кезіндегі қант диабеті
2. жүктілік кезіндегі глюкозурия
3. жүктілік диабеттін 1-ші түрінде
4. жүктілік диабеттін 2-ші түрінде
5. жүктілік кезіндегі ацетонурия
6. Науқас 16 жаста. 5 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Интенсифицирленген инсулин терапиясын қабылдайды. Дене шынықтыру сабағынан кейін әлсіздік, қарының ашығуы, тершеңдік, көз көруі нашарлауы пайда болған. Осы жағдай неден пайда болды?
1. гипергликемиядан
2. гипогликемиядан
3. кетоацидоздан
4. инсулинға аллергиядан
5. гипотониядан
7. Сомоджи синдромы – ол
1. инсулиннін созылмалы жетіспеушілігі
2. инсулиннін созылмалы артық болуы
3. инсулингерезистентілігі 100 Б. жоғары
4. диабеттін лабильды ағымы
5. диффузды липодистрофия
8. 3 жастағы қыз балада полиурия дамыған, дене салмағы -10% төмендеген. Қарағанда: тері кабындылары және тілі кұрғақ, беті қызарған. Дем шығарғанда ацетон иісі сезіледі. Қабырға доғасының астынан бауыры 3-см-ге шығыңқы, жұмсақ, ауырсынусыз. Аш қарындағы гликемия 12,8 ммоль/л, 12 сағатта -18,2 ммоль/л, 16 сағатта - 16,4 ммоль/л, 20 сағатта -20,2 ммоль/л. Тәуліктік диурез 2,5 л оның құрамындағы қант - 6%. Сіздің емдеу жоспарыңыз?
1. сульфонилмочевина препараты
2. метформин препараты
3. инкретиномиметиктер
4. өмір бойы инсулинотерапия
5. гликемия төмендегенге дейін инсулинотерапия
9. 14 жастағы қыз балада III сатыдағы семіру, фурункулез. Анамнезінде: апасында 58 жасынан бастап салмағының артықтығына байланысты қант диабеті бар. Тәулігіне 3 таблетка манинил, көмірсу шектелген, диета қабылдайды. Қандай зерттеу тағайындайсыз?
1. қанда инсулиннін денгейін
2. глюкозаға толерантылық тесты
3. тәуліктік глюкозуриялық профилі
4. гликемиялық профилі
5. С-пептид денгейі
10. Науқаста артық салмақ бар. Зерттегенде ашқарында глюкоза – 5,7 ммоль/л, тамақтан кейін 2 сағаттан – 10,4 ммоль/л. Қандай болжам диагноз?
1. ашқарында гликемияның бұзылуы
2. глюкозаға толерантылықтын бұзылуы
3. посталиментарлық гликемиянын бұзылуы
4. қант диабеті 1-ші түрі
5. қант диабеті 2-ші түрі
11. Науқаста артық салмақ бар. Зартегенде ашқарында глюкоза – 5,7 ммоль/л, тамақтан кейін 2 сағаттан – 10,4 ммоль/л. Қандай ем тағайындайсыз?
1. майлар шектеумен емдәм
2. үнемі инсулинотерапия
3. метформин
4. глибенкламид
5. гликлазид
12. Науқас қант диабетімен ауырады. Глюкоза денгейі – 2,0 ммоль/л. Осы жағдай неден пайда болды?
1. көп тамақтану
2. күйзеліс
3. Антибиотиктті артық мөлшерлеу
4. инсулин жетіспеушілігі
5. физикалык күш түсуі
13. Қант диабетiнiң 1-типiмен науқасқа аурудың бiрiншi жылы инсулиннiң тәулiктiк мөлшерi есептеледi:
1. 0,25-0,5 бiрлiк/кг салмаққа
2. 0,5-1,0 бiрлiк/кг салмаққа
3. 1,0-1,2 бiрлiк/кг салмаққа
4. 1,2-1,5 бiрлiк/кг салмаққа
5. инсулин тағайындалмайды
14. Кетоацидотикалық, гиперосмолярлық, гиперлактоцидотикалық комалардың жалпы белгiсi:
1. кетонурия
2. гипергликемия
3. гиперкетонемия
4. қан плазмасының гиперосмолярлығы
5. гиперлактатемия
15. Бiр нандық бiрлiкте қанша грамм көмiрсу бар /1 ХЕ/:
1. 4-8
2. 8-9
3. 9-10
4. 10-12
5. 14-16
16. Қант көлемін түсіретін таблеткалар тобына жататындар
1. инсулин
2. глюкокортикоидтар
3. минералокортикоидтар
4. бигуаниды
5. барлық аталғандар
17. Науқас диабеттін 1-ші түрімен аурады. Баспамен ауығанан соң арықтады, шөлдеу, полиурия дамыды. Куссмауль тынысы ацетон исімен пайда болды. Зерттегенде ашқарындағы глюкоза денгейі – 21,5 ммоль/л. Куссмауль тынысын және ацетон исін неге байланысты?
1. гипергликемиямен
2. гипокалиемиямен
3. кетоацидозбен
4. лактоацидозбен
5. алкалозбен
18. Науқас 15жаста. Бір ай бойы шөлдеу, арықтау, жиі кіші дәретке бару байқалады. Зерттегенде зәрде глюкоза– 2,5%, тығыздығы – 1030. Қандай өзгерістер қан талдауында болады?
1. глюкоза денгейі 6,1ммоль/л дан жоғары
2. гемоглобин 90г/л дан төмен
3. лейкоцитоз
4. лейкопения
5. диспротеинемия
19. Науқас, 32 жаста. Қант диабетімен 15 жыл бойы ауырады. Бір жыл көлемінде тұрақты ісіктер, қан қысымынын жоғарлауы пайда болған. Болжам диагнозыңыз:
1. Созылмалы пиелонефрит
2. Диабетикалық нефропатия
3. Артериалды гипертония
4. Мориак синдромы
5. Сомоджи синдромы
20. Науқас 32 жаста. Қант диабетімен 15 жыл бойы ауырады. Бір жыл көлемінде тұрақты ісіктер, қан қысымынын жоғарлауы пайда болған. Қандай өзгерістер зәрде байқалады:
1. протеинурия
2. лейкоцитурия
3. гипостенурия
4. изостенурия
5. кетонурия
21. Науқас 28 жаста. Қант диабетімен 3 жыл бойы ауырады. Жедел жәрдеммен ессіз халде түсті. Зерттегенде гликемия 28,2 ммоль/л, зәр құрамындағы глюкоза - 3%, ацетон – оң көрсетті. Қандай диагноз қоясыз?
1. кетоацидотикалық кома
2. гиперосмолярлық кома
3. гиперлактацидотикалық кома
4. гипотиреоидты кома
5. бәрі дурыс
22. Қант диабетімен ауыратын науқаста шөлдеу, полиурия, арықтау, ацетон исі пайда болған кезде қандай дәргерге дейін көмек көрсету керек?
1. бөлмені салқындату
2. бәр инъекция инсулинға ауыстыру
3. инсулинды алыптастау
4. сода ішкізіп, содамен клизма жасау
5. калия перманганат ертіндісімен асқазанды шаю
23. 3 жастағы бала ессіз сусыздану белгілерімен түсті. Шешесінің айтуынша бес күн бойы құсу мен іші өткен. Зерттегенде гликемия 38,5 ммоль/л, зәр құрамындағы глюкоза - 6%, ацетон – теріс көрсетті. Қандай диагноз қоясыз?
1. токсикалық шок
2. кетоацидотикалық кома
3. лактоацидотикалық кома
4. гиперосмолярлы кома
5. жүйке бұзылыстар гипергликемиясы
24. Қант диабетпен ауратын науқас ессіз жағдайда. Гликемия – 1,5 ммоль/л. Қандай көмек көрсету керек?
1. т\і 5% глюкоза ертіндісі
2. т\і 40% глюкоза ертіндісі
3. т\і 1% норадреналин
4. б\і глюкокортикоидтар
5. қантсыз шәй
25. Жайылмалы токсикалық жемсау кезiндегi тахикардия сипаты:
1. тұрақты түрде болады /түнде де сақталады/
2. физикалық күш түскенде өзгередi
3. тыныштықта азаяды
4. нитратты iшкен соң азаяды
5. седативтi дәрi iшкен соң азаяды
26. Тиреотоксикалық криз кезiндегi өлiм себебiн атаңыз:
1. жедел жүрек-тамыр жетiспеушiлiгi
2. жедел бүйрек жетiспеушiлiгi
3. қалқанша безiнiң қабынуы
4. тонзиллоэктомия
5. барлығы дұрыс
27. Токсикалық жемсаудағы қабақтың гиперпигментациясы-бұл:
1. Мебиус симптомы
2. Эллинека симптомы
3. Штельвага симптомы
4. Дельримпля симптомы
5. Грефе симптомы
28. Жайылмалы-токсикалық жемсау кезiнде асқазан-iшек жолының қандай қызметінің бұзылуы тән:
1. бұзылмайды
2. моторлық қызметі төмендеген
3. моторлық қызметі жоғарылаған
4. сiңiрiлудiң бұзылуы
5. ферменттер белсендiлiгiнiң төмендеуi
29. Науқас 29 жаста. Жайылмалы уытты жемсауға байланысты струмэктомия жасалған соң 2 сағаттан кейін науқаста жоғары психикалық қозу, аяқ-қолдың айқын треморы, 40*С дейін және одан жоғары гипертермия пайда болған. Сіздің болжам диагнозыңыз?
1. Вегето-тамырлы криз
2. Тиреотоксикалық криз
3. Гипопаратиреоидты криз
4. Адиссоникалық криз
5. Гипотиреоиты кома
30. Науқаста қалқанша бездін жайылмалы ұлғаюы, мойынның айқын ауырсынуы құлаққа берілуіне шағымданады. Жедел респираторлы вирусты инфекциямен ауырғанына екі жұма болған. Қандай ем тағайындайсыз?
1. антибиотиктер
2. глюкокортикоидтар
3. тиреоидты гормондар
4. йод препараттары
5. салицилатттар
31. Аутоиммунды тиреоидитпен ауыратын науқаста тиреотропты гормонның денгейі - 7,9 мкМЕ/мл. Тиреотропты гормоның денгейін қалай түсіндіресіз?
1. йодпен байланысқан белоктын төмендеуімен
2. қалқанша безінде йодтын жоғарлауы
3. Т3 денгейінін жоғарлауы
4. Т4 денгейінін жоғарлауы
5. функционалды тін көлемінін азаюуы
32. Әйел науқаста қалқанша бездін ультрадыбыстық зерттегенде көлемі – 20,0 см3, қалқанша безінің гормондары қалыпты денгейде. Қандай ем тағайындайсыз?
1. йод препараттары
2. тиреоидты препараттары
3. преднизолон
4. мерказолил
5. бетта-адреноблокаторлар
33. 42 жастағы науқас ұйқышылдық, апатия, іш қату, салмақ қосу шағымдарымен дәрігерге қаралды. Обьективті қарауда терісі құрғақ, шырышты қабақтардың бозғылттануын байқады. ЭКГ-да брадикардия, ЖЖЖ минутына 66-67 рет. Жалпы қан талдауында – Нв 100 г/л, холестерин - 9 ммоль/л. Сіздің болжам диагнозыңыз?
1. Жайылмалы эутиреоидты жемсау
2. Жайылмалы токсикалық жемсау
3. Жеделдеу тиреоидит
4. Гипотиреоз
5. Уытты аденома
34. 42 жастағы науқас ұйқышылдық, апатия, іш қату, салмақ қосу шағымдарымен дәрігерге қаралды. Обьективті қарауда терісі құрғақ, шырышты қабақтардың бозғылттануын байқады. ЭКГ-да брадикардия, ЖЖЖ минутына 66-67 рет. Жалпы қан талдауында– Нв 100 г/л, холестерин - 9 ммоль/л. Қандай зерттеу диагнозды анықтайды?
1. гипохолестеринемия
2. анемия
3. тиреоидты гормондардын төмен денгейі
4. йодпен байланысқан ақуыздың жоғарлауы
5. тиреоглобулинге антиденелердін төмендеуі
35. 43 жастағы әйел адам ішінің қатуына шағымданып, жанұялық дәрігерге қаралды. Ол әйел өздігінен үлкен дәретке бара алмайды. Сұрастыра келе оның аяқ-қолдарының тонуына, шаршағыштық, шашының түсе бастағаны анықталды. Қараған кезде шырышты қабаттары, терісінің құрғауы байқалады. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, пальпациялағанда сигма тәрізді ішегінің қатаюы, нәжістік массаларға толуы байқалады. Диагнозды қою үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?
1. Қалқанша безінің УДЗ
2. Қалқанша безінің сцинтиграфиясы
3. Қалқанша безінің гормондары
4. Қалқанша безінің компьютерлы томографиясы
5. Қалқанша безінің биопсиясы
36. Науқас Т., 40 жаста. Анамнезінде 2 ай бұрын түйінді жемсауға байланысты струмэктомия жасалған. Таңертен аяқ-қолдарының сууы, сезімталдықтың төмендеуі, жансыздануы байқалып, одан кейін қол бұлшықеттері тартылған. Жедел жәрдем шақырған. Обьективті: науқаста опистатонус, тыныс алуы бұзылған, шайнау бұлшықеттерінің спазмы, «акушер қолы». Есі сақталған. Қандай жедел жағдай жайлы ойлау керек?
1. Тиреотоксикалық криз
2. Гипопаратиреоиидты криз
3. Гипотиреоидты кома
4. Адиссоникалық криз
5. Феохромоцитарлы криз
37. Нанизм деген термин ненi бiлдiредi:
1. еркектердiң бой ұзындығы 130 см, әйелдерде 120 см
2. еркектердiң бой ұзындығы 140 см, әйелдерде 130 см
3. еркектердiң бой ұзындығы 150 см, әйелдерде 140 см
4. еркектердiң бой ұзындығы 160 см, әйелдерде 150 см, жыныстық жетiлу белгiлерi әлсiз дамыған
5. еркектердiң бой ұзындығы 150 см, әйелдерде 140 см, екiншiлiк жыныс белгiлерi қалыпты
38. Гипофизарлы нанизмге тән белгі:
1. кальцийдің артық мөлшері
2. бойы ұзын
3. интеллектің кешігуі
4. уақытынан бұрын жыныстық даму
5. қаңқалық жастың 3-5 жасқа кешігуі
39. Ер адамдарда екіншілік гипогонадизмде қандай препарат тағайындалады?
1. Сустанон
2. Хорионикалық гонадотропин
3. Микрофоллин
4. Виагра
5. Метиландростенолон
40. Гипофизарлық нанизмға тән белгі:
1. жуан дауыс
2. спланхномикрия
3. тістердін арасындағы қашықтық
4. бойдын узын болуы
5. бет әлпетінің ірілігі
41. 48 жастағы К. деген науқас эндокринологиялық бөлімге саусақтардың, табанның, құлақ, мұрын, қас үсті доғаларының ұлғаюына, бас ауруына шағымданып түсті.
1. еркек жыныс гормондарының деңгейі
2. стероидты гормондардың деңгейі
3. соматотропты гормондардың деңгейі
4. кортизол деңгейі
5. АКТГ деңгейі.
42. Науқас 10 жаста. Бой өсуінің қалыс қалуына шағымданып түсті. Анамнезінен: бала екінші жүктіліктен, жүктілік анасының онкологиялық ауруы фонында өткен, туған кездегі салмағы 3кг, бойы 49 см. 3 жасынан бастап бой өсуі жағынан қалыс қалған. Объективті: дене бітімі пропорциональды, дене салмағы 25 кг, бойы 116 см. Тері жабындылары құрғақ, әжімденген, жүрек жағынан туа біткен жүрек ақауы анықталады. (өкпе артериясының клапаны). Басқа мүшелер жағынан ерекшеліксіз. Ақыл–ойы зардап шекпеген. Қанқалық жас 5 жасқа сай. Сіздің болжам диагнозыңыз:
1. туа біткен хондродистрофия
2. Мориак синдромы
3. туа біткен гипотиреоз
4. соматогенді нанизм
5. церебралды-гипофизарлы нанизм
43. Науқас шөлдеуге, жиі зәр сындыруға шағымданады. Қандағы глюкоза – 4,2 ммоль/л, зәрдегі глюкоза – теріс, зәрдің үлес салмағы – 1002. Қандай сынаманы тағайындайсыз?
1. глюкозаға толеранттылық
2. Құрғақ тамақ қабылдау
3. Сулкович сынамасы
4. С дәруменімен
5. Торна сынамасы.
44. 44 жастағы еркек дене салмағының, АҚҚ жоғарлауына, бас ауруына, омыртқа тұсындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 2,5 жыл болған. Объективті: «минус - тінмен» жалпақ қышқыл стриялар, метеоризм, жалған гинекомастия. М.Г.Т. кезінде гипофиз аденомасы анықталды. Қандағы пролактин концентрациясы қалыпты, кортизол жоғары. Қандай диагноз болуы мүмкін?
1. кортикотропинома
2. май алмасу бұзылысымен жүретін гипоталамустық синдром
3. кортикомамматропинома
4. пролактинома
5. кортикостерома
45. Науқас 16 жаста.Семіздік жоғарғы тип бойынша, ай тәрізді бет; «минус - тінмен» жалпақ қышқыл стриялар, АҚҚ – 160/100 мм.сын. бағ. Рентгенологиялық көріністе: түрік ершігі кенейген. Қай ауру туралы ойлауға болады?
1. Пубертатты кезеннің гипоталамустық синдромы
2. Экзогенді конституциялық семіру
3. Иценко – Кушинг ауруы
4. Андростерома
5. Альдостерома
46. Науқас 35 жаста. Симмондс синдромымен сырқаттанған. Преднизолон тәулігіне 10мг мөлшерінде, эстроген – гестогенді препараттар қабылдайды. Артериалды қысым, зәрдің салыстырмалы тығыздығы, қандағы калий, натрий мөлшері қалыпты. Жеңіл гипотиреоз симптомы бар, ТТГ, Т3 және Т4 мөлшері төмендеген. Науқастағы гипотиреозға қатысты әрекет қандай?
1. Емсіз бақылау
2. Профилактикалық дозада калий йодиді препараттарымен ем.
3. Емдік дозада калий йодиді препараттарымен ем.
4. Аз дозадағы левотироксинмен ем.
5. Супрессиялы мөлшердегі левотироксинмен ем.
47. 6 жастағы баланың бойы өз жасағындағы балалар бойынан біршама қалыс қалып отырады. Әкесінің бойы 170 см, шешесінікі – 160 см. Қарау кезінде: бойы мен қаңқалық жасы 3 жасқа сай. ТТГ деңгейі қалыпты. Клофелинмен сынама кезінде СТГ деңгейі барлық уақыттық нүктелерде 5 нг (мл - ден) жоғары емес. Қандай препарат тағайындайсыз?
1. хумалог
2. диферелин
3. пропилтиоурацил
4. хуматроп
5. кортинеф
48. Иценко – Кушинг синдромына тән емес:
1. бетте, мойында, іште майдың жиналуы
2. қошқыл қызыл стрий
3. остеопороз
4. бүйрек үсті безінің гиперплазиясы
5. тұлғада майдың біркелкі орналасуы
49. Аддисон ауруының симптомдарын көрсетiңiз:
1. терiнiң трофикалық бұзылыстары
2. артериялық гипертония
3. iсiктер
4. артериялық гипотония, терiнiң гиперпигментациясы
5. гепато- және спленомегалия
50. Аддисон ауруы кезiндегi емдәм:
1. кальцийге бай, фосфоры аз
2. құрамында йоды бар дәруменді өнiмдер
3. ас тұзын қосу, калийдi шектеу
4. көмiрсуларды шектеу
5.ақуыздарды шектеу
51. Аддисон ауруының жеңiл дәрежесiн емдеуге кiредi:
1. минералокортикоидтар
2. глюкокортикоидтар
3. емдәм+дәрумен С
4. ферменттер
5. антибактериальды терапия
52. Созылмалы бүйрек үстi безi жетiспеушiлiгі кезiнде артериялық қысым:
1. өзгермейдi
2. төмендейдi
3. жоғарлайды
4. күйзеліс кезiнде жоғарлайды
5. жүрген кезде жоғарлайды
53. 35 жастағы науқас арықтауына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 3 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Қарау кезінде терінің диффузды гиперпигментациясы, гипотония 90/65 мм.сын.бағ. назар аудартады. Зертханалық тексерулерден қандай бұзылыстарды күтесіз?
1. гипернатриемия, гипокалиемия;
2. зәрдегі 17-ОКС жоғары деңгейі
3. зәрдегі 17-ОКС төмен деңгейі, гипонатриемия;
4. қандағы кортизолдың жоғары деңгейі;
5. барлығы дұрыс емес.
54. Науқаста әлсiздiк, терi жабындылары мен шырышты қабаттардың пигментациясы, гипотония, жүрегi айну, құсу болған кезде, алдымен қандай ауру туралы ойлау керек:
1. бауыр циррозы
2. Аддисон ауруы
3. екiншiлiк гипотиреоз
4. гипрепаратиреоз
5. гемохроматоз
55. 45 жастағы ер адам жанұялық дәрігерге жиі көп мөлшердегі сұйық нәжіске, қатты әлсіздікке, шөлдеуге шағымданды. Өзін таңертеннен бері жайсыз сезінеді. Кеше кешке жұмыстан қатты әлсіреуіне байланысты ерте қайтқан. Сонымен қатар тұздалған қиярға тәбеті жоғарылаған. Қарап тексергенде сөйлеуінің баяулауы, терінің құрғақтығы, АҚҚ 90/50 мм сын.бағ. болуы назар аудартады. Терісі бозғылт, бірақ қатпарларда айқын күнге күюген сияқты көзге түседі. Анамнезінде өкпе туберкулезі. Туб. диспансерде бірнеше жыл тіркеуде болған, ауру формасын білмейді. Болжам диагноз қойыңыз және емдеу әрекеті қандай?
1. бүйрек үсті безі қыртысының біріншілік жетіспеушілігі
2. бүйрек үсті безі қыртысының екіншілік жетіспеушілігі
3. адреногениталды синдром;
4. біріншілік гиперальдостеронизм;
5. феохромоцитома.
56. Науқас 15 жаста. Ауруханаға түскен кезде жалпы әлсіздікке, терісінің қараюына, буындардағы ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, арықтауға шағымданып түскен. Өзін шамамен 6 ай бойы аурумын деп санайды. Объективті: қызғылт түсті терінің жайылмалы пигментациясы назар аудартады, алақан қатпарлары қою қоңыр түсті. Ауыз қуысының шырышты қабатында дақ анықталады. Науқас арықтау келген. Ішкі мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Пульсі минутына 62 соққы. АҚҚ 90/50 мм сын.бағ. Науқасқа қандай препарат тағайындайсыз?
1. мерказолил
2. эутирокс
3. бромкриптин
4. преднизолон
5. ДОКСА
57. 45 жастағы ер адам жанұялық дәрігерге жиі көп мөлшердегі сұйық нәжіске, қатты әлсіздікке, шөлдеуге шағымданды. Өзін таңертеннен бері жайсыз сезінеді. Кеше кешке жұмыстан қатты әлсіреуіне байланысты ерте қайтқан. Сонымен қатар тұздалған қиярға тәбеті жоғарылаған. Қарап тексергенде сөйлеуінің баяулауы, терінің құрғақтығы, АҚҚ 90/50 мм сын.бағ. болуы назар аудартады. Терісі бозғылт, бірақ қатпарларда айқын күнге күюген сияқты көзге түседі. Анамнезінде өкпе туберкулезі. Туб. диспансерде бірнеше жыл тіркеуде болған, ауру формасын білмейді. Науқасқа қандай ұсыныстар бересіз:
1. ас тұзын шектеу
2. көлемді ас содасы
3. калий тұздарына бай тамақтарда шектеу
4. жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шектеу
5. жануар текті майларды шектеу
58. А. деген науқас 21 жаста. Артериалды қан қысымының 230/150 мм.сын.бағ. дейін жоғарлауына шағымданып келді. Артериалды қан қысымы гипотензивті дәрілердің көмегінсіз өздігінен қайтады. Криз кезінде науқаста әлсіздік, тахикардия, тершеңдік, бас ауруы, тремор байөалады. МРТ-тексеру нәтижесі: оң жақ бүйрек үсті безінде түзіліс анықталады. Қандай емдеу әдісін таңдайсыз?
1. хирургиялық
2. сәулелі ем
3. хлодитанмен ем
4. аминоглютетимидпен ем
5. антиандрогенмен ем
59. С. деген науқас 50 жаста. Бірнеше жыл бойы Аддисон ауруымен ауырады. Орынбасу емін алуда: 5 мг преднизолон күніне 2 рет. Жағдайының нашарлауы ЖРВИ -дан кейін байқалды. Айқын әлсіздік, тез жүдеу, іштегі ауырсыну, жүрек айну, құсу. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары гиперпигменттирленген, адинамия, тоқтаусыз құсу байқалады. Тері тургоры төмендеген, пульсі жиі және төмен. Жүрек мөлшері кішірейген, тондары тұйықталған, артериалды гипотония (коллапс) айқын көрінеді. Зертханалық мәліметтер: қанда – эозинофилия, ЭТЖ жоғарылаған, гипонатриемия, гипохлоремия, гиперкалиемия; зәрде – 17-КС күрт төмендеген. Сіздің диагнозыңыз?
1. тиреотоксикалық криз
2. гипопаратиреоидты криз
3. адиссондық криз
4. гипотиреоидты кома
5. преднизолонның артық мөлшері
60. Науқас 15 жаста. Ауруханаға түскен кезде жалпы әлсіздікке, терісінің қараюына, буындардағы ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, арықтауға шағымданып түскен. Өзін шамамен 6 ай бойы аурумын деп санайды. Объективті: қызғылт түсті терінің жайылмалы пигментациясы назар аудартады, алақан қатпарлары қою қоңыр түсті. Ауыз қуысының шырышты қабатында дақ анықталады. Науқас арықтау келген. Ішкі мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Пульсі минутына 62 соққы. АҚҚ 90/50 мм сын.бағ. Қандай тексерулер диагнозды нақтылайды?
1. альдостеронның төмен деңгейі
2. катехоламиндердің төмен деңгейі
3. тироксиннің төмен деңгейі
4. кортизолдың төмен деңгейі
5. паратгормонның төмен деңгейі