Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Клиникалық көріністері.




 

1-4-сурет: Қызылша бөртпесі; 2-сурет: Бельский-Филатов-Коплик симтомы; 3-сурет: Продромальді периодтегі Энантема.

Жіктемесі:

1. Түрі бойынша:

-типтік;

-атиптік(митигирленген,абортивті,басылғанбелгілерсіз);

2. Ауырлығыбойынша:жеңіл,орташа,ауыртүрі;

3. Ағымыбойынша:

-біркелкі

-біркелкі емес (асқынулармен, салдарлық жұқпаның қосылуымен, созылмалы аурулардың өршуімен).

Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Вакцинация жəне ревакцинацияны алмағандар.

2.Иммунды тапшылығы бар балалар.

3.Қызылшамен сырқаттанған баламен қатынасу.

4.Баланың ерте жасы.

5.Күрделіленген преморбидті фон.

Диагностика критерилері.

Шағымдармен анамнез

Катаралды кезеңде:

1.Қызылшамен ауырған науқаспен қатынасу.

2.Аурудың біртіндеп басталуы.

3.Дене қызуының көтерілуі.

Бөрту кезеңінде: сипатты эпид. анамнез.

Физикалық тексеру:

1.Біртіндеп ұлғайып келе жатқан катаралды синдром (жөтел, ринит, конъюнктивит жəне т.б.).

2.Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдалу синдромы (энантема,болбырлық, шұбарлық,күңгірттүс).

3. Бельский-Филатов-Копликдақтары(кезеңніңсоңында).

Бөрту кезеңінде:

1.Бөртпенің этаптық пайда болуы.

2.Папулезді-дақты бөртпе қосылуғ ажəне дақтануға ауысу бағыты бар.

3.Дене қызуының жаңадан көтерілумен бірге бөрпенің пайда болуы.

4.Үдемелі уыттану.

5. Қызба жəне катаралды синдромнан жоғары дəрежеде анықталады.

6. Бельский-Филатов-Коплик дақтары кезең басында.Инструменталдық

зерттеулер: көрсетілмеген.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:

- офтальмолог (офтальмологиялық асқынуларда);

- невропатолог (қыртыстық энцефалит дамуына күдік болғанда);

- стоматолог (ауыз қуысында жара пайда болса);

-оториноларинголог(жіті ортаңғы отит дамуында).

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1.Жалпы қан анализі(6 параметр).

2.Жалпы зəр анализі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: Окулист, невропатолог, ЛОР-дəрігердің консультациясы(көрсетелім бойынша).

Лабораторлық зерттеулер: лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы.

Дифференциалды диагноз: қызамықпен,жалған туберкулезбен жəне иерсиниозбен, Коксаки жəне ЕСНО вирустары туындатқан энтеровирусты эк Клиникалық белгілері: Қызылшаның 4 кезеңі бар:

ü Жасырын кезең

ü Катаральды кезең

ü Бөртпе шығу кезеңі

ü Реконвалесценттік кезең

Жасырын кезең 9-10 күнге созылады, ал егілген балада 21 күнге дейін болады.

Катаральды бастапқы кезең 3-5 күнге созылады. Баланың дене қызуы 38-390С-ға дейін көтеріледі, катаральдық белгілер пайда болады: мұрнынан су ағады, жөтел, түшкіру, коньюктивит, көз қарығу болады.

Осы кезде қызылшаға ғана тән Бельский-Филатов-Коплик белгісі пайда болады: ауыздың сілекейлі қабығында, азу тістерінің тұсында ұнтақ жарма тәріздес ұсақ ақ дақтар пайда болады, олар 2-3 күнге дейін сақталады. Мұнымен қатар жұмсақ таңдайдың сілекейлі қабығында қызғылт дақтар –энантэма пайда болады. ауырған баланың беті қабырынқы, көзі қызарып, жасаураған, қабақтары ісіңкі, көзі қарығулы, мұрнынан су ағып тұрады.

Бөртпе шығу кезеңі. Аурудың дене қызуы 39-400С дейін көтеріліп, көңіл күйі бұзылып, бас ауырғаны ұлғайып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, ен жар көңілді. Аурудың денесіне этаппен бөртпе шығады.

Бірінші күні ауырған баланың бетіне, құлақтың сыртына, мойнына, терінің үстіне көтеріліп теңбіл бөртпе шығады.

Екінші күні денесіне шығып, кейбір бөртпелер қосылып ұлғайяды.

Үшінші күні бөртпе қолдарына, аяқтарына тарайды. Бөртпе шығып болғаннан кейін аурудың дене қызуы төмендеп жалпы жағдайы жақсара бастайды.

Реконвалесценттік кезең – бөртпе шыққандағы кезекпен жоғалады да орнында қоңыр дақ қалады. Аурудың клиникалық көріністерінін жойылуы баланың толық айығып кеткендігін білдірмейді, оның организмі әр алуан микробтарға қарсы тұра алмайды.

Қызылшаның 3 түрі бар: жеңіл, орташа, ауыр түрі.

Асқынуы: пневмония, ларингит, бронхит, энцефалитзантемалармен,сарысулық аурумен,аллергиялық бөртпелермен жүргізеді.

 

Ем мақсаты:

1. Баланы оңашалау, ауырған балалар көбіне үйінде емделеді. Ауруханада қызылшаның тек қана ауыр түрі және ауруды оңашалауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана жатқызылады.

2. Ауырған баланың жатқан жерін таза ұстап, желдетіп тұру керек. Балаға гигиеналық күтім өткізу: беті-қолын уақытылы жуу, көзін, мұрнын тазалау, еріндерін майлау, аузын шайдыру.

3. Тамақ баланың жасына сай болып, витаминдерге бай болуы керек.

4. Витаминдер комплексі

Симптоматикалық ем

1.Толық айығу.

2.Аурудың эпидемиялық таралуының болмауы.

3.Уақытылы нақтамалау жəне пайда болған асқынуларды емдеу.

Дəрі-дəрмексіз ем:

1.Науқасты бөртпе пайда болғанға дейін 5күнге дейін,пневония болса, 10 күнге дейін оңаша улау керек.

2.Науқаспен қатынасқандарды 21күнге ажырату.

3.Қызбаның бүкіл кезеңі мен дене қызуының қалпына келгеніне дейін алғашқы 2күн төсекте жатып емделу режимі сақталады.

4.Науқастың қатаң гигиенасы: жүйелі түрде жуындыру, көзінжылы, қайнатылған сумен, калий перманганат ерітіндісімен жуу.

 

Дəрі-дəрмектік ем:

1.Ретинолпальмитаты –күніне 1рет, 2 күн бойы: 6 айға дейін-50.000 Бірл, 6-11 ай-100.000 Бірл, 12 ай жəне одан жоғары- 200.000Бірл.

2.Қызба кезінде– парацетамол бірреттік дозада: 3айға дейін-10 мг/кг, 3 ай -1жыл-60-120 мг, 1-5жас-120-250 мг, 6-12 жас-250-500 мг, 12 жастан жоғары (слмағы 60 кг-нанкөп)- 500 мг. Арақашықтығы 6 сағатан кем емес.

3.Жөтелге қарсы амброксол қабылдайды: 12жастан жоғары- 30 мг тəулігіне 2-3рет, 5-12жас- 15 мг тəулігіне 2-3рет, 2-5жас– 7,5 мг тəулігіне 3 рет, 2 жасқадейін– 7,5 мг тəулігіне 2рет.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. * Калий перманганаты сулы ертінгдісі1:10000;

2. *Парацетамол 500 мг, табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Ретинолацетаты 1 мламп.; 50 мгмайлы ерітінді капсулада; 114 мг драже;

2. *Амброксол30 мг табл.; 15 мг/2 мламп.; 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл сироп.

 

Ем тиімділігінің индикаторлары:

-толық сауығу;

-аурудың эпидемиялық таралуының болмауы;

-пайда болған асқынуларды деркезінде диагностикалау жəне емдеу.

* –Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Асқынулары.

Қызылша вирусымен зақымдануы бронхиттің, жалған круптың, бронхиолиттің, өкпе қабынуының дамуына алып келуі мумкін. Көздің дәнекер қабығынан басқа, кейде көздің мөлдір қабығы да зақымға ұшырайды.

Сирек дамитын асқынуларға миокардит, гепатит, гломерулонефрит жатады.

Ауыр асқынуларға орталық жүйке жүйесінің зақымдануы жатады. Мысалы: энцефалит, менингоэнцефалит.

 

Госпитализациялауға көрсетімдер:

1.Уыттанудың айқындалған белгілері.

2.Асқынулар:пневмониялар,тарылуы(стеноз) бар ларингиттер, плевриттер отрукциялы бронхиттер,энцефалит,менингит,энцефаломиелит, мастоидит,пиелонефрит, энтероколит, орбитафлегмоналары.

3.Салдарлық жұқпаның қосарласуы.

4.Созылмалы аурулардың өршуі.

 

Профилактикалық шаралар:

Арнайы профилактика –бала 12 айға толған кезде қызылша вакцинасы 0,5 мл. бұлшық етке еңгізеді. Ревакцинациясы 6-7 жасында.

-аурудын алдын алуы: қызылша,эпидемиялық партотит, қызамыққа (КЭПК) қарсы комбинирленген тірі вакцина;

-қызылшағ ақарсы моновалентті тірі вакцина.

Стоматитті алдын алу үшін: жиі сұйықтық ішу (шай,қайнағансу).

Әрі қарай жүргізу,диспансерлеу принциптері:

1.Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сораалмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігердің қарауы.

2.Қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тезарада қаралу керек екендігін анасына үйрету.

Ауру ошағында эпидемиологияға қарсы жүргізілетін шаралар:

Ауырған баланы 5 күнге оңашалау;

СЭС-ке № 58 формамен хабар беру;

Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күн карантин тағайындалады: күнделікті бақылау, балаларды басқа топқа аударуға, бұл топқа жаңа бала қабылдауға болмайды. Есіктердің саңлауларын екі жағынан қос қабаттап желімдеу.

Алдын алу.

Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)

Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.Measles, mumps, and rubella: vaccine use and strategies for elimination of measles, rubella, and congenital rubella syndrome and control of mumps. Recommendations of the Advisory Committee on Immunization Practices (ACIP). Guideline developer as of January 31, 2001 2. Recommended childhood and adolescent immunization schedule. United States, 2005 3. Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI). Immunizations. Bloomington (MN): Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI); 2005 Jun. 61 p.

Əзірлеушілер тізімі: Джаксон Н.Л.,республикалық медициналық колледж.

Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

Ғаламтор желісі -https://kk.wikipedia.org/wiki





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 499 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2461 - | 2328 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.