НЕВРОЛОГИЯ, ПСИХИАТРИЯ, НАРКОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
СИЛЛАБУС
Пән, пәннің коды – «Неврология, психиатрия, наркология» PNN 4306
Мамандығы – 5В 051301 «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі – 152 с.
Курс – 5
Семестр – IX, Х
Емтихан – IX, Х семестр
Дәрістер – 12 с.
Тәжірибелік сабақтар –90 сағ.
ОСӨЖ – 0 сағ.
СӨЖ – 50 сағ.
Жүйке аурулары кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
Хаттама №1 «27» тамыз 2016 ж.
Жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі
профессор, м.ғ.д. Нургужаев Е.С.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Жүйке аурулары және нейрохирургия кафедрасы
Пән, пәннің коды – «Неврология» PNN 4306
1.4. Мамандығы – 5В 051301 «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі – 152 с.
Курсы және оқу семестрі – 5, IX, Х
1.7. Жүйке аурулары кафедрасының оқытушылары туралы ақпарат:
№ | Аты-жөні | Оқу дәрежесі және атағы | Басым ғылыми қызығушылықтар |
Нургужаев Еркен Смагулович | м.ғ.д., профессор | Бас миы қан тамырларының патологиясы. Жүйке жүйесінің миелинсізденген аурулары. | |
Раимкулов Бекмурат Наметович | м.ғ.д., профессор | Дорсопатиялар | |
Мухамбетова Гульнар Амерзаевна | м.ғ.к., профессор | Балалардағы бас ішілік қысым синдромы. Балалық шақтағы ММД. Балалық шақтағы тұқым қуалайтын аурулар | |
Клипицкая Нина Константиновна | м.ғ.к., доцент | Шеткі нерв жүйесі ауралары. Вегетативті нерв жүйесі аурулары. Ми қан тамырлары аурулары | |
Избасарова Акмарал Шаймерденовна | м.ғ.к., доцент | Бас миы қантамырларыныңпатологиясы. БМЖ және инсульттан кейінгі науқастардың реабилитациясы. | |
Нуржанова Роза Балтабаевна | м.ғ.к., ассистент | Бас миы жарақаттарының салдары. | |
Каримова Алтынай Сагидулаевна | м.ғ.к., ассистент | Инсульттан кейінгі науқастардың реабилитациясы | |
Илиев Ренат Туглукович | м.ғ.к., ассистент | Эпилепсия, бас миының қантамырлық патологиясы. | |
Кадржанова Галия Байкеновна | ассистент | Перинатальдық патология | |
Достаева Балнур Садыковна | ассистент | Инсульттан кейінгі науқастардың реабилитациясы. | |
Нурмухаметова Бахыт Бахимбековна | ассистент | Миелинсізденген аурулар | |
Жантлеуова Алия Рафиковна | ассистент | Перинатальдық патология | |
Есентаева Сая Бекетовна | ассистент | Шеткі нерв жүйесі ауралары | |
Демесинова Баян Косболовна | ассистент | Ми қан тамырлары аурулары |
1.8. Байланысу ақпараты:
1. МКДМ «1 қалалық клиникалық аурухана», «Қалқаман» ықшам ауданы, 050027, тел.қыз. 270-87-49 (173)
2. МКДМ «7 қалалық клиникалық аурухана», «Қалқаман» ықшам ауданы, 050027, тел.қыз. 270-86-06 (вн. 239)
3. «С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу - клиникалық орталығы». Алматы қ, Раимбек көшесі
50А, тел. 386-28-66, 386-28-64 регистратура.
4. МКДМ ҚЕ №1, Пушкин көшесі 26, тел.регистратуры 397-47-43
5. Коммуналдық кәсіпорын «Алатау» қалалық ауруханасы. Мекен- жайы: Медеу ауданы, Алатай м/а, Жетбаев к. 28, тел. 386-60-70
6. РБРО «Балбулак». Алматы қ, Медеу ауданы, Горная к. 440. Телефон: +7 (7272) 716224;+7 (7272)716228
Пәннің саясаты.
1) «Неврология» пәні бойынша оқу көлемін (тәжірибелік сабақтар, СӨЖ, дәрістер) орындалмаған жағдайда оқыту курсы есептелмейді
2) Барлық аудиторлық сабақтарға міндетті түрде қатысу маңызды, себептен басқасы.
3) Студенттер білімін көрсеткіштерге және білімді бағалау ережелеріне (5 компетенция бойынша) бағалау. Егер студент сабаққа қатыспаса –«0» балл деп есептеледі.
4) Оқу тәртібін қадағалау (сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында ұялы телефонды қолданбау).
5) Тәжірибелік тапсырмаларды уақытында орындау (клиникалық жағдайды талдауға белсенді қатысу, жағдайлық есептерді шешуде білгірлік таныту және т.б.
6) СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) талаптарына сәйкес орындау, уақытында тапсыру.
7) Қауіпсіздік техникасын қадағалау (электр құралдар, оргтехникамен ұқыпты жұмыс істеу, әр науқастан кейін, инфекциялық аурудың алдын алу үшін қолды сабынмен жуу).
8) Сабаққа ауыстырғыш аяқ-киім, ақ халат (қажет болса хирургиялық киім), қалпақ, маска әкелу, міндетті түрде «жұмысқа жіберіледі» белгісімен санитарлық кітапша болуы тиіс.
9) ПОҚ және пациенттерге сыйкөзбен қарау, киникада, аудиторлық корпуста студенттер және медициналық қызметкерлер арасында субординацияны қадағалау. Клиникалық базада науқастармен, медицина қызметкерлерімен сенімді қарым қатынас орнату
10) Топтағы түсінбестік жағдайларды кафедра меңгерушісі немесе оқу жөніндегі меңгеруші деңгейінде шешу.
11) балдан төмен алған студент қайта оқу курсына қалдырылады
12) Оқыту бөлмелері мен дәріс аудиторияларында тазалық сақтау.
13) Тәжірибелік сабақты себепсіз жіберген жағдайда жалпы баллдар санынан (кафедралдық баллдан) 10 балл (әрбір сабақ үшін) азайтылады
14) Дәрістерді себепсіз жіберген жағдайда кафедралдық рейтинг төмендейді, яғни әр бір себепсіз жіберілген дәріс үшін балл азайтылады.
15) Емтиханда ұялы телефон, планшет қолдануға болмайды, тыныштық сақтауқажет
Кіріспе
Нерология медициналық білім беру жүйесіндегі фундаментальды ғылымның бірі. Бакалав дайындығында неврология мәселелерін білу өте маңызды. Өйткені, аурудың даму табиғатын білмей, инсульт, эпидепсия және бұлщық ет аурулары, тұқым қуалайтын атаксиялар сияқты тұқым қуалауға бейім аурулардың диагностикасын жүргізу қиын. Сондықтан, дәрігердің қарауында тек қана сырқат емес, оның жанұясыда болуы қажет.
Неврология бойынша білім дәрігер-студенттің клиникалық ойлауына негіз болады және неврологиялық диагнозды логикалық негіздеу жолында сенімділікті сақтайды.
Неврологиялық клиникада қолжетімді зертхана-аспаптық зерттеулер топикалық диагнозды дұрыс бағалауға көмектеседі. Замануи жалпы медицина дәрігері сырқаттың, оның туыстарының клиникалық және қосымша зерттеу нәтижелерін қолдана отырып біріншілік медико- санитарлық деңгейде жүргізілетін аурудың алдын алу шараларын қамтамасыз ету қажет.
Жүйке жүйесінің құрылымы және қызметі туралы негізгі білім студенттердің неврологиялық бұзылыстардың симптомдары мен синдромдарын анықтауға негіз болады. Мұндай шешім болашақ дәрігерлерді оқытуда дұрыс методологиялық бетбұрысты оятты.
2.2. Пәннің мақсаты:
«Неврология» пәнінің негізгі мақсаты бакалаврды неврологияның теориялық негізін қалыптастыру, неврологиялық науқастарды зерттеу әдістерін үйрету, топикалық және синдромологиялық диагнозды қою методологиясы мен емдеу тактикасын тағайындау болып табылады.
2.3. Оқыту жолдарының мақсаты келесі соңғы нәтижелерге бағытталған:
Білім | қалыпты жағдай мен патологияда функциональдық жүйенің қалыптасуы; бакалавр білімін этиология, емдеу тактикалары бойынша тереңдету, симптомдардан синдромдарды калыптастыру; соматикалық патологияда кездесетін неврологиялық симптомдарды анықтай білу. |
Тәжірибелік дағдылар | неврологиялық науқастарға тексеру жүргізу; жүйке жүйесі зақымданғанда симптомдар мен синдромдарды анықтай білу; неврологиялық ургенттік жағдайларда жедел дәрігелік көмек көрсету: милық кома (аппоплексия), ұстама синдромы, эпилепсиялық ұстама, бас сақинасының ұстамасы, миастениялық ұстама, эпилепсиялық статус, синкопальдық ұстама. |
Коммуникативтік | Дәрігерлік қызметте медициналық этика мен деонтология негіздерін білу, қызметкерлер арасында, науқастармен профессиональдық карым -қатынасын сақтау, топта коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру |
Денсау лық адвокаты | Дәрігер мен науқастың міндеттері мен құқығын, денсаулық сақтау аясындағы құқығын қамтамасыз ету, дәрігерлік құпия, әлеуметтік қорғау кепілдігі; емдік сақтау және санитарлық –эпидемиологиялық режимді емдеу мекемелерінде сақтау. |
Өзін өзі дамыту | Ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысу, авторлармен бірлесіп ҚР баспаларында шығару, СҒІЖ, ғылыми кітапханада, электронды кітапханада әдебиетпен жұмыс істеу, оқыту кезеңінде білімін, өзін -өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. |
2.4. Конечные результаты обучения:
Компетенциялар | білім деңгейі | |
білу және қолдану | Жүйке жүйесінің анатомиясы, гистологиясы, физиологиясы қалыпты жағдайда жіне патологияда; жоғарғы психикалық қызмет, жүйке жүйесінің жас ерекшеліктері. | I-II |
Неврологияда негізгі синдромдардың даму механизмі; ошақтық симптомдарды анықтау негіздері: сезімталдық бұзылысы, қимыл бұзылысының денгейі, гиперкинездер, акинеттік-ригидтік синдром, атаксия түрлері, жұлын, ми бағанының, бас ми нервтерінің зақымдануы, вегетативтік бұзылыстар; ми қыртысының зақымдануы. | I-II | |
Ауырсыну психофизиологиялық жағдай. Нейропатиялық және ноцицептивтік ауырсыну. Диагностикасы, емі. | II | |
Тексере білу | Науқасты неврологиялық тексеру. Сана деңгейін Глазго комалар шкаласымен анықтай білу. Жалпы милық, менингеальдық симптомдарды анықтау. Жоғарғы жүйке жүйесінің функциональдық жағдайын бағалау. | I-II |
Бас ми нервтерін, қимыл, сезімталдық жүйесін, вегетативтік жүйені тексеру. | I-II | |
Ангиография, КТ, МРТ, ПЭТ: көрсетілу, қарсы көрсетілулер және неврологиядағы визуализация әдістерінің маңыздылығы. | I | |
Неврологиялық тәжірибеде қолданатын қосымша зерттерулерге көрсету және қарсы көрсетулер: эхоэнцефалография, УД-допплерография, краниография және спондилография. | II | |
Жедел және созылмалы ми қан айналым бұзылысының неврологиялық көріністерін анықтау | II | |
Сөйлеу қызметі бұзылыстарын анықтауы (дизартрия, афазии). | II | |
Когнитивтік қызметті бағалау және олардың бұзылысын анықтау. | II | |
Менингеальдық синдромды анықтау. | II | |
Үстірт, терең, күрделі сезімталдықты тексеру. | II | |
Бұлшық ет күшін, бұлшық ет тонусын тексеру. | II | |
Сіңірлік және үстірт рефлексті тексеру. | II | |
Патологиялық, қорғаныс рефлекстерін тексеру. | II | |
Қимыл координациясын тексеру. | II | |
Бас ми нервтері қызметін тексеру. | II | |
Неврологиялық патологиямен науқасты қалыпқа келтіру | II | |
Диагности калау және емдеу | Мидың созылмалы ишемиясы | II |
ТИА (өткінші ми қан айналым бұзылысы) | II | |
Миға қан құйылу | II | |
Ми инфаркты | ||
Тор қабық астына қан құйылу | II | |
Herpes zoster | II | |
Іріңдік менингиттер (менингококктық, пневмококктық, стрептококктық, стафилококктық), сероздық (лимфацитарлық хориоменингит, вирустық, туберкулездік, бруцеллездік, сифилистік, ревматикалық). | II | |
Біріншілік энцефалиттер (кенелік, Экономо эпидемиялық) және екіншілік (герпестік) | II | |
Жүйке жүйесінің туберкулезде, бруцеллезде, сифилисте, жүректің ревматикалық ауруында, жүйелі ауруларда зақымдануы. | II | |
Арқа ауырсынуының (досопатия) неврологиялық көрінісі. | II | |
Туннельдік синдромдар. | II | |
Соматикалық ауруларда байқалатын полинейропатиялар (сенсорлық және моторлық бұзылыстар). | II | |
Соматикалық патологиядағы шеткі вегетативтік жеткіліксіздік. | II | |
Вегетативтік иннервация зақымдануындағы трофикалық бұзылыстар (Рейно ауруы, диабетикалық табан, Меньер ауруы) | II | |
Паркинсон ауруы және симптоматикалық паркинсонизм | II | |
Вегетативтік дистония | II | |
Шашыранды склероз: клиникалық формалары, Шарко үштігі, Марбург пентадасы, Марков секстадасы. | II | |
ЖИТС пен АИВ-да жүйке жүйесінің зақымдануы (неврологиялық көрінісі). | II | |
Эпилепсия: ұстаманың түріне байланысты клиникалық көрінісі, диагностикасы. | II | |
Миастения, миастениялық криз. Прозерин сынағының техникасы және оны бағалау, диагностикасы, наукасты жүргізу тактикасы. | II | |
Бұлшық ет аурулары (миопатиялар, миоплегиялар және т.б.) | I | |
Бас сақинасы: клиникасы, диагностикасы, емдеу тактикасы. | II | |
Выполнять | Жұлын пункциясын өткізу, көрсету, карсы көрсетулер, асқынулары. | II |
Жедел ми қан айналым бұзылысында жедел көмек. | II | |
Ұстама синдромында жедел көмек (ұстама мен эпилепсиялық статуста жедел медициналық көмек көрсету). | II | |
Миастениялық кризде жедел көмек. | II | |
Невралгия мен түбірлік ауырсыну синдромында жедел көмек. | II | |
Бас сақинасы ұстамасында ждел көмек. | II |
2.5. Пәннің пререквизиттері: психология негіздері, анатомия-2, коммуникативтік дағдылар-2, патологиялық анатомия, фармакология, клиникаға кіріспе -2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары.
2.6. Пәннің постреквизиттары: барлық мамандық бойынша интернатура.
Пәннің қысқаша мазмұны
№ 1 бөлімде (жүйке аурулары пропедевтикасы) жүйке жүйесін зерттеу әдісін оқыту, жүйке жүйесінің зақымдану синдромдары мен симптомдарын анықтау, топикалық диагнозды қою, сонымен қатар неврологиялық науқастардың симптоматикалық және патогенетикалық терапиясы туралы білім алу.
№ 2 бөлімде (жеке неврология) бакалаврға жүйке жүйесі негізгі ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу шаралары берілген, студенттерге клиникалық неврологиялық ойлау негізін қалыптастыру, негізгі неврологиялық ауруларға диагноз қоя білу, олардың шұғыл терапиясын жүргізу, неврологиялық науқастарға реабилитациялық шараларды ұйымдастыру және жүйке жүйесі ауруларының алдын алу шараларын жүзеге асыру.
Жаңа мемлекеттік жалпы міндетті жоғары медициналық кәсіби білім мамандығының талаптарының бірі-студенттердің ғылыми-негізделген аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстырын алған білімдерін қолдана отырып ұйымдастыру.
Неврология курсы кезінде аудиториялық жұмыс негізгі оқу-әдістемелік оқыту әдісін қолдану қажет: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, неврологиялық науқастарды бакалаврдың өзіндік қарауы, академиялық клиникалық кураторлық бетті дайындау және оны қорғау, әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасауы, бакалаврдың білімін тестпен бағалау.
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда бакалавр зерттеу әдістерін меңгерулеріне, топикалық және клиникалық диагноз қою және әртүрлі жүйке жүйесі ауруымен ауыратын науқастарға ем тағайындауын бағалау.
Бакалаврға неврологиялық аурулар кезінде жүйке жүйесінің маңызды екенін жеткізу, сонымен қатар олардың пайда болу патогенетикалық механизмін ашу, жүйке жүйесі зақымдануының алдын-алу әдістері мен ағымын негіздеу.
Клиникалық талдауларда, ҚР денсаулық сақтау және әдеуметтік қоғау министрлігімен ұсынылған, БМСК және стационар деңгейінде жүйке жүйесі ауаларының ХАЖ -10 жіктелуіне сәйкес хаттамаларға көңіл бөлу.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс – бұл білім берушінің оқытуының ерекше формасы, оны орындау бакалаврдан белсенді ойлау қабілетін талап етеді, алдыңғы меңгерген білімдерді қолдана отырып әртүрлі танымдық есептерді шешуді, жаңа жұмыс түрлері мен білім іздеуді талап етеді. Мұндай аудиториядан тыс өзіндік жұмыстар болашақ маман шығармашылығын дамытуға, сонымен қатар ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бакалаврдың аудиториядан тыс өзіндік жұмысын бағалау білім берушінің мақсатына бағытталуы тиіс. Оны жүргізу формалары әртүрлі болуы мүмкін: сұхбаттасу, тәжірибелік дағдыларын бағалау, көрсетілген материалдарға анализ жүргізе отырып тесттілеу, аралық бақылау, эссе, реферат, дискуссия, кейс-стади және т.б.
Бакалаврдың жүйке жүйесінің құрылысы мен қазметін білу екінші бөлімде симптомдар мен синдромдарды анықтауға негізделген. Мұндай шешім дәрігерлерге білім беру методологиялық әдістемесінің негізі.
Сонымен қатар 2 бөлім МКБ- 10 жіктемесіне сәйкес неврологиялық аурулардың клиникасына арналған. Бұл бөлімде неврология бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізуге көмек беретін зерттеу әдістері берілген. Қолданылатын жаңа зерттеу әдістері студенттердің білімін және болашақ дәрігер мен науқас арасындағы қатынас дағдыларын нақты бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл блоктар соңғы жылдардағы ғылым жетістіктеріне және жаңа оқытудың қолданыстағы бағдарламаларына сәйкес нақтыланған және қарастырылған.
Неврология бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыра отырып және студенттерді оқыту сапасын бақылай отырып, жаңа МООС талаптарына жауап беретін бақылау-өлшемдер дұрыс құрастырылған, сонымен қатар әдістемелік кеңестерде көрсетілген оқытудың белсенді әдістері енгізілген.