Сабақ:Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы | Мектеп:№10 мектеп - лицей | ||||||
Күні:7.12.2016 жыл | Мұғалімнің аты-жөні:Шажанбаева Гүлбану | ||||||
Сынып:7 «Ә» | Қатысқандар саны: 27 | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы | ||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты | Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алу зардаптары мен тарихи оқиғасын сиапаттау | ||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар істей алады:Монғолдардың басқару жүйесінің құрылымын айта алады. | ||||||
Оқушылардың көпшілігі істей алады:Жаулап алу кезеңінде басты орын алған тарихи орындардың ерліктерін сипаттай алады. | |||||||
Кейбір оқушылар істей алады: Жаулап алу зардаптарының Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуына тигізген әсерін салыстыра алады. | |||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Монғолдардың қоғамдық құрылысы бойынша жаңа сөздіктерімен жұмыс жасай алады. Үш тілде айта алады. | ||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология): | |||||||
Жасақ (Яса), жасауыл (монғолша «кешіктен»), құрылтай, Барунгар, Кул, Жоңғар, уәзір, ұлыс. | |||||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер | |||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: | |||||||
1.Ұлы Жібек жолының дамуын әлсіреткен не жағдай? 2.Қыпшақ хандығын жаулап алған ел? | |||||||
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? | |||||||
Сауданың дамуына орсана зиянын тигізіп салдарынан тонаушылық, қарақшылық әрекеттер басым болды. | |||||||
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар: | |||||||
Бағалау критерийлері: | Монғолдардың басқару жүйесі мен құрылымын, жаулап алу кезеңінде басты орын алған тарихи орындардың ерліктерін және жаулап алу зардаптарының Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуына тигізген әсерін баяндайды. | ||||||
Алдыңғы оқу | 5 сыныпта Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығынан қысқаша мәлімет берілді. | ||||||
Жоспар | |||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз | Ресурстар | |||||
Басы | 2 мин 10 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі А) Сәлемдесу Ә) Оқушыларды түгендеу Б) Оқушыларды топқа бөлу (қима қағаздағы әртүрлі пішіндегі түстер арқылы топтарға орналасады). ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Ашық, жабық сұрақтар қойылады. (жеке жұмыс) 1. Х-ХІІ ғасырлардағы қалалардың құрылыс жүйелерінде қандай өзгерістер болды? Жауабы: мұсылман дінінің енуіне байланысты мешіттер пайда болды, шығыстың моншасының орны табылған. Оның бір ерекшілігі моншаларына су қыш құбырларымен тартылған. Сонымен қатар тұрғын үйлердің жанынан малға арналған қора – жайлар да салынған. 2. Орта ғасырлық қалаларды жалпы неше топқа бөлген және олардың айырмашылығы неде? Жауабы: 3 топқа Олардың басты айырмашылығы көлемі жағынан бөлініп отырған. 1 топқа 30 га астам қалалар, 2 топқа 10 га 30 га- ға дейінгі қалалар, 3 топқа 10 га төмен қалалар. 3.Архитектуралық құрылыс жүйесінде ерекше дамыған ғимараттар: Жауабы: Діни кешендер салу ісі ерекше дамыды. Бұл кездегі ғимараттарға мешіттер, кесеснелер, мазарлар, моншаларды жатқызуға болады. 4.Х-ХІІ ғасырларда ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқан ғұламалар: Жауабы: Әбу Наср әл- Фараби, Әбу Райхан әл- Бируни, Махмуд Қашғари,Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Йасауи Бас бармақпен мадақтау | Түрлі түсті қағаздар Слайд | ||||
Ортасы | 20мин 10 мин | Жаңа сабақ 3.1. Жаңа сабақты ашуға арналған сұрақтар: 1. Ұлы Жібек жолының дамуын әлсіреткен не жағдай? 2. Қыпшақ хандығын жаулап алған ел? 3.2. Бейнефильм көрсетіледі 3.3. Топтарға мәтін беріледі. (топтық жұмыс) Топ баяндамашылары жоба қорғайды. Екі жұлдыз бір ұсыныспен немесе бір тілекпен бағаланады. 1- топқа Монғол империясының құрылуы мен қоғамдық құрылысы. 2- топқа Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы. 3- топқа Жаулап алудың зардаптары. 4- топқа Ұлыстардың құрылуы. Бекіту тапсырмалары: 4.1. Әр жұпқа сәйкесін табу тапсырмалары беріледі. (жұптық жұмыс) Әр дұрыс жауап 1 ұпай 1- жұпқа Мына жаңа сөздердің мағынасының сәйкесін табу 1. Жасауыл (монғолша – «кешіктен») - ханның жеке басын қорғайтын ең таңдаулы мыңдық. 2. Жасақ (Яса) – мемлекеттің басты заңы 3. Құрылтай - өкімет билігінің жоғарғы органы 4. Барунгар. Жоңғар. Кул - Оң қанат, Сол қанат, Орталық қанат. 5. Уәзірлер- Жанында жаза білетін және басқа елдердін тілін түсініп аударып отырған. 6. Ұлыс- балаларына бөліп берілген жерлер. 2- жұпқа Жаулап алу уақытының сәйкесін табу 1. 1207-1208 жылдары - үлкен баласы Жошы Енисей Қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды. 2.1207-1209 жылдары – Шыңғысхан ұйғырларды бағындырады. 3.1211-1215 жылдары- Қытай жерін басып алады 4. 1217 жылы – Жетісу жерін басып алады. 5.1219-1220 жылдары –Отырарды, Сығанақ, Ашнас қалаларын басып алады 6.1219-1224 жылдары- Қазақстан мен Орта азияны толық жаулап алады. 3- жұпқа Жаулап алу зардаптарының қазақ халқына тигізген әсерінің сәйкесін табу 1. Қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды- Баласағұн қаласының өзі түгіл орны белгісіз 2. Қалалар қирады- Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200 - ден астам қала болса, кейін 20 – ға жуық қалған. 3. Отырықшы мәдениет тоқырады – Егін шаруашылғының жүйесі бұзылды. 4. Халықты қырып жойды- Отырар қаласындағы археологиялық зерттеу жұмысында орталық қорғанның бір бөлмесінен 20-30 адамның бас сүйектері бір жерден табылған. 5.Халықтардың этникалық құрамы бұзылды- қазақ халық болып қалыптасуы ұзақ жылға кешеуілдеді. 6.Елдер арасында қарым –қатынас бұзылды- әлеуметтік – экономикалық дамуына орасан зор зардабын тигізді. Геометриялық фигурларлармен бағалау 4.2. Картамен жұмыс (Жеке жұмыс) Қарсылық көрсетіп жан аямай күрескен қалалардың орналасқан жерлерін картадан көрсетіп қысқаша сипаттау. Отырар, Сығанақ, Ашнас және Баласағұн. Смайликтермен мадақтау. | Бейнефильм Оқулық, Карта Плакаттар, түрлі түсті боялар Карта | ||||
Соңы | 3мин | Корытынды. Рефлексия. Қолымыздағы түрлі түсті қағазадарымызды құрастырып, сол суретерге екі үш сөзден құралатын әдемі қанатты сөз құрастырып шығу. «Жанған жұлдыздар» «Әр түрлі» түстер – өте жақсы, жақсы дәрежеде «Ақ» түст – орташа дәрежеде V. Үйге тапсырма Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы тақырыбын оқып келу. Тақырып бойынша қосымша тарихи әдебиеттерді оқу. Тәуелсіздік күніне арнап бір шумақ өлеңді үш тілде орындап келу. | Суреттер Түрлі түсті доптар | ||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс | |||||
Ашық және жабық сұрақтар, мәтін бойынша жоба қорғау (топтық жұмыс), сәйкестендіру тапсырмасы (жұптық жұмыс), картамен жұмыс (жеке жұмыс) | Бас бармақпен мадақтау, екі жұлдыз, бір ұсыныс немес, бір тілек, геометриялық фигуралармен бағалау, смайликтермен мадақтау. | География, әдебиет, өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйрету | |||||
Рефлексия | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? - Бүгін оқушылар не білді? - Сыныптағы ахуал қандай болды? - Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? - Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? - Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | |||||||
Қорытынды бағамдау | |||||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? | |||||||
Ы. Алтынсарин атындағы № 10 мектеп – лицей
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы»
Пән мұғалімі: Шажанбаева Гүлбану
Қызылорда қаласы, 2016 жыл