Тарақты иірімжіпті өндіруге арналған қоспалардың құрамына бір сапалы немесе екі көршілес сапалы біртекті жүн, кейде синтетикалық талшықтар кіреді. Кардты тараудан кейін өнім көп өтімдерден өтеді, онда қабаттау және созу процестері жүргізіледі, осының нәтижесінде компоненттердің талшықтары жақсы араласады. Кардты тараудың алдында тарақты қоспаларды дайындау аппаратты өндіріспен салыстарғанда өте күрделі және жауапты емес.
Тарақты иіруде араластыру процесі бірнеше рет жүргізіледі: кардты тараудың алдында және таспаларды қабаттау жолымен таспалы және тарақты тарау машиналарында.
Біртекті созбаның және иірімжіптің үлкен өндірістік партияларын алу мақсатымен тарақты созбаны дайындау процесінде созба бөлімінің таспалы машиналарында таза жүнді таспалардың және химиялық талшықтардан алынған таспалардың партияларын араластырады.Өндірістік партиялар үлкен болған сайын, кәсіпорындардың жұмыс шарттары да жақсы болады:машиналарды қайта сабақтау саны, қалдықтардың мөлшері, иірудегі үзілгіштік азаяды, еңбек өнімділігі жоғарылайды және құрал-жабдықтарды пайдалануы жақсарады[2].
Шикізат түріне, иіру жүйесіне (жіңішке тарақты немесе дөрекі тарақты), иірімжіптің белгіленуіне байланысты тарақты иірімжіпті өндіру үшін қоспаны құрастырғанда келесі ережелерді орындау қажет:
қысқа, ақаулы және беріктігі бойынша әлсізденген жүнді қолдануға болмайды;
иірудің жіңішке тарақты жүйесіндегі қоспалар үшін жіңішке 60с және одан жоғары (талшықтың ұзындығы 55 мм кем емес), жартылай жіңішке 56-58с (талшықтың ұзындығы 55-90мм) жүн қолдану керек;
иірудің дөрекі тарақты жүйесінде ұзын біртекті 36с және одан жоғары (талшықтың ұзындығы 130-150 мм) жүн және біртексіз жүннің барлық сорттары (түбіт талшықтарының ұзындығы 70 мм және одан жоғары) қолданылады;
тарақты иірімжіп үшін қоспа құрамында аз сызықтық тығыздықты және ұзындығы бойынша біртекті талшықтардан тұратын біртекті жүн болуы керек;
жоғары сапалы иірімжіп үшін сапалары көршілес мериносты жүнді араластыруға болады;
сапасы бірдей поместі жүнмен араластыруды тек қана орташа және үлкен сызықтық тығыздықтағы жартылай жүнді иірімжіпті өндіруде қолдануға болады;
араластырудың алдында, кардты тарауда, және одан кейін барлық процестерде шикізатты өңдеу кезінде талшықтардың ұзындығын сақтауға тұрысу керек[5].
Кесте1
Компоненттердің үлесі
№ | Компоненттер атауы | Үлесі % |
Жүн | 30 % | |
Вискоза | 70 % | |
Барлығы | 100 % |
Химиялық талшықтарды қоспада жүнмен бірге қолдану иірімжіппен матаның қасиеттерін өзгеруге мүмкіндік береді; қоспада жүннің көптігі бұйымдардың гигиеналық қасиеттерінің жақсаруына алып келеді. Қоспада жүнмен бірге әртүрлі ьалшықтарды таңдап алу жолымен маталардың сыртқы түрінің жақсаруына және олардың басқа да пайдалы қасиеттеріне жетуге болады.
Қойылатын талаптарға байланысты химиялық талшықтар әртүрлі сызықтық тығыздықта, ұзындықта, беріктікте, ұзаруда болады.
Бірақ басқа тең шарттар барысында қоспада жүнмен бірге химиялық талшықтарды өңдеу процесінде щещущі факторболып химиялық талшықтардың сызықтық тығыздығы, ұзындығы және қоспадағы үлесі табылады. Химиялық талшықтарды сызықтық тығыздығы, ұзындығы және қоспадағы үлесі бойынша дұрыс таңдау жүн өнеркәсәбінде шикізатты тиімді және үнемді пайдалануды қамтамасыз етеді және де иіруде үзілгіштікті төмендетеді.
Жіңішке және тегіс иірімжіп алу - иіру өндірісіне қойылатын ең бір маңызды талаптар. Шикізатты дұрыс таңдау және иіру процестерін тиімді ұйымдастыру кезінде осы талаптар орындалуы мүмкін.
Қоспаларды құрастыру және араластыру процесстері үзіліссіз байланысқан. Сондықтан алдымен талшықты қоспаларды құрудың негізгі принциптері, содан соң араластырудың әртүрлі әдістерінің мәні мен оларды тиімді жүзеге асыру шарттары қарастырылатын болады.
Талшықты материал қасиеттері тек әртүрлі партия ішінде ғана емес, сондай-ақ жүннің бір партиясы, киптер шектерінде де бірдей болмайды. Талшықтар қасиеттерін түзулеу үшінбіртегіс иірімжіп алу үшін және оның сапасын тұрақтандыру үшін фабрикадан келіп түсетін шикізаттан қоспа құру қажет.
Араластыру мақсаты – компоненттер талшықтарын жақсылап араластыру және оларды қоспаның бар массасында біртегіс үлестіру. Бұл үлестіру былай болуы керек, яғни қоспаның азғантай үлгісіндегі компоненттер арасындағы қатынас берілген қоспа рецептісіне жақын болуы тиіс.
Құрамы бойынша біртексіз қоспадан алынған иірімжіп қасиеттері біртексіз болады, ал бұл иірімжіптен алынған маталар құрылысы, қасиеттері және сапасы бойынша біртексіз болады. Талшықтары біртексіз үлестірілген созбаны иірімжіпке өңдеу үлкен үзілгіштікпен өтеді, иіруде қалдықтар едәуір бөлінеді.
Осылайша араластыру мақсаты мыналардын тұрады, яғни қасиеттері бойынша бірқалыпты иірудің жартылай өнімдерін және иірімжібін алу[5].
Кесте 2.
Тарақты иірімжіпке қойылатын техникалық талаптар
Сызықтық тығыздығы | Иірімжіп сорты | ауытқулар | Шикізат сипаттамасы | Қоспадағы талшық үлесі, % | Қоспа сорты | Қатысты үзілу салмағы | Ұзару, % | Ширатпа коэффициенті | Вариация коэффициенті | Иірімжіпте жүн талшығының құрамы, % | Бірқалыпты (кондиционды) ылғалдылық, % | Майдың құрамы, % | |||
гс/ текс | мН/ Текс | 50м пасмамен зерттеу кезінде сыз-қ тыз-ы б | Бір жіпті зерттеу кезінде үзілу сал-ы б/а | Ширатпа бойынша | |||||||||||
±2,5 | Жартылай жіңішке жүн 60к I және II ұзындық-70%, висказа талшығы-30% | 6,0 | 58,8 | 6,0 | 4,0 | 19,5 23,0 | 50,0 | 16,1 | 2,3 |