Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – ұйымның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) ұйымның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы ұйым жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, ұйым мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстың құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың құрылымына талдау жасау үшін келесі 11 аналитикалық кестесі құрылады.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті 2014 жылы өткен 2013 жылмен салыстырғанда 298553681 мың теңгеге немесе 40,62%-ға артатындығын көруге болады. Бұл ұйымның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлгенін, сондай-ақ ұйымның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және ұйым мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен ұйымның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордаңылаудағы малдар құндары қосылады.
Екінші әдістемеде ұйымның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістемеде ұйымдарды болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни К≥0,5 қалыпты болып есептеледі.
Сонымен ұйымның актив балансында талданушы мерзім аяғына қарай ұзақ мерзімді активтер үлесі төмендеп, ағымдық активтер үлесі өскенін көреміз.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының ұйымның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын ұйым активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын ұйымның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған ұйымда бұл коэффициенттің деңгейі 2012 жылы 0,24 (90834254 мың теңге:380753624мың теңге), 2013 жылы 0,3 (130623355 мың теңге:436383708 мың теңге), 2014 жылы 0,5 (358113845 мың теңге:734937389мың теңге) құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылы жоғары мәнге ие болған, яғни есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда ағымдық активтердің айналымдылығы баяулағанын, пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді.
Ұйым активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімдік активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, ұйымның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өнеркәсіптік ұйымдарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Талданушы ұйымда бұл көрсеткіш деңгейі 2012 жылы 0,31 (90834254 мың теңге:289919370 мың теңге), 2013 жылы 0,43 (130623355 мың теңге:305760353 мың теңге), 2014 жылы 0,95 (358113845 мың теңге:376823544 мың теңге) құрайды. Бұл көрсеткіш есепті жылы өткенге қарағанда жоғары, бұған иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан мобильді қаражаттардың өсу қарқындары басым болуы ықпал еткен.
Әрі қарай ұйымның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл ұйымның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Ұйым мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш ұйымның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Ұйым мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі 67,75% – 2012 жылы; 55,72% – 2013 жылы; 35,28% – 2014 жылы құрады. Яғни соңғы жылы бұл көрсеткіштің теориялық мәніне сәйкес келмейді. Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің үлесін анықтау өте маңызды және де бұл ұйымның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығы өсуіне әкеледі.
Кесте деректері бойынша ағымдық активтердің құны 90834254 мың теңгеден 2012 жылы 358113845 мың теңгеге дейін 2014 жылы қатты өсті. Оның ішінде тауарлы-материалдық қорлар құны 3 жылда 5716532 мың теңгеге төмендеген, ал өткен жылмен салыстырғанда 278039 мың теңгеге азайған. Аяқталмаған өндіріс соңғы үш жыл бойы орын алмаған. Ақшалай қаражат көлемі 14127579 мың теңгеден 2012 жылы 62459415 мың теңгеге дейін өсті, өткен 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 42271827 мың теңгеге өсті. Дебиторлық қарыз көлемі есепті жылы қалған жылдарға қарағанда қатты өскен. Сонымен қорыта келе ең мобильді активтер яғни ақша қаражаттары есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда қатты өскенін көреміз. Ағымдық активтердің ең мобильді бөлігін, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентін келесідей анықтаймыз:
, (2)
мұндағы, Кмоб – мобильділік коэффициенті;
Ақар – Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері;
АА – ағымдағы активтер.
Ең мобильді қаражаттар саласының артуы және мобильдік коэффициенттің өткен екі жылмен салыстырғанда 0,2 бірлікке өсуі ұйымның төлемқабілеттілігінің жоғарылауын көрсетеді.
Есепті жылы дебиторлық борыш қатты өскен. 2014 жылы оның көлемі 2012 жылмен салыстырғанда есепті жылы 1,9 есе өссе, ағымдық активтер құрамындағы үлесі 5,08% есепті жылы құраған.
Ұйым капиталының құрылымын зерттеу оларға ұйым қызметінің кеңейген немесе қысқарғаны жайлы айтуын мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі тәуекелдік және меншікті капиталдың өсуі ұйым қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелермен әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидеттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.
Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін 12 кесте құрылады.
Сонымен жалпы капитал құрамындағы элементтердің біршамасы есепті жылы өскенін көреміз.
Енді оның құрылымына көз салайық: жалпы міндеттемелер мен капиталдың барлығының құрамында 2012 жылы капитал үлесі 44,32% болса, 2014 жылы 71,53%-ға дейін жеткен, ал міндеттемелер үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 27,22%-ға төмендеген, яғни 2012 жылы – 55,68%, ал 2014 жылы – 28,46% құраған.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері деп тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу деңгейін көрсететін көрсеткіштерді айтамыз /22, 58-65б./.
2. ТМҚ-ның меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу көздері немесе перманентті айналым капиталы. Ол алдыңғы көрсеткіштің ұзақ мерзімді міндеттемелер соммасына ұлғаюымен анықталады, оның формуласы:
, (4)
мұндағы ДО – ұзақмерзімді міндеттемелер.
Жоғарыда көрсетіліп өткен меншікті айналым қаражаттарына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін ұйым ұзақ мерзімді несиелерді алды, яғни 2012 жылы ол 118050040 мың теңге, ал перманентті айналым капиталы -3135634 мың теңге, яғни оған деген ұйымның қажеттілігі 2012 жылы -23983785 мың теңге соманы құрады. 2013 жылы алдыңғы жылға қарағанда ұйымның ұзақ мерзімді міндеттемелері 121972 мың теңгеге төмендеді, сәйкесінше перманентті капитал да 10964088 мың теңгеге төмендеді және оның жеткіліксіздігі 29509380 мың теңге теріс сомасына жетті, бұл ұйым позициясын осы тұрғыда шамалы төмендетті. Бірақ 2014 жылы ұйым алған несиелер көлемі 100843962 мың теңгеге жеткендіктен, перманентті капитал 263877955 мың теңгеге ұлғайып, 249778233 мың теңгені құрады, сондықтан перманентті капитал артығы 234646614 мың теңге соманы құрады, бұл сан 2012 жылға қарағанда қатты өсті.
2012 жылы бұл көрсеткіш 90834254 мың теңге құрап, 69986103 мың теңге артық сомасы орын алды, 2013 жылы қысқа мерзімді несиелер сомасы 50753189 мың теңгеге ұлғайғандықтан, ТМҚ негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері 39789101 мың теңгеге ұлғайып, 130623355 мың теңге соманы құрады, ал осы жылы оның артықшылығы 45227594 мың теңгеге өсті. 2014 жылы бұл артықшылық 227768529 мың теңгеге ұлғайып, жалпы сомасы 342982226 мың теңге құрады, оның себебі берілген жылда ұйым ТМҚ көлемі күрт төмендеді.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын абсолютті көрсеткіштер арқылы талдау нәтижелері арқылы келесі қорытынды жасауға болады:
- 2012 жылы қаражаттар көздерінің жеткіліктілігін көрсететін 3 көрсеткішке сәйкес келетін қорлардың қамтамасыз етілу деңгейлері төменгі дәрежеде, бірақ оның ішінде ТМҚ негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері артығымен болғандықтан, 2012 жылы ұйымның қаржылық жағдайы тұрақсыз деген баға беруге болады.
- 2013 жылы алдыңғы жылдарға қарағанда 3 көрсеткіш деңгейі де төмендеген, бірақ ТМҚ негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері оң шамада болғандықтан, төлемқабілеттілігі нашар, бірақ меншікті қаражаттар көздерінің толықтырылуы, дебиторлық қарыздың қысқаруы мен қорлар айналымының жеделдетілуі есебінен тепе-теңдікті қалпына келтіру мүмкіндігі сақталатын тұрақсыз қаржылық жағдай орын алған.
- 2014 жылы ұйымның қаржылық жағдайы қалыпты деңгейге келеді, барлық 3 көрсеткішке де қажеттілік қанағаттандырылды. Ұйымның жағдайы тұрақты деңгейге жетті.
Қаржылық жағдайдың нашарлауы капиталдың жаратылуы мен қарыздардың өсуіне әкеледі. Осыдан қаржылық тұрақтылығы, яғни ұйымның қаржылық тәуелсіздігі, меншікті қаражаттарды маневірлеу қабілеті, шаруашылық қызметтің қаржымен жеткілікті қамтамасыз етілуі деңгейі төмендейді.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шарттқа айналған обьективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндіріс шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
· өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
· өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
· басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
· технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялаудың нормативтік өдісін негізінен жаппай өндіріспен шүғылданатын ұйымдар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген ұйымдарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнін езіндік қүнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық жәңе нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардын, жалақының жүмсалуы жөне өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардын негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезіңде қолданыста жүрген өндірістік технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған шала фабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып, бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі.
Нормалардың жөне шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ ұйымның мудделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін жөне басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы төртібін ретгеу аркылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылау-өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудін, материалдарды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша (егер энергия және баска да шығындар тікелей жолмен өнімге жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдын, электр энергиясының тұтыньшуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор.
Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер ендірісті үйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жендеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.
Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі немесе артық жүмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде ұйымның ұйымдық-техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.
Өндірістегі шығындардык жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелеген түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері болатындығын, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үщін ведомоста осыған үксас шоттар ашылады.
Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды (егер үстеме шығындардың бұл тобы есепте бөліп көрсетілетін болса) өнім түрлері бойынша таратады, бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде қолданған құрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске қажет болған машина/сағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық (нормативтік) ставкасын пайдалану керек, ал олар, өдетте, бұйымды өзірлеу үшін қажет технология бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс істеген машина/сағатының саны бойынша, құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша белгіленген, шығын коэффициенті бойынша, және бір машина/сағатының жоспарлы өзіндік құны бойынша есептелінеді.
Өткізілетін өнімнің толық өзіндік құнын анықтауда бұл қалдықтар есепті кезеңінен нақтылы өндірістік өзіндік құн бойынша олардың нақты (күтулі) мөлшерінде алынады. Жоспарлы кезеңнің аяғында өнім қалдығының құрамында алғашқы екі элемент қана есептеленеді, өйткені сатып алушы уақытында төлемеген жөне сатып алушы жауапкершілігіндегі сақтаудағы тауарлар ЖШС «Гермес» ұйымда есепті және келісімшарттық тәртіпті бұзу болып саналады, сондықтан жоспарланбайды. Жоспарлы кезеңнің аяғында өткізілмеген өнім қалдықтарын анықтауда өндірістік өзіндік құн және запас нормасы бойынша біркүндік өнім шығарылымысүт шығады. Жылдық жоспарлауда 4 тоқсан, тоқсандық жоспарлауда сөйкес тоқсан көрсеткіштері қолданылады.
Ұйымда өнімді өткізу бөлімі бар оның ең негізгі бөлігі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы нарықтарға және дүкендерге тиімді өткізу. Компанияда өзінің дистрибьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Аламаты қаласында ғана емес сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.
Өнімді өткізу үшін, өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. Баға орнатудың ең негізгі қағидасы ол – беріктілік, өнім сапасының деңгейі, бәсекеқабілеттілігі.
Өндірістің шығын есебі мен калькуляциясы басқару есебі жүйесінің элементтерін жасаушылар болып табылады. Бұл арада өнімнің өзіндік құны ретінде, әдетте, ақшалай түрде көрінетін өндіру мен өткізу шығындары деп түсінеді.
Өнімдік өзіндік құнына қандай шығындар кіретініне байланысты Қазақстанда әдетте оның мына түрлерін атап көрсетеді:
• цехтың өнімді дайындаудағы шығынын сипаттайтын цехтық;
• өнім өндірісін ұйымдастыру шығынын қамтитын өндірістік;
• толық, яғни өнім өндірудің және өткізудің барлық шығындарын қамтитын өзіндік құн.
Өнім (жұмыс, қызмет) бірліктерінің өзіндік құнының есеп жүйесі калькуляциялау деп аталады.
Калькуляциялау объектісіне (шығын шығарушы) - өткізуге арналған ұйымның өнім (жұмыс, кызмет) түрлері жатады. Оның іріктемесі калькуляциялау процесінің алдында жүреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, өндірістің және оның құрылымының дамуы үшін ең бастысы оған жұмсалатын шығындардың негізін, олардың құрылымын, шығындарды барынша азайту шараларын қадағалап, экономикалық максималды пайда табуды іске асыру керек.
Әлемдiк шаруашылықтың жаһандануына байланысты Қазақстан Республикасы алдағы жылдары Бүкiл Әлемдiк Сауда Ұйымына өтуге дайындалуыда. Ол үшiн елiмiздiң экономикасының қаржы секторының мығым болуымен қатар, экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен рөль атқарады.
Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардың өндірістегі аналитикалық есебі саналады. Калькуляцияның объектісі болып өнім түрлері, жұмыстар қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.
Ұйым шығындары (негізгі еңбек, негізгі материалдар және өндірістік үстеме шығындар) өндірістік өнімнің есебі және сатылған өнімнің өзіндік құнының есебі ретінде көрініс табады. Бұл есептер жекелеп немесе өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны есебі болуы мүмкін. Осы аталған ұйым шығындарын реттеп тиімді ұйымдастыруда ұйымның қаржылық менеджмент қызметінің маңызы зор болып табылады.
Өндірілген өнімнің өзіндік құны өндірістік мерзімдегі дайын өнім өндіруге қатысты өндірістік шығындарды есепке алады. Өндірістік шығындардың өндірілген өнімнің өзіндік құнына енуі мерзім аралығында аяқталмаған өндіріске байланысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін.
Шығындар – бұл ұйымның өзінің өндірілетін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.
Өндіріс процессінде айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады.
Өндірістік шығындар (негізгі еңбек, негізгі материалдар және өндірістік үстеме шығындар) өндірістік өнімнің есебі және сатылған өнімнің өзіндік құнының есебі ретінде көрініс табады. Бұл есептер жекелеп немесе өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны есебі болуы мүмкін.
Өндірілген өнімнің өзіндік құны өндірістік мерзімдегі дайын өнім өндіруге қатысты өндірістік шығындарды есепке алады. Өндірістік шығындардың өндірілген өнімнің өзіндік құнына енуі мерзім аралығында аяқталмаған өндіріске байланысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін.
Отандық экономикада бүгінде тұрақты шығындардың, яғни өндірістік құрал-жабдықтардың дерліктей тозуымен байланысты олар көп мөлшерде экономикалық шығындарға ұшырап отыр. Ал айнымалы шығындардың, яғни көптеген өндіріс материалдарының шетелдерден импортталуына байланысты олардың да шығындары жоғары деңгейде болуда. Осы аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы бүгінде экономикалық дамуды шикізаттық бағыттан жоғары технологиялы индустриялы-инновациялы экономикаға өтуді басты бағыт ретінде қолға алды.
Тұрақты шығындар, жалпы алғанда, өндірілген өнімге де төленуі тиіс, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлеміне өзгерту жолымен басқарылуы мүмкін. Шығындар бухгалтерлік және экономикалық болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп ұйымның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін анықтайды. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық және ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті).
Сонымен, қорыта келгенде, өндірісте болатын шығындарды есепке алғанда, олардың шығу орнына байланысты калькуляциялау әдістерін пайдалану үлкен рөль атқарады. Жоғарыда айтылғандай, ұйымның атқаратын қызметіне байланысты, өнім өндіру циклінің ұзақтығына байланысты, шығындардың түрлеріне байланысты оларды есепке алу мен калькуляциялау әдістері қарастырылған. Міне, осындай себептерге байланысты өндірістік шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ұйымның есеп саясатында маңызды орынға ие.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Экономический рост предприятий РК. Сборник научныхтрудов – Алматы: «Экономика» 2013.
2) «Экономика предприятия» Под.ред. Бла Ф.К., М Швайтцера перевод с немецкого.-М,1999 ж
3) А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбеков. «Ұйым экономикасы», оқу құралы. - Алматы 2012 ж.
4) «Стратегия развития предприятия».Горемыкин В.А., Нестерова Н.В
-М., 2012 ж
5) В.В.Бочаров Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2007. – 544 с.
6) Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
7) Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия. М: Банки и биржи, 1996г.
8) Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
9) Баймухамбетова С. С. Финансовый менеджмент. – А.: Казак университетi, 1998.
10) Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330 бет.
11) Калдыбаев О. «Экономика предприятий», Алматы 1997 год.
12) Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ-ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 1992.
13) Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) оқулық, - Алматы 2014 жыл.
14) Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
15) Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2001.
16) Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
17) «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 2012-2014 жылдардағы «Жылдық қорытынды есебі» - www. railways. kz сайты.