Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: «Сулы – шеллакты апператулар және олардың қасиеттері»

Жұмыстың мақсаты: Аяқ киім үстін әрлеуге арналған шеллакты аппретураларды дайындау технологиясын анықтайтын апператураның сапасын анықтайтын әдістемелерді меңгеру.

 

Кіріспе бөлім

Былғарыдан жасалған бұйымдарды әрлеу операциялары екі топқа бөлінеді:

- Механикалық әрлеу операциялар (ұлтандар мен өкшелерді фрезерлеу, ажарлау);

- Физико-химиялық әрлеу операциялары (бояу, жылтырату және т.б.).

Әрлеу – аяқ киім өндірісінің технологиялық процесін аяқтайды. Әрлеудің мақсаты – дайын бұйымға әсем, сәнді тур беру.

Былғары аяқ киімді әрлегенде сыртқы бетті тазалау, ақаулар мен зақымдарды тегістеу, үтіктеу, бояу, аппературалау, кейде аппликациялар жапсыру, әшекейді өрнек басу және т.б. операциялар орындалады. Аяқ киім түрлерінің көбісіне әрлеу операцияларының опературалау ең маңызды роль атқарады. Аппретураны таңдау таңдау былғарының илену ерекшелігіне, оның сыртқы бетінің жабын түріне және сыртқы бетінің тығыздығына тәуелді болады.

Аппретураның сапасы фабриканың зертханалық жағдайына төмендегі жолдармен және көрсеткіштермен анықталады:

- Құрғақ қалдықтың құрамы, кебу жылдамдығы, тұтқырлығы, тамашалау температурасы, қабықшаның іилімділігі арқылы анықтау керек.

Казеинді жабын негізінен қара және қоңыр түсті былғарының сыртқы бетін жабады. Былғарының бетін сулы шүберекпен сүрткенде оның беті боялады.

Нитроцеллюлонды жабыны бар былғарының бетін этилацитат немесе бутилацетатка ылғалданған шүберекпен сүрткенде, оның беті оңай ериді.

Акрилді жабын былғарының бетінде қалың қыбықша түзеді. Этилацетатка батырылған шүберекпен сүрткенде, былғарының бетіндегі қабықша ерімейді, былғарының беті тайғанақ болады. Оның бетінен шүберекті алғанда созылмалы жіптер пайда болады.

Анилді жабыны бар былғарыда онша байқалмайтын қабықша түзіледі, былғарының беті күңгірт болады.

Полиуретан жабыны бар былғарыны басқалардан оңай ажыратуға болады. Ондай былғарының беті жылтыр болғандықтан, аппретуралауды қажет етпейді.

Аппретураны таңдаудың негізгі ережесі төмендегідей болады:

- Казеинді жабыны бар былғарылар үшін казеинді немесе балауызды аппретуралар қолданылады;

- Эмульциялы қабықша түзегіш негізіндегі жабыны бар былғарылар үшін спиртті (шеллакты, поливинилацетатты). Нитроцеллюзды аппретураларды қолданады.

 

Жабдықтар. Құралдар. Үлгілер

Көлемі 1 литр болатын фарфор стакан немесе сырлы ыдыс – 2 дана; приборка – 2 дана (10 мл); шыны таяқшалар; сүзгі қағаз немесе жүннен тоқылған шуга; дәлдігі 0,1 грамм болатын техникалық таразы; көлемі 150 мл болатын стакан немесе 2 дана шыны құтысы; өлшемі 90Х120 мм болатын шынылар; 1000 С дейінгі термометр; тұтқырлық өлшеуіш; секунд өлшеуіш; өлшемдері 100Х100 мм болатын былғары үлгілерінің ассортименті.

 

Жұмысты орындау әдістемесі

Жұмысты орындау барысында төмендегідей прцестер жүргізілуге тиіс.

І. Сулы-шеллакты аппретураны дайындау және онымен былғары үлгілерін әрлеу:

А) шеллактың сулы ерітіндісін дайындау;

Б) нигровиннің сулы ерітіндісін дайындау;

В) ализарин майын нейтралдау.

 

 

Шеллакты аппретураның құрамын (1-кесте) оқытушының нұсқауымен таңдау керек. 100 грамм аппретура дайындалады.

 

 

1-кесте

компонент материал Аппретура үшін қосылатын компоненттің мөлшері
Сулы спиртті
Қара боялған
А А Б В А Б
Қабықша түзгіш   Пептизатор пластификатор бояғыш еріткіш   Шеллак: Ағартылмаған Ағартылған   Шеллакты композиция Кристалды бура ализарин майы Суда еритін нигрозин Этил сприті (95%)   17,9 -   -   2,1 0,5 70,5   17,9 -   -   2,1 - - 73,0   -   -   1,5 - - 75,4   - -     1,6 - - 60,4   -   -   - 2,5 - - 67,5   - -     - - - -

Барлығы: 100 100 100 100 100 100

 

 

А) Шеллакты сулы ерітіндісін дайындау.

Қажетті мөлшерде өлшеніп құйылған стакандағы суды, сулы моншада 900 С температураға дейін қыздырамыз. Оған поптизатор және аз мөлшермен шеллакты немесе композицияны саламыз. Температураны 90-95 С тұрақты ұстап, шеллак ерітіндісін 1,5-2 сағат үнемі араластыру арқылы ерітеміз.

Ерітіндінің беті толық ерігеннен кейін шеллакты балауыз (қабықша) қоспасын алып, жүннен тоқылған шуга арқылы сүземіз. Сүзілген ерітіндіге сумен 1:1 қатынаста араласқан этил спиртін қосамыз.

Б) Нигрозиннің сулы ерітіндісін дайындау.

Қара түсті аппретура үшін нигрозин ерітіндісін қосады. Ол үшін алдымен нигрозин ерітіндісін дайындалады (2% нигрозинге -10% су).

В) Ализарин майын нейтралдау

Оқытушының нұсқауымен сулы-шеллакты аппретураға сүзгеннен кейін аз мөлшерде (2%) пластификатор эмульсиясын, яғни ализарин майын құюға болады. Бұп аппретура қабықшасының іиілімділігін арттырады, көбіктенуді тоқтатады.

Эмульсияны дайындау барысында ализарин майын нейтралдау керек. Ол үшін 1:1 қатынаста аммиактың 25% сулы ерітіндісін (1:9) құю керек. Мысалы қара түсті аппретура дайындау үшін эмульцияның рецептурасы төмендегідей болады:

Ализарин майы......................................................................................0,5 (% немесе мл.)

Аммиак..................................................................................................0,055 (% немесе мл.)

Су...........................................................................................................0,445 (% немесе мл.)

Барлығы: 100

Д) Дайындалған ерітіндіні араластыру

Сүзілген шеллак ерітіндісіне спирт, ализарин майының ерітіндісін (қара түсті аппретура болса нигрозин ерітіндісін де) құямыз. Барлығын мұқият араластырамыз. Аппретура дайын.

Дайын аппретураны сүзіп, шыны құтыда сақтайды. Сақтау мерзімі – 3 ай.

1.1. Былғары үлгілерді бетінің жабыны мен тығыздығына байланысты аппретура жағу үшін таңдап алу керек.

1.2. Дайындалған аппретуралармен үш топ (әр топта 3 үлгіден) былғары үлгілерін жабу керек (әр түрлі аппретура дайындалған жағдайда). Аппретураны тампонмен немесе губкамен, былғары аяқ киімін үстін аппретуралау технологиясын талаптарын ескерек отырып жағу керек (справочник обувщика, том-2, 327 бет). Үлгілердің кебу уақыты 10-15 минут.

1.3. Аппретуралаудан кейін әрленген беттің сапасын көзбен шолып бағалау керек. Былғарының бетінің жылтырын, біртегіс жағылуын, көбіктің бар болуын, жабысқақтығын, аппретураның ұлгісін бағалау керек. Беттің сапасын көзбен шолып ба ғалау және ақауларды талдау үшін әдебиеттер мен анықтамаларды қолдану керек (справочник обувщика, том – 2, 327-329 бет). Әдебиеттермен танысу, оларды оқу, шелак шайырының ұзақ еру процесі жүріп жатқанда ұсынылады.

1.4. Жұмыстың соңында аппретураның жылдамдығы туралы қорытынды жасап, аппретураның түрін, рецептін және сапасы туралы нәтиже беру керек. Былғарының түсін, жабын түрі мен беткі қабатының тығыздығын көрсете отыры, әрленген былғары үлгілеріне сипаттама беру керек.

ІІ. Аппретураның сапа көрсеткіштерін анықтау

(қасиеттерін оқып үйрену)

А) кебу жылдамдығын анықтау;

Б) тамшылау температурасын анықтау;

В) тұтқырлықты анықтау.

 

А) Кебу жылдамдығын анықтау.

Шыныға жағылған аппретура жабысқақтығын тоқтатқанға дейінгі өткен (минут есебімен) аппретураның кебу жылдамдығы болады. Кебу жылдамдығы 20 С температурада және ауаның ылғалдылығы 60-65% болғанда анықталады: аппретура жағылған шынының жанында ауаның қолзғалу жылдамдығы байқалмау тиіс.

Сынақ нәтижесіне қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылығы және шының айналасындағы ауаның қозғалу жылдамдығы қатты әсер етеді. Сондықтан жоғарыда айтылған жағдайларды әрқашан арнайы қондырғыларсыз жасауға мүмкіндік беретін бұл әдісті, үлгілерді салыстырмалы зерттеуде ғана қолданған дұрыс.

Сынақ үшін өлшемі 90х120 мм болатын таза, құрғақ шыныға, оның бетіне біртегіс жойылатындай етіп пипеткадан 3 мл. аппретура тамызамыз. Шыныны тік ұстаймыз, аппретураның біраз бөлігі ағып кетеді. Аппретураны шыныға жаққаннан 5 минут өткеннен кейін, саусағымыз қабықшаға жабыспайтынын тексереміз. Аппретура қабықшасының жабысқақтығы тоқтағанша тексеру уақытының жиілігін азайтып отырамыз.

Б) Термометрдің көмегімен тамшылау температурасын анықтау.

Тамшылау теспературасын анықтайтын құрал жоқ болса, сынап бағанасы 150 С, пішін цилиндр тәрізді болатын термометрді қолдануға болады. Сынақ төмендегідей жүргізіледі.

Сулы моншада балқытылған және мұқият араластырылған аппретураға термометрдің шаригін батырамыз, ол жұқа және біртегіс ерітіндіге батады. Термометр ауада суығаннан кейін және балауыз қабаты ккепкеннен кейін термометрді бос пробиркаға іледі. Бұл пробирка суы бар стақанға салынған. Суды 1 С\минут жылдамдықпен қыздырып, термометр шаригінен балқыған балауыздың ең бірінші тамшысы аққан температураны белгілейміз. Тамшылу температурасын белгілеу үшін сынақты екі рет жүргізеді, сонымен қатар екі көрсеткіштің бір бірінен ауытқуы 2 С-дан аспауы керек. Алынған сапа көрсеткіштерін нормативті көрсеткіштермен салыстыру керек.

Аяқ киім үстіне арналған аппретуралардың (нормативі) сапа көрсеткіштері

Құрғақ қылдықтың құрамы......................................................10-18%

Кебу жылдамдығы.....................................................................10-15 мин

Тұтқырлығы (Т-20 С)

Энглер бойынша.......................................................................1,6 сек артық емес

Оствальд бойынша...................................................................3-6 сек артық емес

Жұмыстың нәтижелерін 2-кесте түрінде жазу керек.

 

Жұмыстың нәтижелері 2-кесте

Аппретураның түрі Көрсеткіш Көрсеткіштің түрі Нормативке кестігі туралы қорытынды
сынақтық нормативті
  Кебу жылдамдығы, минут      
  Тұтқырлығы (Т=200С)      
  Тамшылау температурасы      

 

Жұмыстың соңында сыналған аппретураның сипаттамасын, оның құрамын, жарамдылығын, сапа көрсеткіштерінің нормативке сәйкестігін қорындылап жазу керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Қабақша түзгіш заттар мен ерітінкіштердің түрлеріне байланысты аппретураларды қалай жіктейді?

2. Қабықшаның иілімдігін арттыру және аппретураның түсін өзгерту үшін қандай заттар қолданылады?

3. Аппретураларды таңдағанда қандай негізгі ережелерге сүйену керек?

4. Былғары аяқ киім үстін аппретуралау технологиясына қандай негізгі талаптар қойылады?

5. Аппретураның қандай негізгі сапа көрсеткіштерін білесіз?

6. Аппретураның жағу тәсілдерін атаңыз.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1. Зыбин Ю.П. и др. Технология изделий из кожи.,М.,1975.

2. Фукин.. Технология изделий из кожи, том-І, М.,1988.

3. Технология производства обуви.,М.,1978, часть-7.

4. Раяцкас Б.Л. Практикум по технологии изделий из кожи.,М.,1981.

5. Справочник обувщика (технология), под общ.ред. Калиты А.Н.,М. Т,1988.

 

 

Әдістемелік құралды құрастырған:

ассистент Джумабекова Г.Б.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Разбор команд по способностям и краткое описание. | Молитва Преподобному Серафиму Саровскому
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 432 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2282 - | 2063 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.