Қазіргі таңда шетел тілдерін оқуды сол ттілде сөйлеушілердің өмірі мен мәдениетінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал газет БАҚ ретінде мәдениеттің бір бөлігі болып с саналады. Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияларды қолдану, шетелдік басылымдарды пайдалану басты назарда болып отыр. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтарын арттырып, білім сапасы көтерілуде. Сонымен, ағылшын тілін оқытуда кездесетін кейбір проблемалар және оны шешудің жолдарын қарастыруда шетелдік басылымдарды пайдаланудың маңызы өте зор. Шетел тілін қазіргі заманға сай оқыту мәселелері, олардың өзіндік ерекшеліктері, жаңа заманға сай мұғалімнің біліктілігін арттыру, оқушылардың шетел тілін меңгерудегі ынтасын арттыра отырып, олардың сабаққа деген қабілетін көтеру талабы қойылып отыр.
Респуликамыздағы саяси және экономикаалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық-мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейде қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады.
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін – мұғалім.
Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін – мұғалім. Мұғалімнің сабақты неғұрлым жоғары деңгейде жүргізсе, білім деңгейі соғұрлым жоғары болады. Оқытушының қолданған әдіс-тәсілдері балаларға қызықты, түсінуге оңай болуы тиіс. Осы орайда газет материалдарын қолданудың маңызы зор.
Газет тілінің көркем, ғылыми және ауызекі тілден басқаша өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл газеттің негізгі ақпарат құралы ретінде орындайтын әлеуметтік міндетке сай тілдік құралдардың ұзақ уақыт іріктелу нәтижесі.
Қысқа уақыт ішінде соңғы жаңалықтарды баяндау коммуникативтітапсырмалар сипатында бберіледі. Газет көп әр түрлі оқырмандар шеңберіне арналған және өзіне назар аудартатын болуы тиіс. Тілдік кқұралдың жүйесі әр газетте әр түрлі болғанымен, газет стилі басқа сөзстилінен ерекшеленеді.
Басылымдардағы мақалалар көбіне талдауды ұйымдастыратвн және тілді үйренушілердің жеке пікірін қалыптастыру мен оны білдіруге әкелетін мәселелерді қамтиды. Мақала авторлары соның алдындағы басылымдарды таддайдф, немесе қоғамда болып жатқан жаңа процестерді танытып отыратындықтан оқушыларды сөз ойнақылығына және әр ьтүрлі пікірлерден дәлелдеме жасау жолдарына назар аудару мүмкіндігі болады.
Газет мақалаларынджа берілген тақырыпқа байланысты өте көп лексикалық бірліктермен қатар күрделі концепцияларды дәл беретін белгілі клишелер, яғни тұрақты лексиклық тіркестер кездеседі. Сол сияқты онда фразеологиялық тіркестер және идиомалар жиі кездеседі.
Клишелер мен тұрақты лексикалық тіркестерді, сөз құрылымдарын меңгерудің маңызы зор, себебі оқушылар шетел тілінде өз ойларын құрастыруда және білдіруде, әсіресе,һһе күрделі сөйлеуді талап ететін мәселелерді талдауда ана тіліндегі құрылымдар мен тіркестердіөзгеріссіз беру бағытын ұстанады.
Осылайша газет материалдары мәдениетпен, қоғамдағы процестермен, таныстырып қана қоймай, коммуникативті дағдыны дамыту және тілдік коипетенцияны қалыптастыру жұмыстарында материал ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге лексикалық материал нақты халықтың менталитетінің ерекшеліктерін оқып-білу жағдайында іске асырылады және меңгеріледі және оқушының санасында із қалдырады. Қоғамда қазіргі болып жатқан мәселелерді, оларды шешу жолдарын талдау, басқа ортаның даму тенденцияларын өз ортасындағы тенденциялармен салыстыру мүмкіндігі шетел тілін оқу мен оны жете меңгеруде өте күшті стимул бола алады. (1;3-4б.)
Ұлыбританияда 120-ға тарта күнделікті газет бар. Олар аптасына 6 рет басылып шығарылады. Олардың жалпы саны – 15 миллионға жуық дана.
Ағылшындардың ұлттық күнделікті газеттері екіге бөлінеді: «сапалы» газеттер өзінің қатаң, қысқа атауларымен және суреттерінің кішілігімен ерекшеленеді. Ал «танымал» газеттерге ірі жазумен берілетін атаулар, қысқа материалдар және суреттердің көптігі тән. Газеттердің бірінші тобына жататындар «The Times», “Financial Times”, “The Guardian”, “the Daily Telegraph”, ал екінші топқа “Daily Mail”, “Daily Express”, “Daily Mirror”, “The Sun” және т.б. жатады.
«The Times» - Ұлыбританияның күнделікті газеті, әлемдегі танымал газеттердің бірі. Қазіргі таңда «Таймс» Times Newspapers Limited басылып шығарылады және News Corporation корпорациясының жеке меншігі болып табылады. Оның қазіргі басшысы Руперт Мердок (ағылшынша Rupert Murdoch). Жексенбі күндері бұл басылым “The Sunday Times” және үндістандық “The Times of India” деген басылымдар бар.
Джон Уолтер (ағыл. John Walter) 1785 жылы «Таймстың» неізін қалады. Ол кезде газеттің аты «The Daily Universal Register» (Күделікті жаңалықтардың тізімі) болды. Редакторы - Джон Уолтер. 1788 жылдың 1 қаңтарынан бастап, газеттің аты «The Times»-қа ауыстырылды.
«Financial Times» - халықаралық газет. Әлемнің 24 елінде ағылшын тілінде басылып шығарылады. Жалпы тиражы – 450 мың дана. Басты редакциясының штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Pearson PLC медиа-холдингке тиесілі.
2000 жылдан бастап неміс тілінде шығады. Газеттің атауы – «Financial Times Deutschland».
Financial Times қаржы және бизнес әлеміндегі жаңалықтарды басып шығарады.
“The Guardian” – Ұлыбританияның күнделікті басылымы. 1821 жылы “The Manchester Guardian” деген атпен негізін қаланды. 1959 жылы аты “The Guardian” болып ауысты. The Guardian Лейбористік партияны қолдайды.
“Daily Mail” «танымал» газеттердің қатарына жатады. Жалпы тиражы – 1800 мың дана. 1896 жылдан бастап, бұл газет политикалық жаңалықтарды емес, криминалистік сенсацияларды басып шығарады. (2).
Ағылшын газеттерінің ерекшеліктері:
Мақаланың атауы (Headlines) ағылшын газеттерінде қысқа болады және онда артикль, көмекші етістік тәрізді көмекші сөздер алынып барынша қысқартылады. Осыған байланысты онда ұзақ сөздерге қарағанда қысқа сөздер көп қолданылады. Мынандай сөздер жиі қолданылады: cost, deal, ban,hit, get, clash. Сонымен қатар онда ұзақ сөйлемдерге қарағанда күрделі зат есімдерден тұратын фразалар жиі қолданылады. Мысалы, “Japan Leadership Struggle” for “The Leadership Struggle in Japan”, “Bridge Cost” for “The Cost of the Bridge” and “Bank Girl Killer Clues” for “Clues to the Killer of the Girl who Worked in a Bank”.
· Газет мақалаларының атауларында етістіктің жай формалары, соның ішінде көбінесе Present Simple қолданылады: “Japan Leadership Struggle Hots up”, “Bridge Cost Soars”, “Miners Ban Overtime”, “Police Get Bank Girl Killer Clues” and “Action Man Sinatra Dies”. Келер шақты көрсету үшін инфинитив формасы қолданылады: “Agricultural Policy to be Discussed”, “Two Presidents to Meet in September” және Passive form істеушіден гөрі іс-әрекет маңызды болған жағдайда қолданылады: “25 Charged after Clash”.
· Сирек (Rare) және кітаби (bookish) сөздерге метафораға негізделген және эмоционалды бояуы бар мынадай фразалар кіреді: war hysteria, escalation of war, overwhelming majority, a storm of applause. Post attacle cleanup, global hunt for terrorists, a shot of power.:
· Неологизмдер (Neologisms) (кейде мәтін ішінде түсіндірмені талап етеді): stay-in, ride-in, sit-in, break-in, pile-in, lobby-in, non-partizan. Мысалы: to the already well-known sit-ins and teach-ins have been added sing-ins and preach-ins. Teach-in for ford women. {3:21 б.}
· Арнайы саяси және экономикалық терминдерр, мысалы: stability, elections, anti-terror war, military facilities, terrorist network, opinion polls, human rights, budget deficit, immigration, presidential vote, race, opponent, business, security, to devastate, blast.
· Терминдік емес саяси сөздер, мыс.: officials, hostages, kidnappers, protest, breakdown, regime, local terror cells, popularity rating, emergency antiterror funding. Саяси сөздерге тәнбелгі мұнда басқа салаларға қарағанда терминдік және терминдік емес сөздердің айырмашылығының аз болады. Кейбір сөздердің семантикалық құрылымы терминдік те, терминдік емес те болады. Мыс.: crisis, agreement, progressive, nationwide, unity.
· Газет клишелері (Newspaper clichés), i.e., стереотипі сөз тіркестері, оқырманға таныс қарапайым фразалар, мыс.: public opinion, free markets, long-term agreements, a melting pot, to cast a veto over, crucial/pressing problems, zero tolerance, political correctness, to go postal (extremely hostile).
· Abbreviation – қысқарған сөз, сөз жасаудың бір түрі
1. Acronym=құрамындағы сөздердің бас әріптерімен айтылатын қысқарған сөз, мыс.: SARS-severe acute respiratory syndrome
2. Initialism=сөздердің құрамындағы әріптері тұтастай немесе жартылай алынатын қысқарған сөздер, мыс., CD=compact disc
3. Pseudo-blend=құрамындағы артық немесе жоқ әріптері оның нағыз acronym, initialism бола алмайтындығын көрсетеді. UNIFEM – (p) United Nation Devepopment Fund for Women
4. Conversion – лингв.конверсия сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы. Конверсия сөздіктегі бас сөздің сөз табын ауыстыру арқылы жаңа сөз жасайды және ол сөздің морфемалық формасы өзгеріссіз қалады алынған жаңа сөз бұрынғы сөзбен байланысты болса да, олардың айырмашылығы болады. Оның өзінің жаңа сөз табы категориясы бойынша жаңа парадигмасы болады. Мысалы: Splendid room. Мұнда room зат есім. To print – a print, to cut – a cut, nurse – to nurse, love – to love. {4:87 б.}
I was to room with another girl called Jessie, мұнда room етістік.