Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына еңалдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды таққан кездегі кейбір ыңғайсыздықтар оның жоғарғы дәрежедегі тиімділігімен ақталады.
Көз бен бетті қорғайтын қорғаныс құралдары авариялық – құ тқару жұмыстары мен оларды орындаудың ерекшелігіне қарай таңдалады.Осы ған байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді:
желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы мен ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық қорғаныс көзілдіріктері;
ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, тікелей желдетілмейтін жабық қорғаныс көзілдіріктері;
ультракүлгін және инфроқызыл сәулелердің тікелей әсер етуінен қорғайтын тікелей желдетілмейтін және сәулелі сүзгіші бар, реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері.
Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдар
Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері (пневмо –құралдармен, монтажды пистолет және т.б.) айтарлықтай шумен қоса жүреді.
Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуғ а қарсы каскалар мен тығындар жатады.
Шуға қ арсы каскалар басты жарақаттанудан, есту органдарын – жоғарғы жиіліктегі, деңгейі 120 дБ болатын өндірістік шудан қорғауғ а арналған.
Шуға қарсы құлақ қалқандар естуоргандарын – жоғ арғы жиіліктегі, денгейі 115 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған. Сонымен қоса ең ыңғайлысы және кеңінен пайдаланылатыны «Берушкалар». Олар деңгейі 100 - 150 дБ болатын өндірістік шудан, сондай – ақтұрмыстық шудан қорғауға арналған. Шуға қарсы тығындар шуды жұтатын талшықты материалдан жасалады және 4x4 см көлемінде болады. Тығындар конус түрінде оралған және сыртқы есту жолына тығындалады.
Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
Атты ұрылғаннан кейін немесе терең сырылғаннан кейін касканы ауыстыру керек. Касканың зақымдалуы алғашқықарағанда байқаусыз болып тұрса да ауыстырылады.
Сыртқы әсерлерден – ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т.б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады.
Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған. Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс істеу кезіндегі шамадан тыс қызып кетуді болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілген жұмыс істеу уақытын қатаң сақтау керек.
Көлеңкеде, күн бұлт кезде және желді ауа райында қорғаныс құралдарында жұмыс істеу мерзімі екі есе ұлғайтуға болады. Аталған темперетурада екінші рет қорғаныс киімінде жұмыс істеу 30 мин дем алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеу уақытын ұлғайту үшін қорғаныс құралдарын деміл – деміл суытып отыру қажет. Суық сумен, сондай – ақ қорғаныс киімінің сыртынан мақта – маталы экрандар кию керек. Бұл экрандарды жұмыс барысында деміл – деміл сулап тұру қажет. Қорғаныс киімімен қыс уақытында жұмыс істеген кезде қатып қалмас үшін тиісті шаралар қолдану керек: аяққа жылы шұлғау орау немесе шұлық кию керек, ет ікке зығыр шашағын, сабан, қағаз және т.б. салу керек, қорғаныс киімінің ішінен мақталы күртеше, шалбар; басына қорғаныс киімінің астына бас киім киюлері керек.
Сүзгіш қорғаныс құралдары ҚӘУЗ буларын залалсыздандыруға арналған, техникалық құраммен сіңірілген, арнайы материалдардан тігілген киім болып табылады. Құтқарушылар арнайы киімдердің онда ған түрлерін пайдаланады. ҚӘУЗ – ден қорғану тұрғысынаналғанда келесі топтағы қорғаныс киімдері жоғарғы сұранысқа ие:
улы заттардан (сұйық, қатты және аэрозольдардан қорғауға арналған) қорғайтын арнайы киім;
қышқыл ерітінділерінен қорғайтын арнайы киім;
сілтілерден қорғайтын арнайы киім.
Ережеге сәйкес, теріні қорғайтын құралдар қайырмалы бас киімі бар күртеше және жартылай комбенезон түрінде дайындалған.
Авария ошағындағы ҚӘУЗ – ден қорғану үшін негізінен оқшаулағыш типтегі ТҚЖҚҚ қолданылады.
Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар. Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар ретінде қарапайым, су өтпейтінплащтар мен жабулар, сондай – ақ калың әрі мықты материалдан жасалғанпальтолар, мақталы күртешелер және т.б. Аяқты қорғау үшін резина етіктер, ботылар мен галоштарды пайдалануға болады. Егер олар жо қ болса, аяк киімді қалың қағазбен ора п, сыртынан матамен қаптап тастау керек. Қолды қорғауүшін қолда бар барлық резеңке немесе теріден жасалған қолғаптарды пайдалануға болады.