Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 149
Стр. 151
Қазақстанның ашық кітапханасы
Шешем енді «мен» демей «Ақбота екеуміз» деп сөйлейтін болыпты. Реті келіп қалған
жерге «өздерің білесіңдер» дегенді де қыстырмай қалмайды. Шұбар қоржыннан түйнек-
түйнек болып шығып жатқан сәлемдемелердің әрқайсысын қолына алған сайын,
Ақботаны да аузына бір алып қояды:
—
Байғұс бала жалғызсырап жүр ме, әлде неғып жүр...— деп, әлдеқашан үй іші болып
кеткендіктің белгілерін білдіреді.
Жылма-жыл жаңарып, жайқалып, әсем бір ағаштар өседі. Жазғытұрым қаптап шыға
келген жас бұтақтары ауырламайды да, алаламайды да. Әрлі бірге жайқалып, бірге
шаттанады. Көркем тәкаппар шайқалысы сол жаңа жапырақтар мен сол жаңа
бұтақтарының қуанышы ғой. Апа байғұс сол көркем ағаш сияқты.
Ақбота қалай, өзіңді сыйлай біле ме?— дедім, шешімнің азды-көпті күдігі болса, біржола
жоғалсын деп оймен.
—
Құлыным-ау, сол емес пе сүйенерім. Кейде, тіпті сенің бар-жоғыңды ұмытып
кетем,— деді шешем.
Шешеңнің ұмытып кеткені жақсы емес, әрине... Бірақ бұл Ақботаға қояр кінә да емес еді.
Шешем Гуляның үйінде болды. Күн сайын Гулямен бірге келіп, ұзақ отырып қайтады.
Күн сайын Ақбота бірдемеден қысылып қалған жоқ па екен деп, менен сұрайды.
—
Жоқ, апа, тынышжата бер,— деймін.
Бұл жаз белгілері білініп, терезелерге сүңгек тұра бастаған кез еді. Бір жетіден кейін
шешем қайтуға асыға бастады.
—
Соғыс уақыты той, Қайрош... Жата бергенім ұнамаса — деді. Соғыс уақыты ғой
дегенді әдетіне сіңген сөздей айтқандығы сонша, мен таңданған да жоқпын, қайталатқан
да жоқпын.
Шешем «Қайрақты» колхозының бау-бақшалық егістерінің бригадирі екен. Қарамағында
дәл қырық төрт гектар жері болып шықты. Ватикан «мемлекетінің» жері де қырық төрт
гектар... Рим Папасы елші ұстағанмен егін салмайды, жеуді біледі деседі, егуді білмесе
керек. Сондықтан оның не оратынын мен де білмеймін. Дегенмен бірдемені ору үшін
бірдемені егетін де болар... Менің шешем қырық төрт гектар жеріне бау-бақша егіп,
күздігүні соны жинайды.
—
Жеріміз кінаратшылдау ғой, бабын таппасаң, оңай енім бере қоймайды,— деп те
қояды. Сол баптың күні етіп кете ме деген қауіппен қайтуға асығып жүр.
Шешемнің соғыс уақыты ғой дегені мені де асықтырғандай болды:
«Енді біраз күн осында бола тұр»,— дегім келді де, айта алмадым оны.
—
Ақбота да жалғыз қалды ғой,— дейді апам.— Ылғи барып тұрмасам, бала ғой әлі...
Демалыс күнде ылғи колхозға қайтып келеді. Баяғы өзің қашып барған балалар үйі бар еді
ғой, оқулары сол үйде, қақпасынан кіре берген
де саған кездесіп қалардай боламын да, жайраңдап кеп Ақботам құшақтай алғанда, сені
тағы да ұмытып кетем...
Стр. 151 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 150
Стр. 152
Қазақстанның ашық кітапханасы
Шешем үйшілік бір қуаныш күйін дың-дың, қағып, ақырын-ақырын менің құлағыма
құйып кеткісі келеді.
—
Оқуы бітетін уағы да жақындады. Мен бармай, шыға алмас... Асығып жүрген
шығар байғұс бала...— деп, маған тесіле қарайды.
Дәл аттанарда апам түбіт шәлісін басына мықтап орап, белін бекем буынып алып:
—
Қайрош-ау, Ақботаның оқуы немене осы? Өздерің ойласып па едіңдер басында?
Жел мен боран, қар мен жаңбырдың оқуы деген немене болушы еді, өзі?— деді.
Шынында, Ақботаның немене оқып жүргені маған да анық емес еді. Апам өз ойын бір
қобалжуы бардай айтты. Сол қобалжу өз ішіме де кіре бастаса да, апамның көңілін
орнықтыру үшін — огородыңа жаңбыр жауғызып берсе, жел мен боранды маңайыңа
жолатпаса, сол аз ба, апа-ау!..— дей салдым, қалжыңға айналдырып.
Ашып айтылмаған әрбір сөздің ар жағында қалтарысы болатынын аңғаратын шешем одан
арғы ойымды қазбалаған жоқ. Өз сөзімен өзіне жауап бергеніме қанағат етпесе де,
«өздеріңе ұнаса болғаны» дегендей ана көзімен бір қарады да, орнынан турды.
—
Ақбота сені күте білсін. Мына хатты өзіңе естіртіп оқысын,— деп басыңқырай
айттым да, уақыты болса, келіп кетер...— дегенді әдейі босаңдау айттым. Бірақ, ше«шем
менің нені баса айтқым келетінім менен кем түспесе керек.
—
Үйге барысымен-ақ атандырармын,— деді.
Осымен шеше жүрегі де біржола орныққандай болып,
сол күні жүріп кетті. Ағашқа тағы бір жаңа бұтақ қосылды да ұзамай жапырақ жарады, ол
да өзімен бірге жайқалатын болады.
Шешем мен Ақботаға, елдегі апа-қарындастарға жіберейін десем солдат бойында
сұрғылттау түскен суретінен басқа еш нәрсесі жоқ екен. Оларымның да шеттері мұжылып,
шинельден тер өткендей кей жерлеріне су өтіпті. Амал қайсы, жібергенім де сол-ақ болды.
Шешем аңғартқан аз қобалжу соңғы күндерде есіңкіреп барады. Ақбота оқуын бітірген
соң, аудандағы ауа райын бақылап тұратын станцияға бармақ еді. Тығыз түрде келіп
қалған соңғы хатында «қайда жіберілерін бірақ саған бір барып қайтуға рұқсат берер деп
сенемін» депті.
Осы қобалжу екі жетіге айналғанда, ендігі күтуімнің прим жоқтығына да сене бастадым.
Бөлмемізге келген хатқа үрке қарайтын болғанымды байқадым. Осы де қауіппен күткен
сегізінші телеграмма келді. Ақбота қысқа ғана «бара алмаймын» депті. Себебін айтуға дәті
одан алмағандай, бір ауыз сөз қоспаған. Әдетімізге айналып бара жатқан «сүйемдер де»
жоқ. Ақбота айтпаған сүйемінді» бұл жолы телеграф та қоспапты.
Не болды екен деген ой әлденеше құбылып, тұрақты жауабы табылмай тағы біраз күн
өтті. Ойға қонар тұрақты жауаптар аз емес, бірақ өзімнің ойым тұрақтамайды. Енді «бара
алмаймынның» орнына «бара аламын» деген хабар күткендеймін. Олай болмаған күнде,
Ақботаның бұған дейінгі «барым», «сүйем» деп жазған сөздерінің бәрінің артына
«алмаймын» деген бір бәле жалғанып, бұрынғы боладының бәрін болмайдыға
айналдырып жіберетін сияқтанады.
Васяның босанатыны да менің осындай бір кезіме дәл келіп қалды да, мен де майданға
қайтуға асықтым. Аздап көңілсіздік кіріп, жүдеңкіреп те кеткен болуым керек, госпиталь