Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стр. 75 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты




Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 74

 

Стр. 76

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бір, екі... бір, екі...

Бірінші... екінші... Бірінші, екінші...

Әр жерге бөлек-бөлек қатарланған кіші бөлімшелер бәрі үн қосып, кең алап лезде түксиіп

қалды. Енді ұсақ бөлімшелерді біріктіріп, үш бұрыштап батальон ізімен құрып бәріне

ортақ «тыныш тұрыңдар!» деген команда берілді. Мейрам күндері болмаса, жүріске

арналғандай лек-лек болып қатарланбайтынбыз.

Тау жақтан орман арасынан зеңбірекшілер мен ұшқыштардың да қатарланып жатқан

үндері естіледі.

Курс командирі мен комиссар Сомов, қасында бір топ басқа командирлер бар, жинақы

адымдап, ортада турдан мінбеге шықты. Әр жерде аэродромдардан көтерілген самолеттер

лек-лек болып, үстімізден өтіп, батысқа қарай жөнеп барады. Көбі жеңіл самолеттер.

Гүжілдеп, гүрілдеп ауыр самолеттер де өтіп барады. Мен кешегі өзіміз секірген Шегеннің

самолетін танығандаймын. Төртеу, бесеу, алтау... Төменде бал тасыған аралар, таудың ірі

инеліктері еріп жүр. Аспанда лек-лек самолеттер өтіп барады.

Аспандағы самолет гүжілінен де басымырақ шыққан, курс комиссарының даусы шаңқ

етіп шықты. Мотор гүжілі, аспан мен жердегі бар үн тынып қалғандай болды.

Өткен түні Германия фашистері ұрланып келіп, батыс шекараны бұзып өтіп, қазір

еліміздің батысында қан кешкен қырғын соғыс басталды. Жалғыз батыс емес, оңтүстік

жақтағы ірі қалалар бомбаланып жатыр,— деді.

Демалыс күнінің бар ыржаңы бітіп, жауынгер жүзі суынып кетті. Артық бір үн, артық бір

қозғалыс жоқ, қатып қалыппыз. Әр жауынгер өз жүрегінің соғуымен бірге оң жағындағы

жолдасының жүрегі қалай соғып тұрғанын да естігендей. Әрі ауыр, әрі бір қапылысы бар

хал байқалады. Әркім осы күннің боларын біле жүріп, жете әзірленбегендей, қапы

кеткендей, өкініш те бар.

Соғыс!

Қанды қырғын!

Қалалар бомбаланып жатыр.

Комиссардың әрбір сөзі өз алдына сала-сала уақиғаға айналып, бір құшаққа сыймай

барады. Үш жүз миллион халқы бар Батыс Европа қазір жалғыз бізге қарсы аттанғандай,

соғыс түбі қомақты көрінеді. Қаңлы селдер қай жерге дейін ағар, қашан тоқтар. Әрбір

солдат неше мың километр жер жүріп барып, соғыстың шыққан ұясын өртер! Қанды

қырғын адам баласының естіген-білген шеңберіне сияр ма, жоқ па?

Манадан бері өтіп жатқан самолеттер енді тура соғысқа кіргелі кетіп бара жатқандай

көрінеді.

Қош бол, Шеген аға! Сен соғысқа да менен бұрын кірдің. Жолың болсын! Әр

жолыңнан жеңіспен қайт, аман қайт!

Қош бол, Ақбота! Енді екеуміз де кешіктік. Күте гөр дерлік те жай жоқ. Бейбіт

кезде ізіңнен айрылып ем, енді сәлемді жел арқылы айтам ба, сағынышыңды ғана ермек

етермін.

Стр. 76 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 75

 

Стр. 77

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Сонша әдемі ашық күнде түскен жай таңдандырып, үрпиіп тұр. Аспанда бір бұлт жоқ! Дәл

бүгінгі демалыс күні мұндайды күтпеген екеміз.

Жоқ, аспанды бұлт торлағалы қашан! Соғыс аспанын кесек-кесек қара бұлт торлап

алғанын біз күнде керетінбіз. Фашизм тозған дүниенің соңғы дем алысы. Іште шіріген уын

сыртқа шығармасқа амалы жоқ. Өсер дүние қанатын кең жайып, демін еркін алып,

теңіздегі кемедей жайқап есе береді. Өшер дүние жанталасады. Әл-дәрменнен айрылмай

тұрғанда айбар шегіп, азуы әлі мықты екенін көрсеткісі келеді. Мүмкін, осымен өзін

арашалап қалар, мүмкін, тіпті тынысын кеңітіп алар!.. Төсегін түзеп, жастығын

жөндеушілер көбейіп, талай пандар алдында тәжім етіп тұр ғой. Әр күнгі оқыған

сабағымыз, фашизмның қанжары қайраулы екенін құлаққа құятын. Германияның ескі

кегін ту етер ме, дүние құлағына кірерлік ұран іздер ме, қай күнімізді қапыға санар, әңгіме

тек осында сияқтанатын.

Дүние өртінің, жалыны көрінгелі кеп болған. Олай шалқып, бұлай шалқып, қурауы жеткен

елдерін оп-оңай құшағына алып болып, енді міне, біздің шекараға жетті. Батыс

мемлекеттерінің басшылары үйіне ерт келіп қалғанда оны сөндіру амалын істеудің

орнына, ерттің шоғын алып, көршісінің қорасына тастап жатты. Өзі күйсе, өзгенің де бірге

күйгенін тілеген мінез көрсетті. Ақыры, қандасқандар ымыраға келіп өрттің бетін бізге

бұрды. Дүниелік ерт орман демей, үй демей жолындағыны түгел жалмап келеді. Адам

баласының ғасырлар бойы тырнақтап жасаған қазынасы мен қорын қурайдай өртеп, судай

шашып, құтырынып алған. Қанға сусыны қанар да емес, адам етіне тояр да емес. Соғыс

бізге осындай құтырынып алған кезінде кездесті.

Бірінші дүниежүзілік соғыста капиталистер бір солдатты өлтіруге бес жарым-алты тонна

металл төккенін Горькийдің бір есептеп шығарғаны есіме түседі. Ол соғыста отыз

миллион адам қырылып, он миллиард пұт қорғасын, мыс, қола, қалайы, темір шашылған

екен. Қираған қару, құрал дүниелікті есепке алсаңыздар әрбір солдатты өлтіруге жұмсаған

байлықта мөлшер жоқ. Оны жеңген ел де қайырып ала алмайды, жеңілген ел де тауып

бере алмайды. Бірақ капитал дүниесі олай есептемейді. Талай елдер туралап жатса,

капиталистер соғыстан пайда табады. Күректеп түсетін, құйылып-үйіліп қалатын пайда

соғыстан ғана түседі. Сол обырлар дүниелік ертті тағы тұтатып жіберіп, етектерін алтынға

тосып отыр!

Кеше кешке ғана соғыс демалысы жақын деп, өзара біраз айтысып алып ек. Қарсы болған

ешкім болмаса да әрқайсымыз өз болжалымызды айтып, соғыс басталды десе

таңданбайтын сияқты едік. Ол әңгімемізден кейін әлі он екі сағат та өткен жоқ. Соғыс

қақпаны бұзып, қораға кірді. Бірақ:

— Батыс шекарада соғысып жатырмыз!—дегенге ешкім сене алмайтын секілді.

Лақылдап от түкіргенде шығатын соғыс тәңірісі — зеңбірек үні бізге әлі естілген жоқ.

Айналаңдағы маужырап, балқып тұрған жасыл дүние ешбір бүліншілікті сездірмейді де,

тілемейді де. Ойың әлі өз мүдделерінен арылған жоқ, арт жағына қарайлай береді. Көз

алдыңа үлкен бір құрылыс сияқты елің келеді де, бүліншілікке қия алмайсың. Сонау

Балтық теңізінен басталып Ұлы мұхитқа дейін іргесін ашпайтын ұлы құрылысты соғыс

өртіне шалықтыру ойыңа сыймайды.

Алғашқы күндерде от астында қалып, ерсілі-қарсылы жосыған кемпір-шал, бала-шағалар

да бұл бүліншілікке сене алмағандай еді. Елеуіш, оқтауына дейін, тауығы мен үйрегіне

дейін артып алған жұрт, бүгін-ертең үйлеріне қайтатындай, ел маңынан ұзай алмай,

қарайлай беріп жүр. Ауыр бір сандырақ түс, оянып кетсең өзінен-өзі сейілетіндей әлі

үмітін үзген жоқ еді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 345 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2242 - | 2052 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.