Лекции.Орг


Поиск:




Азақтың ұлттық қолөнері




Кіріспе

Қазақ халқының қолөнері – сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармышылық жиынтығын айтады. Қолөнер – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы.

Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен (элемент) құралады. Ғалымдар ою-өрнектердің 200-дей түрін анықтады. Біз халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою өрнектерді сөз етпекпіз. Ою-өрнектердің бұл тобын қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні десекте болады. Өйткені, барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы: қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, төрт құлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қаз табан, т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсірумен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәріндеде мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәндер жасауда жиі қолданылатын мүйіз тектес оюлар. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпелі өмір салты бейнеленген. Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсақ зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады. Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, толықтырады да құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. Мұндай мүйіз тектес ою-өрнектер тізбегін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы үйінің ішкі тіреулерінің төбесімен жалғасқан жерінен көруге болады. Мүйіз тектес ою-өрнектерді бұрын-сонды зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін бейнелеуден шыққан деп түйеді. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс-тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар сол бұйымдардың жеңіл, әрі берік болу жағын қарастырған. Оның үстіне әрбір жануар мен заттың өз бойында қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы композициясы, симметриясымен асимметриясы, колоритімен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады. Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі. Мысалы ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек. Жалпы қазақ халқының оюлары Орта өрнектерімен салыстырғанда композиция қарапайымдылығымен, бояу түсінің ұстамдылығымен, формаларымен ерекшеленеді. Ою-өрнек арқылы халық шеберлері өз ойларын, көңіл күйін жеткізіп отырған. Жаңа ғана атап өткен элементтер ою-өрнектің көркем тілін құрайды. Оның көркем тілі бейнелеу өнеріндегідей бояу түсіне, олардың үндестігіне, сызықтар ырғағына, жарық қатынасына байланысты. Сол секілді ою-өрнектер басты элементтерінің бірі-бояу түсінің де орналасу реті бар. Бояу түстері ырғақты үндестігімен әуенді үйлесіміне байланысты бейнелеу өнеріне жақындайды деп айтуымызға болады. Әр бояу түстерінің үйлесімді шешімдерінен көшпелілердің өмір туралы түсінігі әлеуметтік және ұлттық ерекшеліктері, олардың қуаныштары мен күйініштері көрінеді. Халық шеберлері ырғақты сызықтар үйлесімді бояу түсі айқын формалары арқылы ешқандай перспектива мен жарық қатынастарынсыз-ақ көз қуантарлықтай тамаша өнер шығармаларын тудырған. Осыған орай ою-өрнектердің көркем шешімі оны поэзияға жақындатады дейміз. Ою-өрнектердің бояу түсі шын дүниенің көшірмесі емес,оның шартты ұғымын ғана білдіреді. Қай жағдайда да ою-өрнектегі тұтастық сақталып отырған. Композициядағы тепе-теңдікті, тұтастықпен жинақылықты қайта өрлеу дәуіріндегі классикалық шығармалармен салыстыруға болады.

Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Қазақ халықтың тамаша бұйымдары киіз басу, кілем тоқу өнерлерін білеміз.

Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.

Қазақ халқының қолөнері ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жалғасын тауып келе жатқан бай қазына. Қазақ қолөнері – қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан – қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған.

Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою-өрнек салынған үй жиhазын, ыдыс-аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған. Ер адамдардың жорыққа, аңшылыққа, әйелдердің салтанатқа киетін киімдері аң-құстың бейнелері өрнектелген (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер салу, кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады.

Сауда-саттықтың дамуына, қалалардың өркендеуіне, қала мен ауылдың айырмашылығының азаюына байланысты қолөнердің кейбір дәстүрлі түрлері (теріні, сүйекті, ағашты, кейбір металдың түрлерін көркем өңдеу) қолданудан шығып қалды. Алайда матадан, киізден жасалған тұс кілемдер, басқұрлар, тұскиіздер, т.б. киіз үйдің сәндік жасаулары бұрынғыша дами берді.

Адам баласы жер бетінде пайда болғаннан бастап ағаш алғаш тұтынған материалдың бірі болған. Қазіргі ғылыммен техниканың шарықтап өскен заманда біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орыны үлкен және маңызды материал. Бұрынғы замандардан - ақ адам баласы ағаштың қасиетін жоғары бағалап, ағашқа табынып келген. Енді, осы ағашты өңдеп - безендіріп, әшекейлейтін шеберлер туралы тоқтала кетсек. Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Әсіресе зергерлер, етікшілер т. б. ұсақ-түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе қысы - жазы өзінің тұрғын үйінде немесе жасаушының мекен - жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал-саймандары да көшіп - қонуға қолайлы шағын сыйымды болған. Сондықтан, олар жазды күні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде - ақ істей берген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1158 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

962 - | 932 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.