Гиперплазия – кіреукенің тамшыға ұқсап артықша пайда болуы. Олар тұрақты және сүт тістердің мойын бөлігінде, мөлшері 4 – 5 мм диаметрде болады. Көрінісінен кіреукеге ұқсаған, қырып көргенде кейде дентин түзілісін көреміз. Ешқандай кедергі көрсетпегендіктен, оларға көңіл бөлінбейді. Эстетикалық пайыммен қырып алып тастап, фторлак жағып қоямыз.
Жетілмеген амелогенез – тістердің жетілуімен минерализациясының бұзылуынан келіп шығады. Кіреуке пайда болуы, призмалардың орналасуы бұзылып, олардың ара қашықтығы кеңейіп, аморфты заттармен толады. Ол сүт және тұрақты тістердің түзілісі жүйелі өзгеріп, түсінің өзгеріп, жартылай және толық тіндердің болмауы. Сондықтан тіс сауыты сарғыш тартып, тез жейіліп, дентин ашылып қалады да, термиялық тітіркендіргіштерден ауырады.
Науқастың басқа жүйелерінің ауруы байқалмайды.
Патологиялық үрдіс 4 түрге бөлінеді:
- шамалы сандық және сапалық өзгеріс болады: онда тістер қалыпты формада және мөлшерде, кіреуке тегіс, жылтыр, бірақ сарғыш тартқан не аш – қоңыр түсте, құрамында органикалық заттар көбейген болады.
- өзгерістер айқындалған: тістер өз уақытында шығады, алдын сауыты қалыпты түсте болады, кейіннен 1 – 3 жылда кіреуке бұлың-ғыр тартып, аш – қоңыр түске еніп, кіреуке жоғалады.
- тістер өз уақытында шығады, сауыт мөлшері қалыпты жағдайда болады, кіреуке түсі ақ, бірақ жолақтары көп болады. Кіреуке барлық тістерде тез жоғалып, қоңыр дентин көрініп қалады.
- тістердің көрінісімен мөлшері қалыпты болып, тіс шыққан кезде кіреукенің түсі бор тәрізді болып, жылтыры болмайды, кейбір жерлерде кіреуке болмайды. Механикалық әсерден дентиннен оңай ажрайды да термиялық тітіркендіргіштерге сезімтал келеді.
Жетілмеген дентиногенез – сауыт және түбір дентині жетілме-ген кезде тістер қозғалмалы болып, ерте түсіп қалуына себеп болады. Тістер әдеттегі көріністе және мөлшерде, тіс жегімен кем зақымда-нады, бірақ термиялық тітіркендіргіштерге сезімтал болады. Көбіне гигивит келіп шығады. R суретте тіс түбірлері қалыптаспаған, қыс-қарған болып, айналасындағы тіндер деструкцияға ұшырайды, тіс қуысы болмайды.
Жетілмеген остеогенез – тіс тіндерінде коллагендердің жетіс-пеушілігінен пайда болып, ол тұқым қуалаушылық жолмен дамиды.
Сүт және тұрақты тістер зақымданада.
Тістер шыққаннан кейін кіреуке дентиннен бөлініп, тіс тез жейіледі. Сауыт мөлшері кемейіп кетеді.
Жетілмеген остеогенездің 2 түрі бар:
-тума жетілмеген сүйек пайда болуы – Фролик ауруы;
-сүйек пайда болуының кеш жетілуі, бала туылғаннан кейін шығады – Лобштейн ауруы.
Бірінші түрі екіншісіне қарағанда кем ұшырайды. Көбіне ұл балаларда кездеседі. Мұнда ұзын түтікті сүйектер, қабырға, бұғана сүйектерінің сынуы байқалады. Балалардың бой қысқа, басы жалпақ, үлкен болады. Көптеген сынықтар мүгедектікке алып келеді. Олар-дың көз склерасы көкшіл, керең болып, тіс түзілісі өзгерген болады. Ауырудың негізінде сүйек тіндерінде минералды тұздардың жеткі-ліксіз жиналуынан келіп шығады.
Гипоплазия – тістердің және тіс тіндерінің шала жетілуінен келіп шығады. Ауыр түріне аплазия жатады. Ол тума тісте кіреукенің толық не жартылай болмауы. Гипоплазия бала ағзасында зат алмасу-ының бұзылуының ауыр формасы болып, оның негізінде эндогенді және экзогенді мәнбірлер жатады.
Эндогенді мәнбірлерге – ұрық, тіс жасушаларының ақаулары, ұрық жасушаларына және ағзаларына кері әсер ететін жағдайлар са-налады.
Сонымен қатар гипоплазия баланың рахитпен, ауыр жұқпалы аурулармен, диспепсиямен, эндокрин бездерінің жеткіліксіз жұмысы-нан және ана мен баланың түрлі зат алмасуын бұзатын ауруларының салдарынан болады. Гипоплазия амелобластар мен одонтобластардың қызметінің бұзылуынан келіп шығады. Ол сүт және тұрақты тістерде ұшырайды. Көбіне тұрақты тістерде болады. Сүт тістердің гипоплазиясы жүкті әйел ағзасындағы қызметтердің бұзылуынан болса, ал тұрақты тістердің гипоплазиясы көбіне бала туылғаннан кейін басынан кешірген ауруларына байланысты болады.
Сонымен қатар гипоплазияға бала ауырған кезде қайсы топ тістерінің минерализациясы болып жатса, сол тістердің барлығында ақау пайда болады. Олар тіс сауытының топтарына қарай түрлі жерлерінде кездеседі.
Келіп шығуына қарай гипоплазияны жүйелі, ошақты және жер-гілікті деп бөлеміз.
Клиникасына қарай – кіреукенің түсі өзгерген (дақ түрі), тістің қатты тіндерінің құрылысы өзгерген (толқын сияқты, кесе тәрізді, науа тәрізді), кіреукенің жұқаруы болып бөлінеді.
Нақтамалау кезінде сұрау және қарап тексергеннен басқа люми-ницентті нақтама жасалынады. Ошақты метилен көгімен бояғанда, ол боялмайды. Ал люминицентті шаммен тіске жарық түсіргенде, сау тіндерге қарағанда гиполплазия ошағы көбірек жарық өткізеді.
Гипоплазияда тек кіреуке ғана емес сонымен бірге дентин де жетілмеуі күзетіледі. Мұнда Гетчинсон тістері, Фурнье және Пфлюгер тістері пайда болады.
Гетчинсон тістері – орталық күрек тістер бұрғышқа, не бөшкеге ұқсаған болып, кесу беткейі жарты ай тәрізді болады.
Фурнье тістері – кесу беткейлері тегіс болады, ал сауыты бұрғыш тәрізді болып келеді. Көбіне тума мерезде кездеседі.
Пфлюгер тістері – бірінші үлкен азу тістердің мойын бөлігі жуан, ал төмпешіктері жетілмеген болып, сүйірленіп келеді.
Тетрациклин тістері – түсі сары болып, тіс ұрығының даму кезінде тетрациклин препараттарын қолданғаннан келіп шығады, көп қабылдау кезінде кіреукенің жетілмеуі күзетіледі.
Жүйелі гипоплазия – симмертриялы орналасқан тістерде түрлі мөлшердегі дақтар пайда болады. Тіс кіреукесінің сыртқы беткейі тегіс, жылтыр, уақыт өтуімен дақ үлкеймейді.
Толқын тәрізді кіреуке – жай көзге байқалмайды. Тісті құрға-тып қарағанда көлденең орналасқан білтелерді көреміз. Білтелердің ортасында сызаттар бар.
Емі: Клиникалық көрініске қарай пломбалайды не беткейлер қырып тасталып жарықпен қататын пломба салынады. Препараттау кезінде тістің қатты тіндерін өте шектеулі алып тасталады. Тістер көп жейілгенде жасанды тіс сауытымен қапталады.
Флюороз – су мен топырақта фтордың мөлшері қалыпты жағдайдан көп болғанда пайда болатын эндемиялық ауру.
Фтор адам ағзасының сүйек, тіс және барлық ағзаларының құрамында болады. Флюороздың ерте белгілері болып, тістердің бұзылуы саналады. Судағы ең жоғары мөлшері қалыпты жағдайда 0,8 – 1,2 мг/л саналады. Одан фтордың мөлшері көбейіп кеткенде флюорозға алып келеді. Флюороз болған кезде, тіс тіс жегімен кем бұзылады.
Флюорозбен тұрақты тістер көбірек бұзылады, сүт тістер кем бұзылады. Науқас эндемиялық аймақта тұратын, не бала 3 – 4 жаста эндемиялық аймаққа көшіп келгенде флюорозға ұшырайды. Ол алдымен жоғарғы жақтың күрек және кіші азу тістерінде, кемірек төменгі жақтың күрек және азу тістерінде ұшырайды. Суда фтордың мөлшері 2 мг/л көп болса, тіс ұрығы да флюорозбен зақымдануы, ал 6 мг/л ден көп болса, шыққан тістердің де флюорозға ұшырауы мүмкін.
Фтор төмендегі тағамдардың құрамында өте көп кездеседі: теңіз балықтары, ет өнімдерінде (бауыр, қой еті, сүйек кемігі), жұмырытқа сарыуызында, кейбір дәнді дақылдарда (бидай, арпа, қырқ қабат, қызылша, шәй) және жеміс жидектерде (анар, алма).
Флюороздың келіп шығуына тікелей бұл өнімдерді пайдалану емес, оны су арқылы қабылдау жатады. Сонымен бірге баланың эндокрин жүйесінің аурулары, жұқпалы аурулары да себеп болуы мүмкін.
Флюороздың 5 түрін ажыратады:
1.Штрихты формасы – көбіне жоғарғы күрек тістердің кіреберіс беткейінде бор тәрізді жолақтар болады, мұнда тістің беткейлерінде толқынға ұқсап артықша кіреуке пайда болады;
2.Дақ формасы - әр түрлі үлкендікте тіс кіреукесінде дақтар пайда болады, ол шамалы бөртіп шығады, беті тегіс, жылтыр, көбіне жоғарғы және төменгі күрек тістерде болады.
3.Бор тәрізді теңбіл формасы – кіреукенің түсі бор тәрізді болып тістің барлық беткейі зақымданады. Тістің түсі қоңыр – қара түске дейін өзгереді. Тістер тез жейіле бастайды.
4.Ойықты формасы – бор тәрізді дистрофия мен кіреуке пигментациясы қатты айқындалады. Әр түрлі ойықтар пайда болады, тіс тез жейіледі.
5.Деструкциялы формасы – бұл түрінде суда фтор 1л де 5 мгнан артып кеткенде ұшырайды. Тістер қатты жейіліп, олардың ұштары сынып кетеді, тіс сауыты мүлдем өзгеріп кетеді.
Флюорозда кіреукенің жейілу дәрежелері:
-І дәрежесінде көбіне төменгі жақ күрек тістерінің жейілуі байқалады;
-ІІ дәрежесінде күрек тістер мен азу тістердің төмпешіктері жейіледі;
-ІІІ дәрежесінде күрек тістердің сауыты 1/3 ке жейіледі және азу тістердің төмпешіктері толық жейіледі;
-ІV дәрежесінде күрек тістердің сауыты ½ ге жейіледі және азу тістерде бірталай жейіліп қалады.
Емі: жалпы емі – Ca, F, B, C, D топ витаминдері тағайындалады. Фтордың тамақпен ағзаға түсуін тоқтату қажет;
жергілікті емі – ауырлығына қарай тағайындалады. Тістің қатты тіндеріне 10% глюконат кальций ерітіндісін сіңдіру, электрофорез жолымен ендіру қажет.
Тісті ағарту – пергидрольмен, соңынан кіреукені реминерелиза-ция жасалады, жарықпен қататын пломбалық материалдармен реставрация жасалады. Ауыр жағдайларда жасанды сауыт дайындау қажет.
Фюлороздың алдын алу шаралары:
1. Түрлі концентрациядағы фторлы суларды араластыру арқылы оның мөлшерін азайту;
2. Дефторлайтын су тазарту станцияларын салу;
3. Күкірт қышқылды сазды топырақ, не күйдірілген сүйек арқы-лы суды фильтрлеп тазалау;
4. Балалар ұжымдарын құрамында фторы төмен ауыз сулары-мен қамтамассыз ету;
5. Ауыз суларында фторы кем болған жерлерге, балаларды дем алысқа алып бару;
6. Топырағы мен суында фтордың мөлшері аз болған жерде өсі-рілген көк өністер мен жеміс – жидектерді алып келіп, тамаққа пайдалану.
Жеке флюороздың алдын алу шаралары:
1. Көкірек сүтімен ұзақ уақыт тамақтандыру, қосымша тамақ-тандыруды кеш беру;
2. Құрамында фторы көп тамақ өнімдерін шектеу (теңіз балығы, майлы ет, қою шәй);
3. Тамақтың тепе – теңдігін бақылау, суды сүт және жеміс шырындарына ауыстыру (кальций фторды ағзадан шығаруға көмек көрсетеді);
4. Ағзаны шынықтыру;
5. Суды қайнатып, тұндырып, мұздатып қабылдау.
Мәрмәр ауруы – тума отбасылық остеосклероз. Скелет сүйек-терінің көпшілігінде жайылған остеорсклероз болады. Аурудың қатерлі және қатерсіз түрлері болады.
Қатерсіз ағымында клиникасы ерте анықталмайды. Ал қатерлі ағымында науқаста анемия, қанда фосфор, Са көбейеді, көздің көруі төмендейді, көптеген сынықтармен остеомиелит кездеседі, есіту қа-білеті төмендеп, бет жүйкесі салданады, көкірек қуысының деформа-циясы болады. Жақ – бет аймағында тістердің шығуының аномалия-сы, тістер бор тәрізді түсте болады, дентин жейіліп, сынғыш келеді, тістерді тез жоғалтады. Өз уақытында ортопедиялық көмекке жүгін-бесе, барлық тістерді жоғалтады.
Стейнтон – Капдепон дисплазиясы – ол ата – анасының біреуінен беріледі. Сүт және тұрақты тістер зақымданады. Кіреуке то-лығымен дентиннен ажырап түседі. Дентин қоңыр түсте болып, ұлпа-ның контуры көрініп тұрады. Бірақ сезушеңдік байқалмайды. Жақтар қалыпты дамып, тістердің саны мен шығу мерзімі өзгермейді. Тіс түбірлері жіңішке, қысқа болады. Тіс жегі мен тістер зақымданбаса да, рентген суретінде тіс түбірі өзгерген, жыланкөздер және сарысулы қуыстар болуы мүмкін. Көбіне күрек тістер мен азу тістер зақымданады. Тісте неорганикалық заттар кемейіп, су мөлшері көбейіп кетеді. Тіс ұлпасында коллаген талшықтар көбейіп, қан тамырлар кемейіп кетеді.
Емі: тістер реставрация жасалады жәнеортопедиялық жолмен емделеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіс жегі емес аурулар дегеніміз не?
2. Тіс жегі емес аурулардың қандай түрлері бар?
3. Туа біткен тіс жегі емес ауруларға қайсы аурулар жатады?
4. Туа біткен тіс жегі емес аурулардың этиологиясы?
5. Гипоплазия дегеніміз не?
6. Гиперплазия дегеніміз не?
7. Жетілмеген амелогенез дегеніміз не?
8. Жетілмеген дентиногенез дегеніміз не?
9. Флюороз дегеніміз не?
10. Флюороздың қандай түрлері бар?
11. Мәрмәр ауруы дегеніміз не?
12. Стейнтон – Капдепон дисплазиясы дегеніміз не?