Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тапсырма: Сауалнама жүргізу жоспары

Сабақ тақырыбы: Тарих пен география cабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Б -жаттығу: Ауызша алынған ақпарат туралы сын тұрғысынан ойлау

Бұл жаттығу география мен тарихты білетін аға буын өкілдерінің назарын көлік пен саяхат тақырыбына шоғырландырып, олармен сұхбат жүргізу ретінде орындалады. Ол әртүрлі жас топтарына лайықтап саралануы мүмкін және мұғалімдер мен тренерлер оны кәсіптік даму үшін пайдалана алады. Бұл жаттығуды біліктілікті арттыру курсында тренерлермен қатар, сынып жағдайында балалардың әрекетін бақылап және жазып отыратын мұғалімдер де пайдалана алады.

Мақсаты:

Балалардың оқуы мен танымдық дамуын қалыптастырушы бағалау үшін және әлеуметтік ғылымдағы оқыту үдерісінің бір бөлшегі ретінде куәлардың көмегімен сын тұрғысынан ойлау үдерісін бақылап, жазып отыру. Бұл «Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау» атты 1а-жаттығумен тығыз байланысты және екі жаттығуды да тренерлер мен мұғалімдер үшін қатарынан немесе тізбектеп, ал балалар үшін жеке және біртіндеп өткізуге болады.

Дайындық:

Бұл жаттығудың жекелеген мәліметтерін балалардың көмегімен олардың отбасының үлкендерінің тәжірибесі туралы сұрау кезінде жинауға болады (бұл жағдайда саяхаттар мен көлік туралы, сонымен қатар бұл тәсілді өткен өмірдің басқа қырларын айқындауда да қолдануға болады). Сын тұрғысынан ойлау деректерді әзірлеу мен жинау кезінде, ал кейіннен талдау кезінде пайдаланылады. Іс-әрекет мұғалімдер мен тренерлердің, оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюынан басталады. Ол тарих, география пәндері бойынша электрондық поштаны немесе бейнеконференцияны пайдалану арқылы Қазақстанның басқа аудандарының немесе басқа елдердің балаларымен жалғасуы мүмкін.

Зерттеу аясын айқындау үшін шараны жоспарлау қажет болады, мысалы, зерттеу мектепке дейінгі көлік пен саяхат, жұмыс кезіндегі көлік пен саяхат, отбасылық саяхаттар сияқты тақырыптар бойынша жүргізіле алады. Бастапқыда, егжей-тегжейлі зерделеуге кірісердің алдында, қолда бар деректердің қырларын ашу үшін жоспарлау ортақ болуы мүмкін.

Сондай-ақ, жоспарлау жазып алу мен сақтау үшін қолданылатын технологияны: сандық дыбыс жазу құралдары мен дыбыстық файлдарды айқындау үшін қажет. Дыбыстық файлдарды қоғамдық мұрағаттар мен көпшілік кітапханалардан табуға болады.

тапсырма: Сауалнама жүргізу жоспары

Өткен уақыттарда басқа адамдар жасаған және бізге түзеу үшін ұсынылған фотосуреттер мен суреттердің негізгі айырмашылығы сол - біз біреуге сауал қою арқылы деректерді айқындауға қатыса бастаймыз. Сауалнама жоғары деңгейде жүргізілуі үшін, жүргізілетін сауалнаманың сұрақтары алдын-ала жоспарланып, талқылануы тиіс.

Түрлі буын өкілдерінен (мәселен, ата-ана, ата мен әже) алынған сауалнама уақытпен (тарих) байланысты өзгеріске бағытталуы мүмкін. Немесе түрлі аудандағы көлік пен саяхат арасындағы айырмашылықтар (мәселен, қала мен ел, тау мен жазықтық) мен жергілікті жердің ерекшеліктеріне (география) қатысты болуы мүмкін.

Сауалнама барысында көмек ретінде фотосуреттер мен көрнекіліктерді пайдалануға болады.

Әр сұхбат беруші үшін қанша сұрақ болады? Бір-екі оқушы сұрақ қояды, бір-екі оқушы хатшы ретінде жұмыс істейді, біреуі деректерді жазып отырады.

Сауалнамаға қанша уақыт кетеді? Үдерістен біз нені анықтағымыз келеді? Белгілі бір уақыт ішінде біз барлығына үлгеруіміз керек.

Тарихтан ауызша сауалнаманың үлгісі:

 

Сұхбат берушінің аты: Туған күні: (Неше жаста?)
Отбасы туралы сұрақтан бастаңыз, мысалы…  
Қай жерде туып-өстіңіз?  
Неше бауырыңыз немесе қарындасыңыз бар?  
Ата-анаңыз немен айналысты?  
Саяхаттар пен көлік туралы ерекше сұрақтарды қойып жалғастырыңыз, мысалы…  
Мектепке дейінгі саяхатыңыз қалай өтті?  
Тағы қандай саяхаттарда болдыңыз? Оған жалғыз немесе отбасыңызбен бірге бардыңыз ба?  
Осы сапар кезінде қандай көлік түрін пайдаландыңыз?  
Сізге саяхатқа шығу ұнады ма? Тәжірибеңізбен бөліссеңіз. Ол жайлы, қызықты, есте қаларлықтай болды ма?  
Өткенді еске түсіре отырып, өткен өміріңізде саяхаттар мен көлік қаншалықты өзгергенін сипаттай аласыз ба?  


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дані для розрахунку середньозваженої норми запасу | Тематика семинарских занятий по курсу
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 612 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2310 - | 2034 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.