Қытай философиясының классикалық кезеңі б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында – конфуцийшылдық (жу-цзя) және даосизм (дао-цзя) атты екі басты мектептен басталады. Олармен қоса басқа да көптеген мектептер болды («100 философиялық мектеп» түсінігі кең тараған), соның ішінде инь және ян жайлы ілім (инь-ян цзя,) моизм (мо-цзя), легизм (фа-цзя), софистер (номиналистер – мин-цзя). Көп ғасырлар ішінде билік еткен ағым конфуцийшылдық болды.
Конфуций – (Кун-цзы) (шамамен б.з.д. 551-497 ж.ж.), көне Қытай ойшылы, конфуцийшылдықтың негізін қалаушы. Конфуцийдің негізгі көзқарастары «Лунь юй» («Ой және толғам») кітабында талқыланған. Конфуцийшылдықтың үнді мистицизмінен ерекше айырмашылығы өмірдің күнделікті ағымына көп көңіл бөлу: адамның жоғарғы міндеті осы.
Конфуцийдің айтуынша «адам болудан» басқа маңызды және қиын ештеңе жоқ. Ең «қарапайым» ол отбасылық қатынас, шаруашылық, ал қызмет – ең күрделі болып табылады. Адамның нағыз ұлылығы оның күнделікті ұсақ-түйек заттармен айналысуында. Мұнда конфуцийшылдықтардың «қайырымды адам» - «жэнь» (адамгершілік, адамсүйгіштік) және «сыйластық» ілімдерінің мәні жатыр. Қайырымды адам бірінші орынға парызды, екінші орынға – пайданы қояды.
Даосизм философясы «Дао дэ цзин» трактатында жазылған. Негізін салушы Лао-цзы. Дін ретіндегі даосизмде «дао» түсінігі (жол) басты орын алмайды. «У-вэй» (әрекетсіздік, қарапайымдылық, жаратылыс) және тәндік мәңгілік өмір сүру идеялары басты орында. Конфуцийге қарағанда, Лао-цзы ли -ге (дәстүрге) көп көңіл бөлмеді, өмір үздіксіз рәсім ретінде қиын әрі жасанды. Ал даосизм, керісінше, абсолюттік бастама - дао мен, билеуші және адамдармен келісімде қарапайым табиғи өмір сүру керектігін үйретеді.
Инь-ян - әлемнің әмбебап дуализмі идеясын көрсететін қытай философиясының категориялары: қараңғы бастама (Инь) және оған қарсы - жарық бастама (Ян) іс жүзінде әрдайым қосалқы жүреді. Бастапқыда Инь таудың төменгі көлеңке етегі (солтүстік) не өзен жағалауы мағынасын берді. Кейіннен, бинарлы классификацияның таралуына байланысты, Инь - әйел бастамасы, солтүстік, қараңғылық, өлім, жер және т.б. мағынасына ие болды. Ал, Янь бастапқыда таудың жарық етегі (оңтүстік) - ер бастамасын, оңтүстікті, жарық, өмір, аспан, күн, тақ сандар, және т.б. бейнелейді.
Қытай философиясының ерекшелігі - философтарды ең бірінші ақиқат - билік, мемлекет құрылымы төңірегіндегі мәселелер толғандырды. Адам ақсақалдардың алдында парыздар ретінде «аспан ұлы», қоғам және жанұя мүшесі ретінде қаралды.
Барлық ілім адамның қоғам мүшесі ретінде құндылықты дамуға қызмет жасау керек. Басқаша тілмен келтірсек, қытай философиясы этикалық және саяси бағытта болды. Онда үнді философиясына тән мистицизм жоқ. Өмір, денсаулық Қытайда фундаменталды құндылықтар болды, ал үнді мистицизмі өз мәнінде өмір құндылығының мәнін терістеу болды.
Философия пайда болуының әлеуметтік-тарихи алғышарттары:
«Темір ғасырына» өтумен қоғамның таптарға бөлінуі; ой еңбегінің дене еңбегінен бөлектенуі.
Философия б.з.д.6-5 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия елдерінде қалыптасты.
Ежелгі Үндіде философиялық ойдың қалыптасуының бастауы брахманизммен, яғни брахмандар (абыздар) ілімімен байланысты. Брахманизм ежелгі үнді әдебиеттерінің жиынтығын, құдайлардың құрметіне арналған гимндер жинақтарын құрайтын Ведаларға (санскриттен аударғанда – «білім») негізделген. Барлық ведалық мәтіндер қасиетті кітаптар болып саналған. Ведалық әдебиет б.з,д. 2 мың жылдықтан б.з.д. VI ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Ең ежелгі бөлігі төрт самхиттен (жинақтан) тұрады: Ригведа (гимндер жинағы, арийлердің ән айтуы), Яджурведа (құрбан шалуда айтатын әндер, салт-жора жағы), Самаведа( діни әндер ), Атхарваведа (қарғыс өлең).Кейінірек Ведаларды түсіндіретінәдебиет пайда болды.Оларға жататындар: Брахман (салт-жора мәтіндері), Упанишад, санскр.: ұстаз аяғында отыру(діни-философиялық сипаттағы трактаттар) және Араньяктар (орман кітабы) – құрбан шалу және бөлініп кеткендер үшін өмір сүру ережесі сипатталған. Адамға, оның танымына, өнегелілік жағынан жетілуіне басты мән берілген.
Үнді қоғамына тән сипат – оны мүлдем тұйықталған төрт варнаға бөлінуі (тікелей мағынасында «түс», өйткені, әр варнаның өзіне тән түсті символы болған). Абыз-брахмандардың жоғарғы варнасы («брахман» - құдайға құлшылық ету) ой-парасат жағынан үстемдік етті, соғыс, мемлекет билігі кшатриялардың («кшатрия» – үстемдік, билік) еншісінде болды. Еңбек ету көп санды вайшьялардың («вайшья» - адалдық, тәуелділік) үлесіне тиді.Төртінші варна - щудралар (жұмысшылар, қолөнершілер, үй қызметшісі). Шудралар арийлер емес. Арийлер бірінші үш варнаның мүшелері болды. Бірақ шудралардың бәрі бірдей құл болған жоқ. Құл – «даса» (қоғамның ерекше әлеуметтік тобы).
Ведалық философияның негізгі ұғымдары: 1) брахман -әмбебап, жекесіз дүниелік жан, рухани бастау, одан бүкіл дүние өзінің барлық элементтерімен пайда болады; 2) атман – жеке жан, субъективті рухани бастау, “Мен”. Брахман және атман бір-біріне ұқсас, бірақ олар біріне-бірі қарсы тұрады: брахман индивидте өзін өзі таниды және сол арқылы атманға өтеді, соған айналады; 3) сансара -өмірдің дөңгеленіп айналуы. Адамның өмірін жандардың шексіз қайта туудың белгілі бір нысаны ретінде түсінеді; 4) карма – жазмыш заңы. Адамның болашақта дүниеге келуі карма заңымен айқындалады. Адамның болашағы – адам бұрынғы өмірінде жасаған істері мен әрекеттерінің нәтижесі. Жақсы өмір салтын ұстанған адам болашақ өмірде ең жоғарғы Варнаның өкілі ретінде дүниеге келеді: (сословиелер): брахман (діни қызметкер), кшатриялар (жауынгер немесе билік өкілі) немесе вайшья (жер иеленуші, қолөнерші немесе саудагер). Кім дұрыс өмір салтын ұстанбаса, болашақта кедей Варнаның тағдырын еншілейді –щудралар (қарапайым халық) немесе одан да төмен, оның “атманы” жануардың денесіне тап болуы мүмкін; 5) дхарма – адамның мінез-құлқын айқындайтын өнегелілік заңы; 6) нирвана – адамды “объектілер мен құмарлық дүниесінен” босату, жетілудің жай-күйі, қайта туудың тоқтатылуы, азаптанушылықтың тоқтатылуы; 7) девояна (құдай жолдары) – Атман мен Брахманның теңдестірлуіне бастар жол, адамның өзін-өзі пайымдау жолы, өзінің жеке әлсіздіктерін сезіну, өзін-өзі жеңуге деген ұмтылушылық, жер бетіндегі рахат атаулы мен игіліктерді, жердегі өмірдің мәнін аңғару. Бұл самсара шеңберінен шығуға, Карманың ықпалынан босануға мүмкіндік береді, яғни адам өзінің тағдырының қожасы болады, өз бақытының “ұстасына” айналады Ежелгі үнді философиясы арнайы үнді терминімен – “даршана” (“ақиқатты көру”) болып белгіленді.
Тұтастай алғанда үнді философиясында тоғыз мектеп бар – джайнизм, буддизм, чарвака, санкхья, нъяя, вайшешика, йога, миманса, веданта. Барлық даршаналар ведалық дәстүрге қатынастың белгісімен қалыптасты. Мұндай қатынас даршаналардың дәстүрлік топтастырылуының негізінде орнықты.
• астика – бұл санкхья, нъяя, вайшешика, йога, миманса, веданта (Ведалардың беделін мойындайды, ортодоксальды деп есептеледі);
• настика – бұл джайнизм, буддизм, чарвака (Ведалардың беделін мойындамайды, ортодоксальды емес деп есептеледі).
Джайнизм – аскеттік қозғалыс (ахимса принципі).Негізін қалаған Вардхамана, кейін Махавира(ұлы батыр),Джина (жеңімпаз)деп аталды.
Буддизм әрі дін, әрі философия. Үндістанда б.з.д. VI- б.з.д. V ғғ-да этикалық ілім ретінде дүниеге келді. Б.з.д. III ғасырда ресми дінге, идеологияға айналды. Қазіргі заманда Шри-Ланка, Жапонияда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т.б. елдерде таралған. Буддизмді 1 млрд-қа жуық адам ұстанады.
Буддизмнің негізін қалаған Сиддхартха Гаутама, кейін Будда /сергектенген/ деп аталған. Будда айтуынша, адамның өмірі - қайғы-қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Қасіреттен құтылудың бірден-бір жолы – сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт ақиқат білуі қажет.
Будданың төрт ақиқаты:
1. Өмір – қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, кажетіңе жете алмау және т.б. осылар бәрі – қасірет.
2. Қасіреттің пайда болуы себептері туралы ақиқатты білу. Ол -адамның өмірге, ләзаттқа құштарлығы.
3. Қиыншылықтан құтылудың жолы бар.
4. Қиыншылықтан құтылу жолдарын білу.
Ол үшін сегіз қағиданы орындау немесе «сегіз жолдан» өту керек:
1. дұрыс жол – төрт ақиқатты дұрыс түсіну
2. дұрыс шешім – төрт ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер
3. дұрыс сөз - өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау
4. дұрыс іс-әрекет – ешкандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашык болу
5. дұрыс тұрмыс қалпы – адал еңбек етуді әдетке айналдыру
6. дұрыс қүш жұмсау – жаман оймен қүресу
7. дұрыс ой бағыты – дүниенің жалған, уақытша екенің түсіну
8. дұрыс жинақтала білу - өз дененді сезінуден, ойлаудан, туйсінуден арылу – немесе нирванаға жету
Веданта Ведалардың жоғары беделін және ведалық әдебиетті, оның ішінде Упанишадты тұтастай әрі толықтай мойындайды. Веданта нағыз ақиқаттың қайнар көзі құдай, дүниенің мәні, өмірдің мағынасы туралы жаратылыстан тыс ашылу деп есептейді. Веданта құдайды жаратушы деп біледі, өлгеннің кейінгі жанның болатындығына сенеді, алғашқы рухани тұлға деп атманды – брахманды есептейді.
Мимансаның ведантадан ерекшелігі құдайды жаратушы ретінде мойындамайды, бірақ көп жағынан оған жақын келеді.
Йога, санкхья, ньяя, вайшешика да сондай-ақ құдайды жаратушы деп мойындамайды. Бірақ оның миманса мен веданттан айырмашылығы бұл даршаналар өзінің дүниетанымын өзіндік принциптерге құрады. Осы барлық бес даршана өлгеннен кейін өмір барына сенеді.
Барлық даршаналардан чарвака –локаятаның ерекшелігі Веданы теріске шығарады, өлімнен кейін өмір барына сенбейді, барлық жағдайларда құдай барын жоққа шығарады және өзінің ілімін материяның бірінші болуына және сананың екінші тұруына деген танымға негіздейді. Бұл ежелгі үнділік материализм. “Чарвака” термині онша түсінікті емес. Нұсқалардың біріне қарағанда бұл әлдебір дана адамның бастапқы есімі тәрізді. Ал басқа болжамға қарағанда “Чарвака” “чарв” (жеу, шайнау) сөзінен шыққан, сондықтан чарвакалар деп гедонизмді уағыздағандарды атаған. Үшінші нұсқаға сәйкес “чарвака” термині “чару” (ұнамды) және “вак” (сөз) сөзінен шыққан, сонымен чарваканы “тапқыр, ұнамды сөз” деуге болады. “Локаята” термині “кәдімгі адамдардың көзқарасы” дегенді білдіреді. Чарвакалар – атеистер. Чарвакалар өмірдің мәні бақыт деп біледі, ал бақыт – сүйсіну, қанағаттану. Сана – материяға тән қасиет, ол екінші.
Ежелгі Үндістанның философиялық жүйелерінің басым көпшілігі пессимистілік (өмірден торығушылық) сарында болып келеді. Өмірден түңіліп, дүниені қанағат етпейді. Өмірді трагедия деп біледі, үнді философиясы азап шегушіліктің себептері туралы және азаптанудың өзі туралы айтып қана қоймайды, сонымен қатар азаптануды қалай тоқтатуға болатындығының жолын көрсетеді – бұл өнегелілік жетілу, тіршілік атуауыны қорғау, ешкімге зұлымдық жасамау, басқаның меншігін құрметтеу, әділдік, ерікті кедейшіліктегі өмір, парасаттылық. Өмірдің ең биік мақсаты – дүниені азаптанудан босату және жадыраған әрі мейірімді жай-күйге жету.
Ежелгі қытай философиясы. Ежелгі Қытай философиясының бастаулары – ежелгі қолжазбалар, кітаптар. “И цзин” (“Өзгерістер кітабы”), оған түсіндірмелер, “Ши цзин” (“Өлеңдер каноны”) Қытай үшін Үндістандағы Упанишадтай мәнге ие болды. Қытай философиясы өзінің пайда болу жағынан батыстық үлгіден ерекшеленеді. Оның өзегі мынадай үштік болып табыалды: “білім - әрекет - өнегелілік”. Қытайдағы философия ең алдымен этика және саясат. Білім ең алдымен өнегелілік жетілуге жол ретінде бағаланады. Ең жоғары білім – бұл ұлы адамдардың жақсы істері мен отбасынан сарайға дейінгі қоғамның барлық сатыларындағы мінез-құлық ережелері туралы білім. Елді басқару өнері мен әскери өнер маңызға ие болды. Білімнің қалған барлық басқа түрлері: математика, астрономия, медицина және т.б. кейінгі орында болды.
Қытайдағы философия дінге бағынышты болған жоқ, және де құдайға құлшылық етудің қызметшісі де болмады. Керісінше, дінде философиялық негіз болды, бұл қоғамның көңілінен шығу үшін жасалды.
Негізгі философиялық идеялар: дүниенің бес бірінші элементтері туралы дөрекі материалистік идеялар (синде) – металл, ағаш, су, от, жер; қарама-қарсы бастаулар туралы – Инь (әйел бастауы, қараңғы, ауыр) және Ян (еркек, жарық, жеңіл); жаратылыс заңы туралы (Дао).
Тұтастай алғанда, қытай философиясы қытайдың ұлттық сипатының өзіне тән ерекшеліктерін, әлеуметтік өмірдік ерекшеліктерін – патриархальдықты, прагматизмді, күнделікті тіршілікке мән беру, жер бетіндегі өмірді көрсетеді, бірақ басқа дүние жағын қамтымайды.
Негізгі философиялық ілімдер: даосизм және конфуцийшылдық.
Даосизм – негізін салушы Лао-цзы (Конфуцияының аға толқын замандасы) –б.з.д. 5ғ., “Дао дэ цзин” (б.з.д. V- б.з.д. IV ғғ.) оның бір бөлігі Лао-цзыдың өзіне тиесілі, ал ендібір бөлігі оның шәкірттерінің еншісіне тиеді. Трактаттың атауын былайша айқындауға болады: Дао – Жол, дэ – Даоның көрініс табуы, цзин – беделділік, классикалық жазбаға жатуы (“Жол және оның пайда болулары туралы кітап”), онда дүниенің, болмыстың және болмысқа жатпайтынның, адамзат қоғамының және жеке тұлғаның тіршілік ету проблемасы қойылған. “Білетін адам үндемейді, ал білмейтін адам сөйлемпаз” – даосизмнің негізгі каноны осы.
Нағыз жол бар, ол заң және негіз, ең жоғарғы бірінші прницип, әлемдік субстанция, барлық болмыстың қайнаркөзі – Дао. Әлем, адамдарың өмірі рухпен, немесе көктің еркімен емес, Даомен басқарылады. Дао көзге көрінбейді және ол өзінше (субстанция ретінде) болмайды, бірақ әркез заттың түбінде жатады. Сондықтан Дао – болмыс емес және бір мезгілдегі болмыс та емес.
Дүниеде бәрі қозғалыста болады, тұрақты өзгереді. Дао іс-әрекетте – дэ (күш). Даму қанша жерден жүрмесе де, әділдік әрқашан салтанат құрады. Осындай заңдылық бар, осыдан келіп даосизмнің басты принципі шығады – у-вэй (әрекетсіздік) – адам заттың табиғи қозғалысына араласпауы тиіс. Даосизм – бұл тек жай ғана философиялық жүйе ғана емес, ол айырықша өмір салты, өмірлік даналық, сенімді өмірлік бағыт. Даостар үшін идеальды жай-күй Даомен кірігу (мин – жарықтану). Даос өмірде парықсызды емес, тіпті зұлымдықты да емес, керісінше мәңгілік және өлмейтіндерді бағалайды, болмыстың ұлы тыныштығына көлеңке түсірмейді.
Конфуциялық – ежелгі қытай философиясының негізін салушы әрі қытайдың рухани бейнесін құрушы Чжун Ни немесе Кун Фу цзы болды, ол Еуропада дүниеден өткеннен кейін екі мың жылдықтан соң Конфуциус (Конфуций) (б.з.д. 551 ж. –б.з.д. 479 ж. дейін) деген атпен белгілі болды.
Конфуция ілімінде негізгі орынды адамның өнегелілік табиғаты, мораль, отбасы, мемлекетті басқару алады. Оның ілімінде космогонияның, онтологияның, гнесеологияның, логиканың, метафизиканың проблемалары бастапқы сатысында ғана болды.
Конфуция ілімінде “аспан” және “аспан (көк) құдыреті” тұжырымы бастапқы бастау деп есептеуге болады. Аспан – жекесіз күш. Тағдыр, заң, ең жоғарғы рухани күш. Конфуциялықта Дао – этикалық нормалар негізіндегі өнегелілік жетілу мен басқарудың жолы.
Конфуций әлеуметтік-өнегелілік идеал деп өткенді есептеді. Конфуцияның ең жоғарғы өнегелілік императиві: “Өзіңе тілемегенді өгеге істей көрме”. “Алтын орта” ұғымы адамның мінез-құлқын реттейді. Адамдықтың негізін ата-анаға және жасы үлкенге көрсетілетін құрмет құрайды (“сяо”). Құрмет көрсетушілік - әлеуметтік тәртіп атаулының негізі. Конфуций этикасы адамдарды мынадай топтарға бөлуге негізделген: “парасатты ерлер” – цзюнь-цзы (жоғары өнегелі адамдар, ақсүйектер), қарапайым адамдар – жэнь (цзюнь-цзы мен сяо-жэнь арасындағы) және “кедей адамдар” – сяо-жэнь (меркантильді адамдар). “Парасатты ер” өмірінің мәні Даоның жетістігі, “жэнь” (адамдық) және вэнь (ішкі мәдениет) болып табылады. Ежелгі дәуірде қалыптасқан дәстүрлерді сақтау кейінгі ұрпақ үшін маңызды болып табылады. Конфуций әкелген сауаттылық пен білімнің талабы жетілген қоғамның атрибуты болып табылады. Конфуций өнегеліліктің балық өлшемдерін ортақ мінез-құлық жүйесіне – “лиге” біріктірді,бұл қоғамда қабылданған ережелерді сыйлау, салт-дәстүрді ұстану, сыпайылықты білдіреді.
Конфуцийдың мемлекетті басқару туралы іліміне басты қарсылық білдіргендер легистер(заңшылдар) болды.Бұл мектептің өкілдері Сюнь-цзы, Хан-фэн және басқалар.Олардың пікірінше, адам табиғатына эгоизм тән,сондықтан оны заң(фа) арқылы қатаң жазалап отыру қажет.
Бұлардан басқа моистер мектебі болды. Моизмнің негізін қалаған Мо-цзы.Ол қара халықтан шыққандықтан,адамдарды ақ сүйектер мен қара сүйектерге бөлген Конфуций іліміне қарсы шықты.Мо-цзы өз ілімінің негізіне жаппай сүйіспеншілікті қойды.
Тестер:
1. Ежелгі Үнді философиясында карма түсінігі:
А) болмыстың мәңгі заңы
В) танымның мәңгі заңы