Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Диспансерлік бақылау




Диетаны сақтау және физикалық жүктемені 6 айға дейін шектеу.

 

 

Дизентерия

Дизентерия —шигелла туыстастығының бактерияларымен шақырылатын, дистальді колит пен интоксикация симптомдарымен сипатталатын, фекальді-оральді механизммен таралатын антропонозды инфекциялық ауру.

Этиологиясы

Ø Қоздырғышы — Shigella туыстастығына жататын, Enterobacteriaceae туқымдастығының грамм теріс бактериясы.

Ø 4 тобы(А, В, С, D) және 4 түрі ажыратылады — S. Dysenteriae,S.flexneri, S. boydii, S. sonnei.

Ø Дезинтфектанттар қалыпты концентрацияда шигелланның тіршілігін тез жояды..

Эпидемиологиясы

Ø Эпидпроцесстің I звеносы: инфекция көзі науқас және бактерия тасымалдаушы адамдар.

Ø Эпидпроцесстің II звеносы: берілу механизмі — фекальді-оральды.

Таралу жолы — су, тағамдық және тұрмыстық-жанасу.

Ø Эпидпроцесстің III звеносы: кабылдаушылық жалпыға бірдей.

Ø Маусымдылығы: жаз-күз.

Клиникалық көрінісі

Ø Жіктелуі:

1. Жедел дизентерия:

- колиттік нұсқасы (типтік);

- гастроэнтероколиттік нұсқасы (атиптік);

- гастроэнтериттік (атипті).

2. Созылмалы дизентерия:

- рецидивті;

- үзіліссіз.

3. Бактериятасмалдаушылық:

- субклиникалық;

- реконвалесцентті.

Ø Ауру кезеңдері:

1. Инкубациялық кезең – 1- 7 күн (орташа - 2—3 күн).

2. Продромальді кезең.

3. Өршу кезеңі.

4. Реконвалесцентті кезең.

Колиттік нұсқасының типтік ағымы:

Басталуы: жедел дене қызуының 38-39 °С көтерілуі, қалтырау, бас ауру және апатия бірнеше күн сақталуы мүмкін.

Өршу кезеңі:

Ø сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі;

Ø алғашында жиі сұйық нәжіс (тәулігіне 10 ретке дейін), кейін– нәжіссіз түрде «ректальді түкірік» тәрізді;

Ø тән ерекшелігі – нәжістегі патологиялық өзгерістер (шырыш, қан);

Ø ауыр ағымында– тенезм (тік ішек аймағындағы созылмалы қатты ауру сезімі), жалған шақыртулар;

Ø пальпацияда –сигма тәрізді ішекте спазмды ауру сезімі.

Гастроэнтероколиттік нұсканың ерекшеліктері:

Ø жүрек айну мен құсудың ерте пайда болуы,

Ø іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі.

Ø аурудың 2-3-күні энтереколиттің белгілері көрінеді.

Гастроэнтериттік нұсқаның ерекшелігі:

Ø клиникалық белгілерінің жедел дамуы, сальмонеллез және ТТИ кезіндегі симптомдарға ұқсайды;

Ø көп реттік құсу және жиі сұық нәжіс сусыздануға әкеледі..

Ø кейін тоқ ішекте зақымдану симптомдары байқалмайды (осы нұсқаның ерекше белгісі).

Жедел дизантериямен науқасты зерттеу жоспары:

1. Жалпы қан анализі.

2. Жалпы зәр анализі.

3. Копроцитограмма.

4. Нәжісті бактериологиялық зерттеу(копрокультура).

5. Серологиялық әдіс (ТЕГАР, АР, ИФА). Сарысуда антидене титрі 4 реттен көп жоғарлайды.

6. Экспресс-диагностика (люминесцентті микроскопия).

7. Ректороманоскопия.

Дизентерия емі:

Ø Эпидемиялық және клиникалық көріністері бойынша госпитплизациялау.

Ø Емдәм (№ 4 стол).

Ø Этиотропты терапия (сульфаниламидтер, тетрациклиндер, ампициллин, цефалоспориндер, ауыр ағымында – фторхинолондар).

Ø Дезинтоксикациялық және симптоматикалық терапия.

 

САЛЬМОНЕЛЛЁЗ

Сальмонеллёз — сальмонелла бактерияларымен шақырылатын, фекальды-оральды механизммен берілетін, интоксикация және гастроэнтеритің дамуымен, сирек сүзек және септикопиемиялық ағымды жайылмалы түрлерінде өтетін жедел антропозоонозды ауру.

Этиологиясы

Ø Қоздырғышы — Salmonella тұқымдастығының Enterobacteriaceae туыстастығының грамм теріс таяқша.

Ø Сальмонеллез көбінесе шақырылатын түрлері: S. typhimurium, S. enteritidis, S. рапата, S. infantis, S. newport, S. agona, S. derby, S. London.

Ø Сальмонелла ұзақ уақыт сыртқы ортада, сүт және ет өнімдерінде сақталады.

Эпидемиология

Ø Эпидпроцесстің I звеносы: инфекция көзі адам және жануар (науқас немесе бактериятасмалдаушы).

Ø Эпидпроцесстің II звеносы: инфекцияның берілу механизмі — фекальды-оральды.

Таралу жолы —тағам, су, тұрмыстық-жанасу. Шаңды-ауалы жолмен де берілуі мүмкін.

Ø Эпидпроцесстің III звеносы: адамдарда жоғары қабылдаушылық.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 768 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2565 - | 2376 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.