спирография//
бронхоскопия//
бронхография//
пикфлоуметрия//
рентгенография
***
Бала 3 жаста, тыныс алуының қиындауына, жөтелге шағымданып келіп түсті. 7 күн бұрын ауырған, катаральды көріністер дамыған, дене қызуы t -38,6оС. Ауруының үшінші күнінде құрғақ жөтел және ентігу дамыған. Анамнезінде: атопиялық диатездің көрінісі бар. Жалпы жағдайы ауыр, ІІ дәрежелі тыныс жетіспеушілігімен байланысты. Тыныс алуы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен, тыныс шығаруы шулы, қиындаған. Тынысы әлсіреген, көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар естілуде, тыныс жиілігі 32 рет минутына. Алдын ала диагнозыңыз://
плеврит//
жедел бронхит//
жедел пневмония//
жедел бронхиолит//
жедел обструктивті бронхит
***
8 жастағы бала, жағдайы ІІ дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, интоксикация есебінен ауыр күйінде ауруханаға жеткізілді. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы қиындаған. Өкпесінде перкуторлы өкпе дыбысы қораптық реңмен, аускультативті шулы тыныс шығарумен әлсіреген тыныс, көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз://
плеврит//
жедел бронхит//
жедел пневмония//
жедел бронхиолит//
жедел обструктивті бронхит
***
2 жастағы бала, 5 күн бойына қызбасы болған. Жағдайы ауыр, дене температурасы - 38,5 С, ылғалды жөтел, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, танаулары кернелген, көз астында көгерулер бар. Өкпесінде - оң жақта жауырын бұрышының астында өкпе дыбысының жергілікті қысқарғандығы, сол жерде әлсіреген тыныс фонында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз://
плеврит//
жедел бронхит//
жедел пневмония//
жедел бронхиолит//
обструктивті синдроммен жедел бронхит
***
5 айлық бала, ауруханаға тыныс жетіспеушілігі есебінен ауыр жағдайда келіп түсті, ТЖ-84 рет мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, эксикозбен токсикоз бар. Өкпе үстінде қороптық дыбыс, аускультативті – ұзарған және қиындаған тыныс, өкпенің барлық аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммада: лейкоцитоз. Сіздің диагнозыңыз://
плеврит//
жедел пневмония//
жедел бронхит//
жедел бронхиолит//
обтруктивті синдроммен жедел бронхит
***
5 айлық бала, t-38оС, 3 күн жөтелді. Қазір құрғақ жөтел мазалайды. Аускультативті: құрғақ ызыңды және ылғалды орта көпіршікті сырылдар, қатаң тыныс естіледі. Сіздің диагнозыңыз://
плеврит//
едел бронхит//
жедел пневмония//
жедел бронхиолит//
крупозды пневмония
***
5 айлық бала. Өмірінің бірінші аптасынан бастап тұрақты көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Перкуторлы өкпе үстінен өкпе дыбысының қысқаруы және тұйықталу аймақтар анықталуда, аускультативті – екі жақты ылғалды әртүрлі калиберлі және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі көп мөлшерде, сасық, жалтырақ құмалақты, жабысқақ, тәулігін 8 ретке дейін. Сіздің алдын ала диагнозыңыз://
ошақты пневмония//
обструктивті бронхит//
жедел жәй бронхит//
рецидивті бронхит//
муковисцидоз өкпелік-ішектік түрі
***
10 айлық бала., дене салмағы 7200 г. анорексия, адинамияға шағымданады. Жағдайы ауыр. Дене қызуы 37,2. Терісі бозғылт, акроцианоз. Өкпесінде әлсіреген тыныс, өкпенің төменгі аймақтарында аз ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз://
жедел бронхит//
жедел пневмония//
созылмалы бронхит//
обструктивті бронхит//
сегментарлық ателектаз
***
12 айлық балада қызба, терісі бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, аралас типте ентігу байқалды. Өкпесінде екі жақта төменгі аймақтарында әлсіреген тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар, жүрек үндері кереңделген, тахикардия. Алдын ала қоятын диагноз://
жедел бронхит//
обструктивті бронхит//
оң жақ төменгі бөліктік пневмония//
екі жақты ошақты пневмония//
оң жақты сегментарлық пневмония
***
5 жастағы қыз балада дене қызуы 380С дейін кенен көтерілген, түнгі кезде жөтел, әлсіздік, тершеңдік мазалаған. ТЖ 40 р мин. Бұл жағдайда аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ ақпаратты?//
спирография//
бронхоскопия//
бронхография//
пикфлоуметрия//
рентгенография
***
5 жастағы баланың дене қызуы түнде 390С дейін көтерілген, бұл жағдай 4 күн бойы сақталған. Әлсіздік, дем шығару қиындауы мазалауда. ТЖ 38-40 р мин. Қақырықты бактериологиялық себуде пневмококктың бета-лактамаза өндіретін штаммдары анықталған. Емдегенде мына препаратты қолданған ең тиімді://
феноксиметилпенициллин//
амоксициллин клавулан қышқылымен//
амоксициллин//
ампициллин//
азитромицин
***
5 жастағы баланың дене қызуы түнде 380С дейін көтерілген, бұл жағдай 3күн бойы сақталған. Әлсіздік мазалауда. ТЖ 35-36 р мин. Қақырықты бактериологиялық себуде микоплазма анықталған. Бұл пневмонияны мына препаратпен емдеген жөн://
табиғи пенициллиндер//
макролидтер//
жартылай синтетикалық пенициллиндер//
1 ұрпақ цефалоспориндері//
аминогликозидтер
***
Тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық критерийі болып табылады://
перкуторлық дыбыстың қысқаруы//
ентігу, кеуде торының ойыс жерлерінің тартылуы//
амфорикалық тыныс//
дауыс дірілінің күшеюі//
құрғақ және ылғалды сырылдар
***
Пневмонияға тән жедел тыныс жеткіліксіздігінің симптомдары://
аралас ентігу, ерінмұрын үшбұрышының цианозы//
дөрекі үрген жөтел, инспираторлы ентігу//
кенеттен пайда болатын ентігу ұстамасы//
түн ішінде болатын дем шығарудың қиындауымен болатын тұншығу ұстамалары//
суық тер, бүйіріндегі қатты ауыру өкпенің төменгі бөліктеріндегі тұйық дыбыс
***
3 жасар бала ЖРВИ-мен ауырады. Аурудың 5-ші күнінде жағдайы нашарлады, дене қызуы қайтадан 37,50С дейін жоғарылады, жөтелі күшейді. Өкпеде қатаң тыныс, барлық аймақта құрғақ және аздаған ылғалды ірі және орта көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз?//
жедел пневмония//
көмей стенозымен болатын ларингит//
бронхиолит//
жедел бронхит//
фарингит
***
13 жасар балада стандартты глюкозаға төзімділік сынағы келесідей болды: аш қарынға глюкоза – 5,5 ммоль/л, 30 мин соң 11,2 ммоль/л, 60 мин соң – 12,5 ммоль/л, 120 мин кейін – 9,6 ммоль/л. Қант қисығының түрін анықтаңыз://
күмәнді//
гипогликемиялық//
гипергликемиялық//
нормогликемиялық//
гиперинсулинемиялық
***
12 жастағы қыздақант диабетінің ауыр түрі. Қант диабетінің ауыр ағымына тәнбелгіні таңдаңыз://
шөлдеу//
полиурия//
кетоацидоз//
салмақтың төмендеуі//
тәбеттің жоғарылауы
***
12 жасар ұл балада 2-3 жастан бастап бойы өспей қалды, инфантилді дене бітімі, жыныстық дамуда қалыс қалады, дене ұзындығы 111 см, сүйек жасы 5 жасқа сай. Салмағы 21,5 кг. Соматотропты гормон төмен. Болжам диагноз://
гипохондроплазия//
гипофизарлы нанизм//
туа пайда болған гипотиреоз//
примордиалды нанизм//
шерешевский-тернер синдромы
***
Жасар ұл балада 2-3 жастан бастап бойы өспей қалды, инфантилді дене бітімі, жыныстық дамуда қалыс қалады, дене ұзындығы 111 см, сүйек жасы 5 жасқа сай. Салмағы 21,5 кг. Соматотропты гормон төмен. Диагноз: Гипофизарлы нанизм.
Емдеуде ең алдымен қолданылатын препарат://
кортикостероидтар//
жыныс гормондары//
тиреоидты гормондар//
соматотропин препараттары//
анаболикалық стероидтар, витаминдер
***
7 жастағы қызға екіншілік жүре пайда болған гипотиреоз диагнозы қойылды.Аурудың себебі://
гипофиз аденомасы//
аутоиммунды тиреоидит//
қалқанша бездің аплазиясы//
қалқанша бездің эктопиясы//
қалқанша бездің гипоплазиясы
***
8 жастағы бала «қант диабеті» диагнозымен ауыр жағдайда ішінің ауруымен, «кофе қоюы сияқты» құсумен түсті. Терісі мен кілегей қабаты құрғақ, акроцианоз, тахикардия, артериалды қысым төмен, есі кіресілі шығасылы. Сәйкес келетін диагноз://
энцефалит//
жедел іш//
диабетикалық кетоацидоздың i стадиясы//
диабетикалық кетоацидоздың ii стадиясы//
диабетикалық кетоацидоздың iii стадиясы
***
7 жастағы бала «қант диабеті» диагнозымен ауыр жағдайда ішінің ауруымен, «кофе қоюы сияқты» құсумен түсті. Терісі мен кілегей қабаты құрғақ, акроцианоз, тахикардия, артериалды қысым төмен, есі кіресілі шығасылы. Диагноз: Диабетикалық кетоацидоздың II стадиясы.Бірінші орында қандай препаратты тағайындау керек?//
инсулин//
спиронолактон//
40 % глюкоза ерітіндісі//
1 % тропофен ерітіндісі//
10 % кальций хлорид ерітіндісі
***
7 жастағы қызға «гипотиреоз» диагнозы қойылды. Қандай препарат тиімді?//
инсулин//
адиурекрин//
глюкокортикоидтар//
тиреоидты гормондар//
минералокортикоидтар
***