1. Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінін үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) жөне Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болдыОрыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан елшілігінен басталды. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымак" жасауға асықты. Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған "отты қаруы бар көп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан "сақтайтынына" уәде берді. Бірақ ол құрғақ уәде болып, аяқсыз қалды.XVI ғасырдың аяқ шенінде Ресей мен қазақ хандығының арасында елшіліктер алмасу күшейе түсті. Мұның өзі Батыс Сібірді игеру, Түмен, Тобыл, Тара қалаларының есуі, қазақ даласы арқылы Орта Азиямен сауданың күшеюіне байланысты еді. XVIII ғасырдың бас кезінде Батыс Қазақстанда Орыс мемлекетімен шекаралас жатқан өңірлерде орыс қоныстары пайда болды.Ресей мен Қазақстан хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жонғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделілігі де себеп болған еді. Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті. Қазақстанның басқа көрші ел халықтарымен қарым-қатынасын ушықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы саясат жүргізіп отырған Ресеймен тең құқықты, тату-тәтті қарым-қатынас орнату қазақ хандары үшін, оның ішіндегі елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен башқұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы Әбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнатудың кепілі сияқты көрінді.Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастыратын көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен Шығыстағы елдерге және одан кері қарай құрлық пен сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа шығыс елдеріне баруға болатын еді.Орыс патшасы Петр Бірінші бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі - 1718 жылы Семей қамалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салды.XVIII ғасырдың 20-шы жылдарында Петр Бірінші өкіметі Орта Азия және Қазақстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз бен Балтық тенізі арқылы Еуропаға терезе ашқан Петр Бірінші енді Азия елдеріне төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы арқылы өтетінін жақсы түсінді.Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста қазақтың басқа да жүздері мен ру басшылары бой ұра бастаған еді. Өйткені оңдаған жылдар бойына созылған жоңғар қалмақтарының және көршілес жатқан елдердің шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден тоздырып әлсіреткен болатын.
2. XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патшасынан жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейіткүл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар әйел патша Анна Ивановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. "Біз Әбілқайыр хан, - деп көрсетілді жолдамада, - маған қарасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген... халқымен сіздің алдыңызда күллі бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз". 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға және "бүкіл қазақ халқына" олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген қазақ елшілері де оралды. Сонымен, 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, "өзінің мөрін басты". Бірақ бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады.Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша әйел Анна Ивановнаға хат жазып, ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, ұлы жүз хандығына: "Сіздерді қол астымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз", - деген қағаз жіберді.Қазақтар Казакстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады.
1734 жылы 10 маусымда Анна Ивановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.
Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. Басқа өзендердің жағалауларынан да бірнеше қамал-бекіністер бой көтерді. XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзенінің жағасына Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды. Мұндай әскери бекіністер салу, Ресейге отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.
Жайық бойында түрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп қоныстануға мәжбүр болды.
1740 жылы Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай және Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет және Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алайда, осы шарттан кейін де Ресейге Кіші жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40 жылдарында ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды.
45) Сырым Датұлы бастаған Кіші Жүз қазақтарының отарлық езгіге қарсы күресі
1773-1775 жыддардағы көтерілістен кейін біршама саябырлаған патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған күрес 1783-1784 жылдары қайта жандана бастады. Бұл көтерілістің феодалдықжәне отар-шыддыққа қарсы сипаты болды. Нұралы ханның патша өкіметіне арқа сүйеуі, оның отарлық саясатқа қолдау білдіруі оның Кіші Жүздегі беделінен жұрдай айырды. Бұның озі Нұралы ханның саяси оқшаулануы-на, халық бұқарасының қайтадан бас көтеріп, Кіші Жүзде хан билігін жо-юды талап еткен наразылығына алып келді.
Кіші Жүзде басталған бұл көтерілісті Байбақты руының старшины 1773-1775 жылдардағы көтерілістің белсенді қатысушыларының бірі, халыққа шешендігімен де, батырлығымен де белгілі болған Сырым Датұлы басқарды. 1783 жылдың көктемінде Жайық казактарынын қазактардың «ішкі жаққа» өтіп кеткен 4 мың жылқысын айдап әкетуі, оның аддыңдағы қатал қыста көп малынан айырылып күйзеліп отырған казақтардың жағ-дайын одан әрі ауырлата түсті. Осындай жағдайда Кіші Жүз қазақтары-ның алғашқы толқуы басталып, ол отарлық езгіге қарсы күреске ұласты.
1785 жылдың басында Сырымның отряды 2700 адам, Барақ батырдың отряды 2 мың адам, Тіленші батырдың отряды 1500 адам, барлығы 6 мың адамнан асады. Күрестің күшеюінен қауіптенген Нұралы хан патша өкіметінен көтерілісті басу үшін Орынбордан әскер жіберуін сұрайды. Патша әскерлерімен ашық күресті қаламаған Сырым Датұлы алғашқы кезде партизандық күрес тәсілдерін қолданып, аз ғана отрядымен Сахарный бекінісі мен Антонов қамалдарына шабуылдар жасайды. Сырым Датұлы әзі 500 жігітімен жазалаушы отрядтарының тылына өтіп кетіп әскери бекіністерді шабуылдайды. Патшаға, ханға, жазалаушы отрядқа қарсы Сырым Датұлы көтерілісшілерінің күресі халықтан қолдау тауып, көп ел Нұралы ханнан бөліне көшеді.
1785 жылы жазда ру басшыларының жиыны өтеді. Жиында генерал-губернатордың көтерілісшілерге арналған «ашық хаты» талқыланды. «Ашық хатты» талқылаған көтерілісшілер патша өкіметіне өз талаптарын да қойды. Бұл талаптардың ең бастысы қазақтарға Еділ мен Жайық аралығындағы жерлерді қайтару, Орал қазақ әскерлерінің тонаушылығын тоқтату және Нұралы ханды хан билігінен тайдыру болды. Ру басшыларының талқысынан кейін Кіші Жүз үш бөлікке: Байұлы, Жеті ру және Қаракесек болып бөлінді. Патша өкіметі Кіші Жүздегі бұл әкімшілік бөліністі ресми бекітіп, оның ру басшылары болып Байұлында Тормамбет би, Жетіруда Тіленші би, Қаракесекте Сегізбай би сайланды.
1786 жылы Нұралы хан Орынборға қашып Калмыков бекінісін паналайды. 1786 жылы 3 маусымда II Екатерина патша Нұралыны хандық биліктен түсіру жөніндегі жарлыққа қол қойып, оны Уфаға жібереді, ол сонда 1790 жылы өледі. Жағдайды пайдаланып қалуға тырысқан патша өкіметі Кіші Жүзде хандық билікті жоюды ұйғарып, басқарудың жаңа формаларын жасауды Орынбор генерал-губернаторы Игельстромға тап-сырады. Игельстром жобасы бойынша бүкіл Кіші Жүз аумағы үш бөлікке бөлінген басқарудың жаңа формасы шекаралық сот жобасы ұсынылды. Ру басшылары да осыған кірді. Шекаралық сотқа бағынатын сот шешімін орындаушыларды жалақы алатын төраға мен екі заседатель басқаруға тиіс болды. Бірақ Игельстром ұсынған басқарудың бұл жүйесі өмірге бейімсіз болып шықты, даладағы бүкіл билік ру басшыларының қолына көшті. Басқарудың бұл жүйесіне сұлтандар да қарсылық білдірді, олар хандық билікті қайта талап етті. Сұлтандардың бұл талабын Нұралы ханның інісі Ералыбасқарды.
Казақ даласындағы бақылауды қолдан шығарып алудан қауіптенген патша өкіметі хандық билікті қалпына келтіруді ұйғарды. 1789 жылы казан айында Игельстром Кіші Жүзді басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Жобада хан билігі қалпына келтіріліп, Кіші Жүз алты бөлікке бөлінді. Хан басшылық жасайтын Бас басқарма құрылды. Жоба бойынша сонымен бірге патша өкіметі Кіші Жүздегі хан мен сұлтанның билігіне қысым жасаудан бас тартты. Бірақ бұл жоба да іске аспай қалды. 1790 жылы бір топ билер Сәмеке ханның ұлы Есім сұлтанды хан етіп жариялайды. Патша өкіметі бұл сайлауды мойындамай, Нұралы ханның інісі Ералыны хаңдыққа бекітті. Бұл көтерілісшілердің наразылығын тудырады және олар Ералы ханның ордасына қарай жылжиды. Бұл кезде Сырым Датұлы хан билігін жою идеясынан ауытқып, хан билігін шектейтін хан кеңесін құруды ұсыңды.
1792 жылдан бастап хан билігін қалпына келтіруге қарсы күрес күшейе түседі, Сырым көтерілісшілерге қайта қосылып Елек қамалын қоршайды. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болады. Патша өкіметінің біразға дейін жаңа хан тағайындауға батылы бармады. 1794 жылы ғана Нұралының баласы Есім хан болып тағайындалады. 1797 жылы көктемде көтерілісшілер отряды хан ордасына шабуыл жасап Есім ханды өлтіреді. Осыдан кейін патша өкіметі көтерілісшілердің талабына көніп, 1797 жылы тамыз айында хан кеңесін құруға мәжбүр болады. Сырым хан кеңесіне мүше болып, Айшуақ сұлтан хан болып бекітіледі. Патша өкіметі өзінің талаптарын орындағаннан кейін Сырым батыр күресті тоқтататынын мәлімдейді. Кіші Жүз казақтарының он төрт жылға созылған отарлық езгі мен саясатқа қарсы бағытталған күресі осылайша аяқталады.