Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Зін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары




 

1. Мұнайхимиялық процестердің селективтілігі... көрсетеді:

A. реактордың жүктелуіне шаққандағы өзгеріске ұшыраған шикізаттың мөлшерін;

B. 1 тонна өнім алуға жұмсалған шикізат мөлшерін;

C. қондырғының сағаттық өнімділігін;

D. контакт газы компоненттерінің мөлшерін;

E. шикізатты тиімді пайдалану дәрежесін.

 

2. Мұнайхимиялық процестерді жүзеге асырудың негізгі критерийлері:

A. бастапқы реагенттердің фазалық күйі;

B. термодинамикалық сипаттамалар;

C. шикізат пен өнімдердің ерігіштігі;

D. реакцияның жылу эффектілері;

E. процестің параметрлері.

 

3. Метанды тотықтырып конверсиялауды қандай мақсатта жүргізеді?

A. сірке қышқылын алу үшін;

B. ацетальдегид алу үшін;

C. синтез-газ алу үшін;

D. көміртек диоксидін алу үшін;

E. формальдегид алу үшін.

 

4. Синтез-газ дегеніміз…

A. С14 көмірсутек газдарының қоспасы;

B. ацетилен мен этилен қоспасы;

C. метан мен азот қоспасы;

D. сутек мен көміртек монооксидінің қоспасы;

E. оттек пен аргон қоспасы.

 

5. Реакторларда реакция аймағының қажет көлемін есептеу үшін мынадай параметрлерді қолданады:

A. қысым мен температура;

B. реакция жылуы мен өнімдер құрамы;

C. энтальпия және шикізаттың кмоль саны;

D. реактордың диаметрі мен биіктігі;

E. көлемдік жылдамдық пен әсерлесу уақыты.

 

6. Оксосинтез реакциясында.... өзара әрекеттеседі:

A. спирттер оттекпен;

B. алкандар оттекпен;

C. олефиндер синтез-газбен;

D. ароматты көмірсутектер оттекпен;

E. олефиндер көміртек монооксидімен.

 

7. Фишер-Тропша синтезі дегеніміз….

A. алкендерді гидрлеу реакциясы;

B. катализатор қатысында көмірсутектер мен құрамында оттек бар қосылыстар алу;

C. алкандарды оксихлорлау реакциясы;

D. алкандарды сульфототықтыру реакциясы;

E. алкандарды дегидрлеу реакциясы.

 

8. Оксосинтезге жататын процесс…

A. алкилдеу;

B. олигомерлеу;

C. гидроформилдеу;

D. амидирлеу;

E. тотықтыру.

 

9. Мұнайхимиялық процестердің материалдық балансын құруға болады, егер….

A. реактор жүктемесі белгілі болса;

B. реагенттің сағаттық кірісі белгілі болса;

C. барлық өндірістік шығындар белгілі болса;

D. негізгі заттардың бастапқы концентрациялары белгілі болса;

E. барлық жүретін реакциялар мен олардың стехиометриялық коэффициенттері белгілі болса.

 

10. Гомологтану дегеніміз….

A. бастапқы қосылыс өзінің гомологтық қатарындағы басқа қосылысқа айналу реакциясы;

B. этерификация реакциясы;

C. гидратация реакциясы;

D. көмірсутектерді нитрлеу реакциясы;

E. гидрогалогендеу реакциясы.

 

11. Этанол мен ацетальдегидті алудың этилен үнемдейтін технологиясын жасау үшін…..

A. арнайы реактор жасалды;

B. тиімді параметрлер табылды;

C. метанолды гомологтау процесі жасалды;

D. этанолды алу қондырғысы қайта құрылды;

E. жаңа катализатор жасалды.

 

12. Этилен оксиді өндірісінің негізгі әдісі:

A. этиленді оттекпен немесе ауамен тура тотықтыру;

B. парафиндерді тотықтырып дегидрлеу;

C. олефиндерді гидратациялау;

D. пропиленоксидті диспропорционирлеу;

E. оттек атомы бойынша алкилдеу.

 

13. Шығын коффициентін есептеу үшін.... негізге алады:

A. түзілген мақсатты өнімнің мөлшерін;

B. шикізаттың реакцияға (немесе реакцияларға) стехиометриялық шығынын;

C. реактордың жүктелуіне шаққандағы өзгеріске ұшыраған шикізаттың мөлшерін;

D. процестің селективтілігін;

E. түзілген жанама өнімдердің мөлшерін.

 

14. Мұнайхимиялық процестердің жылу балансын құру үшін... анықтау керек:

A. реакция аймағындағы температураны;

B. будың жылусиымдылығын;

C. отын шығынын;

D. реакторға енгізілетін және реактордан шығарылатын жылу мөлшерін;

E. сұйықтың булану жылуын.

 

15. Өнеркәсіпте сынап катализаторы қатысында ацетиленді гидратациялау реакциясы қандай мақсатта қолданылды?

A. ацетальдегид алу үшін;

B. ацетон алу үшін;

C. сірке қышқылын алу үшін;

D. этанол алу үшін;

E. кротон альдегидін алу үшін.

 

16. Этиленді ацетальдегидке тотықтыру технологиясында бір ретте бастапқы шикізаттың 100%-дық конверсиясына жету...

A. шикізат берудің көлемдік жылдамдығын төмендетуге

B. процестің қысымын арттыруға

C. процестің температурасын арттыруға

D. этилен мен катализатор ерітіндісінің рециклденуіне

E. әсерлесу уақытын арттыруға мүмкіндік береді.

 

17. Өндірісте фталь ангидридін алу үшін …

A. нафталин немесе о -ксилолды тотықтырады;

B. бензолды тотықтырады;

C. кумол әдісін қолданады;

D. толуолды тотықтырады;

E. оксосинтез қолданылады.

 

 

18. Қандай әзірлеме пайда болғаннан кейін, фенол, ацетон мен пропиленоксидті бірге алу мүмкін болды?

A. реакциялық процестерді масса алмасу процестерімен біріктіру;

B. бір аппаратта бірнеше реакцияларды біріктіру;

C. массаалмасу процестерін біріктіру;

D. пропиленоксидті синтездеудің кумолды әдісі;

E. процесті әрі қарай эксперименттік тексеру арқылы математикалық үлгілеу.

 

19. Изопропилбензолды тотықтыру реакциясы қандай механизммен жүреді?

A. карбкатионды;

B. қышқылды-негіздік;

C. тізбегі тармақталған күрделі тізбекті реакциялардың механизмі бойынша;

D. ионды-каталитикалық;

E. тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш.

 

20. Пирогазды селективті гидрлеу мақсаты…

A. қаныққан көмірсутекті газдар алу;

B. олефиндерді ацетиленнен тазарту;

C. пирогазды көміртек оксидінен тазарту;

D. бензол алу;

E. пирогазды оттектен тазарту.

 

21. Пиролиз өнімдерін селективті каталитикалық гидрлеу процесін қандай катализатор қатысында жүзеге асырады?

A. никель;

B. ауыспалы металдар оксиді;

C. цеолит;

D. минералды қышқылдар;

E. қондырылған палладий катализаторы.

 

22. Олефинді селективті гидрлеу процесінің палладийлі катализаторларының улары:

A. көміртек монооксиді және құрамында күкірт бар қосылыстар;

B. су буы және ауаның құрамындағы оттек;

C. пиролиздің жанама өнімдері;

D. меркаптандар;

E. инертті газдар.

 

23. Пиролиздің сұйық өнімдері:

A. ароматты көмірсутектер қоспасы;

B. пентан-гексан фракциясының қоспасы;

C. органикалық қышқылдар;

D. су буы мен спирттер қоспасы;

E. су буы мен төмен молекулалы қышқылдар қоспасы.

 

24. Пиролиздің сұйық өнімдерін гидрогендеу арқылы өңдеудің мақсаты...

A. бензин фракциясын алу;

B. циклогексан алу;

C. олигомерлер алу;

D. бензол алу;

E. газ тәрізді көмірсутектер алу.

 

25. Гидрогенизаттан бензолды қандай әдіспен бөліп алады?

A. адсорбция

B. экстракция

C. ректификация

D. абсорбция

E. буландыру

 

26. Мұнай сульфондарын алудың бастапқа шикізаты:

A. 80-1400С аралығында қайнайтын фракция;

B. 265-3600С аралығында қайнайтын фракция;

C. 140-1800С аралығында қайнайтын фракция;

D. 180-2400С аралығында қайнайтын фракция;

E. огудрон

 

27. Амфолитті беттік-белсенді заттардың құрамында қандай топтар болады?

A. анионды функционалды топтар;

B. катионды функционалды топтар;

C. анионды және катионды функционалды топтар;

D. ешқандай функционалдық топ жоқ;

E. алкокситоптар.

 

28. Қышқылға төзімді беттік-белсенді заттардың синтезіне қандай заттар қолданылады?

A. құрамында азот бар қосылыстар;

B. галогенсутек;

C. құрамында оттек бар қосылыстар;

D. сульфоянтар қышқылының диэфирінің моно-, ди -, үшнатрий тұздары;

E. мономерлер.

 

29. Метакрилонитрил қандай өндірістің жартылай өнімі болып табылады?

A. нитридтер;

B. метакрилді мономерлер;

C. винилхлоридтер;

D. уретандар;

E. сульфооксидтер;

30. Изобутиленді тотықтырып аммонолиздеуде катализатор ретінде... қолданылады:

A. модифицирленген висмут-молибден-вольфрам катализаторы;

B. алюминий оксидіне отырғызылған күміс;

C. металл никель;

D. кизельгурдегі палладий

E. кобальт нафтенаттары.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 551 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2316 - | 2272 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.