Лекции.Орг


Поиск:




Және оның даму бағыттары




Рыноктық қатынастарға көшу өзара байланыста және әлемдік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредиттік, салықтық, инвестициялық, борыштық, есеп-қисаптық, сақтық, трансферттік және өзге операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «үшінші дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржылық механизм Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттің қаржылық саясатын іске асырудың құралы болып табылады (22.1 сызбаны қараңыз).

Іс-қимыл жасаудың айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржылық қатынастар ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық үдерістің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.

Халықаралық байланыстарды дамытуда қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:

 

22.1 сызба. Сыртқы экономикалық қызметтің сыныптамасы

 

 

қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды жұмылдыру;

халықаралық ықпалдастық үдерістерді реттеу;

халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру;

Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

1) сыртқы сауда – тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды, ақпаратты, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін халықаралық айырбастау саласындағы кәсіптік қызмет;

2) шетелдік инвестициялау: капиталды жұмсау, бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғат ресурстарын, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;

3) халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;

4) ғылым, техника, мәдениет, туризм, спорт салаларындағы ынтымақтастық;

5) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп- айырысымдарын жүргізу.

Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігі шетелде өнеркәсіптік, азаматтық, көлік және өзге объектілерді тұрғызу немесе салу болып табылады; алайда қызметтің бұл түрін қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың формалды мойындалған жетіспеушілігінен Қазақстан қолданбайды. Осымен бір уақытта экономиканың «көлеңкелі» секторы шетке «капиталдың жылыстауы» болып табылатын шетелдік активтерге: шетел банктеріндегі депозиттерге, бағалы қағаздарға капитал салу нысанындағы сыртқы инвестициялауды, жылжымайтын мүлік сатып алуды және т.б.

Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды – айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы білінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шет елдік капиталды, прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.

Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюталық-қаржылық, есеп-қисаптық және кредиттік қатынастардың негізіне қойылған (22.1 сызбаны қараңыз)

Сыртқы сауда экспорт пен импортты кіріктіреді. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрлымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.

Сонымен бірге қазіргі кезде экспорттың тауар құрлымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге және электр қуатына – 70%-ға дейіні тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 60%-ды, химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері 2,4%ды құрайды. Металлургия өнеркәсібінің өнімі 17,1%, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 2,4%-ды алады. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізаты болып қалуда. Машиналар мен құрал-жабдық, көлік құралдары экспорттық жеткізілімнің небәрі 2%-ын құрайды.

2020 Стратегиялық жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс.

Қаржылық практикада «экспорттың бюджеттік тиімділігі» – валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар – көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) арасалмағы ұғымы қолданылады. Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.

Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, тұтыну арналымының тауарлары болып табылады. Машиналардың, құрал-жабдықтың, көлік құралдырының, приборлардың үлес салмағы 46,6%-ды, металдар және олардан жасалынған бұйымдар – 13,3%, минералдық өнімдер, электр қуатын қоса – 13,1%, химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 10,6%, азық-түлік тауарлары – 6%-ды құрайды.

 

22.1 сызба

 

Экспорт бойынша Қазақстанның қазіргі әріптестері (жеткізілімдердің азаюы ретімен) Италия, Швейцария, Ресей, Қытай, Франция болып табылады; ұзақ уақыт (2004 жылға дейін) қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушыларының ішінде оффшорлық аумақтар – Бермуд және Виргиндаралдары есептеліп келді. Импорт бойынша Ресей, Қытай, Германия, Украина, АҚШ, Италия, Жапония әріптестер болып табылады.

Макроэкономикалық теорияға сәйкес экспорттың импорттан асып (таза экспорт) таза ұлттық өнім көлеміне (20.2 параграфты қараңыз) оның мультипликациялануы (көбеюі) әсеріне байланысты ұлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бұл асып түсу елдің төлем балансының (ондағы сауда балансының едәуір арасалмағы жағдайында) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктағы тапшылығы кезінде көп алады. Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңестіру үшін пайдаланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.

Экспорттық операцияларды жүргізуде Қазақстан Республикасының негізгі әріптестері ТМД елдері – 15%, басқа елдер 85% болып табылады, импорттық операцияларда ТМД елдері 47%, басқа елдер 53%-ды алады.

Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі – шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюталық резервтер жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамасыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың босалқы қорлары болып табылады.

Шетелдік капитал елге кредит,дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты үш әр түрлі нысанда түседі. Алғашқы екі нысан туралы оқулықтың 17-ші тарауында баяндалған болатын.

Инвестициялардың екі түрі болады: тура және портфелдік. Тура инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар – қаражаттарды жалған капиталға – басқа елдің заңи және жеке тұлғалары шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.

Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету талап етіледі:

шетелдік инвесторлардың қызметімен жұмыс істеу құқығына рұқсат берумен, ел ішінде жүріп-тұрумен, кедендік және шекаралық бақылаудан өтумен, рұқсатнама берумен және т.б. байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау.

елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру (жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация (өтелім) және басқалары);

жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;

пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.

1993-2007 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына 53,2 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициялары тартылды. Тек 2007 жылдың өзінде ғана 7 миллиард АҚШ долларын құрайтын тура шетелдік инвестициялар құйылды. 2008 жылы Қазақстан тура шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемін – 14,5 миллиард долларды тартты. Тура инвестиция операциялары бойынша оң баланс 2009 жылы 8,6 миллиард АҚШ долларын құрады. 2008 жылы бұл меже 10,8 миллиард АҚШ доллары болған. 2009 жылы елімізге келген шетелдік тура инвестициялар (ШТИ) 11,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде болды. Бұл көрсеткіш 2008 жылғы мөлшерден 19,8% төмен болғанымен, 2007 жылы елімізге келген (ШТИ) деңгейімен шамалас. Онда Қазақстанға 11,1 миллиард доллар тура инвестиция түскен болатын. Қазіргі уақытта инвестициялар тарту жөнінен Қазақстан ТМД елдері бойынша көш басында келеді.

Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты.

Қазақстан Халықаралық валюта қорының, Халықаралық қайта құру және даму банкінің, Халықаралық қаржы корпорациясының, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияларды кепілдендірудің көпжақты агенттігінің, Инвестициялық дау-дамайларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың мүшесі болып табылады. Осыған сәйкес Қазақстан көрсетілген ұйымдар қатысушысының барлық міндеттемелерін өзіне алады, халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажеті төлемдерді жүзеге асырады. Мүшелікке байланысты Халықаралық валюталық қордан еліміз валюта бағамын реттеу үшін және алынған қарызды тиімді пайдалану және экономикалық өсуді жүзеге асыру бойынша реформалар серияларын жүргізу жағдайында сыртқы экономикалық есеп айырысу саласындағы қиыншылық кезінде кредиттер алады. Қарыздар мен кредиттерді Халықаралық банк пен оның филиалдары – Халықаралық даму ассоциациясы (жеңілдікті ұзақ мерзімді кредиттер) мен Халықаралық корпорация (несиелік капиталдар рыногында орташа жылдық мөлшерлемелерден асатын мөлшерлемелер бойынша жоғары рентабелді жекеше кәсіпорындарға жұмсалатын қаржыландырады) бере алады.

Туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика мен қоршаған ортаға әсер ететін маңызды әрі кешенді фактор болып табылады. Дүниежүзілік туризм ұйымының мәлімдеуінше, әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10 пайызын туризм саласындағы кіріс құрайды, халықаралық инвестицияның 11 пайызын береді екен. Туризмнен түсетін кірістің жаһандық ауқымы 4 миллион долларға жетеді. Туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз етеді Бұл туризмнен түсетін пайданың мұнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші орынды мығым иеленіп отырғанын көрсетеді.

2008 жылы еліміздегі туризмнен түскен жалпы кіріс 74 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2007 жылға қарағанда 17%-ға артық.

Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету Қазақстанда арнайы заңдастырылғаны мәлім. 2006 жылдың аяғында «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы қабылданған.

Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама табысты саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстауды және олардың жұмысынқ қаржыландыру дамудың казіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.

Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етіп отыр. Қазіргі кезде 80-астам елде Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтары жұмыс істейді.

Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы қалыптастыруды қажет етеді.

Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта Қазақстан кәсіпорындарының, ұйымдарының және өңірлерінің дербестігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық кешенді реттеу негізінен құқықтық (ішкі және халықаралық заңнама) және экономикалық тұтқаларға (кеден баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) арқылы жүргізіледі. Сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты – ұлттық валютаның айырбасталымдылығына жету жөніндегі шараларды әзірлеу мен енгізу және валюта рыногын дамыту. Валютаның рыноктық бағамы экспортты кеңейту мен импортты оңтайландыру (рационалдандыру) жөніндегі сыртқы экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін рыноктық бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы құрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-саттықты жүргізгенде валютаға сұраным мен ұсынымның ағымдағы ара салмағының негізінде Ұлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюталық және кредиттік операцияларға коммерциялық банктер шығады, шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлікті кепілдікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға құқық алады. Компаниялардың, фирмалардың, ұйымдардың, банктердің сыртқы экономикалық кепілдіктерін сақтандырудың жүйесі құрылған.

Дамудың бағдарламаларына сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Әлемдік конъюктура мен шетелдік бәсекенің қолайсыз дамуынан ұлттық рыноктың мүдделерін қорғау үшін импорттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сәйкес импорттық баждар қайта қаралды. Ортақ мүдделері бар елдердің біртұтас экономикалық кеңістігінің шекарасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі мәселелері жөніндегі ұлттық заңнама сәйкестендірілді.

ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық курс экономикалық одақты сақтау және тәртіпке келтіру, бұл елдердің кәсіпорындары арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық прогресс, кадрларды дайындау сферасында, экологиялық проблемаларды, қорғанысты шешуде қайта бағдарлау жөніндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.

Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ-ға) кіру Қазақстан үшін көкейтесті болып табылады. Бұл акция осы ұйымда қабылданған ережелерге, нормаларға, механизмдерге сәйкес сыртқы сауданы жүзеге асыру және тауарлар мен қызметтерді өндірудің ішкі жағдайларын түбірлі қайта құру есебінен орнықты экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатын көздейді.

БСҰ-ға мүшелік экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту, өнімді сыртқы рыноктарға жылжыту БСҰ-ның нормаларының, ережелерінің және механизмдерінің көмегімен отандық экспортшыларды қорғай үшін қажет. БСҰ-ға кіру жоғары технологияларға, арзан тұтыну тауарларына, шикі зат пен қызметтерге еркін кіруге жол ашады, шикізаттық емес секторға шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдеседі. Бұл ұйымға мүшелік – отандық кәсіпорындарға шетелдік бәсеке үшін айырбасқа қазақстандық рынок ашуға, шетелдегі рыноктарда тең және қолайлы шарттар жасауға мүмкіндік береді.

БСҰ шеңберінде Қазақстанға саудалық саясат арқылы мына негізгі міндеттерді шешуге тура келеді:

қазақстандық экспортты кемсітушілікті болдырмау;

өркениетті халықаралық сауданың ережелері мен қағидаттарын қабылдаған ашық рыноктық экономикасы бар ел ретіндегі халықаралық бейнесін нығайту;

ЕурАзЭО және ТМД шеңберінде ұтымды интеграциялық үдерістерді дамыту;

нақты Кедендік одақты және біртұтас рынокты жасауға жылжыту, өзара саудада арнайы қорғаныш, демпингке қарсы және өтемдік іс-шараларды қолдануға белсенді қарсы әрекет;

экспортты көтермелеу бойынша шынайы іс-шараларды, соның ішінде экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді сақтандыру есебінен әзірлеу және іске асыру.

БСҰ-ның іс-шараларымен және механизмдерімен бұл міндеттерді шешу әсіресе дайын өнім экспортының өсуіне көшкен кезде көкейтесті бола бастайды, өйткені әлемдік рынок молыққан және қатаң бәсеке жағдайында дамып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан БСҰ-ның 144 мүше-елдерінің 135 елімен сауда жасайды. БСҰ-ға кіру сәйкестендірілген ережелер мен механизмдер бойынша осы елдермен сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

БСҰ-ға мүшелік өнеркәсіпте осы заманғы технологиялар мен өндірісті ұйымдастыру әдістерін таратуға, ішкі рынокта бәсекені дамытуға және сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шетелдік инвестициялардың құйылуын көбейтуге жағдай жасайды.

Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банктің құрылымында сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар жасауға лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандандырылған тауар биржаларының желісі жұмыс істейді.

Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу – нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделген санкцияларды қолдану.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі зандарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу органдары болып табылады. Үкімет және өзге мемлекеттік органдар зандарға сәйкес өз құзырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Бұл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады. Мұндай функцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері – уәкілетті банктер мен уәкілетті банктік емес қаржы мекемелері де орындайды, оларға алынған лицензияларға сәйкес операциялар жүргізген кезде валюта заңнамасының сақталуына бақылау жасау міндеті жүктелінген.

Экономикалық саясаттың мақсаттарын ескере отырып, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңда валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсімге және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жету жөнінде мемлекеттік саясатқа жәрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері: Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналысының тәртібін белгілеу; Қазақстанның әлемдік экономикаға одан ары интеграциялануына жағдайлар жасау; валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

Заңнамада мыналар айқын және жүйелі тұжырымдалған: валюталық реттеу органдарының құзырлары; валюталық реттеу режімдері; валюталық операцияларды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары; капиталдар қозғалысының операцияларын реттеу және шоттар ашу рәсімдері; валюталық бақылаудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидаттары. Валюталық режімдері, валюталық реттеу және валюталық реттеудің (лицензиялау және тіркеу) қолданыстағы бақылау бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің барлық негізгі қолданыстағы нормалары жүйеленілген; капитал ағындары мен валюталық құндылықтармен операциялар туралы ақпараттың дереккөзі бола отырып, оларды жүргізуді шектемейтін, валюталық операциялар туралы хабардар ету режімінің негізгі рәсімдері бейнелеп көрсетілген.

Шетелге тура инвестицияларды; бейрезиденттерге қаржылық қарыздарды; жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуды төлеудегі бейрезиденттердің пайдасына аударымдарды лицензиялаудың күші жойылған. Бұл операциялар тіркелім режімінде жүзеге асырылатын болады.

Шетелдік банктерде есепшоттарды ашуды реттеу рәсімдері жетілдіруде.

Валюталық операцияларды лицензиялау 2007 жылдан күшін жойған, сонымен бірге сыртқы сауда контракттарында белгіленген мезгілдерге қарай қайтару қағидаттарына көшу жүзеге асырылатын болады. Кепілдендірілмеген сыртқы борыш мониторингі мақсаттарында жекелеген валюталық операцияларға қатысты тіркеу және хабардар ету, төлем балансының статистикасы мен валюталық операциялар бойынша ақпараттық базаны толықтыру режімі сақталынған.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 462 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

756 - | 694 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.