Лекции.Орг


Поиск:




Рыноктық тепе-теңдікке салықтардың әсері




Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықтық реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақшалай қорланымдардың көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.

Салықтар ықпалының бұрын баяндалған салдарларына (12.1, 12.7, 12.15) қосымша ретінде мынаны ескеру қажет.

Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік модел), ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады, мұның нәтижесінде сұраным сызығы АД1 тепе-теңдік жай-күйінен оңға жоғары АД2 жағдайына қозғалады (20.3 сызбаны қараңыз). Бұл ұлттық өнімнің көлемін Q2 мөлшеріне дейін және бағалардың деңгейін P2-ге дейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.

Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі.

Жұмыскерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді. Нәтижесінде жиынтық ұсыным сызығы AS1 жағдайынан Q3 деңгейіне дейін ұлттық өнімнің өсуін және бағалардың P2-ден P3-ке дейін төмендеуін білдіретін AS2 жағдайына оңға төмен ауысады.

 


Екі бағыттардың әрекеті кезінде өндіріс көлемі оданда көп – Q3-ке көбейеді, бірақ бағалар P3-ке дейін өседі.

Мұнан басқа «ұсыным экономикасы» теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту–ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.

Америка оқымыстылары – «ұсыным экономикасының» өкілдері А.Лаффер және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі қызметін атқарады.

Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің (кірістердің) өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бұл оқымыстылардың пікірлері бойынша, – бұл рынокқа бағытталған экономикалық харекеттегі шаруашылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл харекет оларға пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда жүзеге асыратын болады. «Егерде рыноктың табысты жұмыс істеуі аса жоғары және прогрессивті салықтар түрінде күшейіп отырған кемсітушілікпен қақтығысатын болса..., онда экономикалық белсенділік төмендейді».* Лаффердің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30 %-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-45%-ы алынатын болса, онда бұл жинақақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.

Америка ғалымдарының пікірі бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке салықтық түсімдер төмендейді (20.4 сызбаны қараңыз).

 

Мұндағы:

В – салықтық база (өнімнің рыноктық шығарылымы, ұлттық өндірістің салық салынатын бөлігі);

D – бюджет кірістері;

Т – салық салудың прогрессивтігі (норма, %);

ε – салықтық базаның икемділігі (өнім өндіру).

 


Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты бейнелеп көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан – Т нүктесінен асып кетсе, онда салықтық түсімдерден түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырмаларын төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-күйін жақсартады.

Лаффердің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде және тым төмен мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде бірдей болады. Бірақ егер Т' нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі сұранымды ынталандырмайтын болса, Т' нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жинақ ақшаға және инвистицияларға ынталандырмалар жасайды.

Лаффердің графигі сан жағынан дәлме-дәл түсіндірілмейтін белгілі бір шекке дейін (салық шәкілін қалыпты және тиым салынатын аймақтарды кесіп өтетін суретте «Т» символымен белгіленген) салық салу нормасының артуы мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан экономикалық агенттердің ықыластандырғыш уәждерін шалмайтындықтан ол бәсең қарқынмен болсада бюджет кірістерінің сомасын көбейтетінін жобалап түсіндіреді. Салық салу нормасы өскенімен өнім шығару (жоғарғы ауытқыма) бір шама қысқарады.

 

* Канто Е., Джейнс Д., Лаффер А. Основы экономики прдложения (теория и доказательство). Нью- Йорк, 1983

 

Өнім шығарымы (жоғарғы ауытқымы) салық салу нормасының өскенімен салыстырғанда азырық қысқарады. Керісінше, бұл шектен ары салық жүйесінің экономикалық белсенділікті басатыны соншалық, салық базасы анағұрлы жоғары үдемеде тарылады, демек, мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан, бюджеттің кірістері қысқарады.

Салықтар қысқаруының, салық салудың шекті нормалары төмендеуінің экономикаға, салықтық базаға өте күшті – сипаты бойынша үш түрлі – ынталандырушы нәтижесі болуы мүмкін:

1) рынокқа ұсынылатын (олардың «таза» табыстылығын арттыратын салыстырмалы бағалардың өзгеруі нәтижесінде) және өндіріс көлемін кеңейтетін еңбек пен капитал санының көбеюінен салықтық база өседі;

2) рынокта пайдаланылып та отырған еңбек пен капитал төмен салық салынатын сфералардан шаруашылық харекетінің жоғары салық салынатын сфераларына ауысады (бұл ретте сфералар бойынша капиталдың бөлінісі жақсарады және нәтижесінде экономиканың жалпы тиімділігі артады);

3) экономикалық агенттердің белгілі бөлігі «астыртын экономикадан» жариялық «таксалау» экономикалық қызметке шыға отырып, салықтан жалтарынуды қысқартады.

Бірге алынған осы үш нәтиже шекті салық мөлшерлемелерін қысқарту салықтық түсімдерді шындығында қалай көбейтетін қарапайым логиканы көрсетеді.*

Алайда салықтардың сұранымға ықпал етуі ұсынымға қарағанда тезірек болатынын есте ұстаған жөн. Қысқа мерзімде салықтардың төмендеуі дереу жиынтық сұранымның өсуіне және бюджетке түсетін салықтық түсімдердің азаюына жеткізеді. Ал ұсыным факторлары жинақ ақшалар, инвестициялар, еңбек ынталандырмалары – ұсыным факторлары әрекетінің инерциялылығына байланысты ұсынымға салықтардың ықпал етуінің ұзақ мерзімді сипаты болады.

Тауарлық салықтар ортақ мақсаттарға, яғни қоғам игілігіне пайдаланылатын өндірушілер мен тұтынушылар қаражаттарының бір бөлігін мемлекетке беру үдерісіне ғана қозғау салмайды. Олар сонымен бірге өнімнің бір бөлігінің өндірілмеуімен пайда болатын қоғам тиімділігін ысырапқа ұшыратады. Бұл құбылыс артық салық ауыртпалығы деп аталады, мөлшері сызбадағы (12.6) АВС үш бұрышының алаңымен анықталады, бұл өндіріс пен тұтынудың олардың оңтайлы деңгейінен төменірек төмендеуімен байланысты болатын қоғам ысырабын білдіреді.

Мөлшерлемелер шамасымен және тиісінше, салықтық алынымдармен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспекті ішкі қоланымдарды «ұстай тұру» және шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндігі болып табылады. Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан табыстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін болатын неғұрлым қолайлы салықтық климаты бар елдерге «капиталдың безінуін» тудырады.

 

* сонда

Бұл факторға сонымен бірге салық салу деңгейі төмен немесе оның тіпті жоқтығы болатын «оффшорлық аймақтардың» болуы мүмкіндік туғызады. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетел капиталының енуіне бөгет жасайды, бұл ішкі қорланымдардың жеткіліксіздігі кезінде экономика дамуын тежейді. Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды есепке алуға және экономикалық қарым-қатынастардағы елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жәрдемдесуі тиіс.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1154 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

582 - | 606 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.