Есептік-графикалық жұмыс
ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
10-нұсқа
Орындаған: Мырза А.
Топ: БЭк 11-03
Тексерген: Абжанов Р.
Алматы, 2012
Мазмұны
І. Кіріспе.......................................................................................................3
ІІ. Есептің шығарылуы
№1.................................................................................................................4
№2.................................................................................................................5
№3.................................................................................................................5
№4.................................................................................................................6
№5.................................................................................................................7
№6.................................................................................................................7
№7.................................................................................................................8
ІІІ. Қорытынды............................................................................................9
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................10
Кіріспе
Қазіргі заманда өмір ең басты қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол – өмірді сақтап қалу. Көп жағдайларда адамның өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады.
Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.
Шаруашылықты жүргізу объектілерінде қауіпсіздікті күшейту, халықты қорғау кешенді кешенді шараларын жүргізу кезінде төтенше жағдайларды анықтау, баға беру және де алдын алу шараларын жүргізу маңызды элементтер болып саналады.
Бұл ғылым, яғни адам өмірінің қауіпсіздігі, адам өмірінің өмір сүру ортасындағы қауіпсіздігі мен денсаулығының сақталуы туралы. Ол адам өміріне кауіпті және зиянды факторларды анықтауға және оларды кеміту үшін қажетті әдістер мен құралдарды ойлап табуға, сондай-ақ бейбіт заманда және соғыс кезінде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою шараларын қарастыруға бағытталады.
Адам өмірінің барлық кезеңдерінде оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесу процесі барысында қауіпті және зиянды қатерлер баршылық.
Ғимараттардың қирауы, әсіресе халық тұратын жерде, жарылыстардың болуы үлкен залалын тигізеді. Осы есептеу-графикалық жұмысының ең негізгі маңыздылығы –құтқару жоспарын алдын-ала құруға, ғимараттың тұрақтылығын барынша күшейтуге дайындайды.
Есеп
Берілгені: Ф0 объектісінің штаб басқарушысы төтенше жағдайлар бойынша аудандық бөлімнен объект құрылысының қозғалыс маршрутының радияция- лық жағдайы туралы ақпарат алды. Ядролық жарылыстан кейін t сағат өткен- дегі радияция деңгейі: 1 р/с, 33 р/с, 118 р/с,63 р/с, 2 р/с. Жарылыс болғаннан кейін 5 сағат өткенде жеке құрам жүріп өтетін жолда қабылдайтын радияция мөлшерін табу керек. Жолды жүріп өту жылдамдығы 22 км/сағ болатын авто- мобиль арқылы жүзеге асады. Уланған ауданның ұзындығы 110 км.
Шешуі:
а) Радиацияның орташа деңгейін анықтаймыз:
б) Уланған зона арқылы жүру уақытын табамыз:
д) Жеке құрамның қабылдайтын радиация мөлшері:
Есеп
Берілгені: Тұрғын үйлердегі адамдардың химиялық уланудың ошағына түсіп қалғандағы олардың шығынының болу мүмкіндігін анықтау керек. Барлығы 750 адам.
Шешуі:
Берілген кесте бойынша уланған адамдардың санын табамыз:
Ашық жерде (100%) Жабық жерде (80%)
П=0,1*750=75 адам П=0,14*750=105 адам
Жеңіл деңгейдегі улану: 75*0,25=19 105*0,25=26
Орташа деңгейдегі улану: 75*0,4=30 105*0,4=42
Ауыр деңгейдегі улану: 75*0,35=26 105*0,35=37
Есеп
Берілгені: Объектіде болжанып отырған соққы толқынының максималды қысымын анықтау керек. (∆Рфmax-?)
Объект нысана нүктесінен қашықтықта орналасқан Rг=1 км. Қала бойынша қуаты q=5 кТ-ға тең соққы болжануда; Қарудың жарылыс нүктесінің нысана нүктесінен ауытқуы rауытқу=0,08 км-ге тең. Жарылыс ауылда өтеді.
Шешуі:
Жарылыс ортасынан мүмкін болатын максималды қашықтық:
а) Rз=Rг-rауытқу=1-0,08=0,92 км
б) Rз=0,92 км және қуаты q=5кТ тең болғандағы қарудың артық мөлшердегі максималды қысымын табамыз. Ол ∆ф=30 кПа
Қорытынды. Объект ядролық залал ошағының қапты қирататын ауданының сыртқы бөлігінде болу мүмкін.
Есеп
Берілгені: Машина құрастыру цехінің ядролық жарылыс толқынының соққысына төтеп беруін анықтау керек.
Завод нысана нүктесінен 2 км қашықтықта орналасқан. Қарудың болжанып отырған қуаты q=10 кТ. Жарылыс жер бетінде жүреді. Қарудың нысана нүктесінен ауытқуы rауытқу=0,2 км
Цехтің сипаттамасы:
Ғимарат 1 қабатты, кірпіштен салынған, каркассыз, темірбитонды плиткалармен жабылған; Техникалық жабдықталуы; көпірлік крандар крандық жабдықтармен, ауыр станоктар, КЭС пневмоқұралды ауа берумен қамту жүйесінен тұрады, оған қоса жер бетіндегі кабельді электржелілер ауа жіберумен қамтамасыз етеді.
Шешуі:
а) R3=Rr- rауытқу=2-0.2=1.8 км
б) А қосымшасы арқылы объектіде болжанып отырған максималды қысымды табамыз.
∆Рфmax=15 кПа
в) цехтың негізгі элементтерінің сипаттамасын жазамыз.
6-кестені қолданып, объектіде болжанып отырған максималды қысым 15 кПа ға тең болғандағы элементтердің жағдайын жазамыз.
1. Темірбетонды плиткалармен жабылған, 1-қабат, каркассыз, кірпіштен жасалған ғимараттың жарылысқа тұрақтылығы 20 кПа, яғни 15 кПа болғанда ғимарат әлсіз қирауға ұшырайды
2. Крандар мен ауыр станоктар ешқандай қирауға ұшырамайды, себебі олардың тұрақтылығы 30-40 кПа жетеді.
3. Электржелілер мен ауа жіберу құбырлары әлсіз қирауға ұшырайды.
Сонымен, 15 кПа қысымды жарылыстацех үлкен шығындарға ұшырамайды. Тек электржелілерінің 10 %-ы істен шығуы мүмкін. Мұның алдын-алу үшін кабельді электржелілерін жерасты жүргізуге болады.
Крандарға қосымша қорғаныс жасау, цехтың ғимаратының әлсіз қирауын болдырмау үшін контрфорсты құрылғылар орналастыру абзал.
Есеп
Берілгені: Машина жасау заводындағы механикалық цехтың қуаты жарылыс кезіндегі жар-тық сәулеленудің әсерінің тұрақтылығын табу керек. Бастапқы мәліметтер: завод қаланың геометриялық центрінен Rr=2 км қашықтықта орналасқан. Соққы болудың ықтималдығы бар. Ату жарақтарының болжамды, қуаты q=2 кТ. Жарылыс ауада болады, жарылыс центрінің нысана нүктесінен максималды ауытқу болуының ықтималдылығы rауытқу=0,8 км, цех ғимараты 1 қабатты. Қабырғаның өртке төзімділігі 2,5 сағ өртке төзімділігі 1 сағ болатын темір бетонды плитадан жасалған. Есік-терезелер ағаштан жасалған және қара түсті. Цехта үшкірлеу және машина бөлшегінің терң қопсытуы болып жатыр. Заводтағы құрылыс тығыздығы 30%. Көршілес ғимараттың өртке төзімділік деңгейі-ІІІ. Өндіріс категориясы ВИТ.
Шешуі: Rx= Rr- rауытқу=2-0.8=1.2 км
q=2 кТ U=18 кДж
Rr=2 км ∆Рфmax=15 кПа
rауытқу=0,8км
Есеп
Берілгені: Халық тұратын пункттен 5,5 км қашықтықта орналасқан объектідегі апат салдарынан аз аумақты коммуникациялар қирады. Метеожағдай, изотермия, жел жылдамдығы 4 м/с. Халық тұратын жерге уланған бұлттың жету уақытын табу керек.
Берілгені: Шешуі: 11-кесте бойынша
R=5500 м ω=7м/с
υ=4 м/с t=R/ω t=5500/7*60=13 мин
t-? Жауабы: t=13 мин
Есеп
Берілгені: Тритонал жарылған заты бар массасы 15,0 т вагон нысанада жарылды. Жарылған зат зарядының массасын Gэф панельден және кірпіштен жасалған ғимараттың жарылыс нәтижесінде бұзылу зонасының радиусын және болжамды зардап деңгейін табу керек. Панельді ғимараттың қабырға қалыңдығы d1=0.3м, кірпіштен жасалған ғимарат қабырғасының қалыңдығы d2=0.5м
Шешуі: 1. Gэф=к*С=1,53*15*103=22950 кг
2. Жарылған заттың түріне байланысты бұзылу зонасының радиусы:
Панельді ғимарат үшін: d1=0.3м
Кірпішті Ғимарат үшін d2=0.5м
3.Болжамды зардап деңгейі:
D= = 0.34
Орытынды
№2 есептеу-сызба жұмысы апат болған аймақтағы жергілікті халыққа тигізетін залалын есептеуге, жету уақытын және алдын-алу шараларын жүргізуге бағытталды. Жұмыста берілген есептер улы заттардың таралу қашықтығы мен жылдамдығын есептеп, адамдарға әсер ететін деңгейлерін табуға, радиация мөлшерін анықтауға үйретеді.
Улы заттар тараған кезде противагаз кию керек, ол болмаған жағдайда жамылғы немесе басқа нәрселерді басқа жауып, тез арада жақын жердегі паналау орнына жетуге қам жасау керек. Егер үйде не сабақта болсақ сол жердің терезесін, есігін қолда бар нәрсемен тығыздап, үйге улы зат немесе газ кірмейтіндей ету керек. Ескеретін жай улы газдар апаты болғанда үйдің төменгі және жер асты қабатын паналамауға тырысу керек, себебі тараған улы заттар ауадан ауыр болса, төменге жиналатыны белгілі.
Бүкіл жер бетінде, оның ішінде республикамызда жыл өткен сайын өмір сүру ортасының жағдайы мен ахуалы қиындап барады, осы мәселелер күрделеніп кетті.
Қорытындылай келе апатты жағдай болған кезде, қандай шаралар алдын –ала қолдану керек екендігін осы есептеу- сызба жұмысында толықтай танысып, түсіндік. Сол себептен қауіпсіздік ережелерін білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Шубин Е.П. Гражданская оборона. – М.: Просвещение, 1991.-223 бет.
2. Нұрмағамбетов Ә. Жер сілкіну: болжам мен сақтану шаралары.-Алматы,1999. -190 бет.
3. Журавлев В.П.Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях.-М.: Издательство ассоциации строительных вузов.-М.:1999. -396бет.
4. Белов С.В «Безопасность жизнедеятельности. Учебник для вузов.1999. -448 б.