Дәріс № 3: Жараққаттану, сүйектер сынуында және
Күюлер кезінде алғашқы көмек.
Жоспары:
1. Зақымдану түрлері (жарақаттар).
2. Жарақаттардың асқынуы.
3. Сүйектер сынуы және буын созылуы.
4. Жәндіктер зақындарындағы көмек
Жарқаттану, зақымдану.
Адам денесі сыртттан әсер еткен әртүрлі факторлардың нәтижесінде зақымдалынады.
Көпшілік жағдайда жарақаттану өте жылдам болады, сырттан әсер еткен зақымдаушы күштің нәтижесінде адам денсаулығының бұзылуын зақымдану деп атайды.
Зақымдану нәтижесінде денсаулықтың күрт бұзылуын жарақаттану деп атайды.
Зақымдану түрлері
Зақымдануға сыртқы қоршаған орта факторлары ықпал етеді. Зақымдану ерекшелігіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1. өндірістегі, кәсіпорын - зауод, фабрикада алынған зақымданулар;
2. ауыл шаруашылық - егіс даласы, мал қораларында;
3. тұрмыстық жағдайда - үйі және аулада зақымдану;
4. көліктік - жол- көлік зақымдары;
5. спорттық - спорт кешендерімен спорт алаңдарында алынған зақымдар;
6. балалар зақымдары- 14 жасқа дейін алынған зақым түрлері;
7. әскери зақымдану- соғыс уақытында оқ - дәріден зақымдану;
Зақымданушының жарақатты қандай жағдайда алынғанына байланысты(өндіріс орны немесе былайғы жерде) кәсіби және кәсіби емес болып бөлінеді.
Жарақат түрлері зақымдану ерекшелгіне байланысты мынадай болып бөлінеді:
1.механикалық- өткір немесе өтпейтін құралдан зақымдану;
2.физикалық- суық және ыстықтан;
3.химиялық- қышқыл және сілтілер әсері;
4.биологиялық- бактерия және олардың улары әсерінен, психиканың бұзылуы(қорқыныштың пайда болуы);
Зақымдану дәрежесіне байланысты жарақаттар былай бөлінеді:
1. жеңіл- жыртылған, созылған;
2. орташа ауыртпашылықта - қол-аяқ шығуы саусақтардың сынуы;
3. ауыр - ми шайқалу, сан сынуы, көп мөлшерде қан кетуі;
Жарақаттану.
Сырттан әсер еткен күштің нәтижесінде тері қабаттарының бір тұтастығының бұзылуын жарақат деп атайды.
Бейбіт және соғыс кезінде жарақаттану өте жиі кездеседі. Барлық зақымданулардың бестен бірі жарақатарға келеді.
Барлық жарақат түріне тән белгілерге қан кету, ауырғандық сезім және ткандердің бір тұтастығының бұзылуы жатады.
Жарақат түріне,көлеміне, тереңдігі және зақымдалу сипатына қарай қандай заттан немесе қарудан зақымданғанын айыруға болады.
Зақымдану түріне байланысты жарқаттар былай бөлінеді:
1.Сызат- терең емес,тек тері ғана зақымданған;
Жарақат аумағына байланысты кішігірім, орташа және жайылмалы болып бөлінеді.
Пайда болу себептеріне байланысты:
1. кесілген - өткір заттар зақымдағанда (пышақ, ұстара, шыны т.б.) Жара шеттері тегіс болып,қан аз немесе көп кетеді;
2. шабылған- балта сияқты өткір ауыр зат зақымдануынан,кесілген тәріздес жиегі тегіс бірақ өзегі терең болады;
3. Тесілген- жіңішке пышақ, шеге айыр сияқты өткір заттардан жараланудан болады, мұнда жара өзегі жіңішке және терең болады;
4. Жырымдалған - өткір емес ауыр жоғарғы қысымда соққы беретін заттардан, жара шеттері тегіс емес болып және қан сыртқа аз ағады;
5. Жыртылған- созылу күші әсер ету нәтижесінде тері қабаттарының жыртылуы.Мұндай жарақат түрінде қан аз кетіп, бірақ ауырғандық сезім күшті болады;
6. Тістелген- сырт көрінісі бойынша жырымдалаған және жыртылған жараларға ұқсас, адам немесе хайуан тістеуі нәтижесінде сілекей арқылы инфекция өтеді;
7. Оқ тиген- оқ немесе снаряд жарқыншағы тиюден, бұл жара түрінің сырт көрінісі бойынша тек тесік көрініп және оқ тесіп шыққан жерден дөңгелек оқ орыны дененің екінші жартысынан көрінеді.
8. Қашанда оқ кірген тесіктен,оқ шыққан тесік үлкен болады.
9. Егер оқ тиген денеде екі тесік болса тесіп өткен, ал оқ денеде қалып қойса соқыр жарақат деп аталады.
II. Жараның асқынуы
Қандай болмасын жарақат қан кетіп инфекциялық асқынумен қауіпті. Уақытылы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің орыны ерекше, себебі қан кетуі тоқтатылып және жараға инфекция түсірілмейді.
Шабылған және терең кесілген жараларда қан негізінен сыртқа ағады. Ауыр өткір емес заттардың зақымдануда, ішкі бауыр, талақ, бүйркетер сияқты мүшелермен ірі қан тамырлары зақымданып, қан ішке кетеді.
Қан іш қуысына өтуі нәтижесінде іріңдеп инфекция пайда болады.
Қалыпты жағдайдайда сыртқы жамылғы тері қабаттарында миллиондаған микрорганизмдер зақымдаушы затпен қанға өтіп іріңді асқынуларға әкеп соғады, сонымен бірге жара біткенде тыртық із қалуына себеп болады.
Жарақатты таза емес қолмен немесе лас затпен таңатын болса, микроб тусу қаупі жоғарлайды.Жараға өткен инфекциялардың ішіндегі ең қауіптісі сіреспе.
Сіреспе кезінде мойын бұлшық еттері тартылып, соның нәтижесінде тыныс алуға қатысатын бұлшық еттері сіресіп жаны кетіп, зардап шегуші тұншығады.
Сондықтан топырақ және шаң- тозаң жарақатқа түскен жағдайда профилактика ретінде сіреспеге қарсы сарысу егіледі.
Газды гангрена жараға ауаның көмегінсіз көбейетін микрорганизмдер түскенде пайда болады.
Жара тұсын, саусақпен басу кезінде, газ көпіршіктерінің жарылуынан сықыр естіледі. Зақымданған тері қабаты қызарып, жарақаттанушының дене қызуы көтеріледі.
Жарақатты емдеу.
Зақымданған дененің көпше бөлігін жара алып жататын болғандықтан, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету негізі болып жараны таңу есептеледі.
Бұл өте жауапты емдеу түрі болғандықтан бірінші кезекті меңгерілуі қажет.
Жараны өңдеу үшін дәке, мақта, марлі және қандайда болмасын дезинфекция жасайтын ерітінді болуы қажет.
Егер дезинфекциялық ерітінді қолда болмаған жағадайда, жара үстіне стерильді марлі салынып, оның үстіне жұқа мақта қабаты төселіп сыртынан орайды.Жараға ешқашанда ұнтақ себіп,май жағып және тікелей мақтамен жабуға болмайды.
Егер жара сыртына қандайда болмасын дене бөлігімен немесе ішек- қарын шығып тұратын болса ішке итеріліп салынбайды.
Тек сыртына стерильді марлі жабылады. Каналы терең жарқаттарда хирургиялық көмек көрсетіледі.
Ан кету
Зақымдану нәтижесінде тамырлардан қан ағып, аурғандық сезім жарақатанудың негізгі белгісі болып табылады.
Соққы, кесу және шаншу кезінде қан тамырлары қабырғаларының тұтастығы жойылып қан сыртқа немесе іш қуысына өтеді.
Қан маңызды қорғаныс қызметін атқарады және өздігінен ұю қасиеті болғандықтан кей жағдайда өздігінен немесе таңу нәтижесінде тоқтайды. Қан кету нәтижесінде мүшелердің оттегі мен қанығуы төмендеп, денедегі барлық 5 л қаннан 2.5 л жоғалса өлім жағдайына әкеп соғады.
Егер зақымдану нәтижесінде қан сыртқа өздігінен немесе табиғи саңылаулар арқылы ағатын болса сыртқа кеткен болып есептеледі.
Қан кетуі нәтижесінде аққан қан ішкі қуыстарға жиналатын болса, ішке кеткен деп аталады.
Сыртқа кеткен қан мынадай топтарға бөлінеді:
1.капиллярлық- үстіңгі тері қабатттары зақымданғанда немесе қан тамшылап сирек ағатын болса;
2.көк тамырдан - терең жараларда кесілген, тесілген және аққан қан түсі қоңыр- қызыл түсті болып, баяу бірақ көп мөлшерде ағады;
3. қызыл қантамыры - терең шабылған, тесілген жараларда және сыртқа аққан қан алқызыл түст болып үлкен қысымын сыртқа атқылайды;
4. аралас қан кетуі - қызыл және көк тамыр қатарынан зақымданғанда болады.