Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Баллистикалық объекті іздерінің сипаттамасы.




 

Сот баллистикасының ғылыми негіздерінде сыртқы және ішкі баллистикаға жіктелетін ату жөгіндегі білім жүйесі, сонымен бірге ату іздерінің объектілерде, оқтар мен гильзаларда қалыптасу заңдылықтары жатады.

Ішкі баллистика жалындаушы құрамның атылу процесі жүзеге асатын капсюльді тесіп ұрудан басталады. Жалын сәулелері капсюль ұясына кіріп, бытыра қуатын жандырады. Бытыра қуатының жануына және белгілі бір қысымның жетістігі мен оқтың ішіндегі снаряд бытыра газдарының қысымы арқылы ствол каналымен қозғала бастайды. Снарядтың және оларды жетелеуші бытыра газдарының канал стволынан шықаннан кейін ішкі баллистика процесі аяқталады.

Яғни, ішкі баллистика процесі оқтың қаруға кіріп шығуына дейінгі процесте жүзеге асады.

Сыртқы баллистика бойынша атудың негізгі және қосалқы әрекеттері зерттеледі.

Атудың негізгі факторы – бұл снарядтың тосқауылдан бағытталған әрекеті. Ату ізінің негізгі деректемесі болып маңыздылығы бойынша әр түрлі бөгет өзгерістері (тиген залалы) табылады. Бөгетке зиян тигізерде оқпен бір тесік құралады. Көптеген бір-екі метрге ұшатын оқ бір зиян тигізеді, ол оқтардың шашырау саны мен ауданы, ара қашықтығы өскен сайын ұлғая береді.

Із қабылдаушы объектінің өзгеру саласы бойынша барлық атылатын қаруларды енуші және беткі қабатты деп бөлуге болады.

Атылудың қосымша деректемелері оның негізгі факторының шығарушы және қосылушы әрекеттерімен, құбылыстарымен сипатталады. Оларға:

1. қарудың қайтарымы және нышанға рефлекторлы оралуы;

2. ствол каналынан үлкен жылдамдықта қызған бытыра газдарын лақтыру;

3. снаряд сыртының залал шеттерімен қатынасы.

Гильзада атылатын қару іздері мына жағдайда қалады:

· оқтау-магазинді иілдіруден, ысырманың алдыңғы сырт қабатынан, оқ салушыдан, ысырманың алдыңғы кескінінен және тастаушысының ілушісінен;

· ату-ұру салдарынан, оқты ұстаушыдан, оқ салушының қабырғаларынан;

· атылған гильзаны алу, лақтырушының тісінен, оқ салушыдан, көрсеткіштен.

Кескінді тайғанаушы-жаптырмалы атушы құрал үшін іздердің спецификалық көріністері тән.

Оқтағы атылушы құрал іздері – кескінді сызық іздері, оқтың тесу іздері, жақын жерден ату іздері яғни бұл мына жағдайда пайда болады:

- қаруды оқтау кезінде.

- Қаруды ату салдарынан пайда болады.

Атылатын қаруды қолдануды табу, түсіру, қарау мен алу арнаулы анықтамаға ие.

Атылатын қаруды, гильзаларды, оқтарды, патрондардарды, дробьтарды табуосындай объектілерді басқа табылуы мүмкін орындардың бір мақсатта іздестіруді ұғындырады.

Ату іздерін тіркеу үшін бірнеше әдістермен құралдар қолданылады. Біріншіден, атылған оқты қолдану ізі бар оқиға болған жерді суретке түсіру жүзегеа сырылады. Екіншіден, атылатын объектінің бөлшекті өлшеуші суреті дайындалады. Үшіншіден, объектілер қарастырылып, тексеру қорытындысы тергеу әрекетінің хаттамасында нақты көрсетіледі.

Атылатын оқты қарау қауіпсіздігінің арнаулы әдістерін сақтау талабы: оқты жіберуші ілмектің басылып кетпеуін қадағалау керек, қарудың аузын жоғары ұстау, оны құлатпау бетіндегі трасологиялық және басқа сипаттағы іздерді құртпау.

Атылатын қару келесі бағыт бойынша сипатталады: маркировкаға, ұрып жіберуші механизмге иелі қарудың тұрлі жүйесі, қару моделі, жарықта қарағандағы ствол каналының жағдайы, ствол каналында бытыра иісінің болуы немесе болмауы, басқа да қару іздерінің болуы мен сипаты.

Хаттамада міндетті түрде объектілерді алу әдісі мен қаптау сипаты көрсетіледі, сондықтан хаттаманың құрылуы іздерімен және кезекті жұмыстарымен қатар жалғасады.

Объектілер мен іздерді жалғастыра зерттеуге олардың сақталуы мен қажнттігін қамсыздандыру үшін атылған орыннан белгіленіп, көрсетілуі тиіс.

Оқтар мен гильзалар тексеріс алдында бірден алынады, суретке түсіріледі, содан кейін бөлек пакеттер мен қораптарға салынады.

Сезіктіден қаруды алу мына мәселелерді анықтау мақсатында сот баллистикалық идентификация сараптамасын тағайындайды:

- оқиға болған жерден табылған гильзаның алынған қарудан атылғанын немесе атылмағанын анықтау;

- жәбірленуші өліктің киімінен табылған оқтың салыстырылушы қарудан атылғанын немесе атылмағанын анықтау.

 

 

ОРЫТЫНДЫ.

 

Криминалистік баллистика – бұл қылмысты ашу және тергеу мақсатында атыс қаруын және оны қолдану іздерін табу, бекіту, алу және зерттеудің техникалық құралдары мен тәсілдерінің, ғылыми ережелерінің жиынтығын қамтитын криминалистік техниканың бөлімі.

ҚР Қылмыстық кодексі атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құралдарды заңсыз сатып алуды, біреуге беруді, сатуды, сақтауды, тасымалдауды және алып жүргізуді (251-бап); 0аруды заңсыз жасауды (252-бап); атыс қаруын ұқыпсыз сақтауды (253-бап); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құралдарды күзету міндеттерін тиісті орындамауды (254-бап); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құралдарды ұрлауды немесе бопсалаушылықты (255-бап) қылмыс деп таниды.

Криминалистік баллистика атыс қаруын; оны жасау үшін қолданылатын құрал саймандар мен материалдарды; оқ пен оның жабдықтарын, сондай-ақ снарядтың іздері қалған және оқ атқанда қалған күйенің, оқ-дәрілердің жанбаған бөлшектерінің, темір мен май бөлшектерінің іздері бар объектілерді зерттейді. Сонымен қатар криминалистік баллистика оқ-дәрі газдарының қуаты (энергиясы) негізінде жасалған атыс құралдарын да қарастырады. Бұл құралдар арнайы заттарды шашу (газды тапанша, алтыатар), белгі беру үшін (ракетница, түтін шашкасы), құрылыс жүргізу үшін (құрылыстық-монтаждық тапанша) қолданылады. Криминалистік баллистика объектісіне көмекші құрал ретіндегі, яғни жарық, белгі беретін, атысты жасағанситын оқ-дәрілер де жатады.

Атыс қаруының мақсаты – оқ-дәрілердің немесе басқа заттың қуаты негізінде бір бағытта қозғалатын снарядпен қашықтағы нысананы механикалық түрде жою. Қару азаматтық қызметтік және әскери болып бөлінеді. Біріншісіне өзін-өзі қорғау қаруы, спорттық, аңшылық, белгі беретін, өндірістік және суық қылышқаруы жатады.

Әскери қаруға әскери және жедел-қызметтік міндеттерді атқаруға арналған атыс және суық қару жатады.

Атыс қаруы: а) автоматтандыру деңгейі бойынша автоматтандырылмаған, өзі оқталатын, автоматтандырылған; ә) сыятын оқ-дәрі бойынша бір зарядтық, көп зарядтық; б) оқталу тәсілі бойынша – казнозарядное, дульнозарядное; в) көп ұңғылы; г) ұңғы калибрі бойынша – кіші калибрлі (6,5мм-гедейін), ортакалибрлі (9мм-ге), ірі калибрлі (9мм-ден жоғары), ғ) ұңғы құрылысы бойынша – тегіс кертікті; д) ату сипаты бойынша – дара, сериялық және үзбей ататын болып бөлінеді.

Жасалу жағдайы бойынша қару стандартты (зауытта жасалған) және стандартты емес (кәсіпші немесе қолдан жасалған) болады.

Кәсіпші шеберханасында стандартты сақтай және аз түрде жасалған қару кәсіпшілік болып есептеледі.

Қол астындағы материалдар, кейде стандартты қарумен зауыт құрал-жабдықтарының бөлшектерін пайдаланып та қолдан қару жасайды.

Қайтадан жасалған және әдеттен тыс қарулар (ататын портсигарлар, қаламсаптар, қолшатырлар, т.б) жеке топты құрайды. Стандартқа сай қарулармен салыстырғанда, стандартқа сай емес ұқсас қарулардың құрылысында ауытқулар болады және олар бекітпесінің құрылысымен, ұңғысының мөлшерімен ерекшеленеді.

Қайта жасалған қару – бұл аңшы мылтығынан жасалған шолақ мылтықтар; тірі нысананы көздеп атуға лайықталған газды, белгі беретін және құрылыстық-монтаждық пистолеттер.

Кез келген атыс қаруы: 1) оқ-дәрінің немесе басқа заттың қуаты (энергиясын) оқты ату үшін қолдануы қажет; 2) қарудың зарядты тұтындырушы құрылғысымен және оққа бағыт беретін ұңғысы болуы қажет; 3) қарудың объектіні өлтіруге жеткілікті күш және бірден көп оқ атуға мүмкіндік беретін берік құрылысы болуы қажет.

Ұңғының ішкі жағындағы кертіктер оқтың айналуын қамтамасыз етіп, дәл және алысқа атуға мүмкіндік береді. Қарудың әр түрлі модельдерінде 4-7 кертік болады. Кертіктер оң жақты (отандық қаруда) және сол жақты (шетел үлгілерінде) болады.

Қарудың калибрі – ұңғы арнасының миллиметрімен есептелетін диаметрі. Тегіс ұңғылы аңшылық қарудың калибрі әдетте қорғасынның бір ағылшын фунтынан (453,6 г) құйып жасайтын домалақ ұңғының диаметріне сәйкес болуы қажет. Егер қорғасынның бір фунтынан 20 оқ жасалса, қарудың калибрі 20 болады. Отандық өнеркәсіп 12, 16, 20, 28, 32 калибрлі қару өндіреді.

Атқан оқтың дауысын ақырындату үшін дыбыс басқыш (глушитель) қолданады. Соңғы уақытта зауытта шығарылатын дыбыссыз қарулар кең тараған. Дыбыссыз ату үшін ерекше құрылысы бар оқтар да шығарылуда.

Атыс қаруының оқтары бірыңғай болады, яғни тұтандырғыш капсюль, оқ-дәрі және оқ гильзаның ішінде болады. Оқтардың пистолеттік, револьверлік, карабиндік, винтовкалық, автоматтық және мылтықтық түрлері бар. Оқ маркасы, шыққан зауыт нөмірі, түрі гильзаның түбінде жазылады.

Гильза корпустан, ауыз жағынан және фланецтен тұрады. Нысаны бойынша гильза цилиндр, бөтелке және конус тәріздес болады.

Соғыс жүргізетін қару оқтары гильзасының түбінде капсюльдің ұясы болады. Капсюльдің ішінде соққыны сезетін жарылғыш зат бар. Ол жарылғаннан кейін түбінде не түтінсіз болатын оқ-дәріні тұтандыратын оқ ұшқыны шашырайды. Оқ-дәрі зарядының көлемі оның түріне және оқтың калибріне байланысты болады.

Патронның атылатын элементі – снаряд, яғни оқ бытыра немесе картечь. Оқтар қарудың калибрі бойынша ажыратылады. Кертікті қару оқтары қабықты, қабықсыз және жартылай қабықты болады. Қабықсыз оқ монолитті, қабықты оқтың қорғасыннан жасалған өзегі мен одан қатты металдан қабығы болады, ал жартылай қабықты оқтың қабығы оның бас жағын жаппайды.

Аңшылық патронның бытырасы мен картечі түйіршік түрінде болады да, бытыра құрамына байланысты қатты не жұмсақ, ал картеч тек жұмсақ болады.

Аңшылық патронда тығын мен төсемі де қолданады. Тығын жүннен не полиэтиленнен жасайды, ал қолдан жасақталған оқтарда қағазды, шүберекті, т.б қолданады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1020 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2539 - | 2234 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.