Лекции.Орг
 

Категории:


Перевал Алакель Северный 1А 3700: Огибая скальный прижим у озера, тропа поднимается сначала по травянистому склону, затем...


Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки): Структурная и функциональная единица нервной ткани и он состоит из тела...


Как ухаживать за кактусами в домашних условиях, цветение: Для кого-то, это странное «колючее» растение, к тому же плохо растет в домашних условиях...

Жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері



 

Жүрекке массаж жасау (сыртқы тікелей емес) жүрек тоқтағанда қолданылады және төс пен омыртқа арасында жүректі ырғақты қысу жолымен жүргізіледі.

Жүректі қысу тәсілі арқылы қан айналымның үлкен және кіші шеңберінің ірі тамырларына қан айдауға, сөйтіп қан айналым мен өмірлік маңызды органдардың қызметін жасанды түрде қолдауға мүмкіндік туады.

Массаж техникасы - ауру шалқасынан қатты тегістікке (еден, үстел) жатқызылады. Көмек көрсетуші аурумен қатар тұрады (егер ауру еденде жатса, онда тізесін бүгіп) және алақандарын (бірінің үстіне бірін) аурудың төсінің төменге үштен бір бөлігіне қояды; өз салмағын пайдалана отырып, ырғақты және соққы түрінде (минутына 50-60 рет) төсті 3-4 см тереңдікке итереді, әрбір итерістен кейін қолдарын дереу кеуде клеткасынан босатады.

Ескерту: жүрекке массаж жасағанда саусақтарды кеуде клеткасына тигізбеу аса маңызды (қабырғалардың сынуынан сақтану үшін). Тіпті адекватты массаж көмегімен қан жүруді қалыптыдан 0-40%-ға қолдауға болады, сондықтан массажды бірнеше секундта тоқтатуға болады. 10-12 жасқа дейінгі балаларға массаж бір қолмен, емшектегі нәрестелерге екі саусақ ұшымен жасалады. Соққы саны тиісінше минутына 70-80 және 100-120 рет.

Жүрекке сырттай массаж жасауды "ауыздан-мұрынға", "ауыздан-ауызға" әдісімен жасанды тыныс алдыру немесе аппарат көмегімен жасайды, тыныс алдырумен үйлестіруге болады. Қан айналымын қалыпқа келу сәтін анықтау үшін (әрбір 2-3 мин сайын жүрекке массажды бірнеше секундқа тоқтатып) ұйқы артериясының соғысын және көз қарашығы өлшемін бақылап отыру керек. Жүрек жұмысы мен ұйқы артериясында тамыр соғуы қалыпқа келгенде массажды тоқтатады, ал жасанды вентиляцияны өз бетінше тыныс алу пайда болғанша жалғастыра беру керек.

3.4.6. Өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдері ("ауыздан-ауызға", "ауыздан-мұрынға", Сильвестр, Каллистов тәсілі бойынша)

Өкпеге жасанды желдету жасаудың неғүрлым тиімді әдісі - зардап шегушінің тыныс алу жолдарына ауаны белсенді түрде үрлеу әдісі. Зардап шегушінің өкпесіне ауаны енжар түрде үрлеуге негізделген әдіс (Сильвестр бойынша, Нильсен-Каллистов бойынша, Говар бойынша, Шефер бойынша, Хольгер-Нильсен бойынша) онша тиімді емес. Неғұрлым тиімдісі - аппарат көмегімен жасанды тыныс алдыру болып саналады. "Ауыздан-ауызға" немесе "ауыздан-мұрынға" әдістері қарапайым әрі кез келген жағдайда қолданылатын әдіс қатарына жатады. Ауруды шалқасынан жатқызады, басын мейлінше шалқайтады, осы кезде жоғарғы тыныс алу жолдары барынша ашылады.

"Ауыздан-мұрынға" әдісі кезінде аурудың төменгі жағы алға және жоғарыға жылжытылады, бұл кезде ауыз толығымен жабылады. Көмек көрсетуші терең дем алады да, аузымен зардап шегушінің мұрнына ауа жібереді, кеуде клеткасы кеңіген кезде аузын зардап шегушінің мұрнынан босатады.

"Ауыздан—ауызға" әдісі кезінде аурудың иегі ақырын алға жылжытылады, аузы кішкене ашық болады. Көмек көрсетуші терең дем алып, аузын ауру аузына түйістіріп, бетімен аурудың мұрнын жауып, дем шығарады.

Дәке салфеткасын, арнайы бүркеме, мундуштук арқылы, ауа жіберу қолданылу мүмкін жерде "ауыздан-мұрынға" тәсілін қолданған жөн. Аурудың тыныс алу жолдарына ауа үрлеу минутына 16-18 рет жасалады. Тыныс алу тек дәке немесе орама көмегімен ғана емес, сонымен бірге Т -түріндегі немесе С - түріндегі түтік, қол респиратор қабының тыныс алу терісін (бүркемесі бар "Амбу" типті қап) қолданып жүргізуге болады. Баланың аузы мен мұрнын бір мезгілде еріндермен жауып, кеуде клеткасының көтерілуін бақылай отырып, ауаны шағын мөлшерде жіберуге болады (тыныс алу жиілігі-минутына 15-18 рет).

Зардап шегушінің жағы қарысып қалған жағдайда "ауыздан- мұрынға" тәсілі тиімді.

Жасанды тыныс алдырудың мақсаты - өз бетінше толыққанды тыныс алу қалпына қанның О2 -мен толығуын және СО2 жойылуын қамтамасыз ету. Сондықтан оны қалыпты тыныс алу жұмысы орнына келгенше жасайды немесе жүрек тоқтауының айқын белгілері байқалғанда тоқтатады. Ол оқиға орнында жасайды. Ең әуелі жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігі тексеріледі (саусақпен тексеру және қарау, тіл ұстағышпен тілді сыртқа шығару, қысып тұрған киімді, жағаны, белбеуді босату). Қолмен жасанды тыныс алдыру әдістері жеткілікті түрде өкпені желдетуді қамтамасыз ете алмайды. Оның ішінде төмендегі тәсілдер жиі қолданылады:

а) Сильвестр әдісі - аурудың бас жағында тұрып, 1-2 адам оның екі қолымен шынтақ буыны астынан ұстайды және иықтарын мейлінше артқа және жоғары қайырады; осылайша тыныс алу жүзеге асырылады. Қолды осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұрады да, төмен түсіреді, сөйтіп кеуде клеткасын басып итереді, осылайша дем шығару жүзеге асырылады. Осындай қозғалыстар минутына 12-16 рет жасалады;

б) Нильсен-Каллистов тәсілі — зардап шегуші етпетінен жатады, оған оралған сүлгі ұштары қолтық астынан өтіп, жауырынның акромальды өсіндісі мен бұғананың шеткі ұштары аумағына шығарылады, қол денеден алшақталады. Зардап шегушінің бас жағында тұрған көмек көрсетуші сүлгінің екі ұшынан ұстап, жоғарыға тартады. Осы кезде кеуде клеткасы едәуір кеңиді, иықтар арқа жаққа жайылады, жауырындар жақындайды, жүрек аумағында кеуде клеткасының алдыңғы бөлігі қысымнан босайды.

Көмек көрсетуші бұл кезде негізінен өзінің арқа бұлшық еттерінің күшін қолданады, ол қол, әсіресе білек күшінен 3-4 есе артық. Егер екі сүлгінің ұштарын байласа, онда оны көмек көрсетушінің арқасына кигізіп, қолдарын босатуға болады (зардап шегушіні көтеру көмек көрсетушінің арқасының бүгіліп жазылуы нәтижесінде жүзеге асады).

 





Дата добавления: 2017-01-28; просмотров: 5924 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

  1. A) Мүлікті беру, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету келісім-шарты кейіннен жасауды көздейтін жағдайларды анықтайтын келісім-шарт
  2. A. Қалдықтармен жұмыс жасау, оларды пайдаға асыру мен объектілерін орналастырудағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау
  3. A. Жедел түрде ЭКГ жасау
  4. B) интубацию и ИВЛ, закрытый массаж сердца
  5. C) Ескерту жасау, сөгіс беру, қатаң сөгіс беру, жұмыстан босату сөгіс, қатан сөгіс жеке еңбек шартын бұзу
  6. C)Өзіне тиесілі материалдардан жаңа затты жасау
  7. D) жедел түрде ЭКГ жасау
  8. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау технологиясы.
  9. Адамның ісік ауруларын зерттеуге арналған модельдерді жасауда қолданатын әдістер: Клондау Химерларды алу Трансгенді технологиялар
  10. азақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
  11. Азақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар, олардың экономикадағы рөлі мен орны
  12. Азақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар, экономикады олардың рөлі мен орны


Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.