Дәрістер жоспары
1.Тахеометриялық түсірістің мәні
2.Далалық жұмыстар
3.Толықтыру және жер бедерін түсіру, крокалар.
Тахеометриялық түcipicтe түсiрiлетiн нүктеде тұpғaн рейканы аспаптың дүрбiсiмен бiррет нысаналау арқылы осы нүктенің координаталарын, яғни бағытын, ара қашықтығын және салыстырмалы биiктiгiн анықтайды. Демек, тахеометриялық түсірістің мәні аспаптың нысаналау осінің бiр жағдайында вертикаль бұрышты ν, горизонталь бұрышты β және рейкадан қашықтық өлшеуiш жiптерiнiң аралығындағы бөлiктер санын есептеуден тұрады; осы мәлiметтер арқылы нүктенің кеңiстiктегi координаталарын есептеп шығарады. Тахеометриялық түcipicтe жергiлiктi жердiң топографиялық планы түсiрiлетiн нүктелердiң барлық үш координаталарын есептеп шығаруға мүмкiндiк беретiн мәлiметтердi жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарулардан тұратын ғылыми өңдеу жұмыстары натижесiнде жасалынады. Тахеометриялық түcipicтi тахеометрлермен немесе теодолиттермен атқарады.
Тахеометрлер болмаған кезде тахеометриялық түcipicтi теодолит пен рейканың көмегімен жүргiзуге болады. Мұндай жағдайда әрбiр пикеттiк нүктеге дейiнгi көлбеу ара қашықтықты жiптi қашықтық өлшеуiшпен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейдi. Салыстырмалы биiктiктi тригонометриялық нивелирлеумен анықтайды.
В нүктесінің А нүктесімен салыстырғандағы салыстырмалы биiктiгiн (h) анықтау керек болсын делiк (74-сурет). Ол үшін А нүктесінe теодолиттi орнатады да, ал В нүктесінe рейканы қояды. Аспаптың биiктiгiн (i) рулетка мен және сызықтың ұзындығын
74-сурет
АВ лента мен немесе қашықтық өлшеуiшпен өлшейдi. Теодолиттiң вертикаль дөңгелектің көмегімен дүрбiнiң нысаналау оciн рейканың қандай да бiр нүктeciнe бағыттағандағы көлбеулiк бұрышын анықтайды. Осы нүктеден рейканың тақасына дейiнгi қашықтық (υ) нысаналау биiктiгi деп аталады. 73-суреттен
h=h1+i- υ. ( 1 )
Бiрақ
hl=dtgv, (2))
ендеше
h=dtgv+i- υ. (3)
Егер рейкаға аспаптың биiктiгiн (i) белгiлеп, осы нүктесi дүрбiмен нысаналаса, яғни i= υ тең деп алынса, онда салыстырмалы биiктiктi бұлай анықтауға болады:
h=dtgv. (4)
(139) немесе (140) формулаларымен есептеп шығарылатын са.лыстырмалы биiктiктi 0,01 м-ге дейiнгi дәлдiкпен дөңгелектейдi.
Егер AB=D ара қашықтығын лента мен немесе горизонталь рейка арқылы қашықтық өлшеуiшпен өлшейтiн болсақ онда d=Dcosv тең болады да (140) формуласының орнына мына формуланы шығарып аламыз:
h=Dsinv (5)
Егер нүктелердiң ара қашықтығын вертикаль рейкадан қашықтық өлшеуiшпен өлшейтiн болсақ онда (140) формуладағы d-нің орнына (78) формуладағы мәнін қойып, салыстырмалы биiктiктi мына формула мен анықтауға болады:
(6)
Немесе kL=D' тең деп алатын болсақ, онда мұндағы
k - қашықтық өлшеуiш коэффициентi; L – қашықтық өлшеуiш жiптерiнiң сантиметрлiк аралық белiктерiнiң саны; D'- қашықтық өлшеуiшпен өлшенген ара қашықтық. (142) және (143) формулалар тахеометриялық деп аталады.
Осы формулаларды пайдаланып салыстырмалы биiктiкті анықтағанда тахеометриялық кестелердi пайдалануға болады.
Егер А нүтeciнің биiктiк белгici мәлiм болса, онда В нүкте сінің биiктiк белгiciн мына формуламен анықтауға болады
Н в =Н А +h. (144)
Сызықтың вертикаль ұзындығы 400 м-ден артық ара қашықтыққа биiктiк белгiлердi жеткiзгенде салыстырмалы биiктiктiң өлшенген мәнінe, жердiң қисықтығына және нысаналау саулесiнің атмосфераның жерге жақын қабаты арқылы өткендегi вертикаль рефракциясына түзетулер енгiзiледi.
Tүcipicтің алдында әр станцияда тексерiлген аспапты алдымен центрлейдi, горизонтальдайды, вертикаль дөңгелектiң нөл орнын анықтайды, аспаптың биiктiгiн өлшейдi, өлшеу натижелерiн арнаулы журналға жазады, аспаптың биiктiгiн рейкаға белгiлеп, лимбаны таңдап алынған бастапқы бағытқа қарай бағдарлайды. Содан соң лимбаны бекiтедi. Алидаданы босатып, рейка түсiрiлетiн пикеттiк нүктелердi жүйелi түрде нысаналайды. Дүрбiнi рейкаға тордың вертикаль жiбi рейканың ociмeн, ал горизонталь жiптi рейкадағы аспаптың биiктiгiне сайкес белгiмен беттесетiндей етiп нысаналайды. Жiптi қашықтық өлшеуiштен, горизонталь және вертикаль дөңгелектерден есептеулер алып, оларды арнаулы журналға (11-кесте) жазады.
Станциядағы жұмыстар аяқталғаннан кейiн тексеру мақсатымен дүрбiнi қайтадан бастапқы нүктеге нысаналайды. Осы кезде есептеулер айырмашылығы 2'-тан аспауы тиiс.Пикеттiк нүктелердi түcipумeн қатар сұлбасы (абрис) сызылып, онда бұл жағдайдың кepiнici салынады және жер бедерiнiң сызықтары (арналар, суайрықтары, беткейдiң ойлы-қырлы жерлерi және т. с. с.) көрсетiледi. Сондай-ақ аспаптың тұру нүктeci мен түcipic жуйесiнiң шектес (бұрынғы және келесi) нүктелерi керсетiлiп, олар тұтас сызықтармен қосылады.
Арасында бiр қалыпты көлбеулiгi бар пикеттiк нүктелер беткейдің бағытын көрсететін стрелкалармен қосылады. Планды салғанда стрелкалармен қосылған пикеттер арасындағы интерполяция жасалады.
Түсiрiлетiн жердiң планда кескiнделу дәлдiгi көбiне абристi дұрыс жүргiзуге байланысты болады, сондықтан абристағы жағдайлар жазулармен түсiндiрiледi, одан басқа күрделi жерлердiң жер бедерi схематикалық түрде көрсетiледi.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 196-198
2. [1] бет 198-200
3. [1] бет 200-207
4. [3] бет 232-240
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (9,10-тақырыптар) [5,10,13]
1. Теодолиттік түсіріс
2. План құру
3. Тахеометриялық түсіріс
4. Тахеометриялық түсіріс кезіндегі далалық жұмыстар.
11-тақырып Тахеометриялық түсірістегі камеральдық жұмыстар, план құру
Дәрістер жоспары
1.Далалық жұмыстарды өңдеу
2.Биіктіктерді байланыстыру
3.Тахеометриялық түсіріс планы
Тахеометриялық түcipicтeгi ғылыми өңдеу жұмысы мыналарды қамтиды: 1) дала журналдарын тексеру; 2) тахеометриялық жүрicтердiң нүктелерiнiң пландық және биiктiк координаталарын (х, у, Н) есептеп шығару; 3) әр станциядағы рейкалық нүктелердiң биiктiк белгiлерiн есептеп шығару; 4) жергiлiктi жердiң топографиялық планын салу.
Дала журналдарындағы жазулар мен есептеулер eкi қолдан (басқарушы және оның көмекшiсiмен) өтiп, тексерiледi. Бұл
кезде горизонталь және вертикаль бұрыштар, горизонталь ұзындықтар, тахеометриялық жүрiстер нүктелерiнiң тура, кepi және орташа салыстырмалы биiктiктерi қайтадан есептелiп шығарылады. Табылған қателiктер тиicтi түзетулер енгiзу арқылы жойылады.
Тахеометриялық жүрiс нүктелерiнiң тiкбұрышты координаталары теодолиттiк жүрiс үшiн қабылданған жоба бойынша есептеп шығарылады. Бұрыштық қиыспаушылықты анықтап егер олар мүмкін болатын шамадан аспаса, оларды теодолиттiк жүрicтерде көрсетiлгендей етiп бөледi. Жүрicтiң ұзындықтарын қашықтық өлшеуiшпен 1:400 дәлдiкпен өлшегенде, тұйықталған жүрiстегi координаталар өсiмшелерiндегi қиыспаушылықтың мүмкін шамасын жүрiстiң қабырғалар саны аз болғанда формуламен анықтайды. Тахеометриялық жүрiс басталатын бастапқы пункттiң координаталарын бiле отырып, түзетiлген өсiмшелер арқылы журістің барлық ұштарының тікбұрышты коодинаталарын есептеп шығарады.
Дала журналындағы тахеометриялық тycipicтің нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн анықтағаннан кейiн пикет нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн есептеп шығарады; ол үшiн станцияның биiктік белгiсiне Н СТ тиicтi рейкалық нүктелерiнiң салыстырмалы биiктiгiн hі алгебралық түрде қосады
Н пик. i =HCT+hi. (146)
Есептеп шығару жұмыстары аяқталғаннан кейiн түсірістің топографиялық планын жасауға кiрiседi. Тахеометриялық түciрістің планын жасау жұмысы жалпыдан жекеге көшу принципiн сақтай отырып жүргiзiледi. Алдымен координаталық торды салады, мұнда теодолиттiк түcipic туралы айтылған тараудағы (§ 54) ереженi сақтайды. Содан соң планға тipeк пункттерiн, одан кейін тycipгi негiздеуiнiң нүктелерiн түсiредi. Одан кейiн түcipгi жүрicтерi мен ситуация нүктелерiн салады. Ситуациялық нүктелер планға дала журналының және крокидiң мәлiметтepi бойынша түсiрiледi. Тахеометриялық түcipicтeгі полярлық әдiспен түсiрiлген нүктелердi планға тахеографтың (75-сурет) көмегімен салу қолайлы. Мөлдiр пластмасса винипроздан жасап шығарылған бұл аспап градустық бөлiктерге (ең кiшкене бөлiгi 15'-ке тең) бөлiнген дөңгелек болып табылады. Дөңгелектің нөлдiк диаметрi арқылы сызғыш өтедi, оған тиiстi масштабта ең аз бөлiгi 0,5 мм ара қашықтық шамасы салынған. Осы шкаланы пайдалану қолайлы болу үшiн тахеографта тeciк ойылған. Дөңгелектiң ортасында органикалық шыныдан төлке бекiтiлген, ол арқылы планның тиicтi нүктесінің үстiнде тахеографты центрлеуге арналған ине етедi. планға нүктенi түciру үшiн тахеографты инеде осы станциядағы нөл бағытына қабылданған сәйкес есептеумен беттескенше бұрады, содан кейiн шкала мен станциядан түciрiлетiн нүктеге дейiнгi арақашықтықты салады.
Тахеометриялық жүрicтердiң нүктелерiн, ситуациялық шартты белгiлердi теодолиттiк тусiрicтегiдей етiп планға салғаннан кейiн, планда горизонтальдарды жүргiзедi. Горизонтальдарды жүргiзуден бұрын салынған крокиге сәйкестендiрiп алдын ала пункт сызықтарымен жер бедерiнiң пiшiнін, яғни оның өзiне тән және басты сызықтарын түсiредi. Осыдан кейiн интерполяциялауға және горизонтальдарды жүргiзуге кiрiседi. Алдымен крокиге сәйкес жер бедерiнiң өзiне тән жерлерiн, мысалы, төбенiң ұшын, ойпаттарды, шұңкырларды, жоталар сызыктарын, арналарды және т. с. с. ең төменгi белiгiнен бастап горизонтальдармен көрсетедi. Пландағы горизонтальдар штрихтармен толыктырылады да, калыңдатылған горизонтальдардың үзiлген жерiне биiктiк белгiлерiн жазады. Горизонтальдарды түсiрiп болғаннан кейін қажеттi жазуларды орындауға кiрicедi.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 207-208
2. [1] бет 208-210
3. [2] бет 146-148
4. [3] бет 247-252
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]
1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.
2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.
12-тақырып Геометриялық нивелирлеу, өсімшені анықтау әдісі Дәрістер жоспары
1.Геометриялық нивелирлеу әдісі мен мәні
2.Трассаның жолағын түсіру
3.Техникалық нивелирлеу, далалық жұмыстарды өңдеу
Нүктелердiң биiктiк белгiлерiнiң мәнi мен олардың салыстырмалы биiктiктерiн есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулерлер нuвелuрлеу деп аталады. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдiстерi болып бөлiнедi. Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (67-сурет) нүктелерiнiң дәл ортасындағы С нүктeciнe орнатылады, ал нүктелерге бiрдей рейкалар қойылады. Дүрбiнiң нысаналау оciн горизонталь жағдайына келтiредi де, нивелирдiң дүрбiсiн бiртiндеп рейкаларға нысаналайды. Бұдан кейiн З және П есептеулерiн алады, олар нысаналау сәулесiнен А және В нүктелерiне дейiнгi кесiндiлер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiк (h) мына формула бойынша есептелiп шығарылады:
h=3-П. (1)
Егер «артқа есептеу» З «алға есептеуден» П артық болса (3> П), онда салыстырмалы биiктiк h оң болады, яғни В нүктeci А нүктeciнен биiк орналасады. Ал «артқа есептеу» З «алға есептеуден» П кем болса (3<П), онда салыстырмалы биiктiк тepic болады, яғни В нүктeci А нүктeciнен төмен орналасады. Егер А нүктесiнiң биiктiк белгiсiнiң мәнi Н А белгiлi болса, онда келесi В нүктeciнің биiктiк белгiciнiң мәнi НВ бұрынғы нүктенiң биiктiк белгiсiнiң мәнi НА мен олардың арасындағы салыстырмалы биiктiгiнiң қосындысына тең болады
НВ = Н А + h. (2)
Нивелирдiң нысаналау сәулесiнiң теңiз деңгейiнен биiктiгi аспаптың горизонты АГ деп аталып, былайша анықталады:
АГ=НА+3=НВ+П. ( 3 )
Егер рейканы аралықтағы бiр нүктеге (D) қойып, одан d есептеуiн алатын болсақ онда оның биiктiгi
НD=АГ -d, ( 4 )
яғни кез келген нүктенiң биiктiк белгiсiнiң мәнi аспаптың горизонты мен осы нүктеге қойылған рейкадан алынған есептеудiң айырымына тең.
68-сурет
Алға қарай нивелирлеуде бастапқы А нүктeciнe нивелир орнатылады да, ал алдыңғы В нүктeciнe рейка қойылады. Содан кейiн рейкадан есептеудi П аладыда, А нүктeciнен нивелир дүрбiсiнiң окулярының центрiне дейiнгi вертикаль ара қашықтықты, яғни нивелирдiң биiктiгi болып саналатын қашықтықты өлшейдi. 68-суреттен көрiнiп тұрғандай, А және В нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiк (h) мынаған тең болады.
H=i-П (5)
Ортадан нивелирлеудiң алға қарай нивелирлеумен салыстырғанда мынадай артықшылықтары болады: еңбектiң өнiмдiлiгi 2 есе жоғары; нивелирлеуге әcepiн тигiзетiн кейбiр қателiктер жойылады. Едәуiр ара қашықтықта орналасқан А және D нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiктi анықтау кезiнде, егер нивелирдiң орналасқан жерiнен осы eкi нүктенiң арасындағы салыстырмалы биiктiктi анықтау мүмкін болмаса, онда жүйелi нивелирле қолданылады. Ол үшiн шеткi нүктелердiң ара қашықтығын ортадан нивелирлеуге мүмкiндiк беретiн бiр неше тең кесiндiлерге бөледi. Осы байланыстыру нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiктердi жүйелi анықтап, олардың қосындысын тауып, бастапқы А және соңғы D нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiктi анықтайды. Eкi нүктенің арасындағы салыстырмалы биiктiк байланыстыру нүктелерi арасындағы салыстырмалы биiктiктердiң алгебралық қосындысы болып саналады. Нивелирдiң eкi шектес орналасуына ортақ нүктелердi байланыстыру нүктелерi деп атайды. J1 станциясына нивелирдi орнатады да артқы 31 және алдыңғы П1 рейкалардан есептеулер алады. Содан кейiн А нүктесiндегi рейканы В1 нүктeciнe апарып кояды да J2 станциясынан 32 және П2 есептеулерiн алады,осылайша жүйелi түрде барлық жүрiсте нивелирлеудi жүргiзедi.
Шеткi А және D нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiк (h AD)
hАD=h1+h2+hз+...+hп= (з1-п1) + (з2-п2)+ (зз-пз) +...+ (Зп-Пп);
Егер байланыстыру нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiнiң мәнін анықтаудың қажетi болмаса, онда соңғы D нүктeciнің биiктiк белгiciнiң мәнін мына формуламен анықтайды:
(7)
Геометриялық нивелирлеу мейлiнше дәл тәсiл болып табылады, сондықтан бұл тәсiл елiмiздiң барлық территориясында тipeк пункттерiнiң биiктiк жүйелерiн жасауда және де әр турлі инженерлiк-техникалық есептердi шешуде кеңiнен қолданылады.
Геометриялық нивелирлеу әдістері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [1] бет 231-235
2. [1] бет 235-238
3. [1] бет 239-240
4. [3] бет 159-165
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (11, 12-тақырыптар) [5,10,11]
1. Тахеометриялық түсірісті өңдеу
2. Тахеометриялық түсірістің планын құру
3. Нивелирлеу түрлері
4. Ортадан геометриялық нивелирлеу.