Ерте тұрған адамның несiбесi артады, ал таңғы ұйқы – ризығыңды кемiтедi.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Тәулiк 4 сағаттан алты кезеңге бөлiнедi. Бұл – жылдың төрт мезгiлi сияқты. Жылдың мезгiлiнiң алмасуына байланысты, бiздегi басым ерекшелiктерiмiз де өзгерiп тұрады. Мысалы, жазда От ерекшелiгi, күзде Ауа ерекшелiгi басым болады. Сондай-ақ, бiздiң денемiзде – ерекшелiктерiмiз тәулiгiне алты қабат өзгерiп тұрады.
Мысалы, түнгi сағат 2-ден таңғы сағат 6-ға дейiн Ауа әрекет қылады. Ауа жеңiл, анық, таза сондықтан таңғы 6-да, немесе күн шығардан бiр жарым сағат бұрын тұру өте пайдалы. Осы кезде ауа кеңiстiгi өзiн күн қуатымен қанықтырады, күн шығардан жарты сағат бұрын, күн өзiнiң ерекше жайлы шуағын төгедi. Барлық дiн ағымдарында, ғылми тұрғыдан да ерте тұруға кеңес беретiнi осыдан. Ауа тәнiмiзден – улардың шығуына, iшегiмiздiң босауына жауапты, сондықтан да Ауа ерекшелiгiнiң кезеңiнде тұрсаңыз, ол жақсы жұмыс атқарып денедегi уларды, қалдықтарды уақтылы шығарып тастайды. Ерте тұрған адам күнi бойы сергек жүредi. Таңғы сағат 8-ден кейiн тұратын адамдар өздерiн нашар сезiнiп, күнi бойы шаршап жүредi, бұндай ұйқы ағзаға жеңiлдiк әкелмейдi.
Таңғы сағат 6-дан күндiзгi 10-ға дейiн Су әрекет қылады. Су ауыр болғандықтан осы аралықта тұрған адамдарды үнемi ұйқы басып жүредi. Осы кезеңде тамақ iшпеуге тырысыңыз, себебi денеңiзде Судың мөлшерi көбейгендiктен, ауа қозғалысы баяу болып, денеңiз ауырлап, iштегi отыңыз маздап жана алмай бықсып тұрады, сондықтан да осы аралықта iшкен тамағыңыз толық қортылмайды да қаныңызды былғайды. Таңғы 10-нан күндiзгi 2-ге дейiн От әрекет қылады, сондықтан да тамақты күндiзгi 11-12 аралығында iшiңiз, ал келесi тамақты 5-6 сағат өткiзiп барып, күн ұясына отырғанша қабылдаңыз.
Күндiзгi 2-ден кешкi 6-ға дейiн Ауа әрекет қылады. Осы аралық жеңiл, шабыт тудыратын кезең, адам жұмыс iстеуiне, спортпен, үй шаруаларымен шұғылдануға таптырмайтын кезең, осы кезде денеңiз жеңiлдеп, қандай iске болмасын құлшынып тұрасыз.
Кешкi 6-дан түнгi 10-ға дейiн қайтадан Су әрекет қылады. Осы кезеңде күнi бойы тыным таппаған адам шаршағанын сезедi, ұйқысы келедi, сондықтан да түнгi 10-нан кешiктiрмей ұйқыға жатуыңыз керек, егер де өзiн-өзi зорлап түнгi 10-нан кейiн жатса, бұл аралық қайтадан Оттың әрекет қылатын кезеңi (түнгi 10-мен 2 аралығы), сағат түнгi 11-ден кейiн адамның ұйқысы ашылып кетедi, қайтадан қуат құйылғанын сезедi.
Түнгi 10-мен, түнгi 2 аралығы ұйықтауға ең жайлы уақыт, осы кезеңде iшкен тамақтарыңыз iшегiңiзде қортылып, адам тәттi ұйқының құшағында болады.
Кей кездерде дене бiтiмiнде От ерекшелiктерi бар адам түн ортасында тұрып алып тамақ iшуi мүмкiн, себебi осы кезде От сырттан да, iштен де әрекет қылып жатады, сондықтан осы қылықтарына қарап бұндай адамдарды сөгiп, жазғыруға болмайды.
Түнгi 2-ден кейiн ұйқы үстiртiн, түс көредi, мұндай ұйқы адамның басы мен денесiне демалыс, мамыражайлық қалып бермейдi. Тәулiгiне 6-сағаттан артық ұйықтамаңыз, ұзақ ұйқы маубастық пен жалқаулыққа жетелейдi. Жылдың төрт мезгiлiн, тәулiктiң алты алмасуларын, iшетiн тамағыңызға сәйкестендiрiп, бұрынғы әдеттерiңiздi осыған сәйкес өзгертсеңiз, дүркiн-дүркiн ашығып, ағзаңызды тазалап отырсаңыз, ажал жеткенше денiңiз сау, ширақ та шырайлы қалпыңызды сақтай аласыз.
18 сәуір, дүйсенбі. Ашығуымның 1-ші тәулігі. Таңғы сағат 7-00 (құрғақ ашығу яғн су ішпей ашығу)
Басында жан мен дене екi басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа.
Шәкәрiм
Салмағым 95, 3 кг. Түні бойы 2,7 кг салмақ жоғалттым. Кеше сұйықты қарным сыздағанша ішкенмін. Түні бойы кіші дәретке жиі-жиі барумен болдым.
Сол қолымның қан қысымы 160/100. Пулсь – 69;
Оң қолымның қан қысымы 168/105. Пульс – 70;
Қан құрамындағы қанытым 224 яғни 2 есе артық.
Осының алдында қан құрамындағы қанытым қалыпты жағдайдан 4,5 есе көтерiлiп кетiптi! Өзiмнiң сусамыр – қант диабетi аурумен ауыратынымда 2009 жылы наурыз айында Германияда болғанымда бiлдiм. Содан берi қан құрамымдағы қант мөлшерiн өз қалпына келтiрудiң әдiсiн қарастырып жүрмiн.
Бүгiн күндiз-түн су iшкен жоқпын. Мен қазiр денемнен улар мен қалдықтарды тез талқандап шығару үшiн, құрғақ ашығу әдiсiн қолданудамын.
Денеге су бармаған кезде улы заттар бiрден көп шыға бастайды және тез арисың. Егер құрғақ су iшпей ашықсаңыз денедегi артық су, iсiп – кебудiң салдары тұзды қоса өзiмен тез арада бiрге ала кетедi. Осы ашығу ауырлау болғанымен қарныңыз ашпайды, себебi дене тамақ емес су iздеп жанталасады. Су жоқ болған соң амалсыздан артық майға шабуыл жасайды, сол кезде адам ысыла бередi.
Құрғақ ашығудың қасиетi оңайшылықпен шайылмайтын, iшек, қарын, қан тамырлары, өкпе, бас қуыстары т.б. мүшелердiң қабырғаларына қақ болып жабысып қалған қоқыстарды, қатып қалған құлақтағы құлықтарды, қан тамырларының қабырғаларына шөгiп қалған, барлық жүрек-қан тамырлары ауруларының себепкерi – холестерин қақтарды тез талқандап, дене өзi басқа тамақ жоқ болғандықтан жей бастап осылармен тамақтанады немесе сыртқа шығуына мәжбүр етедi. Ашығу барысында құрғақ ашығуды жиi қайталасаңыз жасауша (жасауша) деңгейiне түсiп кеткен араққа, темекiге, бәңгiге (наркотик) деген құмарлықтың себебiн түп тамырымен жұлып алады.
Сiздiң денеңiз ашығумен тазаланғаннан кейiн, өзiңiздi әрқашанда керемет жақсы сезiнесiз, табиғи қалыпта өмiр сүретiн боласыз. Табиғат адамды бақытты болу үшiн жаратты, оны мамыражай етiп, қорқыныштан, келеңсiздiктен, езiлуден азат еткен.