Зертханалық жұмысты жасар алдында әдістемелік нұсқаумен, керекті әдебиетпен танысып, сонымен қатар қолданылатын барлық аппараттардың паспорттық мәліметтерін оқып, жазып алу керек.
2.2.1 Реверсивті жүргізгіштің көмегімен асинхронды қозғалтқыштың қосылуы.
1. 2.1-суретіне сәйкес ПМ-310 магнитті жүргізгіштің сұлбасын құру.
2. «Сеть» автоматын қосу.
3. «Пуск» батырмасымен магнитті жүргізгішті қосып, электр қозғалқышты іске қосу.
2.1 сурет – Электроқозғалтқыштың реверсивті емес жүргізгіштің көмегімен қосылу сұлбасы
4. Э8021 амперметрімен (шкаласы 0-5) жүргізгішті іске қосқандағы жүргізгіш токтың бастапқы мәнін және кейін орнайтын номиналды токты өлшеп алу. Өлшеуді 3-5 рет жасау керек. Мәліметтер бойынша жүргізгіш токтың К еселігін есептеу, К= Iжүрг/ Iном, Iпуск – қозғалтқыштың жүргізгіш тогы, А; Iном – қозғалтқыштың номиналды тогы, А.
5. «Перегрузка» батырмасын басу. Амперметр арқылы артық жүктелу тогын өлшеп алу. Батырманы жібермей, қозғалтқыштың өшуін күту. Қозғалтқыштың өшу себебін түсіндіру.
2.2.2 Магниттік жүргізгіштің қайтару коэффициентін анықтау.
1. 2.2-суреттегі сұлбаны жинау.
2. «Сеть» автоматын және «ЛАТР» автоматын қосу.
3. Магниттік жүргізгіштің К катушкасының кернеуін «ЛАТР»-мен байсалды көбейтіп, вольтметр көмегімен Uіс.қ. іске қосу кернеуін анықтау.
4. КI катушкадағы кернеуін байсалды азайтып, вольтметр көмегімен Uқайт қайтару кернеуін анықтау. Өлшеуді 2-3 минут аралап 3-5 рет жасау.
5. Uіс.қ., Uқайт кернеулерінің орташа мәндеріне сүйеніп Кқ=Uіс.қ./Uқайт қайтару коэффициентін анықтау.
6. Катушкаға номиналды кернеу беріп, амперметрмен катушканың тогын өлшеу.
2.2 сурет - Магниттік жүргізгіштің қайтару коэффициентін
анықтау сұлбасы
2.2.3 Жылулық реленің іске қосу тогын анықтау.
Жылулық реленің іске қосу тогын тәжірибе жүзінде 2.3-суреттегі сұлба бойынша жүйелі жуықтау тәсілімен анықтайды. I1, I3, I5 токтары түйіспелердің ажыратылуына, ал I2, I4, I6 токтары түйіспелердің қайтарылуына әкеледі. Тәжірибе I1, I3, I5 және I2, I4, I6 токтарының айырмашылығы олардың орташа мәнінің 5-10 %-на жеткенше жүргізіледі. Олардың орташа мәнін жылулық реленің іске қосу тогының шамасына тең.
2.3 сурет – Жылулық реленің іске қосу тогын анықтау үшін
жүктелу диаграммасы
1. 2.4-суреттегі сұлбаны жинау.
2.4 сурет - Жылулық реленің іске қосу тогын анықтау сұлбасы
2. «Сеть» және «ЛАТР» автоматтарын қосу.
3. ЛАТР көмегімен I1 тогын Iном ретті (I,5- I,8) орналастыру, мұндағы Iном – жылулық реле қондырғысының тогы (жылулық реленің жылыту элементінде көрсетілген).
4. Жылулық реленің істеу уақытын өлшеу (ТРК жылулық реле элементтерінің түйіспелері ажыратылады, ЛС сигналды лампасы сөнеді).
5. Жылулық реле қосылып, түйіспесі ажырағанда I2=0,5 I1 токты азайтып, токтың реле түйіспелері бастапқы орнына келгенше қайтару батырмасын мерзімді басып тұру (ЛС сигналды лампасы жанады).
6. Тұйықталу уақытын өлшеп алу.
7. Кейін I3 > Iном етіп орнату, бірақ II -ден кіші қылып, реле істегеннен кейін токты қайтадан I4 < Iном болатындай азайту, бірақ I2 -ден үлкен болатындай. Осылай тақ және жұп индексті токтың арасындағы айырмасы олардың орташа мәнінің 5-10 %-на тең болмағанша жасау керек.
Нәтижесін 2.1-кестеге енгізу.
8. Өлшеу нәтижесі бойынша жылулық реленің іске қосу тогын анықтау.
2.1 кесте
ж.ж. № | Түйіспенің ажыратылу тогы, А. | Ажыратылу уақыты, сек. | Түйіспенің тұйықталу тогы, А. | Тұйықталу уақыты, сек. |
2.2.4 Реверсивті магнитті жүргізгіштің көмегімен электрқозғалтқышты қосу.
1. ПМ-310 реверсивті жүргізгіштің сұлбасын құру (2.5 суретті қара).
2. «Сеть» автоматымен қорек беру.
3. ПI батырмасымен сұлбаны іске қосу және ФУ фазокөрсеткіш арқылы фазалардың алмасуының дұрыстығын тексеру.
4. П2 батырмасымен жүргізгішті реверске қосу және ФУ фазокөрсеткіш арқылы фазалардың алмасуының ретін тексеру.
2.2.5 КТ – 60 В контакторымен асинхронды қозғалтқышты қосу.
1. 2.6-суреттегідей контактор сұлбасын жинау.
2. «Сеть» автоматын қосу.
3. «Пуск» батырмасын басу арқылы контакторды қосу.
Ескерту: «К» катушка контакторы 380 В-ке есептелген, сондықтан «фаза-фаза» сұлбасы бойынша қосылады. Әр түрлі типті контакторлардың құрылыстарын және ерекшеліктерін оқып білу.
2.2.6 АП-50 автоматының іске қосу тогын анықтау.
1. 2.7-суреттегідей сұлбаны жинау.
2. «Сеть» және «ЛАРТ I» автоматтары арқылы қорек беру.
3. ЛАТР көмегімен токты өзгерте отырып, АП-50 автоматының ток-уақыттық сипаттамаларын амперметр және секундомер көмегімен алу.
2.5 сурет - Реверсивті жүргізгіштің қосылу сұлбасы
2.6 сурет – КТ – 60 В контакторымен асинхронды қозғалтқышты
қосу сұлбасы
2.7 сурет – АП-50 автоматының іске қосу тогын анықтау сұлбасы