Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Атмосфералық ауа сапасы




Қоршаған ортаның сапасы деп адамның өмір сүру ортасына өзінің қажеттілігінің сай келуі дәрежесін айтады. Адамды қоршаған ортаға табиғи жағдайлар, жұмыс жасайтын жердегі жағдайы және тұрғын үй жағдайы жатады. Олардың сапасына байланысты денсаулығы, өмірінің ұзақтылығы, тұрғындардың ауыру деңгейлері және т.б. жатады. Осыған байланысты қоршаған ортаның сапасын қалыпта ұстау нормалары қарастырылған.

Атмосфералық ауаның сапасын реттеу ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Министрлігі құзырлығында. «Атмосфералық ауан қорғау туралы» заңның іске қосылғаны біршама уақыт болды және бұл заң кеңестік дәуірдегі бұрынғы заңмен салыстырғанда біраз өзгерістер енгізілген. Атмосфералық ауа бассейнінің сапасын нормативті-құқықтық реттеудің мақсаты оның компоненттерінің сапасын жақсарту болып табылады, сондай-ақ қалаларда, бірыңғай ауа коридорларында, өндірістік орталықтарда және еліміздің барлық аймақтарында зиянды ластағыш заттардың әсерін және көлемін азайту, болдырмау және атмосфералық ауаны қорғау. Бұл нормативті-құқықтық құжаттар бойынша әрбір кәсіпорын атмосфералық ауа үшін шектік рауалды концентрация (ШРК) лимитін енгізуге міндетті. Осы лимиттік белгі арнайы табиғатты пайдалану кезінде төлемдерді орнату (штрафтар да кіреді) және есептеулерге, қоршаған ортаны лақтырылыстармен ластауға рұқсат алуға негіз болып табылады. Мұндай рұқсатт қағаздар қоршаған ортаны қорғау бойынша Мемлекеттік комитетте экспертизадан өткеннен соң және сәйкесінше қоршаған ортаны қорғау бойынша органдар бекіткен соң күшіне енеді.

Қоршаған ортаның сапасын нормалау деп көрсеткіштер мен шектеулер қою, алайда бұл көрсеткіштердің өзгеруі болуы мүмкін. Нормалаудың мақсаты – қоршаған ортаға адамның әсерінің шекті рауалды мөлшерін орнату. Экологиялық нормативтерді бұзбау тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамның, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорын сақтауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және шығаруға мүмкіндік береді. Атмосфералық ауаның сапасын нормалау бойынша мемлекеттік стандарттар екі шама түрінде жасалады:

- ластаушы заттардың максималды-бірреттік концентрациясы (МБК), яғни атмосфераның жерге жақын қабатында бір мезетте барлық көздерден жіберілетін лақтырылыс мөлшері;

- құрамында газ тәрізді және қатты (күл және шаң) ластаушы заттардың орташа тәуліктік мәні.

Максималды-бірреттік концентрациясы мәні 20 минуттық уақыт ішіндегі ауа үлгісі үшін анықталады. Мұндай үлгі алғыштар 200 л ауаны жинауға және талдауға мүмкіндік береді. МБК орташа тәуліктік концентрациялары ұзақ уақыт өлшеулер қатарына жатады, олардың мәнін орташа айлық және ортша жылдық концентрациялар мәнімен салыстырады. Қазақстандық МБК –ны есептеу әдістемесіне сәйкес алдын-ала белгіленген көздерде күніне 3 немесе 4 рет сағ 01:00-де, 07:00-де, 13:00-де және 19:00-де 20 минуттық сынама алу арқылы жүргізіледі. Зиянды заттардың орташа тәуліктік концентрациясы сәйкесінше осы алынған сынама бойынша анықталады.

Алғаш рет ластаушы заттардың шектік рауалды концентрациясы кеңістік дәуір кезінде белгіленген, атмосфералық ауа үшін -1949 жылы, ал су үшін ШРК - 1950 жылы енгізілген.

Шектік рауалды концентрация (ШРК) - 8 сағаттық жұмыс барысында жұмысшылардың денсаулығына зиян келмейтіндей зиянды заттардың жұмыс аймағындағы мөлшері. Қазіргі кезде 1381 заттың ШРК - сы анықталған.

ШРК - ауадағы зиянды заттардың орташа тәуліктік концентрациясы, тәулік бойына жұтылғанымен тікелей, жанама, зиянды әсер етпейді.

ШРК - ауадағы зиянды заттардың жоғары бір жолғы концентрациясы, адам организмінде рефлекторлық әсер қалдырмайды.

Тұрғындар тұратын елді мекендердегі ластаушы заттардың шектік рауалды концентрациялары

Коды Ластаушы заттар атауы Максималды бірреттік концентрация мг/м3 Орташа тәуліктік көрсеткіш, мг/м3 Қауіптілік класы
  Марганец қосылыстары 0,01 0,001  
  Қалайы қосылыстары   0,002  
  Натрий гидроксиді      
  Натрий гидрокарбонаты      
  Оксид олова      
  Күкірт қосылыстары 0,001 0,0003  
  Азот диоксиді 0,085 0,04  
  Азот оксиді 0,4 0,06  
  Хлорлы сутегі 0,2 0,2  
  Күкірт қышқылы буы 0,3 0,1  
  Кремний диоксиді      
  Күл 0,15 0,05  
  Күкірт диоксиді 0,5 0,05  
  Қарапайым күкірт      
  Күкіртсутегі 0,008    
  Күкірткөмртек 0,03 0,005  
  Көміртек оксиді      
  Фторлы сутек 0,02 0,005  
  Фтор қосылыстары 0,2 0,03  
  Көміртек күкіртоксиді      
  Көміртегілер (C6-C10)      
  Көміртегілер(C1-C5) метан бойынша      
  Бензол 1,5 0,1  
  Ксилол 0,2 0,2  
  Толуол 0,6 0,6  
  Бенз(a)пирен   0,000001  
  Метилді спирт      
  2-этоксиэтанол      
  Бутилацетат 0,1 0,1  
  Акролеин 0,03 0,03  
  Формальдегид      
  Диметилдисульфид 0,7    
  Меркаптандар 0,00005    
  Моноэтаноламин      
  Диэтаноламин      
  Бензин   1,5  
  Керосин      
  Минерал майлары      
  Көміртегілер(C12-C19)      
  Қалқымалы заттар 0,5    
  Органикалық шаңдар (кремнезем >70%) 0,15 0,05  
  Органикалық емес шаңдар (20% >кремнезем > 70%) 0,3 0,1  
  Дәнекерлеу аэрозолдары 0,5 0,15  
  Аэрозоль ЛКМ 0,5 0,15  

 

Ластаушы заттардың шекті-жіберілімді мөлшері, сондай-ақ оларды анықтау әдістері уақытша болып табылады және де халықаралық стандарттарға сәйкес техника мен ғылымның дамуына байланысты өзгеруі де мүмкін.

Шы дәріс





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1860 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2569 - | 2300 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.