Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Саяси қатынастар, мүдделер, процестер




Субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді. Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталанып отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекеттерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден, қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақтылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси қызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.

Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзге де саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып, өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Әлбетте, саяси қатынастар тек саяси билікке деген қатынастармен шектеліп қалмайды, соңғысы олардың өзегін құраса да, олар қоғамның саяси өмірінің бүкіл салаларына сәйкес құралады, сонымен қатар олар ұлттық және ұлтаралық проблемаларды шешумен, азаматтық құқық пен бостандықты жүзеге асырумен байланысы да қалыптасады.

Саяси қатынастар, сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат қайсыбір саяси партиялардың рухани мәдениет саласындағы саясаты көрініс табады. Қоғамдық өмірдің барлық саласы бір- бірімен тығыз байланысты және бір-біріне әсер етеді.

Саяси қатынастарға қоғамның әлеуметтік-саяси уклады, сондай –ақ оның өміріндегі моральдық-психологиялық факторлар елеулі ықпал етеді.

Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалымен қалыптасады. Алайда, қалыптасқан саяси қатынастардың өздері субъектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл мүдделердің мазмұнын қоғамда нақтылы орын алып отырған саяси қарым-қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастары олардың саяси мүдделері ретінде көрініс табады. Адамдардың, әсіресе барлық таптардың, ұлттардың және саяси партиялардың саяси мүдделерінің өзара әрекетіне талдау жасаудың қажеттігі саяси қатынастар мазмұнынан туындайтын субъектілер саяси мүдделерінің мазмұнын түсінуге және жаңадан пайда болған саяси мүдделердің ықпалымен саяси қатынастардың өзіндегі өзгерістертің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл сол сәтте орын алып отырған саяси шындық негізінде қоғамның бүкіл саяси өмірінің өзгерісі мен даму бағытын пайымдауға көмектеседі. Мұның басты буыны саяси қатынастар болып табылады. Сондықтан субъектілер саяси қатынастары мен саяси мүдделерінің өзара әрекеттестік проблемаларын зерттеу саяси қатынастар әлеуметтануының аса маңызды міндеттерінің қатарына жатады.

Адамдардың саяси мүдделері олардың өмірлік әрекеттері, әлеуметтік жағдайлары және өмір сүріп отырған ортадағы саяси қатынастар жүйесіндегі объективтік жағдайларымен анықталады. Субъектілердің саяси мүдделері олардың саяси қатынастарының объективтік көрінісі болып табылады, сондықтан аталған мүдделер де объективті болады. Олар өмір сүріп отырған саяси қатынастар жүйесінде таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттық қауымдастықтардың және өзге де субъектілердің саяси құқықтары мен еркіндіктерін толық пайдалану үшін объективті түрде пайдалы әрі тиімді.

Осылайша субъектінің қайсыбір саяси мүддесінің мазмұны, саяси тұрғыдағы пайдасын түсінуі сол субъекті санасының жемісі болып саналмайды, оның нақтылы саяси ақиқатқа объективті қатынасының сәті ретінде өмір сүреді. Саяси ақиқатты субъект саналы түрде қабылдауы керек, оны, айталық, оған саяси тұрғыда ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін белгілі бір сәтке дейін түсінбеуі мүмкін. Сөйтіп, ол өзінің саяси мүддесіне объективті сәйкес келетінді немесе қарама-қайшы келетін құбылысты түсінбеуі мүмкін.

Саяси қатынастар әлеуметтануы өзінің алдына субъектілердің саяси мүдделерін айқындау мен зерттеу міндеттерін қояды, яғни олардың қайсыбір жағдайда саяси тұрғыда өзін-өзі анықтау үшін не нәрсе маңызды және пайдалы екенін қарастырады. Бұл орайда саяси қатынастар субъектілерінің өздерінің объективтік саяси мүдделерінің қаншылықты тереңдігін түсінуі де және осы негізде олардың саяси істе саналы түрде басшылыққа алатын саяси мүддесінің қаншалықты екенін және олардың объективті қалыптасқан саяси мүдделеріне сай келуін анықтау да маңызды.

Осыған орай аталған субъективтік мүдделіктің өзі шынайы болуы мүмкін, яғни бірдей саяси жағдайларға субъектілердің әрекеті не жалған, немесе, тіптен, мифологиялық (қияли) та болуы мүмкін. Бүгінде саяси мифтер бұқаралық санадағы кең тараған құбылыс. Бұл проблемалар теориялық және қолданбалы әлеуметтану деңгейінде зерттеледі, сондай-ақ нақты әлеуметтануға қатысты зерттеулердің барысында қарастырылады.

Қазіргі кезде субъектілердің шынайы саяси мүдделерін түсіну, сонымен қатар олардың өз саяси мүдделерін түсінуі біздің қоғамымыздың дамуында аса маңызды болып отыр. Еліміз экономикасының, әлеуметтік және рухани өмірі дамуының негізіне алынатын мәселелерді шешу демократия принциптерін дамытумен тікелей байланысты екені белгілі. Олай болса, нағыз халықтық билік ретіндегі демократияны нығайту – бүкіл қоғамның түбегейлі саяси мүддесі. Оны қоғамның барлық мүшелері түсінуі тиіс. Бірақ ол көбінесе жалпылама тұрғысынан түсіндіріледі.

Іс жүзінде демократияны қандай саяси әрекеттер дамытатынын, олар қоғамның қандай жіктеріне көбірек қызмет ететінін, саяси әрекеттер басқа да әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделеріне нұқсан келтіретінін анықтауға тырысқанда қиыншылықтар туындайды. Бұл проблемаларды шешуде демократияны дамытудың мәнісі зор. Алайда, бұлар көпшілік саяси және мемлекет қайраткерлері қабылдай алмайтын аса қиын мәселелер болып табылады. Көбінесе мемлекет деңгейінде қоғам дамуы үшін қабылданған пайдалы шешімдер жүзеге асырылмайды немесе бұрын түсініксіз болған шешімдер, бүгінде қайсыбір әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың мүдделеріне қайшы келетіні белгілі болып отыр.

Басқа жағдайларда қоғамның әр түрлі әлеуметтік күштер саяси мүдделерінің қайшылығы тиісінше саяси әрекеттерге қозғау салуы мүмкін. Мысалы, депуттаттары сайлау туралы қабылданған заңдардың халық тарапынан қатаң сынға алынуын айтуға болады. Депутаттардың арасында жұмысшылар мен шаруалардың азайып, немесе болмауы, керісінше, интеллигенция өкілдері санының артқаны байқалады. Қазіргі қоғам дамуында интеллигенцияның рөлі жоғары және әрдайым артып келе жатқаны дау тудырмайды. Сонымен қатар, жоғары билік органдарының білікті кәсіби деңгейде жұмыс істеуі маңызды, демек, бұл органдар жұмысының кәсіби деңгейінің өсуі интеллигенция өкілдерінің, әсіресе заңгерлердің көмегіне байланысты болса, онда олардың оған қатысуы қажетті нәрсе. Десек те, елдің жоғары заң шығарушы органдарында негізгі әлеуметтік топтардың арасалмағы халықтың әлеуметтік құрамына сәйкес келуге тиіс. Қоғамның әлеуметтік топтары үшін олардың мүдделерін қорғайтын өз өкілдерінің елдің заң шығарушы органдарында болуы маңызды. Қазіргі кезде де бұл мәселе өзінің көкейтестілігін сақтап отыр. Бұл қоғамдағы барлық жіктердің, бүкіл әлеуметтік топтардың немесе ұлттық қауымдастықтардың саяси және өзге де мүдделеріне қатысты болып отыр.

Мемлекеттік биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселе күн тәртібінен алынған жоқ. Қоғамның әрбір әлеуметтік тобы мемлекеттік билік органдарында өз өкілдерінің көптеп болуын көздеуге құқылы. Өзге әлеуметтік топтардың өкілдері басқаларды да түсініп, жанына жақын тарта алмайтындықтан, олар өздерінің түбегейлі саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделерін барынша қорғайтын өз өкілдерін ұсынады.

Саяси мүдделердің күрделі саласы ұлттық қатынастар болып табылады. Олар, ең алдымен, көп ұлтты қоғамның мемлекеттік құрылысымен, тиімді мемлекеттік басқару формасын табумен, ұлттардың өзара экономикалық қатынастары проблемаларымен, сондай-ақ олардың мәдениетін, аумақтық тұтастығын, т.б дамыту проблемаларымен байланысты. Бұл мүдделерді ұлттардың өздері дұрыс түсінуі қажет және олар мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс.

Осыдан келіп ұлтаралық қатынастардың маңызды принципі ретінде әр түрлі ұлттар мүдделерін жан-жақты үйлестіру проблемасы туындайды. Бүгінде аталмыш проблема біздің қоғам дамуының негізгі мәселелерінің қатраныа жатады. Бұл жерде кез келген ұлттың астамшылығына, ұлтшылдығына немесе ұлттық эгоизміне жол берілмкуі керек. Географиялық және тарихи жағдайларға байланысты көпшілік ұлттар бір-бірімен байланысқан, олар өздеріне қолайлы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың формаларын табуға тиіс. Бұлар олардың түбегейлі мүдделері болып табылады, сондықтан олар ұлттың даму мүддесіне сай келеді. Этностардың саяси мүдделеріне мемлекеттік деңгейде сондай ынтымақтастықты орнату жатады. Аталмыш мүдделерді түсіну қоғам өмірінің барлық саласында ұлтаралық қатынастардың нақты проблемаларын шешуге дұрыс негіз қалайды. Бұдан кейін де қандай саяси іс-қимылдар ұлтаралық ынтымақтастыққа ықпал ететінін, ал қандайлары оларға қайшы келетінін анықтау керек. Сонда ғана олардың біріншісін сеніммен жүзеге асыруға және мүмкіндігі келгенше екіншісіне жол бермеуі болады.

Белгілі бір әлеуметтік топтың саяси мүддесі саяси билік үшін күреске немесе ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешуге қатысты болса, әрине, әрдайым қиындықтар туындайды: бұл саяси мүдделер қаншалықты терең түсінілуіне және оларды жүзеге асырудың қаншалықты дұрыс жолдары мен тәсілдерін таңдап алуға байланысты болады. Бұл адамдардың түбегейлі саяси мүдделеріне жатады, бұларды жүзеге асыру олардың қоғамда саяи жағынан өзін-өзі айқындауын қамтамасыз етеді, бұған сонымен қатар олардың ағымдағы күнделікті саяси мүдделері де жатады. Бұлар, айталық, азаматтық құқық пен еркіндік саласына қатысты жекелеген мәселелерді шешу мақсатында аса маңызды емес саяси әрекеттерге қатысуға бағытталған.

Түптеп келгенде, осылар арқылы адамдардың түбегейлі саяси мүдделері мен ағымдағы мүдделерінің тікелей немесе жанама түрде байланысы көрініс табады. Өз кезегінде ағымдағы саяси мүдделер күнделікті саяси құқық пен бостандықты жүзеге асыруға бағытталған, олар белгілі бір деңгейде түбегейлі саяси мүдделері де іске асырады.

Адамдар арасында жанама түрде саяси қатынастар және белгілі бағыттар орныққан, сонымн қатар адамдардың саяси әрекеттері мен өзара әрекеттерінің жиынтығы қайсыбір саяси процестердің мазмұнын құрайды. Мұның соңғысына саяси билік үшін әртүрлі әлеуметтік күштердің күресі, оның жүзеге асу процесі, сондай-ақ халықтардың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі, қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы және т.б. күрес түрлері жатады.

Саяси процестердің объективтік және субъективтік жақтары бар. Олардың кез келгені, түптеп келгенде, өмір сүріп отырған қоғамдағы объективті экономикалық қатынастармен, әлеуметтік саяси күштердің арасалмағымен, оған қатысушылардың сол қоғамдағы саяси қатынастар жүйесінде алатын орындарымен және өзге де алғышарттармен қамтамасыз етіледі. Саяси әрекеттердің өздері және адамдардың өзара әрекеттері олардың арасындағы саяси қатынастар сияқты, толығымен нақты объективті саяси ақаиқаттың сәті ретінде көрінеді. Әлеуметтік топтар мен жекелеген тұлғалардың саяси қажеттіліктері мен мүдделері оларды саяси әрекеттерге бастайтын, объективті мазмұнға ие болады. Олар субъектілер әрекеттерінің объективті қажеттігін көрсетеді, өйткені ол әрекеттер сол қоғам мен мемлекетте субъектілер ұстанымын нығайтуға бағытталған. Мұның бәрі саяси процестердің объективті жақтарын құрайды, яғни оған қатысушылардың санасына тәуелсіздердің бәрі енеді, оны қоғамның объективті жағдайдағы өмірі мен дамуы қамтамасыз етеді.

Саяси процестердің субъективтік жақтары дегеніміз- ең алдымен алдарына белгілі бір мақсаттар қоятын және оларды саналы түрде жүзеге асыратын немесе іске асыруға тырысатын саяси процестерге қатысушылардың саяси санасы және ерік-жігері. Әлбетте, олар қайсыбір саяси процестердің объективті даму жағдайларын анықтай алмайды, бірақ бұл жағдайларды пайымдай, түсіне де алады және оларды өз әрекет-қызметінде ескеретін де болады. Бұл оларға саяси процестердің барысына оңтайлы ықпал етуге, ол процестерді белгілі бір арнаға бағыттауға, тіптен саналы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Саяси процестердегі саяси және өзге де саналардың рөлі тұрақты түрде артады. Бұл сананың өзі уақыт ағымына орай тереңдейді және толығады, сондай-ақ адамдардың саяси мінез-құлқына, мақсатты әрекетіне ықпал жасауға анағұрлым қабілетті болады, осылардың негізінде саяси процесс қалыптасады. Саяси сана саяси процестердің тұрақты дем берушісі болады, олардың динамикасы мен табандылығына әсер етеді. Сондықтан саяси процестердің объективтік және субъективті жақтарының маңызы мен рөлін, олардың өзара байланысын және динамикалық өзара әрекетін толығырақ ескеру қажет.

Саяси процестер әртүрлі сипатта болады. Олардың сипаты оған қатысушылардың объективтік саяси мүдделері мен саналы іске асыратын мақсатарына тәуелді. Айталық, қоғамды саяси жаңғыртуда, қайсыбір әлеуметтік-саяси шындыққа бейімделуде, белгілі бір саяси күштермен ынтымақтасу немесе олардың арасындаағы қарсыластықта саяси күрес сипатына ие бола алады. Сонымен бірге саяси процестер сындарлы, жасампаз немесе олар қоғамның саяси құрылым жүйесін бұзып, қиратуға бағытталған болса, деструктивтік, қиратушы сипат алуы мүмкін. Осының бәрін жүріп жатқан саяси процестерге объективтік баға беру кезінде, олардың шынайы бағытын түсінуде ескеріп отыру керек.

Саяси процестер, әлбетте, белгілі бір саяси институттардың қызметі арқылы іске асады. Саяси институттар- қоғамның саяси құрылысы мен өмір сүруінің бірегей органдары. Олар көбіне – көп белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Бұлардың көмегімен қайсыбір саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін жүзеге асырады. Бұл – қоғамның саяси құрылысының өмір сүру торабы. Оның міндеті – қоғамның саяси тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ету.

Қоғамның саяси институттарының ең маңыздысына саяси билік, құқық және идеология институттарын жатқызуға болады. Олар өздерін мемлекеттік заң шығару және атқару билігі органдарының – парламент, үкімет, жергілікті билік органдары, заң қорғау органдары, сонымен бірге саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе, баспасөз, радио және теледидар қызметінен көрінеді. Аталмыш саяси институттардың әрқайсысының бүгінгі саяси жүйенің қайсыбір буынының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған өзіндік арнаулы мақсаттық міндеттері бар.

Атқарылатын міндеттерге орай қайсыбір саяси институттың құрылымы қалыптасады, оның өзара байланысты органдары мен бөлімдерінің тұтастығы пайда болады. Бұл саяси билік, құқық қорғау, идеология институттарына немесе қоғам мен мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаратын институт — әскерге қатысты айтылады.

Түптеп келгенде, саяси институттар жүйесі қоғамның бүкіл саяси өмірінің бір қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған, оның негізінде қоғамдағы барлық әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтартың саяси мүдделері жүзеге асады. Ол үшін саяси институттардың икемді қызметі қажет, олардың қоғамдағы барлық мүшелердің саяси мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз ететін әр түрлі саяси күштердің арасындағы саяси проблемаларды түсіністік негізінде шешетін, керек болғанда, бүкіл қоғамның түбегейлі мүдделерін қорғауда табандылық пен батылдық көрсететін қабілеті болуы керек.

ОРЫТЫНДЫ

Сонымен мен бұл семестірлік жұмыста әлеуметтану мен саясаттың тығыз байланыстылығына толық көз жеткіздік. Яғни саясат пен әлеуметтанудың арақатынасында белгілі айырмашылықтар болғанымен бірін-бірі толықтырып, қамтамасыз етіп тұрады. Олардың халыққа, мемлекетке тиімді, жайлы өзара іс -әрекетіне, қызметіне кемеліне келген азаматтық қоғамда ғана жетуге болады. Ал жалпы саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қалай болуы керектігін бұдан екі жүзжыл бұрын АҚШ –тың үшінші президенті Т.Джефферсон көрсеткен болатын. Ол басқарушының шеберлігі шындықты айта білуінде деген. Шындық бар жерде иманды саясат та болады. Біздің елімізде бұл түсінік бұлыңғыр. Себебі өзіміз көріп отырғандай еліміздің даму барысында көптеген қиыншылықтар бар. Халықтың әл-ауқаты тек қағаз бен ауаны зарядтайтын әдемі сөздер жүзінде дамып келе жатыр.

Оны тоқтата алатын жастар. Бір «ертеңіміз—жастар» дейтін жастар, саясатқа араласуы белсенділігі өте нашар. Оған дәлел еліміздегі сайлауға жастардың тек 13% қатысатынын айта аламын. Бұл тұлғаны саясаттан алшақтату сияқты. Яғни менің ойымша «баланы жастан» демекші, мектеп бағдарламасына саясаттану пәнін енгізу керек деп ойлаймын! Ұлтшыл—патриоттар мен оппазиция секілді Қазақстан жастарының да саяси күш ретінде қоғамға араластыру қажет!

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов «Әлеуметтану» Алматы: Қарасай,2007 жыл.

 

2. А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы Экономика 2004 жыл

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 907 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2243 - | 2054 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.