Орындаған: Башенов Е
Тексерген: Мұханова А
Тобы:ПО-14-11
Алматы 2016 ж
Жоспары
I. Кіріспе бөлім
ЭЕМ туралы жалпы түсінік
II. Негізгі бөлім
ЭЕМ жедел жадысы
Дискідегі информацияны жинақтауышы
III. Қорытынды бөлім
ЭЕМ- есте сақтау құрылғылары
ЭЕМ-нің жедел жады
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не мегниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт)=1024байт, 1Мб (1 мегабайт)=1024кб, ал венчестер деп аталып жүрген қатты дискіде 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.
Әдетте IBM PC XT (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, IBM PC AT үшін – 1 Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді – жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.
Компьтердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64кб шамасында. Тұрақты жадқа керектеі программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді ток көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.
Сыйымдылығы 1Мб немесе одан жоғары болып келетін компьтерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:
- операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьтердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;
- экранға кескіндерді беру үшін;
- компьютердің қосымша құрылғылары мен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.
Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оны бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (extended) мен қосымшасы (expanded) пайдаланылады.
INTEL фирмасының 80286, 80386SX және 80486SX сияқты процессорларды 1-16Мб жедел жад көлемімен, ал 80386 және 80486 процессорлар - 4-8Мб көлемімен жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен көлемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосыша жадты пайдалану үшін арнаулы программалар – “драйверлер” жасалынады, олар қолданбалы программадан тапсырма алады да, процессордың “қорғалған режим” жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор жұмыстың қалыпты режиміне ауысады.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
Процессордан бөлек компьтер құрамында:
- ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск және т.с.с.) әртүрлі құрылғылар және олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);
- Енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс құрылғылары түрінде болады.
Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі құрылғылары мен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғыларымен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1-LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланасу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады)
Дискідегі информация жинақтауыш
Информация жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі – оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ сақтау уақыт үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтаушы рөлін магниттік дикілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД – накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД – накопитель на гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД – накопитель на жестких магнитных дисках).
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы IBM PC-де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Мб, 80386SX,DX және 80486SX (SX- бір процессорлы, DX- екі прцессорлы) – 300Мб-қа шейін, 80486DX – 500 – 600Мб, ал Pentuim – 1-40Гб-қа шейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады.
Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дистеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.
Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.
Иілгіш диск (дискета) – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.
Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар – ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.
IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын.
Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет.
5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720кб немесе 1,2Мб информация сақтай алады.
3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44Мб және 720кб. 1,44Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбкөлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.
Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар. Егер осы ойықты қағазбен желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бұрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады. Суретте ілгек рұқсат етілген тәртіпте тұр, мұндайды ойық жабық тұрады. Ойықты ашатын болсақ, оған мәлімет жазуға болмайды.
Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғаш рет пайдалану алдында,оны арнайы тәсілмен форматтайды,яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің командасымен жүргізіледі.
ДЭЕМ-дерде бұлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе Бернулли дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін.
Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілеріне жазызылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискі мен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады.
Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни оған 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын құрылғылар әзірше қымбат тұрады, сондықтан дербес компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.
Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар, компьютірлік энциклопедия, үйренуге арналған әртүрлі программалар – барлығы CD-ROM дискілерінде болады.