Тәрбиеші: Күз де келді, алтын дәнін сапырып Күз де келді, той –думанды шақырып Күздің күні алтын нұрын шашады Жердің жүзін шұғылаға батырып Армысыздар, құрметті қонақтар! Берекелі, мерекелі алтын күз, құтты болсын!
Тәрбиеші: Балалар,кәзір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Күз мезгілі
Тәрбиеші: Осы күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар: - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар жерге түседі,
Тәрбиеші: Ал сендердің қолдарыңдағы нелер?
Балалар: -Жапырақтар
Тәрбиеші: Жапырақтарыңның түсі қандай?
Балалар: - Сары.
Тәрбиеші: Балалар,осы күз мезгілінің айларын білеміз бе? Кәне айтып жберейікші?
Балалар; Кыркүйек, қазан, қараша
Тәрбиеші: Ендеше осы айларға байланысты жаттаған тақпақтарымызды айтайық. Ақнұр Гауһар Әмина
1 - (Қыркүйек) Ақнұр 2 - (Қазан) Гауһар
Бірінші қыркүйек Қазан айы молшылық
Білімге бастады. Дәулет қорын қалаған
Арайлы ақ таңы Заңғар көкке қол соғып
Құс шарлап аспанды. Құстар ұшып барады.
3 - (Қараша) Әмина
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.
БИ: Қыздарымыздың «Жапырақтар» Биін тамашалаңыздар Аймарал Ақнұр Гауһар Әмина:
Х о р: «А л т ы н к ү з»
Тақпақтар: Нұрым Нүриман Нұрасыл Нүрәлем Қ Дарын Ернат
| Нұрым Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. | Нұрасыл Жер берді жемісті Күз келді келісті Күз — байлық береке Алтын күз — мереке. |
| Нүриман Қуандырып біздерді Мерекелі күз келді Кел, жемісті Алтын күз Кемелденсін халқымыз | Нұрәлем Астық жеміс жиылды Қамбамызға құйылды Ардақты күз мың алғыс Алдық өнім сыйыңды |
| Қ.Дарын Күз келіпті тамаша Айналаға қараса Сарғайған көп жапырақ Сан жетпейді санаса | Ернат Көбейді құт береке Астық толы қоймамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз |
| Осы жігіттеріміздің орындауында «Джентельмендер» биін тамашалаңыздар Т а қ п а қ т а р | |
| Аяна Шоғы толған гүлдей жайнап, Шақырады жарқын жүз. Сайрандаған күліп - ойнап, Келді міне алтын күз | Еркеназ Ай жапырақ сары алтын Айналаның бәрі алтын Қуандырып біздерді Сары алтын күз келді Қ.Айару Күзім –ау, күзім ау Мінезін бұзық — ау Жаңбырын сіркіреп тұрғанын қызық –ау. |
| Аймарал Алтын сары қызы, қызыл, көк Алуан – алуан жапырақ Күзгі бақтар күлімдеп Көз тартады жалтырап. | Саяжан Мен мұндалап шақырар Алтын аймақ атырап Ағаштардан жауып тұр Қызыл,сары жапырақ. |
Ән: «Балапан» орындайтын Амантай Аяна
Көрініс: «Жемістер мен көкөністер»
Балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды
Әлімжан Қ Дарын Гауһар Дағыстан
1 - бала: Тоқтаңдар, тоқтаңдар
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
2 - бала: Енді, енді не істейміз
қалай көмектесеміз?
3 - бала: Сабыр сақта Дәрігер шақырайық!
1 - бала: Жоқ - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
2 –бала саған тұруға болмайды,,біз дәрігер шақырамыз.
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! (Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мына бала құлап қалды, көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
1 - бала: Енді не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
көкөністер, жемістер жеуге тырыс!..
Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
2 - бала: (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
поезға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(поездың дыбысы естіліп, жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Айару Т.Алма: Мен - алмамын, алмамын
Қызыл,сары алмамын,
Пісіп толдым, мінекей!
Тамсандырар бал дәмім
Айшанұр Өрік: Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Алина Жүзім: Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Гүлназ Шие: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Абылайхан Қияр: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Әлихан Асқабақ: Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
И.Дарын Картоп: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Қызанақ:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен – қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Мінекей балалар, күздің сыйы жемістер мен көкөністер денсаулығымызға өте пайдалы екен. Оларды үнемі жеп жүруіміз керек екен.
· Би: «Жемістер мен көкөністер»
·






