А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
ТЕРАПИЯ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
№2 Медицина факультетінің деканы,
м.ғ.к.,доцент __________М.С.Жүнісов
Ж
Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттеріне «Ішкі аурулар», «Жұқпалы аурулар» және «Фтизиатрия» пәндері бойынша емханаға арналған тест тапсырмалары
Вариант
1. 48 жастығы науқас ер адам стенокардиялық ұстама санының көбейіп, физикалық күшке төзімділіктің төмендегеніне және ұстаманың тыныш күйде пайда болатындығына шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: тұрақты стенокардияның ФК ІІ классымен ауырғанына бір жыл болған. Болжам диагноз:
А) ЖИА, Тұракты стенокардия ФК ІІІ
В) ЖИА, Принцметал стенокардиясы
С) ЖИА, Q-тісшесіз миокард инфаркты
D) ЖИА, алғаш пайда болған стенокардия
Е) ЖИА, Үдемелі стенокардия
2. 37 жастағы науқас ер адам кардиологиялық бөлімшеге жүрек қағу ұстамасына, төс артындағы қысым сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары сәл тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚ – 90/60 мм с.б. ЭКГ- V2-V3 тіркемелерде ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды дәлелдеуде деректі зерттеу тәсілі:
A) эхокардиография
B) вентрикулография
C) коронароангиография
D) велоэргометрия
E) тәуліктік ЭКГ мониторлау
3. 44 жастағы науқас әйел басының ауруына, белінің ауыруына, кіші дәретке жиі шығуына және зәр шығарғанда ауырсыну сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. АҚ 170/100 мм с б.б. Зерттегенде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Зәр анализінде аздаған белок, лейкоцитурия, бактериурия. Ренопаренхималық гипертензияны емдеудегі тиімді гипотензиялық дәрмектер тобы:
А) кальций антагонистері
В) b-адреноблокаторлар
С) ААФ ингибиторлары
D) изосорбид динитраттар
Е) α-адреноблокаторлар
4. 57 жастағы ер адам, стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: Артериялық гипертония ауруымен «Д» есепте тұрғанына 5 жыл болған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, перкуссияда жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ - 160/90 мм.с.б. тахикардия, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериялық гипертония кезіндегі ЭКГ белгілері:
A) электр остің оңға ауытқуы, V1 тіркемедегі R тісше S тісшеден биік
B) Р тісшесінің ІІ, ІІІ, аVF тіркемелерде амплитудасының биіктеуі
C) Р тісшесінің І, ІІ, aVL, тіркемелерде амплитудасының биіктеуі
D) электр остің солға ауытқуы, І, aVL, V5-V6 тіркемелерде биік R тісше
E) ІІІ, аVF, V1-2 тіркемелерде S-Т аралығының төмендеуі
5. Синустық брадикардияның ЭКГ-лық көрінісі:
А) R-R аралықтар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық
В) R-R-аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0,60 с кем
С) Р тісше мен QRS комплексінің жұптасуы сақталған, РQ – 0,12-0,22 с
D) Р тісше мен QRS комплексі жұптасқан, R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық
Е) Р тісшесінен кейін тұрақты түрде QRST кешендерінің түсіп қалуы
6. Атриовентрикулалық блокада – дегеніміз, бұл:
А) қозу толқынының оралып кіруі немесе автоматизмдік қасиетінің күшеюі
В) синус түйінінен шыққан импульстің жүрекшелерге өтуінің бұзылысы
С) синус түйінінің импульс түзуге шамасының келмеуі немесе тоқтауы
D) импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулануы немесе үзілуі
Е) импульстің ілмекте бір немесе бірнеше айналып өтуі
7. 47 жастағы әйел стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: Артериялық гипертония ауырғанына 3 жыл, Қант диабетімен ауырғанына 5 жыл болған. АҚҚ максимальді 170/100 мм.с.б. дейін көтерілетін айтады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, перкуссияда жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ - 150/90 мм.с.б. тахикардия, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Болжам диагноз:
A) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Жоғары қауіп.
B) Артериялық гипертония ІІІ дәреже. Өте жоғары қауіп.
C) Артериялық гипертония ІІІ дәреже. Жоғары қауіп.
D) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Өте жоғары қауіп.
E) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Орташа қауіп.
8. 38 жастағы науқас ер адамның кенеттен АҚ 270\120 мм.с.б. дейін көтеріліп, бастың ауруына, айналуына, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, қалтырауына шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: осы шағымдар соңғы бір жылдың ішінде бірнеше рет мазалаған. Объективті: тері жамылғылары ылғалды, жүрек тондары күшейген, тахикардия. Қан анализінде гипергликемия- 7,6 ммоль/л, адреналин – 300пг/мл. Феохромоцитомалық гипертониялық криз кезіндегі жедел көмек:
А) капотен, атенолол
В) коринфар, конкор
С) лазикс, обзидан
D) тропафен, короним
Е) фентоламин, тропафен
9. Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның IІ дәрежесі деңгейі сай келеді:
A) 140/90-149/94 мм.сын.бағ.
B) 160/100-179/109 мм.сын.бағ.
C) 140/90-159/99 мм.сын.бағ.
D) 130/85-139/89 мм.сын.бағ.
E) 179/109-180/110 мм.сын.бағ.
10. Өкпе ісінуінің негізгі себебі:
А) оң қарыншаның шамасыздығы
В) сол қарыншаның шамасыздығы
С) қарыншалық тахикардия
D) атриовентрикулалық блокада
Е) тыныс шамасыздығы
11. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында анигиотензинге айналдырушы фермент ингиторларына қарсы көрсетілім болып табылады:
A) созылмалы жүрек шамасыздығы
B) артериалық гипертензия
C) инфаркттан кейінгі кардиосклероз
D) бүйрек артериясының атеросклерозы
E) декомпенсацияланған өкпетекті жүрек
12. Кальций антогонистерінің дигидропиридиндер тобының екінші ұрпағына жатады:
A) амлодипин
B) дилтиазем
C) нифедепин
D) верапамил
E) изоптин
13. 60 жастағы науқас әйел әлсіздікке, эпигастрийдегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт сарғыш реңмен, беті ісіңкіреген, тілі «жылтыр». Шамалы гепатоспленомегалия. Қанда: панцитопения, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлығы. Билирубин- 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобластық типті қан түзу. Болжам диагноз:
A) темір тапшылықты анемия
B) В12-тапшылықты анемия
C) аутоиммунды гемолитикалық анемия
D) апластикалық анемия
E) талассемия
14. 34 жастағы науқас әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына, ентігуге шағымданады. Екі жыл бойы геморроймен ауырады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозғылт, койлонихиялар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,7 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,75, лейк-4,8 мың, тромб.-200 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Қан сары суындағы темір-6,4 мкмоль/л. Тиімді емдеу тактикасы:
A) сорбифер ішуге
B) преднизолон ішуге
C) феррум-лек көк тамырға
D) десферал бұлшық етке
E) эритроцитарлық масса көк тамырға
15. 23 - жастағы пациентті зерттегенде, келесі қан көрінісі анықталды: эр – 2,6 млн., Нв – 89 г/л, ТК – 0,9, лек – 2,4 мың, бласттар – 45 %, т/я – 1 %, с/я – 21 %, лимф – 34 %, мон – 8 %, тромбоцит – 79 мың, ЭТЖ – 43 мм/сағ. Көрсетілген аурудың диагностикасында, мәліметті критерилерге жатады:
A) анемия
B) бластемия
C) лейкопения
D) ЭТЖ-ның жоғарылауы
E) тромбоцитопения
16. Ер адам 68 жаста, дәрігерге жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясының жиі дамуына байланысты қаралған. Тексергенде лимфоаденопатия, спленомегалия, гепатомегалия анықталды. Қан анализінде лимфоциттердің абсолютті саны 14 х 109/л, миелограммада лимфоциттер саны 35%. Болжам диагноз:
A) көкбауыр лимфомасы
B) шеткері лимфа түйіндерінің лимфосаркомасы
C) лимфогранулематоз
D) лимфа түйіндерінің туберкулезі
E) созылмалы лимфолейкоз
17. Әйел 47 жаста, қабылдау бµліміне жалпы әлсіздікке, басының айналуына, жүрек қағуға шағымданып түсті. Соңғы 1 жылда менструациясы 10 күннен, кµп мµлшерде келеді. Объективті: тері жамылғысы және шырышты қабығы бозғылт, тырнақтары жолақтанған және сынғыш, шаштары кµп түседі. Қанда: гемоглобин - 42 г/л, эритроциттер – 1,9 х 1012/л, түстік кµрсеткіш – 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағат, лейкоциттер - 5,8х109/л, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 2%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 4%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 69%, лимфоциттер – 18%, моноциттер – 6%, тромбоциттер – 420 х 109/л. Науқасқа жүргізілетін келесі диагностикалық қадам:
A) коагулограмма
B) Шиллинг тест
C) стерналды пункция
D) сарысулық темірді зерттеу
E) мықын сүйектің трепанобиопсиясы
18. 32 жастағы ер адам бел тұсындағы ауыру сезіміне, жиі ауыру сезімді зәр шығару, дене қызуының 39°С көтерілуі, қалтырауға шағымданып түсті. Салқындағаннан кейін 1 аптадан соң ауырған. Объективті: АҚҚ - 160/80 мм.с.б.б. ЖЖЖ - 90 рет мин. Ұрғылау белгісі оң жағында оң мәнді. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Зәр анализінде: мөлдір емес, салыстырмалы тығыздығы – 1018, белок – 0,036 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған. Тиімді дәрілік препарат:
A) цитостатиктер
B) антибиотиктер
C) антикоагулянттар
D) кортикостероидтар
E) аминохинолин туындылары
19. Науқас әйел 35 жаста, ревматоидты артритпен ауырады. 2 апта бұрын әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, бел аймағында ауру сезімі пайда болған. Басында беттің ісінуі, кейін денесінде ісіну байқалған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1030, белок-4,5 г/л, эрит-1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер-10-12 к/а. Болжам диагноз:
A) созылмалы пиелонефриттің өршуі
B) зәр тас ауруы
C) созылмалы гломерулонефриттің өршуі
D) жедел гломерулонефрит
E) бүйрек амилоидозы
20. Науқас ер адам 32 жаста, балтырдың ісінуіне, бас ауруына шағымданады. 3 апта бұрын тістің қызыл иегі іріңді қабынуына байланысты кесілген. Тексеруде: аяқтарында тізеге дейін ісінулер, өкпе мен жүректе өзгеріс жоқ. АҚ 140/100 мм с.б. Қандa: лейкоциттер - 7,8 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1028, белок 1,72 г/л, лейкоциттер - 5-7 к/a, эритциттер - 35-40 к/a, гиaлинді цилиндрлер - 6-7. Болжам диагноз:
A) бүйрек туберкулезі
B) жедел пиелонефрит
C) жедел гломерулонефрит
D) зәр тас ауруы
E) бүйрек амилоидозы
21. Созылмалы бүйрек шамасыздығыныңы терминальді сатысында дамиды:
A) гипермагниемия
B) гиперкалиемия
C) гипокалиемия
D) гипернатриемия
E) гиперхлоремия
{Дұрыс жауап}=B
22. 35 жастағы науқас ер адам ауыр халде, жедел жәрдеммен жеткiзiлдi. Бозғылт сары түсті, тежелген. Терiсiнде геморрагиялар, қасынған iздерi. Тiлi құрғақ, аузынан аммиак иiсi. Бетi iсiнген. АҚ 170-110мм. с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, перикардты үйкелiс шуы. Анамнезiнде гломерулонефрит. Сiздiң диагнозыңыз:
A) гипертониялық ауру
B) бүйрек амилоидозы
C) диабетикалық кома
D) жедел лейкоз
E) созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгi
23. Бүйректің юкстагломерулалық аппаратында өндіріледі:
А) ренин
В) серотонин
С) простагландиндер
D) ангиотензин
Е) алъдостерон
Зобтық жүрек» қандай ауруда кездеседi?
A) тиреотоксикалық зоб
B) тиреодит
C) гипертиреоз
D) эндемиялық зоб
E) акромегалия