| (1) | (2) | (3) | (4) | (5) | (6) |
| Қызмет түрі | Жұмсалым факторлары-ның әрекетін есепке алу ставкасы, ш.а. | А өнімінің 100 данасына жұмсалым факторының көлемдік көрсеткіші | В өнімінің 200 данасына жұмсалым факторының көлемдік көрсеткіші | А өніміне жатқызылған қызмет түрінің шығындары (гр. 2 х гр. 3) | В өніміне жатқызылған қызмет түрінің шығындары (гр. 2 х гр. 4) |
| Өңдеу функционалды жұмсалым орталығы А | сағатына 1,485 ш.а. | 500 сағат | 2000 сағат | 742,50 | 2970,00 |
| Өңдеу: функционалды жұмсалым орталығы В | сағатына 2,69 ш.а. | 1000 сағат | 4000 сағат | 2690,00 | 10 760,00 |
| Жинақтау | сағатына 1,24 ш.а. | 1000 сағат | 4000 сағат | 1240,00 | 4960,00 |
| Материалдарды сатып алу | тапсырысқа 96 ш.а. | 1 компонент | 1 компонент | 96,00 | 96,00 |
| Материалдарды қабылдау | партиясына 120 ш.а. | 1 компонент | 1 компонент | 120,00 | 120,00 |
| Материалдарды босату | өндірістік циклге100 ш.а. на произв. цикл | 5 өндірістік цикл* | 1 өндірістік цикл | 500,00 | 100,00 |
| Өндірістік жұмыстарды жоспарлау | өндірістік циклге 500ш.а | 5 өндірістік цикл* | 1 өндірістік цикл | 2 500,00 | 500,00 |
| Жабдықтың ағымдағы жұмысына техникалық қамтамасыз ету | қызмет көр-сету сағаты-на50 ш.а. | 50 сағат қызмет көрсету | 10 сағат қызмет көрсету | 2500,00 | 500,00 |
| Дайын өнімнің техникалық бақылауы | тексеруге 200 ш.а. | 1 тексеру | 1 тексеру | 200,00 | 200,00 |
| Жалпы үстеме шығындар | 10 588,50 | 20 206,00 | |||
| Шығарылған өнім бірліктерінің саны | |||||
| Шығарылған өнім бірлігінің үстеме шығындары | 105,88 ш.а. | 101,03 ш.а. | |||
| Шығарылған өнім бірлігінің тікелей жұмсалымдары | 100,00 | 200,00 | |||
| Шығарылған өнім бірлігінің жалпы шығындары | 205,88 | 301,03 |
* Дайын өнім етіп жинағанға дейін, бірқатар сирек компоненттерді жасауға қажетті бес өндірістік циклдер.
Өндірістік қызмет түрлеріне өңдеу мен жинақтау енеді. Сондықтан, өндірістік процесі ауқымында функционалды жұмсалым орталықтары, шығындарды калькуляциялаудың дәстүрлі жүйеле-рінде қолданылатын жұмсалым орталықтарымен жиі ұқсас болып келеді. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәртібі 6.1- кестеде көрсетілген, Еnterprise компаниясында екінші кезеңде ескерілетін қызмет түрлері бойынша 9 жұмсалым орталықтары мен 7 түрлі жұмсалым факторлары бар.
Функционалды жұмсалымдар орталығына жатқызылатын шығындар өнім түрлеріне, жұмсалымдар факторын есепке алу ставкасын, қарастырып отырған өнім түрлерінің осы факторының көлемдік көрсеткішіне көбейту арқылы үлестіріледі. Бұл есептеулер 6.1- кестенің екінші бөлімінде көрсетілген. Осы кестенің бірінші бөлімінде көрініп тұрғандай, қамтамасыз ету қызметіне жатқызылған, сатып алу бойынша 10 000 тапсырысты өңдеу үшін жұмсалымдар 960 000 ш.а. құрайды, бұдан, осы фактордың (тапсырыс саны) есепке алу ставкасы 96 ш.а. тең боларын анықтаймыз. Екінші бөлімінде А өнімінің 100 бірліктегі партиясын немесе В өнімінің 200 бірліктегі партиясын өндіру үшін, осындай бір тапсырысты орналастыру қажет болатыны көрсетілген. Сол себепті, әр шығарылған партияға материалдарды сатып алудың бір тапсырысының шығындары96 ш.а. жатқызылады. Дәл осы тәсіл кестедегі басқа да қызмет түрлеріндегі жұмсалымдарды үлестіру үшін қолданылады. Осыған ұқсас есептеулерді өз бетінше орындап, оларды кестеде келтірілген мәліметтермен салыстыруға болады.
Шығындарды калькуляциялаудың түрлі жүйелерін қолданған кезде, өнім түрлеріне қарай үлестірілген жұмсалымдар келесі көріністе болады:
| Шығындарды калькуляциялаудың дәстүрлі жүйесі | Функционалдық жүйесі | |
| Өнім А | 166,75 | 205,88 |
| Өнім В | 333,50 | 301,03 |
Функционалды жүйемен салыстырғанда дәстүрлі А өнімін кем бағалап, В өнімін асыра бағалайды. Қызмет көрсетуші орталықтардың жұмсалымдарын өндіріс орталықтарына қайта үлестіріп және жұмсалымдарды өнім түрлері бойынша негізгі жұмыскерлердің еңбек сағаттары, немесе жабдықтың жұмыс сағаттары негізінде үлестіре келе, дәстүрлі жүйе: бұл үлестіру базалары қосалқы қызметтердің (функциялар) шығындарын дәл көрсетеді, деген қате ұстанымды пайдаланады. А өнімімен салыстырғанда В өнімі екі есе артық машина уақыты мен негізгі жұмыскерлердің еңбек сағаттарын талап етеді. Нәтижеде, А өніміне қатысты шығындарды калькуляциялаудың дәстүрлі жүйесі қосалқы жұмсалымдардың екі еселік көлемін В өніміне үлестіреді.






