Билет
Алгебра элементтерін оқыту әдістемесі
Жазбаша көбейту мен бөлу тәсілдеріне есептер шығаруға үйрету
Айырмалық салыстыруға берілген есептер
1. Алдымызға қойылған мақсат алгебра элементтерін мектеп курсы математикасында оқытуды ғылыми тұрғыда негіздеу. Кейбір алгебра элементтерін мектеп курсы математикасындағы математикалық есептерді шешу барысында қолдана білу.Математикалық есептерді шешу барысында оқушыларға алгебраның кейбір қажетті элементтерін оқыту, оқушылардың математикалық белсенділігін реттеп отыратын негізгі факторларын және оқушылардың математикалық есептерді шешу барысында қызығушылықтарын анықтау.Мектеп курсы математикасындағы жоғары ретті теңдеу мен теңсіздіктерді құрылымы тұрақты функциялар енгізу арқылы дәрежелері төмен екі теңдеу жүйелеріне жіктеліп 2481 оқушыға таныс квадрат теңдеулерді шешуге келтіретін әдістерді қарастыру, логикалық бейнелік ойлауды, функционалдық және графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту.Зерттеу жұмысы барысында оқушыларға математикалық есептерді шешудің әдіс, тәсілдерін оқытумен қатар, философиялық, психологиялық және педагогикалық пәндік әдістемелік кешенді зерттеу алғышарттарын негіздеу. Зерттеу тақырыбына байланысты философиялық,педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.Оқушыларға алгебра элементтері бар есептерді теориялық негізде әзірлеп, жалпы орта білімді мектептердегі методиканың базисын құру жолдарына талдау жасау. Жалпы орта білімді мектептерде алгебра элементтерін мектеп курсында оқытудың әдістемесі – оқушыларды оқытудағы негізгі орта білім деңгейімен және жоғары білім арасындағы сабақтастық пен болашақты қамтамасыз ететін оқыту әдісі болып табылады. Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі алгебраны оқыту аяқталады. Бұл жұмыс анализ бастамаларына қатысты ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында алгебра элементтері білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған; математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың алгебраның кейбір элементері бар материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.Алгебра элементтерін мектеп курсы математикасында оқытудың әдістемесі,зерттеу жұмысының алда күтілетін нәтижелері:салалас пәндер мен қолданбалы есептерді шығару және сипаттау үшін математикалық модельдерді құрастыру мен зерттеу; жоғары алгебра элементтері бар есептерді шығару алгоритмдерін өздігінен құру және орындау;практикалық жағдайларда қолдануға қажетті математикалық білім мен біліктер жүйесін дамыту;практикалық есептерді шығару құралы ретінде математикалық тілді меңгеру; практикалық сипаттағы есептеулерді орындау; жоғары алгебра элементтерін есептерді шешуде қолдану және құрылымы тұрақты функцияларды енгізу арқылы дәрежелері төмен теңдеулерді, теңдеулер жүйесін өздігінен құру; оқушылардың математиканың ауызша және жазбаша тілдерін; түрлі есептерді шығару барысында ауызша және жазбаша қатынастың әртүрлі құралдарын қолдану біліктігін меңгеруі; математикалық ойлау мен интуицияны, математикалық қабілеттілікті дамуы; алгебра және анализ бастамаларының қолдану аймағы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту;математиканың есептерін шығаруда жаңа тәсілдерді игеру; есепті шығаруда таңдаған тәсілін басқа да мүмкін болатын тәсілдермен салыстыру арқылы негіздей алу.Қорытындылай келгенде,алгебра элементтерін оқыту барысында оқушылардың практикалық жағдайларда математикалық білімдерін қолдану біліктерін, келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту, алгебра және анализ бастамалары құралдары арқылы тұлға мәдениетін тәрбиелеу, математиканың даму тарихымен, математикалық идеялардың эволюциясымен, жалпыадами мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру. Оқушылардың әлеуметтік ұтқырлықты, өзіндік шешімді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу, өзіндік жұмыс дағдысын, қажетті ақпаратты өздігінен және ақпараттық технологиялар арқылы іздеу мен таңдау біліктігін дамыту, топта жұмыс істеу қабілетін дамыту. Жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыта отырып оқушыларға берілген тақырып бойынша өздігінен есептер құрастыру және оларды шығаруда жобалық қызметтің және ақпаратты графиктік құралдар арқылы бейнелеу негіздерін меңгерту, тұлғаның даму факторы (басқаларды тыңдау және түсіну, өзін таныту, компромисс табу, топ ішінде қарым-қатынас жасау, келісімге келу,топта жұмыс жасау, өзінің және жолдастарының жұмыстарын бағалай білу) ретінде оқушыларды ойын, коммуникативтік, практикалық және зерттеу қызметіне қатыстыру арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынастың жоғары мәдениетін тәрбиелеу