Су басу – өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді. Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.
Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.
Өзеннің жоғарғы бөлігінде мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылуы жағдайында тасқын қас-қағым сәтте болуы мүмкін.
Қалған жағдайларда су басу қаупіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұзбен жүрген кезде, қар еріп жатқанда және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүру өте қауіпті. Су батпақтардың сінгіштігін азайтады да, батпаққа батудың қаупі туады.
Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет.
Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
Республика аумағындағы көптеген тасқындардың су деңгейінің көтерілуінен болатындығы белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас жүйесі бар: су басу болатын аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшаландыру қондырғысын қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу; жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау; толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді білу; жақындаған зілзала туралы хабарды алуға дайын болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.
Тұрғындарды уақытша көшірудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.
Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысы мен басқа да мәліметтер хабарланып отырады.
Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге көшіріледі.
Кәсіпорын мен мекемелер су қаупі төнген жағдайда жұмыс тәртібін өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығулары тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.
Су басу масштабы су деңгейінің қауіпті тұру ұзақтығы мен биіктігіне, су басу аймағына, су басу уақытына (көктем, жаз, қыс) және басқаларына байланыста.
Гидротехникалық құбырлардың бұзылуы кезіндегі су басу аймақтарының өлшемдерін анықтауды мысалда көрсетеміз.
Тапсырма шарттары
Су қоймасының көлемі W = 70 млн. м3, тесіктің ені В = 100 м, бөгетке дейінгі судың биіктігі Н = 50 м, судың орташа қозғалыс жылдамдығы v = 5м/с. Бөгеттен 25,50 және 100 км қашықтықтағы толқынның бұзылу параметрлерін анықтау.
Шешіуі: формуласы бойынша берілген қашықтыққа толқынның бұзылу параметрлерін анықтаймыз
сағ;
сағ;
сағ.
3.1 кесте бойынша берілген қашықтықтағы толқын биіктігін табамыз:
Һ25 = 0,2х Н = 0,2 х 50=10 м;
Һ52 = 0,15х Н = 0,2 х 50=7,5 м;
Һ100 =0,075х Н = 0,075 х 50=3,75 м.
3.1 к е с т е - Бөгеттен өту ұзақтығы мен толқын ұзындығының биіктігі
Параметр атауы | Бөгеттің арақышықтығы, км | ||||||
Толқын биіктігі һ, м | 0,25Н | 0,2Н | 0,15Н | 0,075Н | 0,05Н | 0,03Н | 0,02Н |
3.1 кестенің жалғасы | |||||||
Толқын өту ұзақтығы , сағ | Т | 1,7Т | 2,6Т | 4Т | 5Т | 6Т | 7Т |
Берілген қашықтықтарда толқын өту ұзақтығын ( ) келесі формуламен анықтаймыз:
мұндағы W – суқойма көлемі, м;
В – тесіктің ені, м;
N – пропанның 1 м еніндегі максималды су шығыны, м3/с.
Н,м | ||||
N, м3/с |
Су қоймасының босату уақытын табамыз:
.
онда, 25 = 1,7 х Т = 1,7 х 0,55 = 1 сағ;
T100 = 4 х Т = 4 х 0,55 = 2,2 сағ.
3.2 к е с т е - № 3 есеп нұсқаулары
Нұсқалар | ||||||||||||||||||||
Суқоймасының көлемі, W, м3, млн | ||||||||||||||||||||
Пропан ені, В, м | ||||||||||||||||||||
Бөгетке дейінгі су биіктігі, Н, м | ||||||||||||||||||||
Судың орташа қозғалыс жылдамдығы, v, м/с | ||||||||||||||||||||
Бөгеттен кейінгі қашықтық, h, км |
Есеп
Жұмыстың мақсаты: зілзала кезіндегі нысана элементтерінің бұзылу сипаты қандай болатынын анықтау.