Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Event [condition] {condition_action}/transition_action




мұнда

- Event – көшуді бастайтын оқиғаны анықтайды; егер де оқиға аталмаған болса, көшу логикалық өрнегі орындалған кезде басталады; егер де көшуді бастайтын оқиғалар бірнеше болса, бір бірінен OR операторымен бөлініп, олардың барлығы аталады;

- condition – ақиқат болып, көшуді бастайтын логикалық өрнек;

- condition_action – көшу шарты ақиқат болғаннан кейін, бірақ көшудің өзі әлі ақиқат болып анықталмаған кезде (адресат-күй анықталмаған) орындалатын әрекет;

- transition_action – алдында бейнеленген шарттардың барлығы ақиқат болғанда және адресат-күй анықталған болған кезде, орындалатын әрекетті анықтайды.

Сандық мәліметтерді сақтауға Stateflow диаграммасының графикалық емес объекттері - айнымалылар негізделген. Айнымалыларды иерархияның кез-келген денгейінде қолдануға болады. Айнымалылардың келесі түрлері бар: кірудегі; шығудағы: жергілікті; тұрақтылар; белгілі уақыт аралығында пайда болатын; Matlab жұмыс ортасында анықталған; Stateflow мен Simulink диаграммаларға сыртқы көздерінен еңгізілетін; Stateflow және Simulink диаграммаларлардан сыртқа берілетін.

Stateflow блогында кірудегі немесе шығудағы айнымалыларды жасау үшін Stateflow диаграммасының терезесінде келесі меню таңдалынады: Add/Data/Input from Simulink ( кірудегі айнымалыны жасау), Add/Data/Output to Simulink (шығудағыайнымалыны жасау)және Add/Data/Local (жергілікті айнымалыны жасау) және пайда болған Data диалогты терезесінде айнымалы аты мен басқада сипаттамаларын еңгізу керек.

Диаграмманы басқаратын графикалық емес объекттер оқиғалар болып табылады. Stateflow диаграммасына қатысты оқиғалардың барлығы анықталған болуы керек. Оқиғалардың келесі түрлері бар: кірудегі; шығудағы: жергілікті; Stateflow мен Simulink диаграммаға сыртқы көздерінен еңгізілетін; Stateflow және Simulink диаграммалардан сыртқа берілетін.

Stateflow блогында кірудегі немесе шығудағы оқиғаларды жасау үшін Stateflow диаграммасының терезесінде келесі меню таңдалынады: Add/ Event /Input from Simulink (кірудегі айнымалыны жасау), Add/Event /Output to Simulink (шығудағы айнымалыны жасау) және Add/Data/Local (жергілікті айнымалыны жасау) және пайда болған Event диалогты терезесінде айнымалы аты мен басқада сипаттамаларын еңгізу керек.

 

Контроллер диаграммасын жасау

Диаграмма Contoller блогының жүріс-тұрысының логикасын қамтып көрсетеді. Бастапқы нүктеден процесс лезде state1 күйге көшеді, бұл күйдің кірудегі әрекеті Vinput кірудегі кранды ашатын сигналды жіберу болып табылады.

Time1 уақыт өткеннен кейін state2 күйге көшу орындалады, бұл күйдің кірудегі әрекеті бактер арасындағы кранды ашу сигналды жіберу болып табылады.

Time2 уақыт өткеннен кейін state3 күйге көшу орындалады, бұл күйдің кірудегі әрекеті V2 шығудағы кранды ашу сигналды жіберу болып табылады. Екінші бактегі су деңгейі L_min мәнінен төмендеуін білдіретін h2 < L_min шарты ақиқат болғанша жүйе осы күйде болады. Егер де шарт орындалса, жүйе state4 күйге көшеді, бұл күйдің кірудегі әрекеті V2 шығудағы кранды жабу сигналды жіберу болып табылады. Екінші бактегі су деңгейі L_plus мәнінен өскенін білдіретін h2 > L_plus шарт орындалғанша жүйе осы күйде болады. Шарт орындалған кезде жүйе қайтадан state3 күйге көшеді.

 

Модельде имитациялық тәжірибелерді өткізу

6.1 Жүйе жұмысында пайда болатын келесі келтірілген оқиғаларды модельдеу үшін Timel, Time2, L_plus және L_min жүйе параметрлерін табыңыз:

а) жүйенің нормалды режимде жұмыс істеуі;

б) бірінші бактің толып кетуі;

в) екінші бактің толып кетуі;

г) шығудағы кранның бір ашылуы, бір жабылуы. Осы жағыдай үшін бірінші және оныншы қайта қосылу уақыттарын және осы уақыттардағыh2 денгей мәндерін белгілеңіз.

6.2 Тәжірибелер нәтижесінде келесі кестені толтырыңыз:

Ситуация Timel [с] Time2 с] L_plu s [м] L_min|м]
а        
б        
в        
г        

 

 

Тапсырма нұсқалары

Нұсқа № h H D1 D2 Vinput
  0,7 0,27 8,4 3,5  
  0,5 0,2   2,5  
  0,625 0,25 7,5 3,125  
  0,8 0,48 9,6    
  0,875 0,34 10,5 4,375  
Нұсқа № h H D1 D2 Vinput
  0,75 0,29   3,75  
  1,25 0,48   6,25  
  1,125 0,44 1,5 5,625  
  1,5 0,58   7,5  
  1,375 0,54 16,5 6,875  
  1,1 0,585 13,2 5,5  
  1,2 0,42 14,4    
  0,6 0,27 8,0 4,5  
  0,5 0,3 5,6 2,8  
  0,65 0,35 7,0 3,5  
  0,8 0,5 9,5 4,2  
  0,85 0,35 10,0 4,75  
  0,75 0,25 9.5 3,5  
  1, 5 0,5   6,5  
  1,15 0,45 8.0 5,5  
  1,5 0,5   7,0  
  1,35 0,5 14,5 6,75  
  1,3 0,55 12,2 5,8  
  1,4 0,4 14,0 6,2  
  1,2 0,3 7.0 5,0  
  1,8 0,5   6,0  
  1,25 0,7 14,0 6,5  
  1,35 0,50 12,0 5,9  
  1,5 0,6 14,6 6,3  
  0,75 0,4 9,0 5,0  

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 443 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2429 - | 2175 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.