Лекции.Орг


Поиск:




Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы




Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй құстары және үй жануарлары»

Мақсаты: 1.Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

2. Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

3. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері, үнтаспа.

Қос тілдік компонент:

Іс – әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту Кіріспе бөлім. Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдату. - Әуеннен не естідік? - Құстар неліктен әртүрлі сайрайды? - Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт - құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылдап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.   Балалар әуенді тыңдап, қызығушылық танытып, сабаққа зейіндерін аударады.
Ізденістер. Ұйымдастыру «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру. - Ерте, ерте, ертеде аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Ешқандай құспен сөйлеспепті. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты. Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі де жоқ екен. Бір күні Тотықұс әлгі кербез Әтешке келіп: - Досым мен бүгін қонаққа бармақ едім, жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын? Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиылып жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп тотықұс жасанып, киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтып ұшып кетеді. - Егер мен кешіксем дауыстап шақыр. Келмей жатсам тағы шақыр, дауысыңды естиін, - дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп үсті - үстіне шақырады. Еш - қандай хабар болмайды. Содан осы күнге дейін Әтеш Тотықұсты шақырып, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен. Сұрақтар: - Ертеде әдемі кербез сұлу қай құс екен? - Тотықұс Әтешке не үшін келді? - Тоты әдемі киініп, қайда кетті? - Әтеш таңертең неге айғайлап шақырады екен? - Әтеш жабайы құс па? - Үй құстарын атаңдар. - Үй жануарларын атаңдар. Негізгі бөлім. а) Дәптермен жұмыс. Суретке бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру, «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау. - Үй құстарына қандай құстар жатады? ә) Музыканың сүйемелдеуімен құстардың қалай ұйықтайтынын, суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету. б) Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды. в) Тыныштық сәтін өткізу. - Балалар, көзімізді жұмып көз алдымызға өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып - тыныш алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтардың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелерді жан - жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Кешкілік өрістен ауылға қайтады. (Жайлап көзімізді ашамыз). Балалар көз алдарыңа қандай жануарларды елестеттіңдер? - Үй жануарларының қандай пайдасы бар? - Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады? Биенің сүті қалай аталады? - Ат жарысын көргендерің бар ма? Ол қалай өтеді? г) Жұмбақ шешу. Мінсең - желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі, Алып ұшар алысқа «Ер қанаты» деседі. (Жылқы) ғ) Сергіту сәтін өткізу. Музыканың сүйемелдеуімен қимылдар жасайды. Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді. Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан. Ертегіні тыңдайды.     Ертегі бойынша түсінгендерін айтады.   Өздерінің пікірлерін білдіреді.     Ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.     Сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.   Балалар үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады, оның қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді. Жұмыртқаларды салыстырып, ерекшелігін анықтайды. (Түр - түсі, үлкен - кіші, пішіні).   Үй жануарларын, төрт түлік туралы білгендерін ортаға салады.
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. «Үй жануарлары» дидактикалық ойыны. Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету. Шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды. ж) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу Білімдерін жинақтайды, бекітеді.

Күтілетіннәтиже: үй жануарлары мен үй құстары туралы;

Нені білу керек:

- оларға қамқорлық жасай білу керек.

Нені игереді: үй құстарының және жануарларының пайдасын, маңызын ұғынады.

Нені біледі:

-құстардың дыбыстарын

-төрт түліктің төлдерін

- олардың адам үшін пайдасын біледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 968 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

825 - | 679 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.