Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау

Бап. Салалық көркемдік кеңестер

 

1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдарды – театр, музыка қызметі және концерттік қызмет, цирк өнері, киноиндустрия, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестерді құрады.
Салалық көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
2. Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциялары мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын – бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
Ескерту. 5-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық
қызметке құқықтары
1. Азаматтардың өз қабілеттеріне сай бұл қабілетін жұмсау саласын, іске асыру нысандарын өздігінен таңдау және кәсіби білім алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі. Осы құқықтың шектелуі ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимімен ғана айқындалуы мүмкін.
3. Кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер зияткерлік меншік, өз еңбегінің нәтижелеріне иелік ету еркіндігі, мемлекеттің қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.
Азаматтардың кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық қызметі ұжымдық немесе жеке негізде жүзеге асырылады.
4. Әрбір азаматтың мәдени құндылықтардың меншік иесі болуға құқығы бар. Жеке меншікті алу, пайдалану және оған иелік ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
5. Әрбір азаматтың өзінің шығармашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және іске асыруға құқығы бар.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын, қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты

«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

Бап. Мәдениет саласындағы қызметті ұйымдастыру

Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың, филармониялардың, оркестрлердің, цирктердің, студиялардың, мектептердің, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, музейлердің, кітапханалардың, көркемөнер салондары мен галереяларының, кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени-демалыс ұйымдарының, зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени-тарихи орталықтардың, тарихи-мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде қайырымдылық көмекті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруі және қорғауы арқылы жүзеге асырылады.
Мәдениеттің дамуы үшін өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениетті дамыту қорлары құрылуы мүмкін.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау

 

1. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін жүргізіледі.
2. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйымдары бес жылда бір рет аттестаттауға жатады.
3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

III деңгей:

· Мен, конституцияға сәйкес 5-заңына тоқталдым, бұл жерде мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік топты дәріптеуден бастағым келеді.Өйткені, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының көрсететін қызметтерінің қолжетімді болуы, қамтамасыз етілуі, мәдени ойын-сауық іс-шараларына мүмкіндігі шектеулі жандардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

· Келесі мемлекеттік мәдениет ұйымындағы қызметкерлердің аттестациялау кезінде мәдениет белсенділігін, тиімділігін, сауаттылығын бағалау.

· Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде азаматтарды жұмысқа тарта отырып, шығармашылық қызметкерлердің табиғи дарынын анықтау.

· Мәдениет саласындағы жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруін дамыту

· Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында,салалық көркемдік кеңестердің мәдениет пен өнерді – бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасауын қамтамассыз ету.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Реставрация Стюартов и «Славная революция».
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 608 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2390 - | 2261 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.