Спирометрия. Спирометрия— өкпенің тіршілік сыйымдылығының (ӨТС) және оны құрайтын ауа көлемдерін анықтайтын әдіс. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы — адамның максимальді дем алып, дем шығарғандағы ең үлкен көлемді ауа. Өкпенің көлемдері және сыйымдылығы көрсетілген, олар өкпенің функциялық жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар дем алу қозғалысы мен өкпенің көлемі және сыйымдылығының байланысын сипаттайтын пневмограмма көрсетілген. Өкпенің функциялық жағдайы адамның жасына, бойына, жынысына, физикалық дамуына және т.б. факторларға байланысты болады. Зерттелетін адамның тыныстық функциясын бағалау үшін, оның анықталған өкпе көлемдерін соған сай міндетті өлшемдермен салыстыру керек. Міндетті өлшемдерді формула немесе номограмма арқылы есептеуге болады. Олардың +/- 15 ауытқуы айтарлықсыздай деп есептейді. Спирометр құралы. Және спирометрияны жүргізу кезіндегі көрініс Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді анықтау үшін сулы немесе құрғақ спирометр қолданылады. Спирометрдың мунштугін спиртке матырылған мақтамен сүртеді. Зерттелуші максимальді дем алғаннан кейін спирометрге максимальді терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек. Әрбір қайталаған сайын спирометр шкаласын бастапқы сызыққа қойып отыру керек. Ол үшін сулы спирометрдің ішкі цилиндрінен тығынды алып, цилиндрді төмен түсіреді, ал құрғақ спирометрде өлшейтін шкаланы айналдырып, нөлдік белгіні сызықпен теңестіреді. Зерттелушіні тұрғызып, жатқызып және физикалық жүктемеден кейін де анықтайды. Әр түрлі өлшеу қорытындыларын бір-бірімен салыстырады. ӨТС құрайтын өкпе көлемдерін өлшеу үшін спирометрді үш жолды кранмен ауызға киілетін клапанды қондырғымен жалғастырған тиімді. Зерттелуші мұрынын мұрын мұрын қысқышпен жауып, ауыз қуысындағы клапанды қондырғы арқылы дем алады. Алдымен үш жолды кранды дем шығарған ауа атмосфераға шығарылытындай етіп орналастырады. Зерттелуші ауызға киілетін құрал арқылы дем алуға бейімделгенде, үш жолды кранды дем шығарған ауа спирометрге баратындай етіп орналастырады. Тыныстық қозғалыстар саны анықталады. Спирометр көрсеткішін спирометрге шығарылған дем шығару санына бөліп, тыныстық ауа көлемін анықтайды. Дем шығарудың резервті көлемін анықтау үшіе әдеттегі кезекті дем шығарудан кейін спирометрге терең дем шығаруды сұраймыз. Спирометр шкаласын дем шығарудың резервтік көлемін анықтайды. Анықтауды бірнеше қатар қайталап жасағаннан кейін, зерттеулердің орташа мәнін табады. Дем алудың резервтік көлемін екі тәсілмен анықтайды. Есептеу және спмрометрмен өлшеу. Есептеген кезде өкпенің тршілік сыйымдылығынан тыныстық ауа көлемімен дем шығарудың резервтік көлемі қосындысын шегеру арқылы табады. Екінші тәсілде спирометрге белгілі көлемде ауа ендіріледі де, қалыпты дем алғаннан соң зерттелушінің спиримтрден максимальді терең дем алуын сұрайды. Спиромтрдегі әуелдегі ауа көлемімен терең дем алғаннан кейінгі ауа көлемдері айырымы резервті дем алу көлеміне сай келеді. Қалдық көлемді анықтайтын тура әдіс жоқ болғандықтан, оны жанама әдіспен анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш ӨТС 25-30% құрайды деп есептейді. Тыныс алудың минуттық көлемін тыныштық күйде және жұмыс барысында анықтау. Тыныс алудың минуттық көлемі – ол 1 минут ішінде дем алған немесе дем шығаран ауа көлемі. Тыныштық күйде ересек адамның минуттық тыныс алу көлемі 6-8 л, ал жұмыс кезінде 120-140 л дейін жетеді. Минуттық тыныс алу көлемі өкпе вентиляциясын бағалауға мүмкіндік беретін өлшем. Өкпе вентиляциясын өлшеуге арналған жүйені жинақтайды. Зерттелуші аузына дезинфекцияланған ауызға киетін құралды киіп, зерттеу барысында клапанды қондырғы арқылы дем алыды. Зерттелушінің мұрнын арнайы қысқышпен қысады. Зерттеу барысында зерттелуші ауызға жабатын құрал арқылы дем алып үйренгенше 1-2 минутқа үш жолды кранды шығарылатын ауа атмосфераға кететіндей етіп қояды. Одан кейін үш жолды кранды деммен шығарылған ауа Дуглас қапшығына және осы уақыт арасындағы тыныстық қозғалыс санын санайды. Содан кейін үш жолды кранды жауып, Дуглас қапшығын газды есептегішке жалғап, қапшықтағы ауаны сол арқылы өткізіп, ішіндегі ауа көлемін анықтайды. 40 литрлік Дуглас қапшығын 80 литрлік қапшыққа ауыстырып зерттелушінің арқасына бекітіп қояды. Зерттелушіге велоэргометр көмегімен 3 минут бойы жұмыс жасатқызады, оның барысында дем қапшыққа шығарылады. Жұмыс кезінде дем алу жиілігін санайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін, дем шығарғандағы ауа көлемін газды есептегіш арқылы анықтайды.. Пневмография— тыныстық қозғалыстарды тіркеу. Ол тыныстың жиілігін және тереңдігін анықтауға, дем алумен дем шығарудың ұзақтылығы қатысын білуге мүмкігдік береді. Сау ересек адам минутына 12-18 рет дем алады. Дене жұмысы кезінде дем алу жиілігімен тереңдігі өзгереді. Сондай-ақ тыныстық ырғақ өзгерісін жұтынғанда, сөйлегенде, тынысты уақытша тоқтатқанда және т.б. бақылайды. Пневмограф құралы Тыныс алу циклы бір-бірінің соңынан үзіліссіз жүретін екі фазадан тұрады: дем алу және дем шығару. Кеуде қуысының тыныстық қозғалысын тіркеу (пневмография) тыныстық қозғалыстардың ауалы жолмен жазатын рычажокқа берілуі арқылы іске асады. Алынған жазу пневмограммадан тыныс алу фазаларының ұзақтылығы, тыныстық жиілігі мен оның терңдігі және бұл көрсеткіштер адамның физиологиялық жағдайларына: тыныштықта, қозғалыста т.б. байланыстылығын білуге болады. Жалпы көп таған пневмограф ұзыншақ резенкелі камерадан, оны сыртынан қаптап тұрған маталы қапшықтан және онымен резенке түтік арқылы үзіліссіз байланысқан Марей капсуласынан тұрады. Кеуде қуысына манжетканы байлайды. Манжетканы үш жақтылы қосқыш арқылы марей капсуласымен жалғайды. Тіркеуші жуйеге аздап ауа ендіріп, кеуде қозғалыстарын тіркей бастайды. Кеуде қуысындағы қозғалыстар штативтен марей капсулпсына беріледі де, бір минуттағы тыныс қозғалыстары есептеледі. Сонан кейін орнатылған арнай қаламды кимографқа тигізіп, пневмограмманы жазуға кіріседі. Тыныштық күйдегі тыныс алу. Терең тыныс алу. Жуктемелік жұмыстан кейінгі тыныс алу (10-12 рет тұрғаннан кейінгі) Декларация кезіндегі тыныс алу. Жөтелу кезіндегі тыныс алу. Тынысты тоқтатқан кездегі тіркеме. Жиі үстірт тыныс алу. Рентгенопневмополиграфия Гректің pneuma ауа + poly көп + grapho жазу,салу деген сөзден шыққан. Бір пленкадағы көкірек клеткасының функциясын зерттеу мақсатында әр түрлі тыныс алу фазаларын түсіретін рентгенологиялық зерттеу. Рентгенопневмополиграфияның екіфазды түрінде бір пленкада екі снимок жасалады, ол тыныс алу мен тыныс шығару. Төртфазды рентгенопневмополиграфияда 4 түсірілім жасалады, ол жай тыныс алу, терең тыныс алу, жай тыныс шығару, терең тыныс шығару. Рентгенопневмополиграфия полиграфияның бір түрі. Ол рентгендік аппаратқа арнайы рентгенопневмополиграфиялық растрдың орнатылуына негізделген. Ол төртбұрышты (20*20 мм) реттеуіш қатарлардан тұратын қорғасынды пластинка. Қалыпты жағдайда рентгенопневмополиграммада ақ және қара төртбұрыштар кезектесіп орналасуы керек. Қалыпты жағдайдағы екі фазалы рентгенопневмополиграмма. Қара төртбұрыштар тыныс шығару фазасын көрсетсе, ақ төртбұрыштар тыныс алу фазасын дұрыс келіп тұр. Өкпе эмфиземасы кезіндегі түсірілім. Төртбұрыштардың оптикалық тығыздығы сәйкес еместігі көрінеді. Диафрагма мен қабырғалардың қозғалысы төмендеген. Сол жақ өкпенің жоғарғы бронхтарының өткізгіштігі төмендеуінің бастапқы сатысы. Өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі төртбұрыштардың оптикалық тығыздығының толық сәйкес емес екені көрінеді. Бронхофония. Бронхофония стетоскоп немесе фонендоскоппен сыбырлағандағы сөздерді есту арқылы жасалынады. Науқастан ызыңдаған, ысылдаған дыбыстары (ч,р) бар көрсетілген, яғни барлығы сөздерді сыбырлап айтуды сұраймыз (қырық төрт, бір шыны шай) фонендоскопты наукқастың салыстырмалы аускультация жасаған орындарынан қойып тындау керек. Сау адамдардан бұл сөздерді сыбырлап айтқанда өкпе үстінен түсінбейтін, анық емес сөздердің дыбыстары есиіледі. Бронхофония мен дауыс дірілін зерттеу әдістерінің физикалық негіздері бірдей. Өкпедк немесе өкпе қабы қуыстарында патологиялық үдерістер кезінде бронхофония күшееді, кейде оның әлсіреуіде мумкін. Бронхофонияның күшеюі өкпе тінінің тығыздалуы кезінде (өкпе қабынуы, өкпе туберкулезі, өкпе инфаркті) немесе өкпеде қуыс пайда болған (каверна, абцесс, ірі бронхоэктаз) шақта анықталуы мүмкін. Тығыз өкпе тіні дыбысты жақсы өткізеді, соған байланысты бронхофонияда күшейеді. Брохофонияның күшеюі каверна үстінен де анықталады, бұл жағдайда каверна қуысы дыбыстың өзі резонанс заңы бойынша күшейтеді және өкпе қуысы айналысындағы тығыз, реактивті қабынған өкпе тіні тығыз болғандықтан күшейген дыбыс құлаққа бронхофония, сонымен қатар компрессиялық ателектаз және ашық пневмоторакс кезінде анықталыды. Бронхофонияның әлсіреуі дауыс дірілінің әлсіреуіне сәйкес келеді (экссудатты плеврит, гемо, пневмоторакс, обтурациялық ателектаз). Рентгенологиялық зерттеу.
Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1521 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті
Мейірбике рөлі
Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері: жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінік. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету;
1) Кеуде торының ауруы -
Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:
·Дәрігерге айту
·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу
·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз
·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру
·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек
·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.
2) Жөтел – құрғақ немесе қақырық бөлінуімен болады. Жөтел көбінесе түнде мазалап, ұйқы бермей, кеудеде ауырғандық тудырып, көгеру, құсумен бірге жүреді.
· Көмек: Науқасты төсекке жатқызыңыз
·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз
·Палатада тыныштық орнатыңыз
·Науқасты тыныштандырыңыз
· 3) Туберкулез ауруымен ауыратын пациентке аса назар аудару қажет, олардың бронхтары жиырылуынан тұншығуы мүмкін. Мұндай кезде пациент тұншығады, көгереді, жан ұшырып, өз күйін жеңілдетуге тырысады. Мейірбике алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдемді көрсете отырып, пациенттің бас жағы көтерілген төсекке ыңғайлы етіп отырғызуы, палатаға таза ауа жіберуі, пациентті жауратып алмай, оттегін жұтқызуы тиіс. Кеуде қуысына қыша қою, сондай-ақ аяғын қыша ваннаға салу жақсы әсер етеді.
·Келесі іс-әрекеттерді дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіңіз: көк тамырға эуфиллин 2,4, преднизалон, дексаметазон т.б. дәрілерді енгізу керек.
Спазмалитиктер – эуфиллин (1 мл 24% ерітінді де) бұлшық етке.
Жөтелге қарсы препараттар – жөтел өкпелік артериальдағы қысымды көтереді. Жөтелді төмендету және азайту үшін бромгексин, атровента және т,б тағайындайды және қосалқы дәрі ретінде атрофин сульфатын (1мл 0,1%) ерітіндісі тері ішіне өйіткені ол жөтел рефлексін төмендетіп бронхоспазымның жұмысын реттейді.
4) Жөтелу - тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.
Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда болады.
Көмек:
Құрғақ жөтел кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді тағайындаймыз.
Ылғалды жөтел кезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру және оны қолдану үйрету.
Қалта түкіргішін қолдану ережелері:
Материальды жабдықталуы: қалта түкіргіші, зарарсыздандырушы ерітінді.
Іс -әрекеттер кезектілігі:
1.Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру
2.Науқасқа таза құрғақ түкіргішті беру
3.Қақырықты зарарсыздандыру мақсатында оның ¼-не зарарсыздандырушы ерітіндіні қую.
4.Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп тастау керек, ал түберкулез ауруында – опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек.
5.Қолданып болған соң, қалта түкіргішті зарарсыздандыру керек (60 мин).
6.Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.
5). Қақырық бұл жөтелгенде бөлінетін, тыныс алу жолдарының патологиялық секреті. Қақырықтың мөлшері әр ауруда әртүрлі болады. Катаралды бронхит және пневмониялық кейбір формасында тәулік бойында қақырық 1-2 рет ғана бөлінеді. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді. Қақырық көбінесе иіссіз болады.