1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау бұзушылықтарды жоюға және медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған.
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы объектіні тексеруге:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;
2) Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқамалардың, қаулылардың орындалуын бақылау;
3) медициналық қызметтер көрсету объектісінің халықтың
денсаулығына қатер төндіруі мүмкін қызметімен байланысты жағдай;
4) азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің жолданымдары негіз болып табылады.
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау:
1) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтердің сапасын, көлемін және қолжетімділігін;
2) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың жүргізілуін;
3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу мен қолдануды;
4) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін жарнамалауды;
5) медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерінің сақталуын;
6) дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын, сондай-ақ медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтиды.
3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыртып уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
3) Қазақстан Республикасының тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
4) Қазақстан Республикасының тиісті облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары медициналық
білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
6. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар осы Кодекстің 18-бабының 6-тармағында көзделген құқықтардан бөлек:
1) денсаулық сақтау субъектілерін меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамай:
жоспарлы тәртіппен - жылына бір реттен жиі емес;
жоспардан тыс тәртіппен - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру мақсатында тексеруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен
аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын алты айға дейінгі мерзімге
тоқтата тұруға, аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алуға.
медициналық, дәрігерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның
және маман сертификатының қолданысын тоқтата тұруға және кері
қайтарып алуға бастамашы болуға құқылы.