Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

АНЫҚТАМАСЫ

 

Анықтамасы:
Жатырдан тыс ﴾эктопиялык﴿ жүктілік - ұрықтық ана безінің жатыр куысында емес жерге имплантанцияланып дамуынан болады.

 

Хаттама коды: P-O-020 "Жатырдан тыс ﴾ эктопиялык﴿ жүктілік"

Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): 000 жатырдан тыс ﴾эктопиялык﴿ жүктілік.

 

Версия раздела (ещё: 3): ПДЛ 2007 (қаз)

ЖІКТЕМЕСІ


Жіктемесі

Ұрықтық ана безінің имплантациялану орнына қарай:
– Түтіктік (трубная﴿ жүктілік (98-99%﴿:

а. Түтіктің ампулярлық бөліміндегі жүктілік;

d. Түтіктің истмикалық бөліміндегі жүктілік;

c. Түтіктің интерстициаллдық бөлігіндегі жүктілік.

– Ана бездік жүктілік (0,1-0,7%﴿:

а. Интрафолликулярлы;

d. Эпиофоральды.

– кұрсақтық жүктілік (0,3-0,4%﴿;

– жатыр мойындық жүктілік, мүйізшесіндегі;

– жатырдың рудиментарлы жүктілік (0,1-0,9%).

Клиникасына байланысты жүктілік:

- Үдеген жатырдан тыс жүктілік;

- Үзілген жатырдан тыс жүктілік:

а. Жатырлық түтіктің жыртылуы;

d. Түтіктік аборт.

Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (қаз)

АУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР


Қауіп-қатерлі факторлар:

- Бұрын бастан өткізген жатырдан тыс жүктілік;

- Анамнездағы (анамнездегі) бедеулік;

- Овуляция индукторларын қабылдау;

- Эндометриоздың барлығы (бар екені);

- Анамнездағы жасанды түсік;

- Анамнездағы индуцирленген түсік;

- ЖЖБА-дың болуы (хламидиоз, трихомниоз, гонорея);

- Анамнездағы сальпингит;

- Гипотальмдық - гипофизарлық - аналық бездік жүйедегі бұзылыс;

- Инфантилизм;

- Гениталийдың ісігі жəне оның ісік тəріздес (опухолевидный) ауруға шалдығуы;

- Оперативты кірісу, асқынған пельвиперитонитон.

Версия раздела (ещё: 3): ПДЛ 2007 (қаз)

ДИАГНОСТИКА


Диагностикалық критерилер

Шағымдар мен анамнез:

Жатырдан тыс жүктілік үдеген кезіндегі шағымдар:

- Етеккірдің айлық келуінің кідіруі;

- Сүт безінің (емшектің) үрпиюі (нагрубание);

- Жүрек айну;

- Жеркену;

- Іштің төменгі жағының;

- Ауық-ауық толғату секілді ауруы;

- Жыныс жолдарының қанаралас сұйықтың бөлінуі;

- Түрлі науқастардағы клиникалық көрінісінің ауырлығы вариацияланады;

- Жатырдан тыс жүктілік тоқтатылған кездегі шағымдар.


1)Жатыр түтігінің жыртылуы:

Клиника мен шағымдар жүктіліктің субьективті жəне обьективті белгілерінің жəне тоқтатылған түтіктік жүктіліктің белгілерінен (симптом) жинақталады.

Тік ішекке радиацияланумен қатар жүректің іштің төменгі жағы ауруының өткір ұстамасы (денеге күш түскенде немесе үлкен дəретке отырғанда):

- Суық тердің шығуы;

- Бас айналу;

- Қысқа уақыт естен тану;

- Жыныс жолдарынан қан аралас сұйық бөлінуі.

2. Түтіктік түсік (аборт):

Клиника мен шағымдар жүктіліктің субьективті жане обьективті белгілерінің үйлесуінен жəне тоқтатылған түтіктік жүктіліктің белгілерінің, жинақталады (симптом):

- Іштің төмен жағы ауыруын (ауырсынудың) толғату тəрізді, ауық-ауық қайталанатын ұстамасы.

- Жыныс жолдарының қошқыл- қанаралас сұйықтың болар-болмас бөлінуі,

- Əлсіздік

- Бас айналу


3. Анамнез:

- Етеккір келу басталуының кешеуілдеуі;

- Етеккір келу циклінің ретсіздігі;

- Ұзақ уақыт бойғы бедеулік;

- Ішкі жыныс мүшелерінің бастан өткен қабыну үрдісі

- Асқынған түсіктер мен босанулар;

- Овуляция индукциясы.


Физикалық тексеру


Гинекологиялық қарау кезінде:


1. Жатырдан тыс жүктіліктің үдеген (өршіген) түрі:

- Іншек кіреберісінің, іншектің сілемейлі қабығының жəне жатыр мойнының цианозы. Жатыр көлемі ұлғайған жəне жұмсарған (жатыр көлемінің ұлғаюы жүктіліктің топшылаған болуы керек мерзіміне табиғат заңы бойынша сəйкес келмейді). Зерттеу кезінде жатыр қосалқыларының аймағында бір жағынан ауырсындыратын тесталық консистенцияның ісік тəріздес құрылымының пайда болғаны қолдың ұшына білінеді (пальпируется). Хинамикалық бықылау мен гинекологиялық зерттеуді қайта жүргізгенде (3-4 күнде 1 рет) жатыр ауқымының ұлғаюы қалып қойып, жатыр қосалқылары аймағындағы құрылым (образование) көлемінің ұлғаюы байқалады.


2. Жатырлық түтіктің жыртылуы:

Іншек кіре берісінің, іншектің, сілемейлі қабығының жəне жатыр мойнының цианозы. Цервикальды каналдан қошқыл қанаралас шығынды бөлінуі. Жатыр көлемі ұлғайған жəне жұмсарған, жатырға пальпация жасау жəне оның мойнының қимылы (оны жоғары көтерсе, немесе бір жағана қисайтса) күрт (резко) ауыртады. Жатыр қосалқылары аймағында бір жағынан анық емес пішінді қамыр тəріздес консистенцияның ісік сияқты құрылымы қол ұшына білінеді (пальпируется). Іншектің артқы күмбезі қалыңдаған немесе іншекке қарай бұлтыйған. Артқы күмбезге пальпация жасау күрт ауыртады (ауырсындырады).


3) Түтіктік түсік:

Іншек кіре берісінің, іншек сілемейлі қабығының жəне жатыр мойнының цианозы. Цервикальды каналдан қошқыл қанаралас сұйықтың бөлінуі. Жатыр көлемі

ұлғайған жəне жұмсарған. Жатырға пальпация жасау жəне оның мойнының қимылы (оны жоғары котерсе, немесе бір жағана қисайту) күрт ауыртады. Жатырдың қосалқы аймағында бір жағынан қамыр тəріздес консистенцияның ісік сияқты құрылымы қол ұшына білінеді (пальпирленеді, ол пальпация жасағанда ауырады). Іншектің артық күмбезі қалыңдаған немесе іншекке қарай бұлтиған. Артқы күмбезге пальпация жасағанда күрт ауырсындырады.

Инструменталдық зерттеу:

- Айнаның көмегімен жатыр мойнын қарау;

- Бимануальдық зерттеу:

- УДЗ-тық диагностика;

- Кульдоцентез (тікішектік жатырлық шұңқырдың пункциясы);

-Диагностикалық лапароскопия.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: жатырдан тыс жүктілікті диагностикалау қиындық болған кезде, дифференциялды диагностика жүргізу керек.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

- Жатыр мойнын айнаның көмегімен қарау;

- Бимануальды зерттеу

- Қанның жалпы анализі (гемоглабин, лейкоцитарлық формула, ЭТЖ);

- Зəрдегі ХГ-ні анықтау бойынша иммунды тестілік əдіс (жүктіліктің қалыпты өту кезінде ХГ деңгейі 48 сағат сайын 66 ℅-ке ұлғайды. Дефференциальды диагностика жүргізген кезде қан сарысуындағы ХГ деңгейін жəнеУДЗ нəтижесін ескеру аса қажет. ХГ қан сарысуында 1000 МЕ/мл - ден жоғары болғанда, УДЗ негізінде жатыр қуысында ұрықтық аналық бездің болмауы кезінде 100℅ жағдай эктопикалық жүктілік екенін дəлелдейді).

- УДЗ диагностикасы;

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

- Қандағы прогестеронды анықтау бойынша иммунді тестілік əдіс;

- Кульдоцентез (тікішектік жатырлық шұңқырдың пункциясы);

- Диагностикалық лапароскопия.

 

Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (қаз)

ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

 

Лабораторлық зерттеу:

- Қананың жалпы анализі (гемоглобин, лейкоцитарлы формула, СОҒ);

- Зəр мен қандағы ХГ-ні анықтау бойынша имундық тестілік əдіс;

- Қандағы прогестеронды анықтау бойынша имундық тестілік əдіс;

- С-реактвті нəруыз.

Версия раздела (ещё: 3): ПДЛ 2007 (қаз)

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОЗ

 

Дифференциалды диагноз:

- Жіті соқыр ішек ауруы (аппендицит);

- Жатырішілік жүктілік;

- Толық емес немесе басталған түсік;

- ВЗОМТ;

- Аналық бездің аполексиясы;

- Дисфункционалды жатырлық қан кету.

Жатырдан тыс жүктілік Жатырдың толық емес түсігі Жатыр қосалқыларының өткір қабынуы Өткір соқыр ішек ауруы (аппендицит)
Жүктіліктін 3-5 аптасында жиі байқалады Жүктіліктін 6-10 аптасында жиі байқалады Əдетте етеккірдің тежелуі болмайды Əдетте етеккірді тежелуі болмайды
Ауыру кенет пайда болады жəне өткір ұстама сипаты бар, естентану, бас айналумен қатар жүруі мүмкін Ауыру біртіндеп күшейеді жəне түйіліп ауыратын сипатта болада, белгілі бір уақыт аралығы сайын қайталанады, лонның үстіне орнығады (локализируется) Ауыру біртіндеп дамыйды, үнемі болатын үздіксіз сипатта болады Əуелі эпигастральды аймақтағы, содан соң жақ мықынды аймақтағы күшеие түсетін ауыру, жүрек айну, қусумен қатар жүреді
Əдетте дене ыстығы қалыпты болады Əдетте дене ыстығы қалыпты болады Əдетте дене ыстығы жоғарылау Дене ыстығы жоғарылау
Френкус-симптом байқалады Френкус-симптом болмайды Френкус-симптом болмайды Френкус-симптом болмайды
Іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықетенің жиырылуы байқалады, іш сəл желденген жəне тырсиған. Іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықетінін жиырылуы болмайды Іш тырсиған (жиырылған). Іштін төменгі жағына пальпация жасағанда оның ауыратыны байқалады.Əдетте екі жағы бірдей. Іштің қарсы алды бүлшықеті айқын жиырылған (он жағы)
Жатырдан тыс жүктілік жағына батырып пальпация жасаған кезде ауыратыны ерекше білінеді      
Құрсақтың тітіркенуі болады Құрсақтын тітіркенуі болмайды Құрсақтын тітіркенуі болмайды  
Құрсақтың тітіркенуі болады Құрсақтын тітіркенуіт болмайды Құрсақтын тітіркенуі болмайды  
Інішектік зерттеу күрт ауыру сезімін туғызады Іншектік зерттеу ешқандай ауырсыну туғызбайды десе болады Іншектік зерттеу күрт ауыру сезімін туғызады Іншектік зерттеу ешқандай ауырсынуитуғызбайды десе болады
Жатырды орнынын қозғау ауырсындырады Жатырды орнынын қозғау ауырсындырмайды Жатырды орнынын қозғау ауырсындырады Жатырды орнынын қозғау ауырсындырмайды
Жатырдық көлемі жүктілік мерзіміне сəйкес келмейді Жатырдық көлемі жүктілік мерзіміне жиірек сəйкес келеді Жатыр көлемі қалыпты Жатыр көлемі қалыпты
Жатырлық түтіптік ұлғаюы қамыр тəріздес консистенция Жатыр қосалқылары ұлғаймаған Жатыр қосалқыларының екі жақты(жиі) ұлғаюы анықталады Жатыр қосалқылары ұлғаймаған
Жатырлық түтіптік ұлғаюы қамыр тəріздес консистенция Жатыр қосалқылары ұлғаймаған Жатыр қосалқыларының екі жақты(жиі) ұлғаюы анықталады Жатыр қосалқылары ұлғаймаған
Жатырдан қанаралас шығынды бір қалыпты мөлшермен ғана бөлінеді. Əдетте қан қошқыл түстес болады. Əдетте көп қанкету байқалады, қан ашық қызыл түсті, іркінділері бар болады Қанаралас шығынды бөлінуі əдетте болмайды Қанаралас шығынды бөлінуі болмайды
Артқы күмбезден пункция алған кезде құрсақ қуысында бос қан бар екені анықталады Құрсақ қуысында бос қан болмайды. Артқы күмбезден пункция алған кезде онша көп емес мөлшерде сірлі сұйық алуға болады. Артқы күмбезден пункция алған кезде онша көп емес мөлшерде сірлі сұйық алуға болады.
Жүктілікке жасалған имунологиялық реакция жағымды (положительные) Жүктілікке жасалған имунологиялық реакция жағымды. Жүктілікке жасалған имунологиялық реакция жағымсыз (отрицительные). Жүктілікке жасалған имунологиялық реакция жағымсыз.
Қанда мөлшердегі ликоцитоз, сəл ұлғайған ЭТЖ, гемоглобинің төмендегені білінеді Қан анализі шектегі қалыпта (нормада). Қанда айқындалған лейкоцитоз айтарлықтай ұлғайған ЭТЖ, гемоглобин қалыпты екені білінеді. Қанда айқындалған лейкоцитоз айтарлықтай ұлғайған ЭТЖ, гемоглобин қалыпты екені білінеді. Динамикада көрсеткіштер өсе түседі.
Қабынуға қарсы емдеу тиімсіз (не эффективно).   Қабынуға қарсы емдеу тиімді (эффективно).  
Жалпы уыттанудың белгілері жоқ. Жалпы уыттанудың белгілері жоқ. Жалпы уыттану бар. Жалпы уыттану бар.
Щеткина - Блюмбергтің симптомы жағымсыз (отрицательно). Щеткина-Блюмбергтің симптомы жағымсыз. Щеткина-Блюмбергтің симптомы жағымсыз. Щеткина - Блюмбергтің симптомы жағымды.  

 

Лапароскопия кезінде түтіктін қалыңдау, айқын күлгін түсті екені анықталады. Лапароскопия кезінде жатырдың қосалқылары қалыпты екені анықталады. Лапароскопия кезінде түтіктің қалыңдауы қабыну белгілерімен қатар жүріп жатқаны анықталады. Лапароскопия кезінде жатыр қосалқылары қалыпты екені анықталады.

 

ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ


Емдеу тактикасы:

Тəулік бойы операция жасайтын бөлімі бар стационарға жатқызу.

Хирургиялық емдеу.

Ем мақсаты:

Жатырлық түтіктің патологиялық өзгерісін алып тастау үшін шұғыл кірісу.


Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.


Дəрі-дəрмектік ем: антибактериалды терапия.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Для диспергирования в жидких и вязких средах используют | Еңбек құқығының субьектілері
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 786 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2611 - | 2185 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.